Эндоплазмалық тор (лат. reticulum — тор, лат. endoplasmaticum — эндоплазмалық) — ұзынша келген қуысты түтікшелер мен өзекшелерден тұратын, қабырғасы биологиялық жарғақтармен шектелген жасуша цитоплазмасының органелласы. Ядроның айналасын қоршап орналасқан торлыканалдардан тұратын органоид, диаметрі 250-300 А0 болады. Эндоплазмалық тордыңформасы, көлемі клетканың типіне оның физиологиялық, биохимиялық жағдайына, дамустадиясына байланысты болады.
Тарихы
Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер электронды микроскоптың көмегіментауық балапандарының фибробластарынан тапты. Фибробластарды бекітіп және бояпбарып жарық микроскопымен қарағанда оның цитоплазмасындағы эндоплазма аумағыэктоплазма аумағына қарағанда бояуды жақсы қабылдайтыны анықталды. Ал эндоплазмааумағының қуыстар мен каналдардан тұратынын және олар бір-бірімен байланысыпбарып, күрделі тор түзетіні байқалды, 1950 жылдары өте жұқа кесіндіні жасау әдісіжетілгеннен кейін эндоплазманың құрылысы толық анықталды.
Гранулалы эндоплазмалық торжарғақтарының қабырғаларында рибосомалар орналасады, ал агранулалы эндоплазмалықтор қабырғаларында рибосомалар болмайды. Эндоплазмалық тор жасушацитоплазмасында жеке не топтаса орналасады. Бауыр гепатоциттерінде және кейбірнейроциттерде агранулалы эндоплазмалық тор жеке аймақтарға жинақталып жатады.Гранулалы эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері, жарғақтық интегральдыпротеиндер түзіледі.
Агранулалы эндоплазмалық тор
Агранулалы эндоплазмалық торда полисахаридтер (гликогеннің түзілуі меныдырауы), жасуша жарғағы құрамына кіретін липидтер мен стероидты гормондардыңтүзілу процестері жүреді. Бұнымен қатар, органелла әртүрлі иондар мен қоректік заттардытасымалдайды, зиянды заттарды бейтараптандырып, сыртқа шығарады (гепатоциттерде),ядро қабықшасы — кариолемманы плазмолеммамен байланыстырады.
Жалпы эндоплазмалық тор өзінің мембраналы каналдары арқылы заттардытасымалдайтын транспорттық жүйе.Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомдардың көп болуысинтетикалық процестің күшті жүретінін көрсетеді. Мысалға сүтқоректілердіңжеліндемеген кезінде клеткада болатын рибосомдардың 25%-і ғана эндоплазмалықтордың мембранасымен тығыз байланыста болады, ал желіндеген мезгілінде цитоплазмадағы рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады.Клеткада дифференциалдану процестері жүргенде және патологиялық жағдайдаэндоплазмалық тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқанклеткада немесе клетканың бөлінер алдында ақуыз молекулалары күшті синтезделеді,мұндай клеткаларды негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады.Бұл құбылыс клеткада РНҚ-молекуласының көптігін және ақуыз синтезіне қатынасатынрибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар ақуыз синтездеуде үлкен рөлатқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар (түйіршіктіэндоплазмалық тор) сыртқа (экспортка) шығатын ақуыздарды синтездеуде басты қызметатқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшердеішектердегі астарды ыдырататын ақуыз-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза,нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді,сүт бездері - казеинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны және РНҚазаны және т. б. бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткаларыорганизмнің зат алмасу процесіне кажетті ақуыздарды синтездейді.