Күні- 19.01.2016ж.
|
Сыныбы: 8 «а,в» 35 – сабақ
|
Сабақ тақырыбы
|
Оттегі: химиялық элемент және жай зат. Қасиеттері. Оттектің алынуы және қолданылуы. №3 Көрсетілім (3.1)№4 Зертханалық тәжірибе
|
Сабақ мақсаты
|
Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіру.Оттегінің пайдасын зиянын білу, «Оттексіз тіршілік жоқ екенін біле отырып,өмірдің химиямен байланысын ұғындыра отырып қызығушылық тудыру.Табиғатты аялауға,ауаны ластамауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
|
Сілтеме
|
Білім стандарты, пән бағдарламасы, Н.Нұрахметов «Химия» 8-сынып оқулығы , К.Жексенбина әдістемелік нұсқау.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Оттегі-химиялық элемент жайлы, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуын қарастырып, білімдерін одан әрі жетілдіреді.Оттегінің пайдасын зиянын біледі, «Оттексіз тіршілік жоқ екенін біле отырып,өмірдің химиямен байланысын ұғындыра отырып қызығушылық туады.Табиғатты аялауға,ауаны ластамауға, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
|
Сабақта қолданылатын модульдер
|
СТО, ОүБ және ОБ, ОЖТ, (диалогтық оқыту), АКТ, ОБжәне К, ТжДбо
|
Сабақтың әдісі
|
Химиялық диктант, Тұжырымдамалық карта, Жұмбақ тізбек, Есептер додасы, Кері байланыс «Білім ағашы»
|
Көрнекі құралдар
|
Электрондық оқулық т.б.
|
Тапсырмалар
|
1-тапсырма Білу «Химиялық диктант»
Сұрақ қою, жеке жұмыс
Оттекке жалпы сипаттама беру
|
Түсіну
Жаңа сабақтың СТАРТЕРІ ретінде Бейнебаян көрсету.
№3 Көрсетілім (3.1)№4 Зертханалық тәжірибе
|
2-тапсырма Қолдану
«Тұжырымдамалық карта» топтық жұмыс Постер қорғау
Оттегі: химиялық элемент және жай зат. қасиеттері,
Оттектің алынуы және қолданылуы.
|
4 – тапсырма Талдау
«Жұмбақ тізбек» Жұптық жұмыс
Реакция теңдеуін жазу
|
4 -тапсырма Жинақтау Бағалау.
«Есептер шығару» Жеке жұмыс (барлық оқушыны қамту үшін)
Тақырыпты қорытындылау мақсатында жұптастырып есептер беру, және оқушылар бірін-бірі бағалайды.
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары. Мұғалім және оқушы немен айналысады
|
Бөлімдері/
уақыты:
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру формасы
|
Бағалау
|
Ресурс
|
І. Кіріспе бөлімі
(2мин)
|
а) Ұйымдастыру
Тренинг: Шеңбер құрып тұру
Топтастыру: Сынып оқушыларын жаңа өтетін тақырып бойынша топқа бөлемін. 1-топ СО2; 2-топ SO3; 3-топ CaO; 4-топ Li2O
Топтық ережені еске түсіріп психологиялық ахуалын жоямын.
«Өзін-өзі сендіру формуласы» тренингін өткізу:(қосымша бетте -2)
|
Тренинг: Оқушылар шеңбер болып тұрады.
Топтастыру: Мұғалім ұсынған кағазды алып топтасып отырады.
Сабаққа әзірлеу.
Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
|
Формативті бағалау,
Жетістік критерийі бойынша бағалау
|
Қиылған қағаз,
оқулы, слайд
|
(8мин)
|
б)Уй жұмысын тексеру
Өткен тақырыпты қайталау мақсатында
«Химиялық диктант»
әдісімен оқушыларға сұрақтар қойылады. Жауаптарын алмастырып тексереді.Әр дұрыс жауап бір ұпай арқылы бірін-бірі бағалап отырады.
|
«Химиялық диктант» оқушылардың білімін тексеру. Тірек сөздер – глоссарий:
• 1)Оттек латын тілінен аударғанда ....деген мағына береді
• 2)Д.И.Менделеев құрастырған химиялық элементтердің периодтық жүйесінде, оттек элементі ... орында тұр
• 3)Аr(О)=
• 4) Мr(О2)=
• 5) Атмосферадағы оттектің көлемдік үлесі....
• 6) 5О2-нені білдіреді?...
• 7)4О-бұл нені білдіреді?...
• 8) Оттегінің валенттілігі...
• 9) Жер қыртысындағы оттектің массасы...
• 10)Тіршілік газы-...
Жауабы:1)оксигениум –қышқыл тудырушы
2) 8 ; 3)16 ; 4)32 ; 5)21% ; 6) 5молекула оттек
7) 4атом оттек ; 8) тұрақты (ІІ) ; 9) 49,13%
10) оттек-кислород-оксигениум Жауаптарын өзара тексереді.
|
Сұрақ қою
Жеке жұмыс
СТО, ОЖТ, Диалог,ОүБжОБ.
Барлық оқушыларды қамту үшін.
|
Смайлик арқылы формат.
бағалау
|
Бағалау парағы, қиылған қағаз,
смайлик
|
ІІ Негізгі бөлім
Тұсаукесер (4мин)
|
Жаңа сабақтың СТАРТЕРІ ретінде Бейнебаян көрсету
(Оттегі: химиялық элемент және жай зат. қасиеттері, Оттектің алынуы және қолданылуы.)
|
№3 Көрсетілім (3.1)№4 Зертханалық тәжірибе Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты
жазып алады.Жаңа тақырыппен жұмыс.
|
Сұрақ қою.
|
Бас бармақ арқылы кері байланыс
|
Видео корсету
|
А) (жаңа тақырыпты ашу)(7 мин)
|
«Тұжырымдамалық карта»
Оттектің физикалық қасиеті, алыну туралы постер қорғау.
|
«Тұжырымдамалық карта»
Оттектің физикалық қасиеттері, алынуы.
Постер қорғау. Топтық жұмыс
|
Топтық жұмыс
СТО, ТжДбо,
АКТ,ОүБжОБ,
ОЖТ,көшбасшы.
|
Топ бір-бірін критерий бойынша бағалайды.
|
Плакат,
тақырыпшалар,оқулық бағалау парақшасы.
|
(10мин)
|
«Жұмбақ тізбек» әдісі
Жұптық жұмыс, зерттушілік әңгіме,реакция теңдеуін жазу
|
«Жұмбақ тізбек» әдісі
Жұптық жұмыс, зерттушілік әңгіме,реакция теңдеуін жазу.
Mg→MgO , Na→Na2O
Al→Al2О3 , Cа→CaO
Zn→ZnO, N2 →N2О5,
Na→Na2O, H2→H2O
|
Жұптық жұмыс
СТО,ОЖТ, Диалог,
зерттеушілік әңгіме,ОБжК,
ТжДбо,ОүБжОБ.
|
Топ басшысы критерий бойынша бағалайды.
|
|
ІІІ Қорытынды бөлім.(10мин)
Үйге тап.(2мин)
|
Бекіту «Есептер додасы»
Есептер шығару. Жеке жұмыс.
Қосымша бетте -1(Есептер)
|
«Есептер додасы» Оқушылар жеке слайдта берілген есептерді шығарады.
Қосымша бетте -1(Есептер)
|
Жеке жұмыс
АКТ, СТО, ОЖТ, ТжДбо, ОЖЕСО.
|
Бірін-бірі смайлик арқылы бағалау.
|
Бағалау парақшасы
|
§21,22 Оттегі: химиялық элемент және жай зат. қасиеттері,
Оттектің алынуы және қолданылуы. Есептер жинағынан жаттығуларды орындап келу.
|
Тақырыпты оқып келеді. Әр оқушы есептер жинағынан есептерді шығарып келеді.
|
АКТ,СТО
(есеп құрастыру)
|
|
Оқулық
|
Кері байланыс
(2мин)
|
«Білім ағашы» стикерге
1-бөлік позитивті комментарий,не ұнады.;
1-бөлік сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3-бөлік келешекке арналған комментарий;маған ұнады,бірақ келесі жолы.... жазуды айтамын.
|
Сабақ барысында әр тапсырма бойынша не ұнағаны,алдағы уақытта жақсартуға болатын жұмыстар және ұнаған ұсыныстарын жазып кетеді.
|
Жеке жұмыс
|
Өзін-өзі реттеу
|
Блоб ағашы, Стикер-лер
|
Енді сол шыққан санның сңғы санын алып таста (0), ал одан шыққан саннан 2- азайт (9-2=7). Сонда бастапқы ойлаған элементтің реттік нөмері шығады.
- Мен толығымен өзімді бақылаймын.
-Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын және мен оларды жеке өсуімнің мүмкіндіктері деп қабылдаймын; - Менің өзіме деген сенімділігім күн сайын артуда;