1225000- «Ет және ет өнімдерінің өндірісі» мамандығы бойынша
30.03.20-10.04.20 аралығында өткен өндірістік оқытудың
ЕСЕБІ
Тақырыбы: «Сүрленген шошқа етін орау, белгілеу, тасымалдау және сақтау»
Орындаған: ТПМ-931 тобының студенті Сабыр.Г.С
Тексерген: арнайы пәндер оқытушысы Жумашева.А.А
Шошқа,доңыз-жұпаяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары қысқа, денесі ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б.түстегі қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен 20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады.Ұрғашысы 9-10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2-3 рет 8-12 ден торалайды. Ұрғашысының салмағы 130-150 кг, еркегі 180-200 кг-ға жетеді. Өсіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты шошқалар 4 топқа бөлінеді: кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын және қысқа құлақты шошқалары), өте тез жетілетіндер (сиам және ескі неополитан шошқасынан тарағанн майда салмақты шошқалар), тез жетілетіндер (ТМД елдерінде кең тараған шошқа тұқымдары) және орташа қарқында жетілетіндер.
Шошқа еті- көптеген салқын тағамдар дайындауға пайдаланылатын ет. Өңделген ет көп уақыт сақталынады, себебі әр түрлі консерванттарды (тұз, селитра, эссенциялар, дәмдеуіштер) майлы болғандықтан жақсы сіңіреді. Шошқа еті, негізінен, Солтүстік және Орталық Еуропа халықтары арасында кеңінен тараған. Мұсылман елдерінде шошқа еті де, майы да пайдаланылмайды. Шошқа етінің ішінде болатын гельминттерге байланысты оны жылумен мұқият өңдеу қажет.