«6М090200»-Туризм» мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
Мазмұны
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері «6М090200 – Туризм» мамандығы бойынша түсу емтиханының мақсаты «5В090200 – Туризм» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының кәсіби пәндік міндетті құрамы бойынша кәсіби білімі мен дағдысын дәлелдеу және тереңдету болып табылады.
Мамандық бойынша бастапқы түсу емтиханының міндеттері білімін анықтауға негізделеді:
туризм саласындағы кеңістіктік-уақыттық үрдістерді түсіне білу және оларды басқару қабілетін тәрбиелеу мақсатында туристік цикл пәндері бойынша білім алу үрдісін ынталандыру әдістемелігі жайлы;
жүйелі білімді және ғылыми пәннің, ғылыми зерттеулер тармағының, кәсіби тәжірибенің қазіргі ахуалын бейнелейтін тетіктер мен тенденциялар жайлы туындаған мәселелерді сынап, баға бере алу;
табиғат жайлы және туризм индустриясының әлемдік, аймақтық және ұлттық деңгейлеріндегі мағынасы мен ерекшеліктері жайлы;
экономика мен адамзат қауымына негіз бола алатын заманауи туризм экономикасының мәселелері, туристік іс-әрекеттің микро, макродеңгейлерінің байланысына әдістемелік баға бере алу.
Сонымен қатар, толық мәліметтер жетіспеушілігі жағдайында орынды қорытынды жасай білу және мамандарға да, кәсіби дайындығы жоқ тыңдаушыларға да осы қорытындыларды жеткізе білу жайлы өз білімін көрсету болып табылады.
Бастапқы түсу емтиханы жазбаша түрде қабылданады. Емтихан тапсырушылар емтихан билеттерінің жауаптарын арнайы дайындалған, штампталған жауап парағына толтырады. Сұрақ жауап парағында көрсетілуі тиіс. Апелляция беру жағдайында апелляция негізі ретінде жауап парағына жазылған жауаптар қарастырылады.