ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКА КАБИНЕТІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей :
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.