Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған көпсалалы лицей-интернаты Ашық сабақтың тақырыбы: Көсемшенің түрленуі



Дата13.08.2017
өлшемі61,92 Kb.
#23586
Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған

көпсалалы лицей-интернаты

Ашық сабақтың тақырыбы:

Көсемшенің түрленуі

7-класс


Дайындаған- Балмағамбетова Айгүл Жақсыбекқызы,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы, 2015 жыл

Сабақтың тақырыбы : Көсемшенің түрленуі

Сабақтың мақсаты: Көсемшенің екі түрлі мәнде, қызметте қолданылуын,

өзіндік ерекшелігін таныту

Сабақтың міндеттері : а) Көсемшені жасайтын жұрнақтар туралы білім бере отырып,

жаттығу, талдау жұмыстарын орындату;

ә) Оқушылардың көсемше туралы түсінігін кеңейту, көсемше-

нің жасалу жолына қарай, қызметіне байланысты біліктілік-

тіліктерін қолдана білу дағдысын дамыту;

б) Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыра отырып,

туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімдерін ұштау

Сабақтың түрі : дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау ,ой дамыту, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар, кестелер,суреттер

Пәнаралық байланыс : қазақ әдебиеті, тарих

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру, топқа бөлу.

2. Үй жұмысын тексеру:

Үш топқа тапсырмалар:

Есімшенің сөйлемдегі қызметі:

Есімше қалай түрленеді?

Есімше жасайтын қандай жұрнақтар?

Есімше сөйлемде қай сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады?

(Жұрнақтарын айтады, мысалға келтіріп, сөйлем жазады)


3. Жаңа сабақ:

1) Мағынаны тану:

Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалады. Көсемше бірде тікелей жіктеліп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары болып, нақты қимылды білдіріп, етістік қызметінде қолданылса, енді бірде қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде қолданылады. Сондықтан көсемше де етістіктің ерекше түрі болып есептеледі. Мысалы: қалаға барамын немесе оқып отыр дегенде көсемше қимылдың өзін білдіріп тұрса, дауыстап оқыды, үйге сөйлей кірді дегенде дауыстап, сөйлей тәрізді көсемшелер оқу және кіру қимылдарының амалын білдіріп тұр.

Көсемше мына жұрнақтар арқылы жасалады:

а) –а, -е, -й: айта, бере, ойлай;

ә) –ып, -іп, -п: айтып, беріп, ойлап;

б) –ғалы, -гелі,-қалы, -келі, түрі жіктелмейді.
Көсемшенің жіктелу үлгісін көрсету:

жекеше

I жақ

II жақ
III жақ



Мен жаза-мын

Сен жаза-сың

Сіз жаза-сыз

Ол жаза-ды



Сөйлей-мін

Сөйлей-сің

Сөйлей-сіз

Сөйлей-ді



Барып-пын

Барып-сың

Барып-сыз

Барып-ты


Келіп-пін

Келіп-сің

Келіп-сіз

Келіп-ті


көпше

I жақ

II жақ
III жақ



Біз жаза-мыз

Сендер жаза-сыңдар

Сіздер жаза-сыздар

Олар жаза-ды



Сөйлей-міз

Сөйлей-сіңдер

Сөйлей-сіздер

Сөйлей-ді



Барып-пыз

Барып-сыңдар

Барып-сыздар

Барып-ты


Келіп-пін

Келіп-сіңдер

Келіп-сіздер

Келіп-ті


2) Ой қозғау:

Әр топқа тапсырма: Көсемше тұлғалы етістіктер жазып, сөйлем құрау, қызметін анықтау.

3) Оқулықпен жұмыс:

а) 181-жаттығу. Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеу:

Көріп. Оқып. Біле. Сұрай. Айта.

Үлгі: 1-жақ Мен көріппін.


4) Топтарға тапсырма:

Аңыз кейіпкері Қожанасыр туралы әңгімелерді оқып, ондағы көсемшелерді тауып, қай жақта жіктелгенін, тұлғасына қарай талдау жасату.

Мысалы:

Бірде Қожаның есегі жоғалып кетіпті. Ол есегін әндетіп жүріп іздейді.



  • Есегің шын жоғалған болса, неге өлең айтасың, жыламайсың ба?-депті біреу.

Сонда Қожа:

- Есегім анау дөңнің астында жүрген шығар деп келемін, онда жоқ болса, өкіргеннің көкесін сонда көресің,- депті.


5) Сергіту сәті

6) Топ мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке парақша беріледі. Парақшада мақал-мәтел берілген. Мақал-мәтелдегі жасырынған көсемшелерді тауып жазу керек.

Мысалы:

Дұшпан ........................айтады,



Дос ...............................айтады.
Өнер- ......жатқан бұлақ,

Білім- .......тұрған шырақ.


Өнерлі өрге ...........
Болат қайнауда ..........

Батыр майданда ...........т.б.


7) Әр топқа жеке-жеке тапсырма. Жоба қорғау:

1-топ. «Етістік»

Мысалы: Етістік-іс-қимылдың атауын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: не қылды? Не істеді? Етістік мағынасына қарай салт және сабақты етістік болып бөлінеді.т.б.
2-топ. «Есімше»:

Есімше-етістіктің бір түрі, есімше екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Жұрнақтары: -ар,-ер,-р,-с; -ған,-ген,-қан,-кен,т.б.


3-топ. «Көсемше»

Көсемшенің жұрнақтары: -қалы,-келі,-ғалы-,-гелі. т.б. Көсемше тәуелденбейді. Күрделі етістіктің құрамында болады.


8) Жаңылтпашты мүдірмей, кідірмей айт:
Ұқыпты бала-

Кітапты түптеп тастады.

Ұқыпсыз бала-Кітапты бүктеп тастады,

Жұмысын басқаға жүктеп тастады.


Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

9) Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда зат есімдер берілген, сол зат есімдерге көсемшелі етістік қатыстырып сөйлем құрау:

Көктем Жаңбыр Есік Жеміс

Құстар Балалар Қар Сабақ

Мұғалім Жиналыс Аққу Өлең


10) Түйіндеу:

(Тақтадан көрсету)





Көсемше

Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі



Іс-әрекеттің жай-күйін білдіріп, үстеудің қызметін атқарады.

Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, етістік қызметін атқарады.

1)-а, -е, -й: бар-а-ды, кел-е-ді;

2)-ып, -іп, -п: шығ-ып, ез-іп;

3)-ғалы, -гелі, -қалы, -келі: ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы.

11) Үй тапсырмасы: 186-жаттығу. Көсемшелерді теріп жазу



12) Бағалау парағымен жұмыс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет