Этика. Құндылықтар философиясы. Этика

Дата01.04.2023
өлшемі10,25 Kb.
#173464
Байланысты:
Этика. Құндылықтар философиясы. Этика-melimde.com
Қазақстан тарихы, Практикалық жұмыс 13, жасөспірімдік кезең, 22БИЛЕТ, Дәріс 7, Улпан, РК-1 тест

Этика. Құндылықтар философиясы. Этика

Этика. Құндылықтар философиясы.

Этика

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – адамгершілік әртүрлі қоғамдық құбылыстардағы сан алуан түрі мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады.

Этика үш бөліктен тұрады:

  • теориялық этика;

  • нормативті этика;

  • эмпириялық этика.

      Теориялық этика — этиканың негізгі ұғымдарын, оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді.

      Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен қатыгездік, ізгілік пен жауыздық, ар-ұждан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.

      Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.

Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады.

Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады.

Аристотель бойынша, адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады: этикалық және дианэтикалық. Егер этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, темпераментіне жататын болса, дианэтикалық ізгіліктер адамның ақыл-парасатына тиеселі дүниеле.

Сөйтіп, Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына: жомарттық, батылдық, шыншылдық, ал дианэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.

Аксиология

Аксиология (грек, axios — құнды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған. Платон философиясыңда құндылықтар жалпы ізгілікпен байланыстырылып, әмбебапты мәнге ие болды. Мәдениеттануда құндылықтар мәселесі ерекше орын алады, өйткені, мәдениет адамзат жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік кең тараған. Құндылықтардың болмыстық жалпы мәнін ашуға бағытталған Аксиологияның философиялық қырынан, оның мәдениеттанулық өлшемі өзгеше болып келеді. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты.

Құндылық

Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.

Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды.

Р. Лотце

Г. Коген

Кәсіби философияда құндылықтар туралы ілім аксиология деп аталады және өзінің бастауын жүзеге асқан құндылық – пайдалылықты игілік деп қарастырған ежелгі гректерден алады. Батыстық философияның тарихында бірқатар аксиологиялық теориялар белгілі: натуралистік психологизм (Мейнонг, Перри, Дьюи), трансцендентализм (Виндельбандт, Риккерт), персоналды онтологизм (Шелер, Гартман), мәдени-тарихи релятивизм (Ницше, Дильтей), социологизм (Вебер, Парсонс, Толкотт).

Жалпы құндылық термині еуропалық рационалдық философия мен христиандық моральдың іргелі ұғымдарын теріске шығарған XIX ғасырдағы неміс ойшылы Фридрих Ницшенің атақты «Билікке деген ерік» атты трактатында «құндылықтарды қайта бағалау» қажеттігін афористік тұрғыда негіздегенінен кейін кең қолданысқа түсті. Сөйтіп батыс еуропалық философияның негізгі тақырыбының біріне айналып, танымның барлық салаларында пайдаланыла бастады.

Фридрих Ницше

Қазіргі заман мен қоғамда адамды ең жоғары құндылық ретінде тану, соған сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, балаларды қорғау, білім мен тәрбиедегі демократиялық принциптерді берік ұстану алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар әр алуан ұлттар, діндер мен мәдениеттер өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі үшін өзара түсіністік, сұхбат пен толеранттылық халықаралық ұйымдар тарапынан насихатталуда. Әрине, мұнан басқа да құндылықтар бар.

Құндылықтарға қатысты әр адамның әр алуан басымдылықтары болады. Сонымен, қорыта айтқанда, құндылықтың басты белгісі оның бойында адамға игі ықпал ететін қасиеттердің болуымен сипатталады. Адамгершілік құндылықтармен айналысатын саланы гуманистік аксиология деп атауға болады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адамгершілік, тұлғалық немесе кісілік құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері болды.

Назарларыңызға Рақмет

http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет