«Этнопсихология» пәнінің 5В010300 «Педагогика және психология»



Дата15.09.2017
өлшемі192,99 Kb.
#33865

ПОӘК 042-18-31.1.37/02-2014


11.09.2014 жылғы

№ 2 басылым



11 беттің -шісі







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК




ПОӘК

«Этнопсихология» пәнінің студенттерге арналған



11.09.2014 жылғы

№2 басылым



ПОӘК 042-18-31.1.37/02-2014



«Этнопсихология» пәнінің

5В010300 «Педагогика және психология»

4 курс

мамандығына арналған
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ


СЕМЕЙ 2014


Кіріспе
1ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магиcтрі Кошкимбаева Р.Х.

____________ «25» 06.2014 ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.

Хаттама №1 «03» 09.2014 ж.


Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К.

2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.

Хаттама № 1 «05» 09. 2014 ж.
Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды.

Хаттама № 1 «11» 09.2014ж.


ОӘК төрайымы________________ с.ғ.д. Искакова Г.К.

4  05.09.2013 жылғы №1 басылым орнына




Мазмұны



1

Жалпы ережелер

4

2

Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу

6

3

Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

6

4

Курс форматы

8

5

Курс саясаты

8

6

Бағалау саясаты

9

7

Әдебиеттер


10


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет

Кошкимбаева Раиса Халыковна, педагогика ғылымының магистрі, аға оқытушы

«Педагогикалық психология» кафедрасы

Ақпараттық қатынас - телефон:35-66-10



1.2. Пән туралы жалпы мәлімет атауы «Этнопсихология»

Сабақ өтетін орын – №2 оқу ғимараты, аудитория - 402



2014-2015 оқу жылы, 7 семестр, кредит саны – 3


Курс

Семестр

Кредит

ДС

сағ.


ТС

сағ.


БАОӨЖ

сағ.


БӨЖ

сағ.


Барлығы

сағ.


Тексеру формасы

4

7

3

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан


1.3 Пәннің қысқаша мазмұны

Жүзден аса ұлт мекендейтін Қазақстан Республикасында қоғам мен мемлекет өмірін анықтауда этникалық фактор үлкен маңызға ие. Осыған орай педагогикалық ерекшеліктерін және оардың ұлтаралық қарым-қатынастарда көрініс беруін зерттейтін этнопсихологияны оқып үйренуге ерекше назар аударылуы тиіс.

Қазақстан Респуликасында жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер жасалуда. Этнопсихология курсы бүгінгі күннің талабына сай психология мамандығы студенттері үшін негізгі базалық пән болып есептеледі. Бұл курста этнопсихологияның жалпы мәселелері, әсіресе ұлт проблемасы және тұлғаның ұлтжандылық сезімі мен қасиеті, сапалары жөніндегі ғылыми-қолданбалы ақпарат осы заманғы этнопсихологиялық теориялар негізінде беріледі.

Ғылыми зерттеулерде жинақталған білімдер этнопсихологияның методологиялық принциптері, пәні, зерттеу объектісі, мақсат, міндеттері, тайпа, халық, мәдениет және эпостағы жеке адам, әлеуметтену, инкультурация, мәдени трансмиссия ұғымы, ұлттар психологиясы салаларында қызықты деректерді береді. Каузалдық белгілердегі мәдениаралық айырмашылықтар, топаралық өзара әрекет пен қарым-қатынастың этнопсихологиялық жақтары, этникалық таптауырындырдың көрінуі мен ерекшеліктері, этникалық қақтығыстар табиғаты, этникааралық қатынаста топаралық қабылдаулардың механизмдері, этникалық біртектіліктің дамуы және трансформациясы ерекшеліктері мәселелері қарастырылады.

«Этнопсихология» курсы қазіргі кездегі студенттердің психологиялық білім құрылымындағы маңызды аспектілердің бірін құрайды. Этнопсихологиялық феномендердің көрінісі мен оның қызметінің механизмдерін білу студенттерге әртүрлі этностық қоғамдастықтардың мәдениетіне деген толеранттығын қалыптастыруға ықпал етеді.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Студенттердің қазіргі заманғы психология құрылымындағы этнопсихологияның орнын түсіну және өмірдің барлық салаларында тұрақты этносаралық өзара іс-әрекет жағдайында кәсіптік қызметке дайындық процесінде этнопсихологиялық білімнің рөлін түсіну болып табылады.



1.4 Пәнді оқыту міндеттері:

- этнопсихологияның теориялық негіздерінің мазмұнын ашу;

- этнопсихология мәселелеріне студенттердің қызығушылықтарын арттыру;

- студенттердің бойында үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын ояту;

-студенттердің өзіндік тәжірибесінде этнопсихология негіздері туралы білімдерін қолдануға ұмтылдыру.

1.5 Оқытудың нәтижесі:

Курстың соңында студент:

- білу керек:

- этнопсихологияның әдіснамалық негіздері туралы мағлұмат алады.

- отандық және шетелдік этнопсихологияның теориялық негіздерімен танысады.

- әртүрлі халықтардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктері туралы жан-жақты білім алады.

- игеру керек:


  • этнопсихологияның негізгі зерттеу әдістерін;

  • этнопсихологиялық білімнің қазіргі жағдайының ерекшеліктерін.

- меңгеру керек:

  • этнопсихологияның аса танымал әдістемелерінің моделі мен парадигмаларын;

  • этнопсихологиялық білімнің дамуының қазіргі заманғы ағымдарын.

- қолдана білуі керек:

  • практик психолог қызметінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді тиімді өздігінен пайдалана білу.

  • пән бойынша меңгерген білімін оқу танымдық іс-әрекет, сонымен қатар кәсіби іс-әрекет практикада өздігінен қолдана білуді үйренеді.

- түсіну керек:

  • этносаралық қарым-қатынастағы қабылдаудың механизмдерін;

  • ұлттық сана-сезім мен этностық қарым-қатынас ерекшеліктерін.

- істей алуы керек:

  • педагогикалық іс-әрекетте оқу-тәрбие шараларын және оларды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету дағдысын игереді.

  • қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдыларды меңгереді.

- иемдену керек:

  • теориялық білімдерді практикалық кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыру білу біліктілігі және психологиялық-педагогикалық салада ақпараттық технологияларды жетік иемденуі керек.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Философия

1.6.2 Жалпы психология

1.6.3 Әлеуметтану

1.6.4 Әлеуметтік психология

1.7 Курстың постреквизиті: жоқ
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ





Тақырып атауы

Сағат саны

Әдебиеттер

ДС

ЗС

ТС

БАОӨЖ

БӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Этнопсихология психологияның бір саласы ретіндегі пәні мен міндеттері.

2

-

1

-




Н1,2 Қ1,2

2

Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары.

3

-

2

-

№1

Н1,2,3, 6 Қ4

3

Қазақстандағы этнопсихологиялық көзқарастардың дамуы.

3

-

2

-




Н1 Қ 1,2, 3 ,5

4

Тұлғааралық белгілер және оның мәдениетпен байланысы.

3

-

2

-




Н1,2,7 Қ6,7

5

Әлеуметтік мінез-құлықты реттеудің мәдени функциясы.

4

-

1

-

№2

Н1,6 Қ5,6,7


6

Топаралық және тұлғааралық қарым-қатынастар.

4

-

1

-




Н1,Қ1,3,5,7


7

Этносаралық қарым-қатынастағы топаралық қабылдаудың механизмдері.

3

-

2

-

№3

Н1, Қ2,3,5,7


8

Этникалық кикілжіңдер: пайда болу себептері және реттеу тәсілдері.

4

-

2

-

№4

Қ2,3,5,6,7


9

Жаңа мәдениетті ортаға бейімделу.

4

-

2

-

№5

Н1,Қ3,4,5,6



3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

Өтілген дәріс материалын талқылау өздік жұмысының ең негізгі түрі болып саналады. Материалды терең және толығырақ талқыланатын болса, өздік жұмыстарынынң басқа да түрлерін орындау жеңілірек болады. Өтілген дәрістерді үнемі, жүйелі қарастыратын болса, кейінгі материалдарды түсінге дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды меңгеруге мүмкіндік береді. Оқу-әдістемелік кешенінен дәріс материалдарын толығырақ қарау үшін, сондағы тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Конспектімен жұмыс жасағанда әдебиеттерге сілтеме жасау, орындау барысында кейбір өзгерістер мен толықтыруларға болады. Егерде тақырып бойынша түсінбеген сұрақтарын болса, келесі дәріс барысында оқытушымен бірге талқылау керек.

БӨЖ тапсырмасы аудиториядан тыс уақытта оқытушының қатысуынысыз орындалады. БӨЖ (БАОӨЖ) негізгі міндеті – тәжірибелік сабақтарға және дәріске дайындық болып табылады. Тәжірибелік сабақтарға тақырып бойынша негізгі сұрақтар қарастырылады. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек. Дайындалу барысында әрбір сұраққа қысқаша, нақты негізгі жақтарына жауап тезистері, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде кестелер, схемаларды дәптерлеріне жазыңыздар. Дайындалып біткен өз білімдеріңізді өзі-өзі тексеру сұрақтары бойынша тексеріңіз. Өздік жұмыс кезінде қиындық туғызған сұрақтарыңызды жазып алыңыз, оны оқытушымен талқылаңыз.

БӨЖ тапсырмасы дәріске дейін орындалу керек. Дәрісте өздігінен алған білімдеріңіз тереңдей түсу керек. Тәжірибелік сабақтардағы сұрақтардың көлемі тақырыптыңтолық мазмұнын қамти алмайды. Студенттің өз білімін кеңейту және тереңдете түсу үшін, ол БАОӨЖ үдеріснде жүзеге асырылады. Тақырыптың мазмұнын толығырақ ашу үшін, БАОӨЖ қосымша сұрақтар беріледі, ол студенттерді қиындықтар туғызады.

Конспект – (латынша conspectus – шолу, баяндау) жазбалардың ең жетілген түрі, бірдеңенің маңызды мазмұнын қысқаша баяндау.

Тірек-схемамен конспектілеу білімді бекіту үшін негізгі формасы болып табылады. Конспектілеу барысында студент негізгі ұғымдарды өздігінен меңгереді, аргуметтейді, қорытынды шығарады, бұл олардың келесі сабақтарды игеруге көмектеседі. БӨЖ тапсырмаларын орындау студенттер ұсынылған әдебиеттермен жұмыс істеулері керек. Сонымен қатар қосымша әдебиеттерді пайдалануға болады.

Реферат – (латынша refero – баяндаймын, хабарлаймын) берілген тақырып бойынша қолжетімді әдебиетке, басқа дерекнамаларға шолу кіретін ғылыми мәселені зерттеу нәтижелерін қысқаша баяндау. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны жағынан. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселені нақты, тұжырымды ойды айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену.

4 КУРС ФОРМАТЫ

Әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде іскерлік және дағдыларын қалыптастыруда оқытудың дәстүрлі формасын қолдану, студенттердің белсенділігін, оқыту үдерісінің жақсартуға, сабақта студенттердің белсенділігін арттыру, олардың ораторлық, риторикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.

Бұл рефератты байындалу және қорғау, шығармашылық жазба жұмыстары, тестік тапсырмаларды орындау, педагогикалық міндеттерді шешу, жаңа педагогикалық әдебиеттерді талдау, сонымен қатар тәжірибелік сабақтарды әртүрлі формада өткізу т.б. Тәжірибенің көрсетуі бойынша дәстүрлі емес формаларды қолдану, студенттердің шығармашылық белсенділіктерін дамытады. Оқытудың белсенді формалары пікірталас, демонстрациялық материалдарды қолдану, видеоматериалдарын қолдану.
5 КУРС САЯСАТЫ

Келесі талаптар қойылады:



    1. Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, әрбір тақырыпқа конспект жазу. Оқулық материалдары бойынша өз бетімен практикалық үй жұмыстарын көрсетілген уақытта орындау. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс.

    2. Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.

    3. Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.

    4. Сабақтарға кешікпей келу қажет;

    5. Сабақ уақытында ұялы телефонды ағытып қою керек;

    6. Межелік аттестация студенттің сабаққа қатынасуына, тапсырмаларды уақытында орындауына, бақылау жұмыстарының бағасына қатысты қойылады. Соңғы қорытынды баға соңғы аттестацияның 60 және емтихан бағасының 40 құрайды.

6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
Бақылау түрлері бойынша балды бөлу



Бақылау түрлері

%

Балл

Барлық балл

100

300

Сабаққа қатысу және аудиториялық сабаққа дайындық – электрондық журналға балл ретінде кіргізілмейді, оқытушы тек нақты сабақта жоқ білім алушыны белгілейді.

10

30

Тәжірибелік (семинар) және зертханалық сабақтарда білімдерін тексеру - ауызша, жазбаша, тесттік бақылау, пікірталас т.б.

26-35

80-100

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы (БӨЖ)) – тренингтер, дөңгелек үстел, эссе жазу, реферат, бақылау жұмысы т.б.

27- 47

80-140

Межелік бақылау кезінде егерде компьютерлік тестпен өткізілетін болса (тезаурустық жолмен) көрсетілген балдар оқытушының журналының «Компьютерлік тестілеу» бағанасына кіргізіледі

17-30

50-90

Аралық аттестатциялаудың кейін емтиханға, қорытындыға 400 балл бөлінеді.

Барлық академиялық кезеңге жалпы 1000 балл құрайды.

Барлық аудиториялық (дәріс, тәжірибелік, зертханалық) сабақтың түрлеріне 30 балл бөлінеді, оқытушы тек сабаққа келмеген білім алушыны белгілейді, ал оның сабаққа қатысқанын автоматты жүйе өзі есептейді.

Оқытушы қалған 270 балды жұмыс түрлеріне бөледі, пәнді оқуда білім алушы 6 кестеде берілген балл параметрлерін сақтауы керек.

1 межелік бақылау - 7 аптада жүргізіледі, ал 2 межелік бақылау – 15 аптада.



«Этнопсихологиясы» пәні бойынша ұпай бөлінісі


Апта

Бақылау түрі

Ұпай жиыны

Ескерту

1

2

3

4




1-7 апта бойы дәріске қатысу

30




2

Тәжірибелік

30




3

БӨЖ №1

50




4

Тәжірибелік

30




5

БӨЖ №2

50




6

Тәжірибелік

40




7

Межелік бақылау 1

70




1-7 апта бойынша барлық ұпай саны

300







8-15 апта бойы дәріске қатысу

30




8

Тәжірибелік

25




9

БӨЖ №3

30




10

Тәжірибелік

25




11

БӨЖ №4

30




12

Тәжірибелік

25




13

БӨЖ №5

40




14

Тәжірибелік

25




15

Межелік бақылау 2

70




8-15 апта бойынша барлық ұпай саны

300




Емтихан ұпайы

400




Академиялық мерзімге жиынтық ұпай

1000






7 ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі әдебиеттер

      1. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999

      2. Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии. –А., 2003

      3. Крысько В.Г. Этническая психология.- М., 2002

      4. Боронев Ю.В., Павленко В.Н. Этнопсихология: Учебное пособие. Спб., 1999

      5. Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж

      6. Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж

      7. Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. Ростов на Дону., 2000г

Қосымша әдебиеттер

      1. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Көмекші құрал. Алматы-., 1993ж.

      2. Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998

      3. Гумилев Л.Н. Этносфера: история людей и история природы. М., 1993

      4. Крысько В.Г., Деркач А.А. Этнопсихология: в 2т. М., 1992

      5. Лебедев Н.Н. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. М., 1999

      6. Мид М. Культура и мир детства. М., 1998

      7. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М., 1983

      8. Выготский Л.С. Мышление и речь. //собр.соч. в 6т. М., 1982

      9. Кон И.С.Проблеме национального характера //История и психология// Под.ред.Б.Ф.Поршнева, Л.И.Анцыферевой. М., 1971

      10. Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөздік. Алматы., 2002ж

      11. Стефаненко Т.Г. Методы исследования этнических стереотипов //Стефаненко Т.Г., Шлягина Е.И., Ениколопов С.Н. Методы этнопсихологического исследования//. М., Изд-во Моск. Университета, 1993

      12. Шпет Г.Г. Введение в этническую психологию. //Шпет Г.Г. Психология социального бытия// М., Воронеж, 1996

      13. Садохин А.П. Этнология.-М.,2006

      14. Шалекенов У.Х. История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в XVIII-XX в.-А.,2003

      15. Муканов М.М. Валиханов о некоторых вопросах этнопсихологии и психологии релитгии// Вопросы психологии.-1973.-№3

      16. Әлсатов Т. Орта ғасырлық қазақ ғуламаларының тәлемі-тәрбиелік идеялары (XV-XVI).-А.,1998




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет