Әзірлеген: Дәулетияр Ш.Б. «Inter-Lingua» лицейінің химия пәні мұғалім Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр
Химия пәнінен 8 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан. Қолданылатын оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г.Белоусова Химия 8 сынып
Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Атомда электрондардың таралуы
1.Оқу мақсаты: 8.1.3.1-атомда электрондарядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну
2. Конспект Электрондар ядроның айналасында, электрондық қабат деп те аталатын, белгілі бір энергетикалық деңгейлерде жоғары жылдамдықпен қозғалады. Жеке деңгейшелер электрондардың шектелген және нақты анықталған санына ие бола алады.
Электрондық қабаттар энергияларының өсу реті бойынша толтырылады. Ең жоғары толтырылған қабаттың энергиясы қаншалықты аз болса, тұтастай атомның энергиясы да соншалықты аз болады.
Электрондардың жеке қабаттарда орналасу тәртібі электрондық конфигурация деп аталады. Әрбір элементтің қайталанбайтын өзіндік электрондық конфигурациясы болады.
Элементтің электрондық конфигурациясы оның атомдық нөмірімен анықталады.
Гелий мен неон атомдарының сыртқы электрондық қабаттары толық. Ондай конфигурациялар іс жүзінде тұрақты болады, ал атомдарының сыртқы электрондық қабаттары толық элементтер асыл газдар деп аталады.
Бірінші қабаттағы электрондардың максимал саны 2, екінші қабатта 8, үшінші қабатта 18 болады. Үшінші қабат 8 электронмен толған кезде атомдар тұрақтылық күйге жетеді. Электрондардың жалпы саны атомдық нөмірдің мәніне тең болу керек.
Орбитальдардың энергиясы және деңгейшелердің толтырылу реті
Атомдық орбитальдар пішіні мен энергиясы
Әртүрлі атомдық орбитальдар бір-бірінен пішіні және энергиясымен ерекшеленеді және s, p, d, f және т.б. таңбаларымен белгіленеді.
s-типті атомдық орбитальдар пішіні сфераға ұқсайды.
фера көлемі энергетикалық деңгей саны қосылған сайын ұлғаяды: 1s < 2s < 3s және т.б.
р-орбитальдар x, y немесе z остері бойымен бағытталған сегіз саны тәрізді пішінге (гантелдер) ұқсайды.
p-орбитальдардың да көлемі энергетикалық деңгейлердің саны артқан сайын ұлғаяды:
2p < 3p < 4p және т.б.
Электрондық деңгей саны артқан сайын, яғни атом ядросынан электрондар қашықтаған сайын орбитальдар энергиясы ұлғаяды.
Сәйкесінше, s-орбитальдың энергиясы: 1s < 2s < 3s және т.б. қатарында артады. Дәл солай p-орбитальдардың энергиясы өзгереді: 2p < 3p < 4p және т.б.
Бір энергетикалық деңгей ішінде атомдық орбитальдар энергиясы s-орбитальдан p-орбитальға қарай артады: 2s < 2p; 3s < 3p. элементтердің электрондық-графикалық формуласы