Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет8/13
Дата12.04.2017
өлшемі2,67 Mb.
#13703
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тесттік сауалнама

1.Баба ата қаласы туралы ғылыми әдебиеттерді қай жылдан бастап кездесті

А. 1902ж.

В. 1901ж.

С. 1904ж.

Д. 1804ж.

2. Баба ата қаласын зерттеу жұмыстарын 1906ж. кім басқарған

А. Г.Е.Пацеевия

В. Е.И. Агеева

С. А.Н. Бернштам

Д. Ә.Х. Марғұлан

3. Қазба барысында жоғарғы құрылыс кезеңінен нешінші ғасырдың ыдыс үлгілері табылды

А. 13-15ғ.ғ.

В. 14-17ғ.ғ.

С. 14-16ғ.ғ.

Д. 13-17ғ.ғ.

4. Қазба екінші құрылыс кезеңінен неше бөлме ашылды

А. 15 бөлме

В. 13 бөлме

С. 7 бөлме

Д. 16 бөлме

5. Бабата қаласында жүргізілген қазба жұмыстары барысында қаланың даму тарихында неше кезең болғаны анықталды

А. 2 кезең

В. 3 кезең

С. 4 кезең

Д. 5 кезең

6. Рабаттар шахристанды айнала қоршап жатыр, жалпы көлемін неше га сырттай қамал қоршаған

А. 24 га


В. 25 га

С. 26 га


2-апта

1,0 –балл

8 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның орта ғасырлық қалаларының дамыған кезеңдері.



Жоспар:

1.Талас және Шу өзені аңғарларындағы қалалар тарихы.

2.Ұлы жібек жолы бойындағы елді мекендер тарихы.

Консультация

1. Талас өңірінде орналасқан аты жазба деректерде 568 ж кездесетін Тараз қаласын зерттеушілер қазіргі Тараз, (Жамбыл, Әулиеата) баламалап жүр, ол орынды да балама. Таразға жақын орналасқан ортағасырлық қаланың бірі төменгі Барысхан болған, оның орны Талас өзенінің сол жағасында орналасқан Төрткүлтөбе мен дұрыс баламаланып жүр.

Шу, Талас өңірлері және Қаратаудың ортағасырлық қалалары мен елді мекендерін аты жазба деректерде аталатын ескерткіштермен дұрыс баламалау Тамим ибн Бахр, Ибн Хордадбех, Ибн әл-Факих, Кудама ибн Джафар, әл-Идриси еңбектерінде көрсетілген қалалар мен елді мекендердің орналасу бағытын, олардың бір-бірінен арақашыктығын басшылыққа алу керек. Дегенмен, бұл авторлардың мәліметтеріне сын көзбен қарап, оларды саралап, салыстыра отырып ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің орналасқан жерін, олардың арақашыктарын анықтауда басты Темірқазық ретінде Испиджаб, Тараз, Құлан, Меркі сияқты нақты баламаланатын ескерткіштерге назар аударған жөн.

Тараздан шыққан Түрік жолы Төменгі Барсханнан өткесін Қырғыз Алатауының солтүстік беткейімен Шығысқа - Шу өңіріне қарай жүріп отырып Касрабасқа жеткен.



1.Касрабас - Акыртөбе. Касрабас туралы Кудама ибн Джафар былай дейді: "Төменгі Барсханнан Касрабасқа дейін 2 фарсах, онан оң жақта тау, ал сол жақта құм (бар), бұл жылы жер, қарлұқтар (жері) осыдан басталады". Карабасты В.В. Бартольд Шахнамада аталатын түріктердің қамалы Качарбаш болса керек Деп, оны Әулиеата (Тараз) тұрған жерден іздеді, ал В.А.Каллаур мен К.М.Байпақов болса Касрабасты Тараз қаласынан шығыста (40 км), Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінде, Түрік керуен жолының бойында түрған Ақыртаспен баламалайды. Ақыртас көлемі 180x250 м келетін, үлкен тас блоктардан салынып, бітпей Калған "VIII ғ. ортасындағы құрылыс. Біз Ақыртастың Төменгі Барысханнан шығып Шу өңіріне (шығысқа) бет алған Түрік керуен жолы бойындағы бірінші елді мекен екенін және оны орналасқан жерінің Кудама ибн Джафар суреттегендей, оң жағьщда Қырғыздың Алатауы, ал сол жағында Мойынқұм жатқанын жәңе құрылыстың салынған уақытының деректерге кереғар келмейтінін ескере отырып Ақыртасты Касрабаспен баламалаған пікірге қосыламыз.

2.Ұлы жібек жолы бойындағы елді мекендер тарихының баламалану тарихымен танысу..

Кулшуб - Өрнек. Түрік жолы бойындағы келесі елді мекен Күлшуб, ол туралы Кудама ибн Джафар былай деп жазған: "Касрабастан Кулшубқа дейін 4 фарсах, ол да Касрибас сияқты, онан он жакта тау бар, тауда жеміс, жоңышқа және тау көкөністері көп". Күлшубты К.М.Байпақов алғашында Ақыртөбе төрткүлімен баламалануы ұсынған болатын, ал кейіннен Өрнек қаласында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелеріне байланысты, зерттеуші осы қаланы Кулшубпен баламалады. Өрнек Сұлутөр шатқалында орналасқан, көлемі 155x160 м келетін ІХ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген қала. Біз Өрнектің Ақыртастан шығыста 30 км жерде түрғанын және ол орналасқан жердің деректе көрстеілгендей екенін басшылыққа ала отырып, зерттеушілердің бұл қаланы Күлшубпен баламалағаны дұрыс деп есептейміз.

Жүлшуб. Жүлшуб Күлшубпен 4 фарсахта орналасқан елді мекен. Зерттеушілер Жүлшубті Малдыбай төрткүлімен баламалап жүр. Малдыбай ауылынан шығыста (1,5 км) орналасқан төрткүлдің көлемі 33x35 м, ол ҮІ-ҮІІІ ғғ, кезінде өмір сүрген. Біз бұл төрткүлдің Өрнектен солтүстік-шығыста 15 км жерде орналасқанын (керуен жолынан солтүстікте) ескере отырып оны Жүлшупен баламалған пікірге келісі алмаймыз. Шамасы, Жүлшубты Күлшубтан (Өрнектен) шығыстағы Жырлысу не Талдысу шатқалдарына кіре берістен іздеген дұрыс болар. Түрік жолы бойындағы Құлан, Меркі, Аспара қалаларының баламалануы жөнінде зерттеушілер бір пікірде, бұл қалалардың тарихи аттары осы уақытқа дейін сақталған.

Нүзкет-Шыштөбе. Нүзкет (Нүркет, Нүнкет) Аспарадан 8 фарсахта орналасқан үлкен елді мекен. Нүзкетті В.В.Бартольд Ақсумен, ал А.Н.Бернштам мен К.М.Байпақов Шыштөбе қаласымен баламалайды, Аспарадан шығыста Қайыңды (17 км), Шыштөбе (31 км), Полтавск (42 км) қалалары орналасқан, осы қалалардың арасындағы тарихи-топографиялық қүрылым жағынан үлкені, әрі күрделісі Шыштөбе. Шыштөбенің қорғаныс жүйесі мықты, бұл қала ҮІ-ХІІ ғғ. кезінде өмір сүрген. Шамасы, жазба деректердегі Нүзкет осы қала болса керек.
Бақылау сұрақтары.

1.Қытай тарихшылары Гюань Цзянь мен Чань Чун Ұлы жібек жолы туралы деректемелері.



  1. Ұлы жібек жолының басты тауары.

  2. Ұлы жібек жолымен қанша жыл бойы керуен жүрген дейміз.

  3. Ұлы Жібек жолының жетістіктері Еуразия аймағында мәдени және сауда қатынастарының даму жетістіктері қалай жүрді.

  4. Сауда керуен жолдарына шет елдерден қандай тауарлар түсіп отырған.

  5. Қазіргі кезеңде анықталғандай Жібек жолының тарихы қашаннан басталады.

3-апта

9 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның орта ғасырлық қалаларының дамыған кезеңдері.



Жоспар:

1.Орта ғасырлық Қиалық қаласы.

2.Қала мәдениетінің басталуы.

Консультация

1.Түрік керуен жолының Талас, Шу өңірлері арқылы өтетін бөлігінде орналасқан, аттарын, арақашықтықтарын Ибн Хордадбех, Кудама ибн Джафар мен Әл-Идриси көрсеткен 20 қала мен елді мекендердің 5-і Талас өңірінде (Жувикат, Тараз, Төменгі Барсхан және Кавкеттегі екі елді мекендер), 3-і Талас-Шу өңірлері аралығында - Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінде (Касрабас, Күлшуб, Жүлшуб), ал 12-сі Шу өңірінде (Қүлан, Меркі, Аспара, Нүзкет, Харанжуан, Жүл, Сарығ, Түрік қағаны мекені, Кирмирау, Навакет, Бунджикет, Суяб (Кубал, Сагур Кубал) орналасқан. Зерттеушілер тарапынан бұл қалалар мен елді мекендердің барлығы баламаланған болатын, бірақ 80-90 жж. Шу, Талас өңірлерінде зерттеу жүмыстарын жүргізген кезде жиналған жаңа, «қосымша деректерге сүйене отырып, Біз зерттеушілердін. Жувикат - Бектөбе, Тараз - Тараз, Төменгі Барсхан - Төрткүлтөбе, Касрабас - Ақыртөбе, Күлшуб - Өрнек, Қүлан - Қүлан, Меркі - Меркі, Аспара - Аспара, Нүзкет -Шыштөбе, Харанжуан – Ақсу, Жүл-Соқлүық, Түрік қағаны мекені Шөміш, Навакет - Қызыл өзен, Бунджикет - Қысымшы, Суяб Ақбешім деп баламалаған пікірлеріне қосыламыз. Ал Кавакеттегі екі елді мекенді - Адахкет пен дех Нуджикесті Қоңыртөбе мен Қаратөрткүл қалаларымен, Сарығты Новопокровкамен, Кирмирауды Миянфан қаласымен баламалай отырып, Жүлшубты Кулшубтан шығыстан іздеу керек дейміз.

Қала мәдениеттінің басталуына Оңтүстік Қазақстан жеріндегі қалалар тарихы мен толық танысу жәнеде зетттеушілердің пікірлері.

Зерттеушілер Мукаддаси тізімдеріндегі Баладж Барукет, Бурух, Яганкет, Адахкет, Дех Нуджикет, Тараз, Балу, Шігіл, Барсхан, Отлүқ, Жамукат, Шелжі, Күл, Сус, Такабкет, Дех Нави қалалары мен елді мекендерін Қаратаудың солтүстік беткейі мен Талас өңіріндегі кдлалармен, ал Қүлан, Меркі, Нүзкет (Нушкет), қаласын Хантауының етегінде тұрған Бірлік төрткүді деп есептейміз. Дегенмен, біз Шу, Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендер енді баламаланып бітті деген ойдан аулақпыз. Келешекте жүргізілетін зерттеулердің барысында Щу Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің баламалануы толықтырылып, өзгерістер енгізілуі ықтимал.Урду, Навакет, Баласағұн, Жакаркан, Янг, Жағалық (Якалыг) кдлалары мен елді мекендерін Шу өңіріндегі қалалармен баламалап жүр. Махмұт Қашқари "сөздігіидегі" Отлүк, Кенжек сеңір, Қарлығ, Ягма Талас өңірінде, ал Үлыш, Орда, Баласағүн Шу өңіріндегі қалалар. Талас өңірі мен Қаратаудың солтүстік беткейіндегі қалалардың қатарыңда В.Рубрук болған Кинкет, онан бір күндік жердегі елді мекен, Гетум атап өткен Кутукчин, Беркент, Сукулкент, Урусокан, Қойқанд, Кузак, Кендакур қалалары мен елді мекендері бар. Әл Идриси Шу өңіріндегі Теміртау (Демиртаг) қаласын көрсетеді. Біз зерттеушілердің Баладж-Бабата, Барукет-Тамды, Шігіл-Жалпақтөбе, Төменгі Барсхан - төрткүлтөбе, Жамукат - Қостөбе, Отлүқ-Жуантөбе, Кенжек сеңір - Шаруашылық, Шелжі - Садырқорған, Күл -Ақтөбе (Орловка), Сүс- Шалдавар, Такабкет - Ақтөбе (Талас қаласы жанындағы), Орда - Суяб, Баласағүн - Бурана, Кинкет -Құмкент, Құмкенттен бір күндік жердегі елді мекен - Саудакент, Кутукчин - Майтөбе, Беркент - Тамды, Сукулкент - Саудакент, Қойқанд - Құмкент, Урусокан - Шолаққорған, Кузак - Созақ, Кендакур - Ақсүмбе деп баламалаған пікірлеріне қосыламыз. Сонымен қатар, зерттеушілердің Балуды - Бесағашпен, Жаңа Таласты Садырқорғанмен, ал Жаңа балықты Ақтөбемен (Талас қаласы жанындағы баламаланғанына келісе алмаймыз. Біздің пікірімізше Балу қаласын Шігіл қаласына жақын жерден, ал Жаңа Талас пен Жаңабалықты Талас өзенінің орта ағысындағы қалалардың қатарынан іздеу керек. Жазба деректерде аттары аталған Бурух, Яганкет, Қарлығ, Дех Нави қалалары бүрын баламаланбаған қалалар, біз бұл қалаларды Талас өңіріндегі Қаракемер - Бурух, Бектөбе - Яганкет, Қарлығ - Оққұм, Дех Нави - Каскантөбе қалаларымен баламаладық.


Тесттік сауалнама


  1. Қаялық қай ғасырларда өмір сүрген.

А. ҮІ-ҮІІІғ

Б. ҮІІІ-ІХ ғ



В. ҮІІІ-ХІҮғ

Д. ХІ-ХІІғ


2. Қаялық қаласы Х-ХІІІғ қай тайпаның астанасы болған.

А. Оғыз


Б. Қыпшақ

В: Қимақ


Д. Қарлұқ
3. Қазба барысында Қаялықтан храм ашылды оны қай ғасырға жатқызуға

болады.

А. ХІІІғ

Б. ХІІғ


В. ҮІІІғ

Д. ХҮІІғ
4. Қаялық Талдықорған қаласынан шығысқа қарай неше шақырым жерде



орналасқан

А. 230ш


Б. 220ш

В. 222ш


Д. 250ш
5. Қарлұқтар жайлы алғашқы мәліметтер қай ғасырға жатқызылады.

А. ҮІІІғ


Б. ҮІІғ

В. Үғ

Д. Хғ
6. Г. Рубрук Қаялық қаласынан табылған храм қай бағытқа қарай салынған деп жазады.

А.Солтүстіктен оңтүстікке

Б. Шығыстан батысқа

В. Солтүстіктен шығысқа

Д. Шығыстан оңтүстікке

3-апта


1,0-балл

№10 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның орта ғасырлық Шу өзені бойындағы қалалардың маңыздылығы.

Жоспар:

1.Шу өңірінің орта ғасырлық қалалары мен елді мекендерінің баламалануы.



2. Қазақстан жеріндегі ортағасырлардағы ірі қалалар Сығанақ, Сауран, Сайрам, Сүткент қалаларының тарихи-географиялық шеңбері.

Консультация

1.Тараздан шыққан Түрік жолы Төменгі Барсханнан өткесін Қырғыз Алатауының солтүстік беткейімен Шығысқа - Шу өңіріне қарай жүріп отырып Касрабасқа жеткен. Түрік керуен жолының Талас, Шу өңірлері арқылы өтетін бөлігінде орналасқан, аттарын, арақашықтықтарын Ибн Хордадбех, Кудама ибн Джафар мен Әл-Идриси көрсеткен 20 қала мен елді мекендердің 5-і Талас өңірінде (Жувикат, Тараз, Төменгі Барсхан және Кавкеттегі екі елді мекендер), 3-і Талас-Шу өңірлері аралығында - Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінде (Касрабас, Күлшуб, Жүлшуб), ал 12-сі Шу өңірінде (Қүлан, Меркі, Аспара, Нүзкет, Харанжуан, Жүл, Сарығ, Түрік қағаны мекені, Кирмирау, Навакет, Бунджикет, Суяб (Кубал, Сагур Кубал) орналасқан. Зерттеушілер тарапынан бұл қалалар мен елді мекендердің барлығы баламаланған болатын, бірақ 80-90 жж. Шу, Талас өңірлерінде зерттеу жүмыстарын жүргізген кезде жиналған жаңа, «қосымша деректерге сүйене отырып, Біз зерттеушілердін. Жувикат - Бектөбе, Тараз - Тараз, Төменгі Барсхан - Төрткүлтөбе, Касрабас - Ақыртөбе, Күлшуб - Өрнек, Қүлан - Қүлан, Меркі - Меркі, Аспара - Аспара, Нүзкет -Шыштөбе, Харанжуан – Ақсу, Жүл-Соқлүық, Түрік қағаны мекені Шөміш, Навакет - Қызыл өзен, Бунджикет - Қысымшы, Суяб Ақбешім деп баламалаған пікірлеріне қосыламыз. Ал Кавакеттегі екі елді мекенді - Адахкет пен дех Нуджикесті Қоңыртөбе мен Қаратөрткүл қалаларымен, Сарығты Новопокровкамен, Кирмирауды Миянфан қаласымен баламалай отырып, Жүлшубты Кулшубтан шығыстан іздеу керек дейміз.

2. Қазақстанның оңтүстік жерінде орналасқан экономикалық және сауда байланыстарының дамыған қалалар тарихы Сығанақ,Сауран және Тараз қалаларының қалыптасуы.

Зерттеушілер Мукаддаси тізімдеріндегі Баладж Барукет, Бурух, Яганкет, Адахкет, Дех Нуджикет, Тараз, Балу, Шігіл, Барсхан, Отлүқ, Жамукат, Шелжі, Күл, Сус, Такабкет, Дех Нави қалалары мен елді мекендерін Қаратаудың солтүстік беткейі мен Талас өңіріндегі кдлалармен, ал Қүлан, Меркі, Нүзкет (Нушкет), қаласын Хантауының етегінде тұрған Бірлік төрткүді деп есептейміз. Дегенмен, біз Шу, Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендер енді баламаланып бітті деген ойдан аулақпыз. Келешекте жүргізілетін зерттеулердің барысында Щу Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалар мен елді мекендердің баламалануы толықтырылып, өзгерістер енгізілуі ықтимал.Урду, Навакет, Баласағұн, Жакаркан, Янг, Жағалық (Якалыг) кдлалары мен елді мекендерін Шу өңіріндегі қалалармен баламалап жүр. Махмұт Қашқари "сөздігіидегі" Отлүк, Кенжек сеңір, Қарлығ, Ягма Талас өңірінде, ал Үлыш, Орда, Баласағүн Шу өңіріндегі қалалар. Талас өңірі мен Қаратаудың солтүстік беткейіндегі қалалардың қатарыңда В.Рубрук болған Кинкет, онан бір күндік жердегі елді мекен, Гетум атап өткен Кутукчин, Беркент, Сукулкент, Урусокан, Қойқанд, Кузак, Кендакур қалалары мен елді мекендері бар. Әл Идриси Шу өңіріндегі Теміртау (Демиртаг) қаласын көрсетеді. Біз зерттеушілердің Баладж-Бабата, Барукет-Тамды, Шігіл-Жалпақтөбе, Төменгі Барсхан - төрткүлтөбе, Жамукат - Қостөбе, Отлүқ-Жуантөбе, Кенжек сеңір - Шаруашылық, Шелжі - Садырқорған, Күл -Ақтөбе (Орловка), Сүс- Шалдавар, Такабкет - Ақтөбе (Талас қаласы жанындағы), Орда - Суяб, Баласағүн - Бурана, Кинкет -Құмкент, Құмкенттен бір күндік жердегі елді мекен - Саудакент, Кутукчин - Майтөбе, Беркент - Тамды, Сукулкент - Саудакент, Қойқанд - Құмкент, Урусокан - Шолаққорған, Кузак - Созақ, Кендакур - Ақсүмбе деп баламалаған пікірлеріне қосыламыз. Сонымен қатар, зерттеушілердің Балуды - Бесағашпен, Жаңа Таласты Садырқорғанмен, ал Жаңа балықты Ақтөбемен (Талас қаласы жанындағы баламаланғанына келісе алмаймыз. Біздің пікірімізше Балу қаласын Шігіл қаласына жақын жерден, ал Жаңа Талас пен Жаңабалықты Талас өзенінің орта ағысындағы қалалардың қатарынан іздеу керек. Жазба деректерде аттары аталған Бурух, Яганкет, Қарлығ, Дех Нави қалалары бүрын баламаланбаған қалалар, біз бұл қалаларды Талас өңіріндегі Қаракемер - Бурух, Бектөбе - Яганкет, Қарлығ - Оққұм, Дех Нави - Каскантөбе қалаларымен баламаладық.



Бақылау сұрақтары

  1. Сауран қаласының тарихи-географиялық аймағы,климаттық жағдайы.

  2. Сауран қаласы қай ғасырларда өмір сүрген жане саяси эканомикалық жағдайы.

  3. Сауран қаласы жайлы зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлері.

  4. Махмуд Қашқаридың Сүткент қаласы жайлы көзқарасы.

  5. Сүткент қаласының тарихи- географиялық аймағы.

  6. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда Сығанақ қаласының саяси-эканомикалық жағдайы.

3-апта


№11 Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның орта ғасырлық Шу өзені бойындағы қалалардың маңыздылығы.

Жоспар:


1.Түркі қалалары –ғылым мен мәдениет орталығы.

2. Ұлы жібек жолының маңыздылығы.



Консультация

1. Батыс Түрік, Түргеш, қарлұқ Ү-ХШ ғ. аралығында болған деген пікірде. М.Е.Массон мен В.Д.Горячева Ақбешім каласындағы тіршіліктің моңғол шапкыншылығынан да кейін жалғаса бергені туралы былай дейдг "Встречающиеся на поверхности, правда, немногочисленные археологические находки ХІҮ в. преимущественно в виде фрагментов керамической утвари являются показателями, что жизнь на Акбешиме продалжалась в какой-то мере и после мон гольского завоевания".



1983-1984 жж. Ақбешім қаласының тарихи-топографиялық қүрылымын анықтау мақсатымен оның әртүрлі бөліктерінде зерттеулер жүргізген кезде жер бетінде жатқан Х-ХІІ ғғ., тіпті ХШ-ХІҮ ғғ. ыдыс сыныктарын көрдік. Соған қарағанда бұл қаладағы тіршілік X не XII ғ тоқтады деуге болмайды. Шамасы, XIII ғ. басындағы тарихи окиғалардың барысында Акбешім қаласы катты қиратылған болса керек, ал ХИІ-ХІҮ ғғ. кезінде оның кейбір бөліктері ғана өмір сүрген.

Сонымен, он ғасырдай өмір сүрген Ақбешім тарихи Суяб қаласы. Суябтың аты бірнеше рет өзгерген. ҮІІІ-ІХ ғғ. кезінде ол астаналық қала ретінде Ордакентті (Ордукент) деп аталған болса керек. Ордакент атты қала ҮІІІ-ІХ ғғ. Манихей жазуында (Ходжодан табылған) кездеседі. IX ғ ортасында Суяб Кубал деген атпен белгілі, ал X ғ. орта кезінде (940 ж.) Кубал және Сагур Кубал қалалары қосылып Суяб деп аталған. Бұл жерде Кубалдың Суяб екеніне шек келтіруге болмайды, ал оның екінші бөлігі Сагур Кубалдың аты жазба деректерде аталмайды, соған қарағанда ол X ғ. салынған қала. Біз X ғ. Ақбешімнің жанында (6 км) салынған қала Бурана екенін ескере отырып оны осы Сагур Кубалмен баламалаймыз. Демек, Кубал (Суяб) - Ақбешім, ал Сагур Кубал-Бурана қаласы. У.Х.Шалекенов Сагур Кубалды Ақбешіммен, ал Кубалды Бурана каласымен баламалайды X ғ. екінші жартысынан бастап Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың қатарында Баласағұн қаласы аталады.

2. Орта ғасырлық қалаларға Ұлы жібек жолының маңыздылығы маңыздылығының қалалардың тарихының баламалануы..

Баласағұн туралы хабарды Селжүқтық уәзір Низам ал-Мулктен кездестіреміз, оның айтуына қарағанда 940 ж. шамасында Баласағүн қаласын тұріктер басып алған. Тарихи қаланың орналасқан жерін анықтауға әл Мукаддасидің 985 ж. жазған шығармасындағы Испиджаб аймағына қарайтын қалалар мен елді мекендердің тізімдері (екі тізім) құнды дерек болып табылады. Әл Мукаддаси тізімнің алғашқы тізбесінде алдымен Таластың жоғарғы ағысында орналасқан Шелжі, Күл, Сус және Такабкет қалалары көрсетілген, ал сонан кейін Баласағүн, Лабан, Шуй және басқа бірқатар қалалардың аттары аталған. Мукаддаси бұл жерде Тараздан басталып Таластың жоғарғы ағысы арқылы, Қырғыз Алатауының оңтүстік бетін жағалап жүретін керуен жолының Баласағүн төңірегіндегі бір асу арқылы асып, таудың солтүстік беті арқылы өтетін Түрік жолына қосылған жердегі қалалар мен елді мекендерді көрсеткен. Махмут Қашқаридің картасында Баласағүнды коршап жатқан Баласағүн тауларында Занби-арт асуы көрсетілген. Асу Қошқар басы (Коджункар-баши, Кочкар-баши) мен Баласағұн қалалары аралығында орналасқан, оны (Занби-артты) В.В.Бартольд Баласағұннан оңтүстік-шығыста түрған Шамсы асуымен баламалаған болатын. Демек, әл-Мукаддасидің алғашқы тізбесінде Шамсы асуы төңірегіндегі қалалар көрсетілген.

Әл Мукаддасидің тізімінің екінші тізбесінде Таластың жоғарғы ағысында орналасқан қалалардан кейін Қырғыз Алатауының теріскей беткейі арқылы өткен Түрік керуен жолының бойында тұрған Құланнан шығысқа қарай жатқан Қалалар: Меркі, Нушкет (Нузкет - М.Е.), Лакар, Джамук (Жүл -М.Е.), Урду, Навакет, Баласағүн, Лабан, Шуй және басқа қалалар мен елді мекендер көрсетіліп алғашқы тізбе толықтырылған, ал Баласағұн туралы: "Баласагун - большой населенный (город), обильный благами" - дейді.

Баласағұн қаласының әртүрлі аттары және осы қаланың төңірегіндегі жер атаулары жайлы деректер Махмұт Қашқаридің "Түрік тілінің сөздігінде" келтірілген. Мәселен, Баласағұнның Қүз Үлүш, Қүз Орда деген аттары және осы қала төңірегіндегі Орда (Орду), Құлбақ, Бақырлығ сияқты жер аттары көрсетілген. Баласағұн "Кіші Орда" деп та атаған. Махмұт Қашқаридің осы шығармасында Баласағұн қаласының жанындағы Шу қаған салдырған Шу қамалы туралы аңызда берілген.



Түрік кағанының мекені Сарығтан 4 фарсахта орналасқан. К.М.Байпаков Шөміш қаласымен баламалайды. Сарығтан (Новопокровкадан) шыккан Түрік жолы шығысқа қарай жалғаса береді - бұл негізгі жол, ал осы қаладан солтүстікке қарай жүретін екінші жол Шу өзеніндег өміш өткеліне апарады. Сарығ пен Шөміш өткелінің арасы 16 кМ өткел Шөміш тауының батыс жағында. Шөміш тауын жергілікті қазак, қырғыздар "Әулие тау" деп атайды. Шөміш қаласы Шу өзеннін сол жағасында орналасқан, тарихи-топографиялық құрылымы күрделі, бекініс жүйесі жақсы ойластырылған ескерткіш, бұл қала туралы П.Н.Кожемяко бьшай дейді: "Чрезвычайно мощные оборонительные сооржения внешней стены Чумышских развалин ставят их в ососбое положение среди городищ с длинными стенами... Чумышксие 2 развалины своей монументальностью напрашиваются на отождествление их с важным военно-административным центром". Біз бұл қаланың Әулие таудың етегінде, өткелдің басында орналасқанын және мыкты бекініс - қамал қала екенін басшылыққа ала отырып, оны Түрік қағанының мекені (астанасы - М.Е.) детен пікірге қосыламыз.

Бақылау сұрақтары

  1. «Ұлы Жібек жолы» деген атаудың шығуы

  2. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерімен өтуі

  3. Ұлы Жібек жолының тармақтары

  4. Ұлы Жібек жолындағы сауда байланыстары

  5. Ұлы Жібек жолының басты тауары


3-апта

1,0-балл

12 Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырлық қалалары мен елді мекендеріндегі мәдениеттің дамуы.



Жоспар:

1.Отырардың күйреуі мен жандануы.



2.Отырар төбе қабаттары

Консультация

1. Отырар оазисі — Сырдария өзенінің орта ағысы мен Қызылқұм құмды алқабының бүкіл солтүстік белігін алып жатқан тарихи-географиялық аймақ. Оазистың солтүстік жене солтүстік-шығысы Қаратау жотасының баурайына тіреледі. Оңтүстік шекарасы шартты түрде Шардара бөгені тұсынан (бүл жерде шүрат аңғары жіңішкереді), Ташкент маңындағы Мырзашөл үстіртіңдегі шұратқа ұласады. Отырар оазисінің жер бедері Тұран аймағында (жазығында) орналасуына байланысты — негізінен тегіс жөне шөлейтті жазық. Қызылқұм өңірінде және Сырдария бойының аңғарында бірнеше шағын тау жұрнақтары (Қаратау, Қыл, Тастөбе, Мұраата, т.б.) кездеседі. Сырдарияның батыс аңғарын бойлай Шардара даласы жайғасқан. Қызылқұм өңіріндегі топырақ жамылғысы негізінен құмдақты, сазды-құмдақты келген. Сыр аңғарында аллювийлі-шалғынды сұр, сортопырақ қалыптасқан. Өзеннің оңғары аңғарынан бастап (40—50 км-ден) Қаратау етегіне дейін сортанды сұр, бозғылт сұр, қиыршықты бозғылт сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысы негізінен шөлді белдемге тен. Негізінен сексеуіл, жыңғыл, шоқ тоғайлары аралас, жусан (бірнеше түрі, оның ішінде Арыс өзен жағалауыңда ғана кездесетін емдік дермене жусаны), изен, жантақ, бүйырғын, тасбүйырғын, қызғалдақ, баялыш, сарсазан, ала-бота, кейре, тарақбоз, т.б. өседі. Сырдария бойындағы шағын көддерде қамыс, құрақ, жиде, тал, шілік кездеседі. Өзен жайамасында жауқазын, әшекей, қарға тұяқ, шырмақ түрлері, қозықұйрық, т.б. өсіп тұрады. Дөрілік өсімдіктерден дермене жусаны, үшойнақ, мендуана, атқүлақ, мия, жалбыз, жыңғыл, қырықбуын, қоңырау, адыраспан еседі. Отырар оазисінің климаты қоңыржай континештік. Солтүстігінде (Қаратау жотасы) қаңтар айының жылдық орташа температурасысы -9°С-тан, оңтүстінде (Мырзашөл өңірінде) - 2°С-қа дейінгі аралықта. Кейбір жылдары қыс айында шұраттың солтүстік өңірінде температура -40°С-қа дейін төмендейді. Шідле айының жылдық орташа температурасы 26—28°С, кей жылдары ол 50°С-қа дейін көтеріледі. Ал құм бетіндегі темпераура 60—70°С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшлшері 100—300 мм аралығында. Күн радиациясының жыддық орташа мөлшері 3200—3500 сағ/жыл. Шөлді шөлейтгі белдемде орналасуына қарай қуаңшылык пен аңызақтық өңірге тым төн құбылыс. Ондағы желдің басым бөлігі (33%) солтүстікке, солтүстік-шығыстан, 11% — солтүстік-батыстан, 10% оңттен соғады. Оның орта тұсынан осы өңірдің ең ірі езені — Сырдария ағып өтеді. Оған облыс аумағында ғана емес, бүкіл шұратта бір ғана өзен — Арыс құяды. Сырдария мен Арыс өзендері анғарында көпгеген тұщы, тұзды немесе суы кермек татитын көлдер бар. Осы екі өзеннен бірнеше үлкен каналдар (Арыс—Түркістан, Арыс—Бөген, Шөуілдір, Қызылқұм, т.б.) тартылған. Олардан тармақтанып, бірнеше тоғандар мен суару-суғару арықтары түсірілген. Осынау кең жазираны алып жатқан оның кіндігі болып Арыс өзенінің Сырға құяр сағасы саналады. Бұл жерді жергілікті халық Құйған деп атайды. Мұнда сан ғасырлар бойы көптеген тайпалардың, халықтардың тарихы тоғысқан. Бұл жер ілкі замандардан қазақ халқының қалыптасуындағы негізгі орталықтарының бірі болып келді

2 . Орта ғасырлық Отырар төбе қабаттарының археологиялық зерттеулер барысында табылған тарихи-мәдени ескерткіштер және де сонымен қатар Отырар төбе қабаттары мен толық танысу зерттеушілердің қала қалқының тарихының баламалануы. Тұрарбант, Тұрар, Тарбанд, Фараб – көне қала орны. Темір темір жол станциясынан батысқа қарай 8 км жерде, Арыс өенінің Сырдарияға құяр сағасында. Ал қазба жұмстарын 1903 ж Түркістан археология әуесқойлар үйірмесінің мүшелері А. К. Кларе мен А. А. Черкасов жүргізген. Қазылған 5 траншеядан олар пеш орнын, қыш ыдыстар, күйдірілген кірпіштер мен ондаған монеталар табады. Осыдан кейін қазба жұмыстары ұзақ уақытқа тоқтатылады. 1947-48 ж. мұнда Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция ( жетекші А. Н. Бернштам) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Алынған мәліметтер бойынша қала жұртыың хронологиясы 1-16 ғ ғ деп белгіленеді. 1969 ж қалада Отырар археологиялық экспедициясы (Жетекші К. Ақышев), 1971 жылдан Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (Жетекші К. Ақышев) қазба жұмстарын жалғастырды. Алғашқы жылдары қаланың тополграфиялық жоспары жасалды. Аэрофотосы түсірілді. Стратиграфиялық қазба жұмыстары қаланың қалыптасуын, дамуы ме негізгі кезеңдерін анықтап берді. 1971 ж қатарынан бірнеше рет жұргізілген археологиялық жұмстар барысында Отырардағы әр замандағы мәдени қабаттар, жекелеген махаллалар орындары аршылды. Бұл Оңтүстік Қазақстандағы ірі саяси-шаруашылық әрі мәдени орталық болған. Қаланың жалпы амағы 200 га. Ол Оңтүстік Қазақстанмен Орта Азиядағы осындай ортағасырлық ескерткіштерге ұқсас. Цитадель мен шахристан биіктіг 18 м бес бұрышты келген төбе. Аумағы 20 га бұл төбенің оңтүстік жағы 380 м, оңтүстк-батыс 145 м, батыс жағы 400м, солтүстік-шығысы 380 м, ал, шығыс жағы 350 м шамасында. Айналасында бұрынғы бекініс қабырғасының орны сақталған. Отырарды адамдар алғаш рет қоныс етуі б. з. 1 ғасырларына жатады. Яғни ол алғаш рет 8ғ араб дерек көдерінде кездеспей тұрып-ақ елеулі елді мекенге айналған. 7-8 ғ жататын Отырар мәдени қабаттарында жүргіілген қазба жұмыстары оның қала ретінде қалыптасқандығын аңғартады. 9-11 ғ Қазақстанның оңтүстігінде қала мәдениеті дами түседі. Жаңа қалалардың іргесі қаланды, ежелгі қалалар көлемі ұлғая бастады. Қалалар негізінен рабад есебінен ұлғайды. Осы кездері Отырардың аумағы 200 га жетті. 9-12 ғ қалаларда монша секілді қоғамдық құрлыстар салынады. Отырар рабадын қазу барысында 11-12 ғ жататын 2 монша орны ашылды. 9-12 ғ жататын Отырардағы стратиграфиялқ тік қазба мәдени қабаттары материалдарға өте бай. Сырлы және сыры жоқ қыш ыдыстар сынықтары көптеп кездескен. Құмыра жасайтын екі пештен алынған материалдар да сан алуандығымен ерекшеленеді. Олардың 9-10 ғ жататын бірінен су құятын ернеуі бар құмыралар, табақша мен үлкен тұғыршалар табылған. Бұлар ою өрнектермен әшекейленген. 12-13 ғ бас кезіне жататын екінші пеш маңынан штапм түсірілген ыдыстар сынықтары табылған. Мұның өзі Отырардың штампты қыш ыдыстарын жасайтын ірі орталықтар болғандығын айғақтайды.

13-ғ орта түсында Отырар Сырдариядағы ірі саяси және экономикалық орталықтың біріне қайтадан айнала бастайды. Мұнда теңге сарайлары жұмыс істеп тұрды. Археологиялық қазба жұмыстары 13-14 ғғ жататын ауданы 2300 м² махаллада жүргізілген. Бұл махалла ауданы 30-250 м² арасындағы 12 тұрғын үйлерден тұрған. Мамандар Отырардағы үш түрлі топқа бөлді. Алғашқы кезде, яғни 13 ғасырдың 2 жартысы мен 14 ғ бірінші жартысында алдында ауласы бар бір білік бойына салынған екі үш бөлмеден тұратын үйлер кеңінен тарады. Екінші топқа 4 бөлмеден тұратын айқыш тәрізді төрт бұрышты үйлер жатады. Бөлмелерінен тандыр аршылған. Үшіншісіне екі немесе оданда көп секциялы үйлер жатады. Моншалар қайта тұрғызылды. 13 ғ соңғы сирегі мен 15 ғ бас кезіне жататын монша 11-12 ғғ моншаның орнына салынды. Отырарда жүргізілген қазба жұмыстары 16-18 ғасырлардағы қала өмірінен мол мағлұмат береді. Бұл уақыттардағы қала өмірін екі мәдени кезеңге бөлуге болады: Төменгі мәдени қабат 16-17 ғғ І жартсын, жоғарғы мәдени қабат 17 ғ І жартысы , 17 ғ ІІ жартысы мен 18 ғ қамтиды. Қала жоспары бұл кезеңдерде айтарлықтай өзгерістерге ұшырай қойған жоқ. Қала махаллаларына қарағанда Отырарда 16-17 ғғ 5-7 мыңдай адам мекендеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет