«филология» кафедрасы



бет1/3
Дата11.10.2022
өлшемі46,48 Kb.
#152683
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word
тақпақ, Баланың жеке даму картасы (1)[1], 1543085243, Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсат,міндеттері реферат, перспективка на каз яз для малышей, Грамотей, «Балалар, бұл жол басы даналыққа» баяндама, Баяндама Тіл мен ойлаудың өзара байланысы, Бұлттық технологиялар презентация, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақала

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСТИТЕТІ


«ФИЛОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ


БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Сауат ашудың әліппе кезеңіндегі жазуға үйрету» 
Орындаған: Абдуганиева Диёра
Тобы: БО120
Қабылдаған: Базарбекова Нағима

Шымкент 2022ж


Жоспар:

  1. Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі

  2. Сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмыстары. 

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек.


Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;
үйге тапсырма берілмейді;
апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;
оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;
сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын түрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі – оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту. “Әліппеге” дейінгі кезеңде, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде балалардың тілін дамыту сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.Даярлық кезеңі – сөйлеммен танысу: сөйлеуді – сөйлемдерге, сөйлемді – сөздерге, сөздерді – буындарға, буынды – дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі. Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыста, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.“Әліппеге” дейінгі кезеңде заттарды тегіне, түріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет – оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстың ерекшеліктері туралы ұғым беру.
Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші өрнектердің элементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңінде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.“Әліппені” оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып, таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты принципі – оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл – үй. Бұл – үлкен үй. Бұл – қызық кітап, т.б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізіледі. Әліппені оқытқан кезде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстарып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі – оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар:
1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. Оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу керек. Оқыту барысында – балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынбау.Сауат ашу кезеңіндегі негізгі оқу материалдары: жеке сөздер, сөз тіркестері, шағын сөйлемдер.
3. Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады.
Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болуы керек.
2.Көрнекілік.Сауат ашу сабақтарында қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі – көрнекілік. Бұл – бастауыш мектептің тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс.Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық үлгілер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.
4. Жеке-дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс – сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысқан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындау қиын болады.
“Әліппені” оқыту мынандай кезеңдерден тұрады.
1 кезең: “Әліппеге” дейінгі кезең – 2 апта, 14 сағат.
2 кезең: Сауат ашу кезеңі – 98 сағат.

Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі


“Әліппеге” дейінгі кезең – сауат ашуға даярлық кезеңі. Оқушының жақсы сауаттылығы осы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігіне тікелей байланысты.
“Әліппеге” дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстыра ұсынылған. Негізгі тақырыптар: “Мектеп”, “Мектеп мүліктері”, “Оқу-құрал жабдықтары”, “Денсаулық сақтау”, “Көшелерде жүру тәртібі”, “Құстар”, “Жеміс-жидектер”, “Отбасы”, т.б.тақырыптар берілген.
Даярлық кезеңге оқу бағдарламасы бойынша 14 сағат бөлінген. Осы аз уақыт ішінде мұғалімге көптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Партада дұрыс отырып, дәптерді, қаламды дұрыс ұстап, дұрыс пайдалануға, мектеп ережелері мен күн тәртібін орындап, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, “сөйлем, сөз, буын, дыбыс” ұғымдарын ұқтыратын, үйрететін кезең.
Жеке суреттер балалардың тілін дамытады, сөздік қорын байытады, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
Оқушылардың “сөйлем”, “сөз”, “дыбыс”, “буын” туралы алғашқы ұғымдары нақты мысалдар арқылы меңгертілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет