Халықаралық білім беру корпорациясы қазақ бас сәулет-қҰрылыс


Шет тілінде Тіркеуші офиске/қабылдау комиссиясына берілген құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілінде аудармасы болуы тиіс



бет4/6
Дата22.02.2018
өлшемі2,07 Mb.
#38140
1   2   3   4   5   6

Шет тілінде Тіркеуші офиске/қабылдау комиссиясына берілген құжаттардың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тілінде аудармасы болуы тиіс.

Шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білім туралы құжаттар тұлғалар қабылданған соң, бірінші оқу семестрі ішінде заңмен белгіленген тәртіпте нострификация шарасынан өтеді және, «Білім туралы құжаттардың тану және нострификациялау» (31.03.11ж. ҚР №336 ПП) мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес қабылданады:

- білім туралы құжаттың түпнұсқасы (құжатты апостилизациядан немесе легализациядан өтуі шарт);

- қосымша білімі туралы құжатта (түпнұсқа), мынадай ақпарат болуы тиіс: өткен оқу пәндері практикалардың сағат көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және бітіру кезіндегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу үрдісін құрайтын қосымшалар (құжатты апостилизациядан немесе легализациядан өтуі шарт);

- білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған мемлекеттік және/немесе орыс тілінде аудармасы. Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағында нотариус немесе құжат берілген елдегі дипломатиялық қызмет органдарымен жүзеге асырады.

Жекелеген жағдайларда (мысалы, үлгі боларлық жағдай бойынша танылғанда) құжат берілген мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық қызмет органдарымен орындалған аудармасы көрсетілуі мүмкін;

- білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аударылған нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- негізгі орта, жалпы білімі беру туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда, оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжат берген оқу орнының лицензия және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариальды түрде куәландырылған мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасымен).


Көш-қон заңнамасын сақтау бойынша ҚазБСҚА-ның шетелдік студенттеріне қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 22.07.2011 ж. "Халықтың көші-қоны Туралы" №477-IV Заңына, Қазақстан Республикасының 19 маусым 1995 жылғы " Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық жағдайы Туралы" 22.07.2011 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен № 2337 Заңына сәйкес әрбір шетел азаматы және азаматтығы жоқ тұлға ҚР кіру кезінде көші-қон картасын алуға және толтыру міндетті. Көші-қон картасы анық, түзетусіз, орыс тілінде шетел азаматымен толтырылады. Егер шетел азаматы орыс тілін меңгермеген жағдайда, төлқұжатта немесе тұлғаны куәландыратын басқа да құжатта көрсетілген деректерге сәйкес өзі туралы мәліметтерді латын әріптерімен толтыруға рұқсат етіледі. Көші-қон картасы жасына қарамастан әрбір шетел азаматына толтырылады. "ҚР келу мақсаты" деген тармақта оқу деп көрсету қажет.

2. Шетел азаматы тек оқу визасы бойынша ғана Қазақстанға кіруіне және ҚазБСҚА-да оқуына болады. Шақыру ҚазБСҚА Халықаралық бөлімімен алдын ала ресімделеді. Халықаралық бөлімге қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі – елге кіру мерзімінен 45 күн бұрын.

3. ҚазБСҚА шетелдік студенті ҚР келген соң бес күн ішінде көші-қон есебіне алынуы тиіс. Көші-қон есебіне қою үшін Алматы қаласы ІІБ КПБ қабылдау күндері: сейсенбі және жұма, 10.00-нан 12.00-ге дейін.

4. Тіркеуді ұзарту үшін шетелдік студент тіркеудің аяқталу мерзімінен 5 күн бұрын Халықаралық бөлімге жолығуға міндетті (егер тіркеу 01 қыркүйек аяқталса, студент 25 тамыз жолығуы керек).

5. ҚР шекарасынан өткен сәттен 1 жұмыс күні ішінде шетелдік студент ҚазБСҚА Халықаралық бөліміне жолығуға міндетті: Алматы қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 28, каб. А16, тел.: +7 727 3096273, e-mail: inter.rel@kazgasa.kz) және төмендегі құжаттарды беру керек:

Студенттер үйінде тұрған жағдайда:

а) Ұлттық төлқұжат (түпнұсқада);

б) Шекарадан өткені туралы белгі қойылған көші-қон картасы;

в) АИТВ-инфекцияға зертханалық тексерілуі туралы анықтама;

г) Флюорография өткені туралы анықтама;

д) 1-курс студенті үшін 3х4 фотосурет – 2 дана.
Жеке тұлғада/жалдамалы пәтерде тұрған жағдайда:

а) Ұлттық төлқұжат (түпнұсқада);

б) Шекарадан өткені туралы белгі қойылған көші-қон картасы;

в) АИТВ-инфекцияға зертханалық тексерілуі туралы анықтама;

г) Флюорография өткені туралы анықтама;

д) 1-курс студенті үшін 3х4 фотосурет – 2 дана.

е) Тұрғын бөлме иесінің Алматы қаласы ІІБ КПБ бастығының атына жазылған келісімі (шетелдік студенттің оған тиесілі бөлмеде тұруына және көрсетілген мекенжай бойынша көші-қон есебіне қойылғанына);

ж) Бөлмені жалға алу туралы шарт көшірмесі;

з) Үй кітапшасының көшірмесі;

и) Тұрғын үй иесінің жеке куәлігінің көшірмесі.

6. Қысқы және жазғы демалысқа кетпес бұрын шетелден келген шетелдік студентке кіру-шығу визасын ресімдеу қажет. Жазғы демалыстан соң алыс және жақын шетелден Алматыға оралғанда студенттер қайта көші-қон есебіне қойылу шарасынан өтуі қажет.

7. Мекенжайы, байланыс телефоны, статусының өзгеруі сияқты барлық өзгерістер туралы (уақытша тұруға рұқсат алу, ықтияр хат, ҚР азаматтығы) студенттер уақытында Халықаралық бөлім қызметкерлерін хабардар етуі тиіс.

8. Басқа себеппен оқу жылы ішінде ҚР шыққанда студент Халықаралық бөлімге деканның (колледж директорының) және ҚазБСҚА Президентінің рұқсатымен оқу кезінде негізделген себеппен өтініш беруі қажет.


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

1. Шетелдік студенттер ҚР аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға құқысыз. ҚР «Әкімшіліктік құқық бұзу туралы» Кодексіне сәйкес шетелдік азаматтың көші-қон есебіне уақытында қойылмауы әкімшіліктік құқық бұзуға жатады және айыппұл салынады.

2. Құжаттарды жоғалтқан жағдайда іле-шала Халықаралық бөлім қызметкерлеріне хабарлап, көші-қон полициясының қызметкерлерін хабардар етуді сұраймыз. Жаңа төлқұжат алған соң көші-қон полициясына қайта тіркеу үшін Халықаралық бөлімге тапсыру қажет.
ҚазБСҚА-ның Халықаралық бөлімі шетелдік студенттерден оқу жылы ішінде аса қажетті жағдай болмаса және тиісті ресімдеусіз Қазақстаннан шықпауын сұрайды.

Барлық мәселелер бойынша Халықаралық бөлімге жолығыңыз, № А16 кабинет.
5 КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ҚазБСҚА-да оқу үрдісін ұйымдастыру академиялық сұрақтар жөніндегі проректордың (факультеттер, колледж, лицей, кәсіптік мектеп, ҒӘК, аспирантура және докторантура меңгерушісі, ҚБТД ) және Тіркеуші офистің негізгі оқу, оқу-бақылау және оқу-көмекші бөлімшелерімен жүзеге асырылады.

Білім алушылардың оқу пәндеріне жазылуы, білім сапасын бағалау және алған білім көлемі Тіркеуші офиспен жүзеге асырылады.



Кредиттік оқыту технологиясының артықшылықтары төмендегідей болып табылады:

1. Ұлттық қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік қауымдастықпен танылуы.

2. Студенттердің академиялық мобильділігінің елеулі көтерілуі (басқа жоо оқу бітіруі, сонымен қатар «енгізілген оқу» аясында).

3. Курстардың «құнын» және педагогикалық еңбек сыйымдылығын кредитпен бағалауға мүмкіндік береді.

4. Студент өз білімінің нәтижесі үшін дербестік пен жауапкершілікке үйренеді.

5. Білім берудің біркелкілігі мен үлестілігі.

6. Екі тең дәреже (Double Major) немесе екі мажорлы-минорлы дәреже алу мүмкіндігі.

7. Жазғы семестр есебінен тез оқу мүмкіндігі (триместр, тоқсан).

8. Элективті курстардың көп мөлшерлігі есебінен жоғары икемділігі мен вариативтілігі.

9. Prerequisit және Postrequisit нақты белгілеу есебінен тығыз логикалық байланыстыру.

ҚазБСҚА-да оқу үрдісі академия президентімен бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес ұйымдастырылған. Оқу жылыны басы, әдетте – 1 қыркүйек.

Оқу үрдісі 34 аптадан тұрады, оның ішінде 30 – теориялық оқыту (15 аптадан 2 семестр), теориялық курс аяқталған соң 2 аптадан 2 сессия – қорытынды бақылау. Практикалардың ұзақтығы 4 аптаға белгіленген және 1 апта практика бойынша емтихан тапсыру. Күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін демалыс жалпы ұзақтығы 4 аптадан жылына екі рет белгіленген. Дәрісханалық сабақтың барлық түрлері үшін академиялық сағат ұзақтығы 50 минуттан белгіленген.

ҚазБСҚА-да 15 апта семестр түріндегі академиялық кезеңде 1 кредит 45 академиялық сағатқа тең, оның ішінде: дәрісханалық жұмыстың 15 академиялық сағаты және кеңес беру түрінде студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өздік жұмысымен қоса (ОСӨЖ) 30 сағат СӨЖ.

Жетекші проректор мен Тіркеуші офистің (ТО) негізгі міндеті мамандықтардың жұмыс жоспарларына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады. Жұмыс оқу жоспарлары, өз кезегінде әр білім алушының жеке білім беру траекториясын белгілейтін білім алушы мен эдвайзердің (тәлімгер) қатысуыменәр оқу жылына белгіленген формада Тіркеуші офис басшылығымен қалыптастырылатын үлгілік оқу жоспарлары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары (СЖОЖ) негізінде құрылады. Бұл жоспарлар үш данада факультет деканымен бекітіледі: біреуі деканатта сақталады және білім алушының оқу жоспарды орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі – Тіркеуші офисте, үшіншісі – білім алушыға беріледі.

Кредиттік оқыту жүйесін пайдаланумен оқу үрдісі төмендегі формаларда ұйымдастырылады:

1) Дәрісханалық сабақтар: дәрістер, практикалық (семинар немесе студиялық) және зертханалық сабақтар.

1-1) Дәріс сабақтар – «кеңейтіліп» өткізілген сабақтарға оқу үрдісінде ұйымдастырушылық және бағыт берушілік роль тән. Дәрістер білім алушыларды таңдаған мамандық негіздерімен таныстыру, практикалық, семинар, студиялық сабақтарда және өндірістік практикада дербес және терең жұмыс істеуге деген студенттердің қабілеті мен қажеттілігін дамытады. Дәрісханаларда мамандардың дайындық негізін анықтайтын маңызды бағдарламалық материалмен жабдықталуы тиіс, В лекциях должен освещаться важнейший программный материал, определяющий основу подготовки специалистов, бөлшектер қалдырылуы және білім алушылардың өзіндік жұмысына жатқызылуы мүмкін. Дәрістер плакаттар, слайдтар, презентациялар және т.б. сияқты демонстрациялық материалдармен сүйемелденуі тиіс.

Дәріс сабақтарды, әдетте академиялық немесе ассоциациаланған профессор лауазымында жұмыс істейтін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар оқытушылар, сондай-ақ көрсетілген лауазымдарда ҚазБСҚА-да істейтін және белгіленген сайлау шарасынан өткен тәжірибелі практикалық және ғылыми қызметкерлер жүргізеді. Жекелеген жағдайларда академияның Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша дәрісті үлкен педагогикалық өтілі және оқылатын пән бойынша атқарымы бар профессор ассистеттері де оқи алады.

1-2) Практикалық сабақтар – студенттер тобында немесе шағын топтарда (ректордың шешімі бойынша) жүргізілетін сабақ түрі, дәрістік курстардың материалдарын едәуір тереңдетіп оқуды көздейді. Сонымен қатар ғылыми-теориялық негіздемені талап етпейтін бағдарламалық материалдың бөлігі меңгеріледі. Барлық жағдайда деканаттар жүйенің және курстың әдіснамалық тұтастығының сақталуын, практикалық сабақ тақырыптарын білім алушылардың материалды және тереңдетілген өздік жұмысты толық меңгеруін ойластырып, білім алушылар алдына жаңа ғылыми міндеттер қояды.

1-3) Зертханалық сабақтар арнайы жабдықталған бөлмеде өткізіледі және теория мен практиканы байланыстыратын буын болып табылады. Олар студенттің дәріс сабақтарда алған білімін тереңдетуге және бекітуге, эксперименттік жолмен ғылыми-теориялық ережелерді тексеруге, жабдықпен, аспаптармен және материадармен танысуға, практикада ғылыми зерттеу әдістерін үйренуге мүмкіндік береді. Зертханалық сабақтар практикалық дағдының қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Бірінші курстан бастап, әсіресе жоғары курстарда, зертханалық сабақтарда жұмыс оқытушының жетекшілігімен өткізіліп, білім алушылардың ынтасы мен дербестігін дамытуы тиіс. Зертханалық сабақтарды қоюды жақсарту ісінде осы негізгі міндеттерге сәйкес төмендегідей болуы тиіс:

а) теориялық сабақтармен байланысты нығайту және зертханалық жұмыстардың ғылыми және идеялық-теориялық негіздерін тереңдету;

б) алдағы уақытта үздіксіз дамып келе жатқан өндіріс талаптарына зертханалық сабақтарды жақындату;

в) зертханалық жұмыстарды орындау үрдісінде студенттердің ынтасы мен дербестігін дамыту. Зертханалық сабақтар зертхана меңгерушілерімен, лаборанттармен және ерекше жағдайларда ПОҚ жүргізіледі.

1-4) Студиялық сабақтар – тілдік пәндер бойынша арнайы жабдықталған сыныптарда (студияларда), әдетте, бір студент тобына, сондай-ақ оқытушы бүкіл топқа көрсететін стандартты оқу шаралары (практикалық аспаптар мен құрылғылар, компьютерлерді пайдалану және т.б.) негізінде практикалық дағдыны бекіту мақсатында өткізілетін сабақтар, кейін студенттер бұл шараларды өздігімен қайталайды.

2) Дәрісханадан тыс сабақтар: білім алушылардың өздік жұмыстары, сонымен қатар оқытушы жетекшілігімен (ОСӨЖ, ОМӨЖ), жеке консультациялар, ҒАЛАМТОР-сессиялар, бейнеконференциялар, телекөпірлер.

Студенттің оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (ОСӨЖ) және магистранттың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (ОМӨЖ) – әлемдік практикада ортақ қабылданған Office Hours терминінің аналогы. ОСӨЖ мақсаты – дәрісханалық сабақ материалдары бойынша, СӨЖ қосымша тақырыптарының мазмұны бойынша, сондай-ақ курстық жобалар мен жұмыстар, семестрлік тапсырмалар, есептік-графикалық және бақылау жұмыстарын орындау үшін студенттің жеке білікті кеңес алуына мүмкіндік жасау. ОСӨЖ және ОМӨЖ сағаттарының көлемі 1 сағат дәріс және практикалық сабаққа 0,5 сағат есебінен белгіленеді. ОСӨЖ әр білім алушымен жеке немесе үш адамнан аспайтын білім алушылар тобына жүргізіледі. Сирек жағдайларда ОСӨЖ оқу тобымен арнайы бөлінген дәрісханаларда жүргізуге болады. ОСӨЖ кестесі оқытушының ұсынысы бойынша факультет деканымен құрылып, факультеттің ассистенттер немесе профессорлар бөлмесінің жанына ілінеді, бір дана кесте ТО сақталады. ОСӨЖ сабақтарын өткізу дәрісханалық сабақ сияқты фамилия бойынша және тақырып бойынша оқытушы журналына тіркеледі.

Оқу және кәсіби практикалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, дпломдық жұмыс (жоба), магистрлік, кандидаттық және докторлық диссертация дайындау сондай-ақ оқытушылардың, ,ылыми жетекшілердің немесе ғылыми кеңес берушілердің жетекшілігімен дәрісханадан тыс жұмыстар аясында жүзеге асырылады.

Барлық білім беру технологиясының тиімділігін, әділдігін және сапасын көтеру үшін оқыту үрдістері мен білімді бағалау екіге бөлінген.

Білім алушылардың білім сапасын бақылауды ұйымдастыру Тіркеуші офиске жүктелген.

Білім алушылардың ағымдағы және аралық бақылауының барлық түрлері мен білімді тиісті бағалауды (рейтингтік бақылау) оқытатын оқытушы оқу жылы ішінде сабақтан кейін 4 рет өткізеді (теориялық курстың 8, 15, 23, 30 аптасында). Рейтингтік бақылауда ведомость толтырылады және Тіркеуші офиске тапсырылады. Бұл баға берілген оқу пәні бойынша қорытынды бағаның 60% аспауы тиіс.

Егер білім алушы рейтингтік балымен келіспеген жағдайда, рейтинг қорытындысы шыққан соң үш күннің ішінде Тіркеуші атына өз рейтингісін аппеляцияға беруге өтініш береді. Өтініш бірінші проректор өкімімен құрылған факультеттің үнемі істеп тұратын пәндік аппеляциялық комиссиясымен қаралады. Апелляционная комиссия үш күн ішінде студенттің әр жауабын бағалай отырып, рейтинг нәтижесін қайта қарайды, нәтижесінде студент өтінішінен бас тарту немесе қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Соңғы жағдайда рейтингтік бағасын өзгертуге қосымша ведомость беріледі.

Білім алушылардың аралық аттестациясын Тіркеуші офис өткізеді.
5.1 ОҚУ ПӘНДЕРІНЕ ЖАЗУ ТӘРТІБІ
Білім алушыларды пәндерді оқуға жазу (Enrollment) факультет декандары мен эдвайзерлерді қатысуымен Тіркеуші офис төмендегідей ұйымдастырады:

1) Білім алушылар оқу жылының басына дейін –15 тамызға дейін деканаттан (дирекция) 1 курстың үлгілік оқу жоспарының дайын көшірмесін алады. Эдвайзермен кеңескен соң ол бір апта ішінде тікелей Тіркеуші офиске оқудың академиялық кезеңін көрсетіп, таңдаған пәндерін жазылады. Осылайша, 25 тамызға дейін білім беру траекториясын анықтайтын білім алушының жеке оқу жоспары (Curriculum) қалыптасады Білім алушының жеке оқу жоспарына алдағы уақытта өзгерістер енгізіге болмайды.

2) Әр оқу пәні бойынша ректорат деканатпен (дирекциямен) келісе отырып, пәнді оқу үшін қажетті білім алушылардың ең аз санын белгілейді, ал әр оқытушы үшін – академиялық топтарда білім алушылардың ең көп санын белгілейді

3) Егер берілген пәнге 20 маусымға дейінгі мерзімде білім алушылар саны белгіленген ең аз саннан кем болған жағдайда, пән ашылмайды және жұмыс оқу жоспарына енгізілмейді. Деканат (дирекция) бұл туралы ақпарат стендына және жоғары оқу орнының оқу порталында (сайтта) факультет (институт) беттеріне бұл туралы хабарландыру жасайды. Бұл пәнге жазылған білім алушылар 25 тамызға дейінгі мерзімде деканатқа (дирекцияға) білім алушылардың жеке оқу жоспарына (Curriculum) өзгерістер енгізілгені туралы өтінім беруі тиіс..

4) Егер бұл оқытушыға белгіленген ең көп саннан көп білім алушы жазылған жағдайда, онда деканат (дирекция) бұл пән бойынша екінші академиялық топ құрады және тиісті білікті оқытушыны тағайындайды. Білім алушылар жазба кезектілігі тәртібіне сәйкес академиялық топтарға бөлінеді.

5) Егер келесі курсқа көшкен білім алушылар белгіленген мерзімде деканатқа (дирекция) өз жеке оқу жоспарын (Curriculum) тапсырмаған жағдайда, оны оқыту негізі ретінде осы курстың жұмыс оқу жоспары қабылданады, сонымен қатар таңдау бойынша пәндер деканат пен Тіркеуші офистің қарауына жіберіледі.

Оқу кезеңі ішіндегі барлық барлық болуы мүмкін түзетулер студенттің өтініші бойынша Тіркеуші офисте жүзеге асырылады. Оқу пәндеріне жазылу аяқталған соң білім алушылардың жеке оқу жоспарларына (Curriculum) белгіленген тәртіпте түзетулер енгізу факультет деканатымен бекітіледі.

Білім алушылардың жеке оқу жоспарлары (Curriculum) негізінде оқу сабақтарының кестесін әзірлеу және осы оқу жылына немесе академиялық кезеңге оқу құнын төлеуге негіз болып табылатын жұмыс оқу жоспары құрылады.

Бірінші курс үшін сабақ кестесі 20 күн бұрын бекітіледі және кезекті академиялық кезең басталғанға дейін үш күн бұрын түзету енгізіледі. Екінші және жоғары курстардың оқу сабақтарының кестесі 20-30 маусым аралығында құрастырылады және 28 тамыздан кешіктірілмей түзету енгізілуі мүмкін.

Білім алушылар корпорация басшылығының келісімімен басқа жоғары оқу орындарында жеке оқу пәндерін оқуға құқығы бар (бұл жоо-да оқытылмайтын элективті, авторлық немесе бірегей курстар). Сонымен қатар жоғары оқу орнымен оқу пәндерінің тізімі, нақты жоғары оқу орындары мен рұқсат етілген кредит санын анықтау ұсынылады.


5.2 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Білім алушылардың өздік жұмысы (БӨЖ) алған білім, шеберлік, дағды және құзіреттің тереңдігі мен беріктігіне ықпал ететін және білім алушылардың өз бетімен білім алу және өз бетімен даму қажетіліктерін жасауға мүмкіндік туғызатын оқу үрдісінің сапасын интеграл бағалаудың маңызды факторы болып табылады. БӨЖ барысында білім алушылар оқу үрдісінің белсенді қатысушысы бола отырып, еркін сыни ойлау дағдысын, өз позициясын, ынталылығын дәлелдеу және ұстану шеберлігіне ие болады.

БӨЖ ұйымдастыру оқу үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі формалармен өзара байланысты орнатуды болжайды, атап айтқанда:

1) пәндердің нақты тақырыптарын оқуда БӨЖ орнын айқын анықтау;

2) дәріс және семинар (практикалық) сабақтардың БӨЖ-ге бағытталғандығы;

3) оқу материалының түрлері мен көлемін дұрыс таңдау;

4) тапсырма орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар мен көрсеткіштер;

5) БӨЖ оқу сабақтарының әр түрлі формаларымен үйлесуі.

БӨЖ – өздігімен оқуға берілген белгілі тақырыптар, оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етілген және тесттер, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есептер түрінде бақыланатын сипаттамалар тізімі бойынша жұмыс істеу; білім алушылар категориясына байланысты ол СӨЖ – студенттердің өздік жұмысы, МӨЖ – магистранттардың өздік жұмысы және ДӨЖ – докторанттардың өздік жұмысы болып бөлінеді.

БӨЖ ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерді қамтиды: БӨЖ жоспарлау, әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету, орындалуын бақылау және бағалау, талдау және жетілдіру.

БӨЖ оқытушы жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы (ОБӨЖ) және білім алушының өздік жұмысы бойынша сағаттар бөлумен жоспарланады.

Сонымен қатар ОБӨЖ сағаттарының көлемі әр пәнге бөлінген дәріс, практикалық сабақтар, семинарлар мен студиялық сабақтардың байланыс сағаттарының жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс. Өздік жұмыстың қалған сағаттары білім алушыдан күнделікті өздік жұмысын талап ететін тьютор тапсырмаларымен расталуы тиіс.

Оқытушы жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы сағаттардың көрсетілуімен оқу сабақтарының кестесіне енгізіледі. ОБӨЖ факультеттерде емес, түскі үзілістен кейін факультеттерге бекітілген арнайы дәрісханаларда өткізіледі.

БӨЖ жоспарланған түрлері, олардың сағат сыйымдылығы, бақылау түрі мен мерзімі әр оқу пәні бойынша оқытушы үшін жұмыс оқу бағдарламасының тиісті тарауларында, сондай-ақ басқа оқу-әдістемелік құжаттамаларда – факультеттің жұмыс жоспарында, оқытушының жеке жұмыс жоспарында көрініс тапқан.

Әр пән бойынша БӨЖ түрлері мен формаларын таңдау оқу пәнін оқу мақсаты мен міндеттеріне, білім алушыны дайындау сатыларына, өздік жұмысына бөлінген сағат санына сәйкес өткізу ұсынылады.

ОБӨЖ құрамына міндетті түрде коллоквиумдар, бақылау, курстық, есептік-графикалық, семестрлік және басқа жұмыс түрлерін енгізу.

Әр оқу пәні бойынша БӨЖ факультет деканымен бекітілген кесте негізінде өткізіледі.

Бұл кестеде кеңес беру уақыты, БӨЖ тапсырмаларының мазмұны мен мерзімі, БӨЖ бақылау (қабылдау) формасы, баллдар беру әдісін қамтып көрсету ұсынылады.

Факультеттерде барлық оқу пәндері бойынша БӨЖ есепке алу журналы жүргізіледі, ал ОБӨЖ сағаттары тьютор журналында көрініс табады.

БӨЖ бақылауды білім алушының оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін өздік жұмысының кестесі бойынша бастапқы бақылау, сондай-ақ соңғы бақылау түрінде жүзеге асыру қажет.

БӨЖ бағалау жоғары оқу орнының өзімен әзірленетін кредиттік оқыту жүйесі негізінде баға қою саясаты бойынша әдістемелік көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі.

Білім алушыларға, тек ерекшелік ретінде, дәрісханалық сабақтарға еркін қатысуға рұқсат берілуі мүмкін (яғни, оқытылатын пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларымен қаралған барлық талаптарды оқытушылармен келісілген және факультет декандарымен бекітілген жеке кесте бойынша орындау). Бұл алдыңғы емтихан сессиясынан GPA (ОӨБ) 2,5 кем емес, корпорацияда қоғамдық жұмыспен айналысатын (студент жастар комитетінің өтініші бойынша), сондай-ақ денсаулығы және отбасы жағдайына байланысты (құжатпен расталған жағдайда) білім алушыларға қолданылады.

Сабаққа еркін қатысуға рұқсат алған тұлғалар саны күндізгі оқу бөлімі студенттерінің санымен анықталады және олардың санының 3% құрайды.

Сабаққа еркін қатысу декан бұрыштамасы және оқу жоспарламасы шешімімен білім алушының өтініші негізінде Тіркеуші өкімімен ресімделеді.

Сабаққа еркін қатысатын білім алушы төмендегілерге міндетті:

- әр пән бойынша дәрісханалық сабақтың кем дегенде 25% қатысып, бекітілген жеке кестеге сәйкес әр практикалық сабақ бойынша есеп беру;

- рейтингтік бақылауды сәтті тапсыру;

- оқу үрдісі жоспарымен қаралған барлық іс-шараларды уақытында тапсыру (семестрлік, зертханалық, есептік-графикалық, бақылау жұмыстары, курстық жобалар (жұмыстар) және т.б.).

Бір айдың ішінде белгіленген талаптарды орындамаған білім алушыларға рейтинг нәтижелері бойынша оқытушылардың баянаттарының негізінде еркін сабаққа қатысудан бас тартылуы мүмкін.

Білім алушылардың жіберген дәрісханалық сабақтары (7% артық), белгіленген мерзімде орындамаған зертханалық және семестрлік (курстық) жұмыстары ақылы негізде өтеледі (Retake). Студент сабаққа кешіккен жағдайда (10-15 мин артық), себепсіз жіберілген бір сағатқа теңестіріледі.

Жіберілген барлық сабақтарды өтеу деканатпен бақыланады және арнайы журналға белгіленеді.

Оқу семестрінде барлық оқу пәндері бойынша дәрісханалық сабақтардың 25% астамын жіберген күндізгі оқу бөлімінің білім алушылары факультет деканымен оқудан шығаруға жіберіледі.

Оқу-емтихан сессиясы кезеңінде сабаққа қатыса алмаған сырттай оқу бөлімінің білім алушысы бұл туралы деканатқа алдын ала хабарлап, келмегені немесе сабақ жіберген себебін құжатпен растайды.

Оқу-емтихан кезеңінде сабақтан қалған сырттай оқу бөлімінің білім алушысы берілген пәндерді ақылы негізде қайта оқуына құқылы.

Пәнді ақылы негізде қайта оқу (Retake) бір айдан аспайтын мерзімде қысқы демалыс және жазғы өндірістік практика кезеңінде ұйымдастырылады.

Retake білім алушылар үшін төмендегідей белгіленеді:

- емтихан сессиясының қорытындысы бойынша «F» деген бағасы барларға;

- келесі курсқа көшіге GPA (ОӨБ) жеткіліксіздерге;

- кәсіптік практика бағдарламасын орындамағандар немесе практика бойынша есепті қорғауда және емтихан тапсыруда «F» деген баға алғандарға;

- оқу сабақтарының 7% артық сабақ жібергендерге.

Білім алушының академиялық қарызы туралы куәландыратын негізгі құжат емтихан-рейтинг ведомості болып табылады.

Білім алушылардың сабақтан қалғанын анықтайтын негізгі құжат ПОҚ журналы болып табылады.

Академияда білім алушылардың тиісті курстың оқу бағдарламасын толық меңгермеген жағдайда өз өтініші, сондай-ақ Тіркеушінің ұсынысы бойынша осы курста қайта оқуға мүмкіндігі бар.

Бір курста қайта оқу барлық оқу бөлімдері бойынша бүкіл оқу кезеңі үшін екі реттен артық болмайды (экстернаттан басқа).

Білім алушыға қайта оқу мүмкіндігін беру туралы шешім Тіркеушінің ұсынысы бойынша және дәлелді себеп (сырқаттану, отбасы жағдайы) болған жағдайда факультет деканының келісімімен, корпорация президентімен қабылданады құжатпен расталып, бұйрықпен ресімделеді.

Қайта оқуға қалған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын білім алушылар алдағы уақытта тек ақылы негізде ғана оқиды. Келесі курсқа көшу корпорация президентінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қайта оқу төмендегі білім алушыларға беріледі:

- академиялық қарызын белгіленген мерзімде жаппағандар;

- келесі курсқа көшу үшін GPA (ОӨБ) жеткіліксіздер;

- тілдік пәндер бойынша деңгейін көтермегендер.

- мамандық бойынша емтиханнан қанағаттанарлықсыз деген баға алғандар.



Ескерту: қайта оқуға жазылған жағдайда және емтихан сессиясы аяқталған соң бір айдың ішінде білім алушылар жинамаған кредиттерін ғана төлейді. Олай болмаған жағдайда төлемақы толық курсқа (семестр) төленеді. Қайта оқуға келіспейтін тұлғалар оқудан шығарылады.
Қайта оқуға қалдырылған тұлғалар оқу сабақтарына кіріскен кезде оқу кезеңінің оқу жоспарында айырмашылық пайда болған жағдайда, факультет деканы «ХБК білім беру, қосымша және қосалқы қызметтер тарифіне» сәйкес ақылы негізде оқуға міндетті пәндер тізімін белгілейді. Оқу жоспарларындағы айырмашылықты жабу, әдетте емтихан сессиясы басталғанға дейін.

Қайта оқуға қалған білім алушылар қорытынды бағасы В-дан А-ға дейін болатын пәндерден қайта сынақ тапсыруы мүмкін.

Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша Тіркеуші топтарды қалыптастырады және пәндерді қайта оқу үшін сабақтар кестесін (жеке кеңес беру) құрастырады. Пәндерді қайта оқуда оқу сабақтары (жеке кеңес беру) ТО бақылауымен деканаттар ұйымдастырады.

Қайта оқу курсы аяқталған соң Тіркеуші сабақ басталғанға дейін пәндер бойынша білім алушылардың білімін бағалау үшін қорытынды бақылау жүргізеді.




5.3 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН

БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
ҚазБСҚА білім алушыларының оқу жетістіктерін бақылау ағымдағы бақылау, аралық бақылау (Midterm), аралық аттестация (емтихан сессиясы (Final)) кезеңінде өткізілетін қорытынды бақылау болып бөлінеді.

Әр семестр басындағы білім алушылар пән курсін оқуға дайындық деңгейін анықтау бойынша – Академиялық күнтізбемен белгіленген мерзімде – бастапқы білім деңгейін анықтау бойынша аттестациядан өтеді.

Бастапқы білім деңгейін өткізу формасы компьютерлік тестілеу болып табылады. ПОҚ бір кредит дәріс (студиялық, практикалық) сабаққа 40 сұрақтан – пән көлеміне қарай бастапқы білім деңгейіне тест сұрақтарының базасын дайындайды. Тапсырмалар алдыңғы деректеме пәндері бойынша құрастырылады. Пәндердің тізімін декан (директор) анықтайды.

Ағымдағы бақылау – оқу семестрі кезеңінде белгіленген тапсыру кестесі шегінде тапсырылатын барлық бақылау тапсырмаларын қабылдау және тексеру (курстық жобалар, курстық, бақылау, зертханалық, есептік-графикалық, семестрлік және практикалық жұмыстар, рефераттар, СӨЖ аясында орындалатын жұмыстар – оқытушымен дербес жүзеге асырылады.

Курстық, есептік-графикалық және оқу жоспарымен қарастырылған басқа жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалуы тиіс. Білім алушылар осы пән бойынша емтиханға рұқсат алу үшін аяқталған және қорғауға ресімделген курстық (жоба) жұмысты оқытушыға ұсынады. Егер курстық жоба (жұмыс) қорғауға жіберілмеген болса, оқытушы кемшіліктер мен оларды жою мерзімін көрсете отырып, толық пікір жазады. Жұмыстың бұл түрлері бойынша бағалар пән бойынша рейтингтік бақылау жүргізгенде ескеріледі.

Курстық жобаны (жұмысты) қорғау курстық жоба (жұмыс) ғылыми жетекшісінің қатысуымен, декан өкімімен бекітілген 3 адамнан тұратын комиссиямен қабылданады. Курстық жобаны (жұмысты) қорғау емтихан сессиясының басталуына екі апта қалғанда деканмен бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

Егер пән бойынша оқу жоспарына сәйкес бақылау түрі ретінде тек курстық жұмыс (жоба) ғана белгіленген болса, онда курстық жұмыс (жоба) қорғау бойынша алған баға пән бойынша қорытынды баға болып табылады.

Курстық жоба (жұмыс) қорғамаған білім алушылар курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пәннен ғана емтиханға жіберілмейді.

Аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу факультет декандарына жүктеледі. Емтихан сессиясын ұйымдастыру және өткізу Тіркеушіге жүктеледі.

Білім алушылардың аралық бақылауы декандардың бақылауымен оқудан тыс уақытта 8 және 15-апталарда оқытушымен өткізілетін бірінші және екінші рейтингтік бақылауға бөлінеді. Аралық бақылау кезінде білім алушылар ағымдағы үлгерім бағасын білімді бағалаудың көп баллдық әріптік жүйесі бойынша пайызбен алады (төменде көрсетілген кесте бойынша).

Аралық бақылау кезінде оқытушы рейтингтік балл қойылатын күні Тіркеуші офистен ведомость алады және сол күні ТО кері тапсырады (бңр көшірмесін деканатқа тапсырып, екіншісін өзіне қалдырады). Оқытушы әр білім алушыны рейтинг баллымен таныстырады және білім алушының қолын алады.

Білім алушы рейтингтік бақылау өткен соң үш күннің ішінде құрамы факультет деканымен бекітілетін, пәндік аппеляция комиссиясымен өткізілетін аппеляцияға беруге құқығы бар.

Дәлелді себептермен рейтингтік бақылауға қатыспаған тұлғалар Тіркеушімен берілетін жолдама бойынша рейтингтік бақылауды жеке өтуге құқығы бар.
Білімді бағалаудың көп баллдық әріптік жүйесі


Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың сандық эквиваленті


%-дық мазмұн

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

РASS

0

50-100

Аттестациядан өтті

Сырттай оқу бөлімінің білім алушылары үшін аралық бақылау бір рет пәнді оқудың теориялық курсы аяқталғанда өткізіледі (Р1орт.).

Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау – емтихан өткізіледі (жоғары білім алушылар үшін дене тәрбиесі және валеология пәндерінен басқа).

Емтихан өткізу түрі: компьютерлік тестілеу, жазбаша емтихан (клаузура), ауызша емтихан, біріктірілген емтихан (тілдік пәндер үшін тестілеу және ауызша түрі). Емтихандар өткізу түрлері көрсетілген пәндер тізімі жоо-ның Ғылыми кеңесімен белгіленген мерзімде әр семестрдің басында бекітіледі.

Емтихан нәтижелері құпия және эдвайзермен немесе емтихан кезекшісімен әр білім алушыға жеке хабарланады.

Әр білім алушыға кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға, сондай-ақ GPA (орташа өту баллы) көрсетілген семестр бойынша (күз, көктем) пәндер тізімі көрсетілген транскрипт құрастырылады. Білім алушылар емтихан өткен соң келесі күні ҚазБСҚА сайтында Жеке кабинетте өз транскриптін қарап пәннің қорытынды нәтижесін, сондай-ақ оқытушылардың комментарийімен рейтингтік бақылау нәтижелерін біле алады. Жеке кабинетке кіретін құпиясөз – білім алушы ID номері.

Білім алушыларға емтихан тапсыру тілін таңдауға мүмкіндік беріледі (қазақша, орысша, ағылшыншы).

Ауызша және жазбаша емтихан міндетті негіздемемен шектеулі мөлшерде ҚазБСҚА президентінің рұқсаты бойынша өткізіледі (факультеттің Әдістемелік Кеңес мәжілісінің хаттамасы). Жазбаша емтихан және компьютерлік тестілеу кешенді түрде, логикалық сәйкестігі бар 2-3 пәннен бір уақытта өткізіледі. Бір немесе төрт пәннен емтихан өткізуге болады. Кешенді емтиханға енгізілген пәндердің жалпы көлемі 6 кредиттен аспауы тиіс. Бір кешенді емтиханның ең көп ұйғарынды көлемі 7 кредит. Бірінші және екінші курс студенттері, әдетте топ болып емтихан тапсырады.

Пән бойынша қорытынды баға қоюда емтиханда алынған балл және бірінші, екінші рейтинг (көктемгі семестр үшін үшінші және төртінші) өткізу нәтижелері бойынша семестр ішіндегі ағымдағы үлгерімінің орташа баллы ескеріледі. Емтихан үшін қорытынды бағаның салмақтық үлесі төмендегідей: емтиханда алынған нәтиженің - 60%, ағымдағы үлгерім нәтижесінің -40%.



Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда И% төмендегідей белгіленеді:



мұндағы




Р1(3)- бірінші (үшінші) рейтинг бағасының пайыздық мазмұны (Midterm);




Р2(4)- екінші (төртінші) рейтинг бағасының пайыздық мазмұны (Midterm);




Э– емтихан бағасының пайыздық мазмұны (Finals).


Қорытынды баға сандық эквивалентте Иц 7.1-кестеге сәйкес пайыздық мазмұндағы И% қорытынды бағадан көшіріледі.

Транскриптке (оқу карточкасы) қорытынды баға әріптік және пайыздық өрнекпен енгізіледі (аппеляцияға өтініш бергенде – аппеляция өткізілгеннен кейін).



Каталог: upload -> userfiles -> files
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
files -> Жоба 2014 жылғы мектепке дейінгі
files -> Сырдария ауданы бойынша сайлау учаскелері
userfiles -> Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген 2010 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет