Информатика



бет1/5
Дата03.02.2017
өлшемі424,97 Kb.
#8622
  1   2   3   4   5

А. Қ. Альжанов, М. Б. Кушенова



ИНФОРМАТИКА


Мұғалімнің жұмыс
7


дәптері


УДК 373

ББК 74.263.2

А 43
«Білім-2050» шығармашыл педагогтерінің одағы»

қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен ұсынылған

(2013 жылғы 2 тамыздағы № 5 хаттама)

А 43




Альжанов А. Қ., Кушенова М. Б.

Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған. Мұғалімнің жұмыс дәптері /А. Қ. Альжанов, М. Б. Кушенова. – Астана: «Самғай біл» ЖШС, 2013. – 198 бет.


ISBN 978-601-300-052-7

Мұғалімге арналған жұмыс дәптері пәннің әрбір тақырыбы бойынша сабақтардың толымды жоспарларынан тұрады. Онда мұғалімге әдістемелік ақпаратпен қоса оқушылардың сабақтың әр кезеңіндегі іс-әрекеттері толық қамтылады.


Бұл сабақ әзірлемелері ҚР МЖБС-на негізделген типтік оқу бағдарламасына,
күнтізбелік - тақырыптық жоспарға сәйкес келеді.

Сабақтардың мазмұны ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескеріп отырып, оқу материалын деңгейлеп игерудің «білім–түсінік–қолданыс–талдау–жинақтау–баға» критерийлі жүйесіне негізделіп шығарылған. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің пайдалануына арналған.

Жоба ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі – Г.Қ. Оразова.


УДК 373

ББК 74.263.2

ISBN 978-601-300-052-7 © «Самғай біл» ЖШС, 2013



Түсінік хат
Қазіргі білім беру жүйесі заманның өзгеру үдерісіне сай дамып отыруы тиіс. Осыған орай жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру маңыздылығы алдыңғы орынға шықты. Әлемдегі дамыған, қуатты елдердің білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі де осы өлшемге
сәйкес жүргізіледі. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы білім беру қызметкерлерінің алдына да осындай жауапты міндет жүктейтіні айқын.

Осы міндетті жүзеге асыру және еліміздегі білім беру жүйесіне жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Білім-2050» шығармашыл педагогтер одағы (ШПО) қоғамдық бірлестігі (ҚБ) құрылып,


жалпы орта білім беретін мектепте өтілетін пәндерге арналған технологиялық әзірлеме кешенін (ТӘК) ұсынып отыр.
Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына: «Мұғалімнің жұмыс дәптері», «Оқушының жұмыс дәптері», «Тақырыптар бойынша слайдтар мен тест тапсырмалары» топтамалары кіреді.

Мұғалімнің жұмыс дәптері
Бұл – мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына негізделген типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып
жасалған күнтізбелік - тақырыптық жоспарды және соның негізінде әр тақырып пен сабақтың құрамдас бөліктерін толық қамтитын дайын сабақ әзірлемесі.

Нақты нәтижеге бағытталған білім беруді көздейтін әзірлеме


Б. М. Блум таксономиясы негізінде ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескере отырып жасалған.

Күнделікті өтілетін жаңа сабақ, қорыту - бекіту және жазба жұмыстарының жоспарлары Блумның танымдық сала таксономиясына, ал сыныптан тыс сабақ жоспарлары эмоционалдық сала таксономиясына лайықталып жасалған. Кешенге жинақталған жоғарыдағы топтамалар бір мезгілде қатар қолданылады, олар сабақ кезеңдері арқылы бірін-бірі толықтырып отырады.

Сабақ кезеңдері бірнеше блоктардан тұрады:

І. «Ақпарат алмасу» блогы (жаңа сабақты түсіндіру) – біртұтас педагогикалық үдерістің жаңа тақырыпты түсіндіруге бағытталған теориялық - ақпараттық бөлігі. Ұсынылып отырған әзірлемедегі «Ақпарат блогының» мазмұны оқулықтан тыс басқа да
қосымша дереккөздермен (ғылыми - танымдық әдебиеттер, электрондық қор) толықтырылған.

Слайдтардағы аудио-видео материалдар оқушыға аз уақыт ішінде көп мәліметті меңгеруге мүмкіндік береді.



ІІ. «Алғашқы бекіту» блогы (жаңа сабақты бекіту) сабақ жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мұнда оқушы берілген ақпараттың мазмұнына өз түсінігі бойынша түйін жасайды.

Күнтізбелік –тақырыптық жоспар

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

1

2

Ақпарат және ақпараттық үдерістер

1

3

Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері

1

4

Ақпарат және оны бағалау

1

5

Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі

1

6

Компьютер жады

1

7

Ақпарат және ақпараттық үдерістер

1

8

Бақылау жұмысы. 1-тоқсан.

1

9

Программалау – алгоритмді формалды жазу тәсілі

1

10

Программалау тілі

1

11

Айнымалылар типі

1

12

Айнымалылар. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

1

13

Сызықтық алгоритмдерді программалау

1

14

Енгізу және шығару операторы.

1

15

Меншіктеу операторы.

1

16

Бақылау жұмысы. 1-тоқсан.

1

17

Ақпараттық модельдеу.

1

18

Ақпараттық модельдеу. Модельдеу түрлері. Модельдеу сатылары

1

19

Растрлық графика

1

20

Векторлық графика

1

21

WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау.

1

22

WordPad-та құжат құру.

1

23

WordPad қолданбасының қосымша мүмкіндіктері.

1

24

WordPad қолданбасының қосымша мүмкіндіктері.

1

25

Бақылау жұмысы. 3-тоқсан.

1

26

Paint графикалық редакторы.

1

27

Paint графикалық редакторының құралдары.

1

28

Paint графикалық редакторының командалары.

1

29

Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер.

1

30

Үзіндімен жұмыс. Көбейту. Өшіру. Бейнелеу немесе бұру

1

31

Үзіндімен жұмыс. Еңкейту мен созу. Суретті қарап шығу режимі

1

32

Шығармашылық жұмыс №1.

1

33

Шығармашылық жұмыс №2.

1

34

Бақылау жұмысы. 4-тоқсан.

1

Барлығы

34

1 сабақ


МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:

  • Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже:

Білім

•Қауіпсіздік ережесі қажеттілігінің маңызын атап шығады.
Жұмыс орнын ұйымдастырудың ретін біледі

Түсінік

• Жалпы қауіпсіздік талаптарының

маңыздылығын түсінеді

• Қауіпсіздік техникасының ережелерін төрт

пункта бөліп айырып таниды



Қолданыс

•Дербес Компьютерде жұмысты аяқтау кезінде қажетті қауіпсіздік талаптарын қолданады

Анализ

•Электр тогымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету әрекеттерінің ретін ерекшелейді

Синтез

• Оқулықпен жұмыс істей отырып, алғашқы көмек көрсету әдістерінің ішінде нені танып білетінін жоспарлайды.

Баға

• Қауіпсіздік талаптарын ұстанудың және

жұмыс орнын ұйымдастырудың өмірдегі маңызын бағалайды.



Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу (10 мин.)

ІІ.Алғашқы бекіту (5 мин.)

ІІІ.Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.)

ІV.Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.)

V.Бағамдау - бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:

  • Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі:

• Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық



Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Жаңа терминологиямен таныстыру

• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру.


• Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

• Қауіпсіздік техникасының ережелері, Дербес Компьютерде жұмыс істеу

кезінде қойылатын талаптар, алғашқы көмек, көз жаттығулары


Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік

тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау


Ақпарат көздері:

  1. Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Босова Л.Л.

  2. Методическая копилка учителя информатики. Ақпарат көзі:
    http://www.metod-kopilka.ru/page -1-2-3.html

Информатика и ИКТ. Учебник для 7 класса. Угринович Н.Д.




Қосымша материалдар:

  1. Дербес компьютер. Cілтеме: www.journaldunet.com

  2. Алғашқы көмек көрсету. Сілтеме: skgorizont.ru

Электр тоғы. Сілтеме: solo-project.com

Оқушы жетістігін бағалау:

• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты

қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы
орындау қажет.


Үй тапсырмасы:

• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы






Қауіпсіздік техникасы туралы түсінігін жеткізу, Дербес компьютерді қолдану кезіндегі маңызды бөлімдерді атап өту.

• Бонус-балл тапсырмасы

Тарихтан қауіпсіздік техникасының ережелеріне байланысты

қызықты ақпарат жинап әкелу.


САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу





Тақырып жоспары:

1. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің негізгі бөлімдері

2. Жалпы қауіпсіздік талаптары

3. Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында, жұмыс істеуді

бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары

4. Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері

5. Шаршағанда жасалынатын жаттығулар
Слайдтар:


1-слайд (титул)




2-слайд

Сабақтың мақсаты






3-слайд

Тақырып жоспары






4-слайд 1-тақырыпша Қауіпсіздік техникасы ережелерінің негізгі бөлімдері




5-слайд Жоспар

  • 6-сынып тақырыптарын жалпы шолу

  • 7-сынып «Информатика» пәнінің негіздері




6-слайд 6-сынып тақырыптарын жалпы шолу

  • Ақпарат және ақпараттық үдерістер

  • Компьютер

  • Алгоритмдеу және модельдеу

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

  • Телекоммуникациялар




7-слайд 7-сынып «Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері

«Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері

  • Ақпарат және ақпараттық үдерістер

  • Компьютер

  • Алгоритмдеу және программалау

  • Ақпараттық модельдеу

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар




8-слайд Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі бөлімдерге

бөлуге болады:

  • Жалпы

  • Дербес Компьютерде жұмысты бастау алдында

  • Жұмыс істеу кезінде

  • Авариялық жағдайларда

  • Жұмысты аяқтағанда




9-слайд 2-тақырыпша Жалпы қауіпсіздік талаптары




10-слайд Жалпы қауіпсіздік талаптары (1)

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына тиісуге тыйым салынады.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  • Дербес Компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  • Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық)

Дербес Компьютерде жұмыс істеуге тыйым салынады.




11-слайд Жалпы қауіпсіздік талаптары (2)

  • Үстелге, Дербес Компьютердің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  • Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

  • Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.




12-слайд

3-тақырыпша Дербес Компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында, жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары




13-слайд Дербес Компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын

қауіпсіздік талаптары:

  • Дербес Компьютер электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, Дербес Компьютердің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  • Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  • ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.




14-слайд Дербес Компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  • Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  • Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  • Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  • Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

15-слайд Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне

қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;

  • Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;




16-слайд Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне

қойылатын талаптар:

  • Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оны әр түрлi материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.




17-слайд Дербес Компьютерде жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

  • Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  • Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  • Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына
    белгі қою.




18-слайд

4-тақырыпша Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет