Ырғыз ауданы,Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып және өзін-өзі тану мұғалімі Сейтова Эльвира Сагынбаевна



Дата26.01.2018
өлшемі0,99 Mb.
#34019
Ырғыз ауданы ,Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып және өзін-өзі тану мұғалімі Сейтова Эльвира Сагынбаевна

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 1

Тақырыбы: Үй жануарлары, олардың қысқы тіршілігі

Мақсаты:

Білімділігі: үй жануарлары, олардың қыс мезгіліндегі тіршілігіне, қыста

табиғат өзгерістерінің үй жануарларының әсері туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: үй жануарларының қысқы тіршіліг туралы білімдерін

толықтыру, сөздік қорларын, белсенділігін, қиялын дамыту;

Тәрбиелігі: үй жануарларын қорғауға, қамқор болуға , табиғатты сүюге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Типі: аралас

Әдісі: ой қозғау, сәйкестендіру, топтастыру, түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: ойыншықтар, плакаттар, үнтаспа, төрт түлік өнімдері,теледидар
Барысы:___І.Ұйымдастыру.___А)психологиялық_дайындық.'>Барысы:

І.Ұйымдастыру.

А)психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Құрметпенен бәріміз

Бас иеміз біз.
Ә)оқушыларды түгендеу

Б)құралдарын тексеру

В)назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А)-Үйге қандай тапсырма берілді?

«Не қайда қыстайды? » оқу, мазмұндау.

(3-4 оқушыдан сұрау)
Ә)Үй тапсырмасын бекіту.

-Жануарлар нешеге бөлінеді?

-қоянның қысқы тіршілігіне тоқталайық.

-Аю қыста не істейді?

- дернәсіл дегеніміз не?

- тоқылдақты не деп атаймыз?

Сәйкестендіру тесті «Не қайда қыстайды? ».
Апан тышқан

Ін қоян

Бұтаның асты аю

Ағашты жәндіктерден қорғау қоңыз

Ағаш тесіктеріне тоқылдақ

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Ой қозғау. «Жұмбақ шешу».

Қазір жұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашамыз. Сондықтан сабаққа зейін қойып тыңдап отырамыз.

1. Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(қой)
3. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

(ешкі)

- Балалар , бұлардың барлығын не деп атаймыз?

(үй жануарлары)

-Қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Міне, дұрыс айтасыңдар, үй жануарларына сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы жатады. Осы жануарлардың барлығы болса, төрт түлігі сай болғаны деп тауып айтқан.

-Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз?

О: себебі оларды күтіп бағады.

Ә) Тақтамен жұмыс.

Ақпанның он алтысы

Үй жануарлары, олардың қысқы тіршілігі.

Ә) Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді мәнерлеп оқуы.

Теледидармен жұмыс. Теледидар арқылы сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Үй жануарларына сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы жатады. Өйткені олар адамның үй маңайында тіршілік етеді. Үй жануарларының адамға көп пайдасы бар. Мінсе көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі деп тауып айтқан. (мысалы, сүт, құрт, айран, ет, шұлық, т.б )сондықтан оларды адамдар күтіп баптайды. Қысқы мезгілде үй жануарларын қолға күтіп ұстайды. Оның жем- шөбін уақытымен салу, суару, астын тазалау, бұның бәрін адам өзі қамқорлығына алып тазалайды. Кейбір үй жануарлары қыс мезгілінде де балалайды. Олардың баласын төл деп атаймыз. Үй жануарлары төлдерін емізіп, сүтпен асырайды. Сондықтан оларды үй жануарлары деп атайды. Сиыр бұзаулайды, қой қоздайды, жылқы құлындайды, түйе боталайды, ешкі лақтайды. Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар деп айтылады. Бұл сөз бекер айтылмаған. Малды теппе, ақты төкпе деген сөздер арқылы үй жануарларын қорғауымыз керек.

-тізбектей оқу

Б)Сұрақ-жауап:

-қазір жылдың қай мезгілі?

-балалар теледидардан не көрдіңдер?

(үй жануарлары)

  • Қандай үй жануарларын көрдіңдер?

  • Қай үй жануарларының төлдері бар?

  • Адам үй жануарларын не үшін өсіреді?

  • Адам үй жануарларын қыста қалай күтеді?

  • -қане, кімнің үйінде үй жануарлары бар?

  • Кім көмектеседі, қалай күтеді?


ІУ. Сергіту сәті.

Қазір біз « Дауысын тап және сал » ойынын ойнаймыз.

Шарты: дыбысты тыңдап, ол қай үй жануарының дауысы екенін табу, дұрыс тапса, сол дыбысты қайталап салу.
У.Дәптермен жұмыс .

1)Сөздік жұмыс

Ақыр- жем- шөп салатын оттық

Науа- малдардың су ішуге арналған астауы

2)ауа-райы-

Қайсысы нені жейді? Сызық арқылы қос.


УІ. Қорытындылау.

- Түсінгендерімізді байқау үшін «Төлдерін тап » ойынын ойнап жіберелік.

Мына қора ішіндегі үй жануарлары көп. Сондықтан үй жануарларының төлдері өз аналарын таба алмай жүр. Қане көмектесейік.

Ойыншықтардан топтастыру.

-Үй жануарлары бізге не береді?



Сүт ет


Тері жүн



УІІ. Бағалау.Үйге тапсырма.

Үй жануарлары, олардың қысқы тіршілігі оқу , мазмұндау , әркім жақсы көретін үй жануарының мүсінін ермексаздан жасау.

Пәні: Ана тілі

Сыныбы:4 класс

Тақырыбы: «Жылдардың біл қасиетін» Ә. Табылдиев

Мақсаты: оқушыларға қазақша жыл санау, жыл аттарын білуден тереңірек мағлұмат беру. Адамның жас кезеңінің бірнеше бөлімге бөлінуін , жасқа лайық аталуын, жыл қайыру ретін жатқа білуге үйрету.

Ә) қазақ халқының тарихи мұрасын сақтай білуге тәрбиелеу;

Б) оқушылардың таным қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Түрі: аралас

Көрнекілігі: С.Сейфуллин, Ә.Табылдиев суреттері, тақта, жыл иелерінің үлгілері, сызбалар, кеспе қағаздары, кесе, кітап,
Барысы:

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық жаттығу

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңін жатқа айту.

  2. Шығармашылықпен жұмыс. Өлең үлгісімен өлең шығару.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Кеспе қағаздарын тарату.

1)Сәкеннің шын аты кім?

2)С.Сейфуллин кім?

3)Қандай шығармалары бар?

4)Бұл өлең қандай мерекеге арналған?

5)Жаз шыға бастағанда табиғатта қандай өзгерістер болады?

6)қар еріп , құстардың келе бастағаны қай шумақтарда суреттелген?(дыбыстарын тыңдату)

-балалар, кім біледі,жаңа жыл мерекесі қашан тойланады?

- мен жұмбақ жасырайын, сендер дұрыс шешсеңдер биылғы жылдың есімі шығады.



Жұмбақ.

4.Қалқиып ұзын құлағы,



Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян)

!У.Жаңа сабақ.

«Ой қозғау».

Түйе сеніп бойына

Қалған ұмыт жылдардан

Жатпа қарап, мойыма,.

Талма, именіп,ділмардан.

Мұндағы сөздердің әрбір бастапқы дыбысы жыл атауларын білдіреді.

Сөзжұмбақ шешу. «Жылнама»

1.мінсең желдей еседі,

Көңілің таудай өседі.

«алып ұшар алысқа

Ер қанаты»,деседі.

(Жылқы)

2.Бантигі бар басында,

Бір құс жүр үйдің қасында.

(Тауық)

3.ұшында бір тамшы,

Уы бар сұр қамшы.

(Жылан)

4.Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян)

5.Тықырлатып тақтайды,

Күні бойы жатпайды.

(Тышқан)

6.Өмір бойы түренін

Өңгеріп ап жүреді.

Жерді жыртып күн ұзын

Түк сеппейді ,қызығы.

(мешін-шошқа)

7.жол –жол сызық тоны бар,

кісі қорқар жөні бар.



(Барыс)

-қане, қызыл жолақтағы сөзді оқылық.(Жылнама)

-Жылнама деген сөзді кім қалай түсінеді?

-Жылнама дегеніміз- әр жылда болып өткен елеулі оқиғаларды баяндайтын кітап

-Балалар, біз бүгін Ә.Табылдиевтің «Жылдардың біл қасиетін»(Жылнама)деген өлеңімен танысамыз.Бүгінгі танысатын өлеңнің авторы туралы мәлімет жинауға берілген болатын.

-Сонымен, Ә.Табылдиев кім?

-Қай жерде туып өскен?

-Қандай шығармалар ы бар?

Мектеп балаларына арнап өлеңдер, 2-қаңтар 1926 жылы

ертегілер,пьесалар жазған. «Жаңа тұрмыс» аулында туған.

Шығармалары: ақын,ғалым, педагогика

ғылымдарының кандидаты,


  1. «Ана жүрек» ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі.

  2. «Жырлайды жүрек»

  3. «Қой бағу оңай ма?»

  4. «Мен кіммін білесің бе?

атты кітаптары бар.(көрме көрсету)

У.Сергіту сәті. «Қара жорға»

УІ. Оқулықпен жұмыс.

  • Оқушылардың іштей оқып түсініксіз сөздердің астын сызуы.

  • Мұғалімнің жатқа оқуы.

  • Оқушыларға жалғастырту.

УІІ. Сөздікпен жұмыс.

Жылнама-әр жылда болып өткен елеулі оқиғаларды баяндайтын кітап

Жамиғат-халық

Хас ниетін-таным

Баян-тұрақты

Құт-береке, байлық

Жұт-ашаршылық

Мархабат-ізгі, жақсылық

Өсиет-мұра, мирас

Ділмар-шешен,сөзге бай

Зейнет-еңбек рақаты,қызығы

Түсінік.

Әрбір халықтың өз жыл тізбегі болады. Шығыс халықтарының тізбегі бойынша әрбір жыл белгілі бір жан-жануардың атымен аталып, 12 жылда 1 рет қайталанып отырады. (сурет арқылы түсіндіру)

Жыл қайыруды, дәл уақытты 12 мүшел жүйесімен есептеуді айтады. 12 жыл 1 айналғанда 1 мүшел толады. Оған 12 жас қосып отырсақ, келесі мүшел шығады.

Қане, есептейік.

13,25,37,49,61,73,85,97 т.с.с

-біз математика сабағын еске түсірейік.

1 жыл- 12 ай

1 ай- 30 күн

12 жыл- 1 мүшел

-бұлар қандай өлшем бірліктер?(уақыт)

-Балалар, өздерің қай жылы туғансыңдар?(ұлу, жылан, жылқы)қане, қолдарымызды көтерейік.


УІІІ. Бекіту.


  • Балалар, мынау неге ұқсайды?

  • Қане, күнге ұқсаса, біздің аспанымыз ашық болсын деп күн шашақтарын ашайық.әрбір жылдың қандай қасиеті бар екенін атап өтейік.


тышқан сиыр жылан жылқы қой

барыс қоян ұлу маймыл тауық ит доңыз

-осы жылдарға байланысты біз әңгіме, өлең немесе ертегі білеміз бе?

-қане, содан көрініс көрсетіп жіберелік.

-яғни балалар біз былтырғы жылды еске түсіріп жіберейік.қазақстанда қандай жаңалықтар болды?



-Ал биылғы жыл қалай басталуды?қыс қандай?

ІХ. Үйге тапсырма.Бағалау

  1. Өлеңнен үзінді жаттау, қалғанын мәнерлеп оқу.2. Жылдардың суретін салу.



Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет