Ќызылќоєам ауылдыќ кітапханасы



Дата11.06.2020
өлшемі35 Kb.
#73021
Байланысты:
000a91e6-0dc6f7de
000a91e6-0dc6f7de, 000a91e6-0dc6f7de, 000a91e6-0dc6f7de, 000a91e6-0dc6f7de, 000a91e6-0dc6f7de

«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбей»

Тәрбие сағаты


Мақсаты: Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту.

Абай өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Сөз қорын дамыту.



Көрнекіліктері: «Сөз асылы – Абай әлемінде» атты кітап көрмесі.

1.Кіріспе.

Құрметті Оқырмандар «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбей» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



Кітапханашы: Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауылында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан ақыл мен парасаттың иесі болған адамдар. Әкесі ел билеген көсем. Әкесі Абайды жас кезінде өзімен отырыстарға апарып, әділ биліктермен шешендік асыл сөздерін үлгі еткен. Абай жас кезінен-ақ зерек бала атанған.

Жүргізуші:

Қазақ тілі өз тілім ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызын, мәңгі сені,

Болашаққа бастаған дана тілім, - демекші, кезкті Абай атамыздың өлеңдеріне береміз.

1-оқушы:

Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,

Көп емес-ау саған артар міндетім.

Ең оңайы өзіңе өзің жүр жетіп,

Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың

Сол болады еліңе еткен құрметің.


Көп емес-ау саған артар міндетім,

Ең қиыны өз халқыңды біл жетік.

Жақсы білсең Күрекеңнің бір күйін,

Ол да сенің еліңе еткен құрметің.


Өз мініңді тексере алсаң қолға алып,

Сол болады халқың жайлы толғаның.

Ақырында жазғандарын әкеңнің,

Өз тіліңде оқи алсаң болғаны.



2-оқушы:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң әр қалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.
Ән «Көзімнің қарасы» орындайтын –

Жүргізуші: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады – денегдей, жүрек тебірентіп, ой толғандыратын Абайдың қара сөздерінен біраз тыңдайық.

1-оқушы: 31- қара сөзі.

1. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: Әуелі көкірегі байлаулы, берік болу керек.

2. Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек.

3. Сол нәрсені естігенде я болмаса көргенде ғибратлану керек. Көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек.

4. Ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек.

Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер.

2-оқушы: 38-қара сөзі.

Күллі адам баласын қор қылытын үш нәрсе бар. Содан аулақ, қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық.

3-оқушы: 29-қара сөз.

Қазақтың мақалдарынан көбінің іске татымақ түгіл не құдайшылдыққа не адамшылдыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын. Егер онысы жолға жүргеніңде жаныңды қинап, еңбекпен мал тап деген болса – ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып адал еңбекпен мал іздемек ол арлы адамның ісі.

Жүргізуші: Абайдың табиғат лирикасы – ақынның күшті шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, өлі табиғатты тірі жандарға теңеген сырлы жырлары бар. Олай болса табиғат туралы өлеңдеріне кезек берейік.

1-оқушы: «Жаз»

2-оқушы: «Күз»

3-оқушы: «Қыс»

Жүргізуші: Абай Құнанбаев өз өлеңдерінде өнер білімге және оқып үйренуге шақырады. Адал еңбек етуге, халыққа пайдалы қызмет етуге шақырады.



Ән «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады.

Жүргізуші: Құрметті тыңдарман қауым! Осымен сіздерге арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет