Жаратылыс ғылымдар факультеті



бет2/12
Дата23.11.2016
өлшемі3,6 Mb.
#2415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Пән туралы мәліметтер

Атауы: «Дене шынықтыру және спорт педагогикасы»

Кредит саны – 3

Оқу сабақтарын өткізу орны: №3 оқу ғимараты

Оқытушы туралы мәліметтер

Ерменова Батиля Оралбаевна- дене шынықтыру және БӘД теориясы мен әдістемелер кафедрасының аға оқытушысы



Кафедрада болу уақыты : 8.00-17.00
Оқу жоспарынан көшірме


курс

семестр

кредит

дәріс

практика

СОӨЖ

СӨЖ

жиыны

Бақылау формасы

2

4

3

30

15

22,5

67,5

135

емтихан


Пререквизиттер: «Дене шынықтыру педагогикасы»курсын рқып үйрену үшін философияның, жалпы педагогиканың, психологияның, әлеументтанудың, мәдениеттанудың, анатомия мен физиологияның жалпы негіздерін білу қажет.

Постреквизиттер: «дене шынықтыру педагогикасы» төмендегідей іргелес пәндермен тығыз байланысты: «Мамандыққа кіріспе», «Дене шынықтыру мен спорт психологиясы», «Дене шынықтыру мен спорттың теориясы мен әдістемесі», «Спорттық физиология», «Спорттық медицина», «Дене шынықтыру және спорт менеджменті».

Курс мақсаты: қазақстандық білім беру жүйесін модернизациялау жағыдайында болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық даярлығын қалыптастыру.

Курс міндеттері:

  • Студенттерді дене шынықтыру мен спорт жағыдайында жан-жақты біртұтас дамыған тұлғаны тәрбиелеу заңдылықтары туралы білммен қаруландыру.

  • Болашақ мамандарды дене шынықтыру және спорт саласында жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесіне үйрету.

  • Студенттерді балалар спорт ұжымымен жұмыс істеу және оны басқара білу машықтарына баулу.

  • Болашақ дене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушылардың кәсіби біліктіліктерін қалыптастыру.


Курстың тақырыптық жоспары




Тақырып атауы

Дәріс сағат саны

Тәж. сағат саны

СОӨЖ

СӨЖ

3 семестр

1.

Кіріспе

1










1.

Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері







3

7

1.1.

Дене шынықтыру және спорт педагогикасының қазіргі педагогикалық әдіснамалық негіздері

1

1







1.2.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері

1










1.3.

Білім бері жүйесі, оның сипаттамасы

1










2.

Жеке тұлғаны қалыптастырудың, тәрбиелеудің, дамытудың жалпы заңдылықтары







3

8

2.1

Жеке тұлғаны дамыту процессі

1










2.2.

Балалардың жас мөлшері мен жеке дамуының ерекшеліктері

1

1







3.

Тұтас педагогикалық процесс-дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың кәсіби қызмет объектісі







3

8

3.1.

Тұтас педагогикалық процестің мәні

1

1







3.2.

Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері

1










3.3.

Тәрбиенің мақсаты және оның әлеументтік маңыздылығы

1

1







3.4.

Педагогикалық процестің құрылымындағы тәрбиелеу

1










3.5.

Тәрбиелеу әдістерінің, формаларының, құралдарының жүйесі

1

1







3.6.

Тәрбиенің мазмұны

1










4.

Педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту







4

10

4.1.

Оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктері

1










4.2.

Білім беру мазмұны

2

1







4.3.

Оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету және оларды оқыту әдістері

1










4.4.

Қазіргі оқыту технологиялары

1










4.5.

Оқыту процесін ұйымдастыру формалары. Сабақты өткізудегі дене шынықтыру мұғалімінің орыны мен ролі

3

3







5.

Спорт және дене шынықтыру саласындағы дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері







4

10

5.1.

Мектептің тәрбие жұмысы әдістемесінің негіздері

1

1







5.2.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы

1










5.3.

Жас спортшылардың өзін-өзі тәрбиелеулеріне жетекшілік жасау

1










5.4.

Спорттық ұжымды тәрбиелеу әдістемесі

1

2







5.5.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі тәрбиелік жұмыс жүйесі

2










6.

Дене шынықтыру мен спорт саласындағы педагогикалық басқару







3

7

6.1.

Педагогикалық басқарудың мәні

1










6.2.

Дене шынықтыру мен спорт мамандарының қызметіндегі педагогикалық басқарудың ерекшеліктері

1

1







7.

Спорттық педагогтың педагогикалық шеберлігінің негіздері







2,5

7,5

7.1.

Педагогикалық шеберліктің мәні

1

1







7.2.

Педагогикалық техника-шеберліктің маңызды бөлігі

1

1







7.3.

Дене шынықтыру және спорттық сабақтардағы педагогикалық қарым-қатынас

1










Барлығы

30

15

22,5

67,5


Дәріс мазмұны:

Кіріспе- 1сағат

Дене шынықтыру және спорт педагогикасы – педаогикалық білімдер саласы. Курстың нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері. Спорттық педагогиканың негізгі категориялары: оның даму тарихындағы педагог-ғалымдардың еңбектерінің маңызы.

Дене шынықтыру және спорт педагогикасының басқа ғылымдармен байланысы. Зерттеу әдістері.

Спорт және дене шыңықтыру педагогикасының спорт саласы мамандарының кәсіби даярлауындағы орны мен маңызы; оның ХХІ ғасырдағы басым бағыттары және даму болашағы.

Дене шынықтыру және спорт педагогикасының қазіргі педагогикалық әдіснамалық негіздері- 1 сағат

Дене шынықтыру және спорт педагогикасының қайнар көздері. Дене шынықтыру мен спорттың жалпы педагогикалық және арнаулы принциптері.

Спорт педагогикалы құбылыс ретінде. Спорттық-педагогикалық процестің ерекшеліктері.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері- 1 сағат

Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компонеттері. Біртұтас педагогикалық процестің ерекшелігі етінде оқу мен оқудан тыс қызметтің бірлігі. Жеке тұлғаның тұтастығғынан туындайтын біртұтас педагогикалық процестің үшжақты бірыңғай қызметі: оқыту, дамыту, тәрбиелеу.

Педагогикалық процестің қозғаушы күштері; тәрбие беру – білім беру механизмдері; жалпы заңдылықтары.

Спорттық қызметтегі педагогикалық процесті басқару мен бақылау кезінде қозғаушы күштер мен заңдылықтарды есепке алудың мәнісі.

Балалар-жасөспірімдер спорттық және жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық процесс – дене шынықтыру пәні мұғалімі мен спорт түрлері боынша жаттықтырушының кәсіби-педагогикалық қызметінің нысаны ретінде.

Білім бері жүйесі, оның сипаттамасы- 1 сағат

Спорт саласындағы тәрбиелеу проблемалары; жаттықтырушының спотшылармен жүргізілетін тәрбие жұмысындағы құбылыстар мен қиыншылықтар.

Спорт жағдайындағы тәрбиелеу мәселелерінің түбегейлі шешімі ретіндегі тұлғаға бағытталған тәрбие идеясы.

Дене шынықтыру мен спорт жағдайындағы жан-жақты біртұтас дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу ерекшеліктері.

Дене шынықтыру және спорт сабақтары – жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру құралы ретінде.

Дене шынықтыру және спорт - азаматтық тәрбиенің құралы.

Дене шынықтыру және спорт сабақтары – адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесі құралы ретінде.

Тұлғаның өзін-өзі дамыту процесіндегі дене тәрбиесінің ролі, орны және маңызы.



Жеке тұлғаны дамыту процессі-1 сағат

Педагогикалық басқару туралы түсінік.

Мектептегі дене тәрбиесін басқару және оған жетекшілік ету маңыздылығы. Дене тәрбиесі мазмұны және оны ұйымдастыруды реттейтін құжаттар.

Мектепішілік дене тәрбиесі жұмысын ұйымдастыру бойынша мектеп директоры, оның орынбасарлары, мұғалімдер мен сынып жетекшілері арасындағы міндеттерді бөлу.



Балалардың жас мөлшері мен жеке дамуының ерекшеліктері- 1 сағат

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің әлеуметтік ролі, педагогикалық мәртебесі мен атқаратын қызметі. Жаттықтырушы тұлғасына қойылатын талаптар. Дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушының педагогикалық квалиметриясы.



Тұтас педагогикалық процестің мәні- 1 сағат

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің педагогикалық қызметінің өзіндік ерекшеліктері. Спорт түрлері бойынша мұғалім-жаттықтырушының қызметі. Бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын және туризмді ұйымдастыру әдістері. Дене шынықтыру және спорт саласындағы педагогикалық менеджмент.



Тұтас педагогикалықпроцестің заңдылықтары мен принциптері – 1 сағат

Тұтас педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары мен принциптері, оның сипаттамасы.

Спорттық қызметтегі педагогикалық процесті басқару мен бақылау кезіндегі қозғаушы күштермен заңдылықтарды есепке алудың мәнісі.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен ЖББМ педагогикалық процесс- дене шынықтыру пәні мұғалімі мен спорт түрлері бойынша жаттықтырушының кәсіби педагогикалық қызметінің ннысаны ретінде.



Тәрбиенің мақсаты және оның әлеументтік маңыздылығы- 1 сағат

Қазіргі кездегі мектеп жұмысы әдістмесінің негізгі міндеттері мен бағыттары.

Дене шынықтыру және спорт қызметінің тәрбиелік потенциалы. Дене шынықтыру және спорт құралдарымен тәрбиелеу проблемаларын шешу мүмкіндіктер.

Спорт саласындағы тәрбие жұмыстарының бастапқы түсініктері, жүйесі және кезеңдері.



Педагогикалық процестің құрылымындағы тәрбиелеу- 1 сағат

Тәрбие әдістерінің сипаттамасы. Жеке тұлғаны қалыптастыру әдістері: түсіндіру, әңгімелесу, сендіру, көзін жеткізу, мысал келтіру, т.б.

Оңтайлы тәжірибе мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, тәрбие жағдайын жасау.

Ынталандыру әдістері: жазалау мен ынталандыру, оның түрлері. Оларды қолданудың педагогикалық шарттары. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері. Тәрбие нәтижесін есепке алу және бағалау.

Спорт этикасы тәрбие құралдары мен мақсаты ретінде. Спорт этикасы нормаларын игерудің, адамгершілік көзқарас пен сенімді қалыптастырудың әдістері. Спорт секциалары, клубтар, оқу-жаттықтыру топтары бойынша берілетін қоғамдық тапсырмалар жүйесі.

Оқу-жаттықтыру, жарыс процестеріндегі және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиелік-педагогикалық жағдайларды ұйымдастыру. Спортшылар тәрбиесіне қойылатын педагогикалық талаптар жүйесін жасау және олардың орындалуын қадағалау.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындарға қойылатын талаптардың бірыңғай мәні. Спорт этикасының нормаларына, ұйымдастырылған әрекетке, қиындықты жеңуге, дербестікке үйрету; жаттығулар мен жарыстар кезіндегі тәртіп тәжірибесін талдауға үйрету.

Дене шынықтыру – спорт қызметін ынталандыру; адамгершілік пен спорт этикаларына сәйкес тәртіп әдістері.



Тәрбиелеу әдістерінің, формаларының, құралдарының жүйесі- 1 сағат

Дене шынықтыру және спорт – жеке тұлғаның өзін-өзі жан-жақты және үйлесімді дамытуының маңызды механизмі ретінде. Спорттық қызметтегі жарыстық сипатқа байланысты арнаулы ерекшеліктерді есепке алу. Нақты спорт түрінің тәрбиелік мүмкіндігін есепке алу. Спорттағы тереңдетілген тәрбиелік жұмыстар мүмкіндіктері. Тәрбие міндеттерін шешудегі жаттықтырушы беделінің және спортшылардың белсенділіктерінің маңызы.

Спорттық қызметтегі тәрбие процесінің ерекшеліктері. Оқыту-жаттықтыру процесіндегі тәрбиелеудің мазмұны, формалары және оны жоспарлау.

Тәрбиенің мазмұны – 1сағат

Жасөспірім спортшылардың тәрбиелігін зерттеу әдістері: спортшылардың іс-әрекетін талдау, педагогикалық бақылау, сұхбаттасу әдісі, арнайы көзделген жағдайлар тұғызу әдісі.

Өзін-өзі тәрбиелеудің мәні. Спорттағы өзін-өзі тәрбиелеу бағыттары; өзін-өзі сендіру, өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау, т.б. Жас спортшылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық жасау.

Оқыту процесінің мәні мен ерекшеліктері- 1 сағат

Ұжым туралы түсінік; ұжымның алуан түрлілігі. Спорттық ұжым ұжымның бір түрі ретінде. Спорттық ұжымның өзіне тән ерекшеліктері.

Ұжым дамуындағы жалпы заңдылықтардың спорттық ұжымға таратылуы. Оқыту-жаттықтыру және тәрбиелік қызметті өз дәрежесінде жүзеге асырудағы ұжымның маңызы.

Спорттық ұжымды қалыптастыру және дамыту әдістемесінің ерекшеліктері. Ұзақ мерзімдік мақсаттардың алға қойылуы. Құндылық бағдарлардың бірлігін, ұжым мүшелерінің қызметтік-ролдік үміттерінің бірлігі мен әрекеттік-топтық эмоционалдық идентификасиясын қалыптастыру – ұжымның мызғымас бірлігінің маңызды көрсеткіші ретінде.



Білім беру мазмұны -1 сағат

Ұжым арқылы жеке тұлғаға ықпал етудің әдістемесін іске асыру. Белсенділікті баулау. Ұжым ұйымшылдығындағы команда капитандарының ролі. Қоғамдық пікір мен ұжымдық дәстүрлер тәрбиелік процестің тиісті шарты ретінде. Жеке тұлғаға ұжымның ықпал ету әдістері мен тәсілдері.


Оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету және оларды оқыту әдістері- 1 сағат

Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінде іріктеуге қойылатынпедагогикалық талаптар. Жас спортшылардың тәрбиелілігінің бастапқы деңгейін анықтау. Тәрбие бағдарламасы мен жоспарын жасау.

Тәрбиелік жұмыс жоспары құрылымының алуан түрлілігі. Жас спортшылырдың оқуы мен тәртібін бақылау.

Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінде өткізілетін тәрбие жұмыстарына ата-аналарды тарту.

Жоғары көрсеткіштегі спорт жағдайындағы тәрбие поцесінің заңдылықтары. өте жоғары дене және психологиялық жүктемелер; олардың спортшыларды тәрбиелеу процесіне ықпалын есепке алу.

Спортшылар тәрбиесі процесіне спорттық әрекеттегі жарыстық сипаттың әсері. Спорттағы бәсекелестің кері ықпалдарын болдырмаудың жолдары (қақтығыстыр, менсінбеушіліктің бой көтеруі, менмендік, пасық бәсеке, т.б.). Спорттық қызметтің қоғамдық құнды белгілерінің қалыптасуы.

Споршылармен жеке жұмыстар жүргізуді жетілдіру мүмкндіктері.

Құрама командалардағы тәрбие жұмысының жоспарлануы.



Қазіргі оқыту технологиялары- 1 сағат

Педагогикалық білімнің бұқаоралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудағы және жүргізудегі ролі. Бұқаралық спорт шараларына қатысушылардың жас шамасына қатысты және даралық ерекшеліктеріне есепке алудың мүскіндіктері мен жолдары.

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы бұқаралық формаларының жетекшілерінің қызметі мен жеке тұлғаларға қойылатын педагогикалық талаптар.

Оқыту процесін ұйымдастыру формалары. Сабақты өткізудегі дене шынықтыру мұғалімінің орыны мен ролі- 3 сағат

Жаттықтырушы қызметінің ерекшеліктері. Педагогикалық әрекеттестік – дене шынықтыру мұғалімі қызметінің негізі. Қазіргі дене шынықтыру пәні мұғалімінің оқу-әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Педагогикалық мәдениет мұғалім-жаттықтырушының кәсіби іс-әрекетінің мәндік сипаты ретінде. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік, оның құрылымдық элементтері.

Педагогикалық шеберлік – дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың сипаттамасы ретінде.



Мектептің тәрбие жұмыстарының негіздері -1 сағат

Тұлғаға бағытталған гуманистік оқу-тәрбие процесінің мәні. Жас спортшы мен жаттықтырушы спортсаласындағы біртұтасас процесі субъектілері ретінде.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушы тұлғасының гуманистік бағытталуы – педагогикалық шеберліктің бөлігі ретінде. Оқытушыға қойылатын тұлғалық талаптар. Мұғалім-жаттықтырушының гумандық педагогикалық позициясын қалыптастырудың жолдары мен құралдары.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы – 1 сағат

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушыың білімдері – педагогикалық элементі ретінде.

Жаттықтырушы білімінің құрылымы. Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының психологиялық-педагогикалық білімі мәні. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушының арнаулы білімдері. Сабақ беру және оқыту жаттықтыру процесін ұйымдастыру әдістемесін игеру. Кәсіби мәселелерге шешім таба білу және педагогикалық жағдайларды талдау икемдері.
Жас спортшылардың өзін-өзі тәрбиелеулеріне жетекшілік жасау- 1 сағат

Педагогикалық қабілеттілік туралы түсінік.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушы қызметінің кәсіби тұрғыда маңызды тұлғалық қасиеттері.

Педагогикалық әдеп дене шынықтыру пәні және жаттықтырушы шеберлігінің көрсеткіші ретінде. Оқытушының педагогикалық әдептілігі мен толеранттығы. Жанжалды шеше білу мәдениеті. Дене шынықтыру пәні мұғалімі жаттықтырушының беделі.


Спорттық ұжымды тәрбиелеу әдістемесі- 1 сағат

«Педагогикалық техника» түсінігіне анықтама. Жаттықтырушының жеке әсері, қарым-қатынас формалары, мінез-құлық стилі. Өз зейінін, эмоциясын, дауыс ырғағын басқара білуі.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының тіл техникасының негіздері.
Балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебіндегі тәрбиелік жұмыс жүйесі – 2 сағат

Жаттықтырушының педагогикалық шығармашылығының мәні.

Мұғалім-жаттықтырушының шығармашылық қызметінің балалар спорт ұжымының шығармашылық қызметімен арақатынасы – педагогикалық шығармашылықтың маңызды кәсіби-этикалық принципі.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының шығармашылық көңіл-күйі.

Шығармашылық спорттағы жеке-дара еңбектің нәтижесі ретінде.

Озат оқушылардың тәжірибелерін зерттеп, жинақтау – мұғалім-жаттықтырушының педагогикалық шығармашылығының шарты ретінде.


Педагогикалық басқарудың мәні -1 сағат

«Педагогикалық қарым-қатынас» түсінігіне анықтама. Дене шынықтыру және спорт сабақтарындағы педагогикалық қарым-қатынас функционалды – ролді қарым-қатынас түрінде. Педагогикалық қарым-қатынас ережелері.

Спорттық жаттығулар және жарыстар процестегі педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Жаттықтырушының дене шынықтыру пәні мұғалімінің педагогикалық басқару стилі педагогикалық қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы ретінде.

Дене шынықтыру және спорт мамандарының іскерлік қарым-қатынасы.



Дене шынықтыру және спорт мамандар қызметіндегі педагогикалық басқарулардың ерекшеліктері 1 сағат

Жоғары көрсеткіштегі спорт жағдайындағы тәрбие поцесінің заңдылықтары. өте жоғары дене және психологиялық жүктемелер; олардың спортшыларды тәрбиелеу процесіне ықпалын есепке алу.

Спортшылар тәрбиесі процесіне спорттық әрекеттегі жарыстық сипаттың әсері. Спорттағы бәсекелестің кері ықпалдарын болдырмаудың жолдары (қақтығыстыр, менсінбеушіліктің бой көтеруі, менмендік, пасық бәсеке, т.б.). Спорттық қызметтің қоғамдық құнды белгілерінің қалыптасуы.

Споршылармен жеке жұмыстар жүргізуді жетілдіру мүмкндіктері.

Құрама командалардағы тәрбие жұмысының жоспарлануы.

Педагогикалық білімнің бұқаоралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырудағы және жүргізудегі ролі. Бұқаралық спорт шараларына қатысушылардың жас шамасына қатысты және даралық ерекшеліктеріне есепке алудың мүскіндіктері мен жолдары.

Дене шынықтыру-сауықтыру жұмысы бұқаралық формаларының жетекшілерінің қызметі мен жеке тұлғаларға қойылатын педагогикалық талаптар.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және спорт түрлері бойынша жаттықтырушының педагогикалық шеберлігінің мәні-1 сағат

Жаттықтырушы қызметінің ерекшеліктері. Педагогикалық әрекеттестік – дене шынықтыру мұғалімі қызметінің негізі. Қазіргі дене шынықтыру пәні мұғалімінің оқу-әдістемелік, тәрбиелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Педагогикалық мәдениет мұғалім-жаттықтырушының кәсіби іс-әрекетінің мәндік сипаты ретінде. Педагогикалық шеберлік туралы түсінік, оның құрылымдық элементтері.

Педагогикалық шеберлік – дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың сипаттамасы ретінде.



Педагогикалық техника- шеберліктің маңызды бөлігі -1 сағат

«Педагогикалық техника» түсінігіне анықтама. Жаттықтырушының жеке әсері, қарым-қатынас формалары, мінез-құлық стилі. Өз зейінін, эмоциясын, дауыс ырғағын басқара білуі.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының тіл техникасының негіздері.

Тұлғаға бағытталған гуманистік оқу-тәрбие процесінің мәні. Жас спортшы мен жаттықтырушы спортсаласындағы біртұтасас процесі субъектілері ретінде.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушы тұлғасының гуманистік бағытталуы – педагогикалық шеберліктің бөлігі ретінде. Оқытушыға қойылатын тұлғалық талаптар. Мұғалім-жаттықтырушының гумандық педагогикалық позициясын қалыптастырудың жолдары мен құралдары.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушыың білімдері – педагогикалық элементі ретінде. Жаттықтырушы білімінің құрылымы. Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының психологиялық-педагогикалық білімі мәні. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушының арнаулы білімдері. Сабақ беру және оқыту жаттықтыру процесін ұйымдастыру әдістемесін игеру. Кәсіби мәселелерге шешім таба білу және педагогикалық жағдайларды талдау икемдері.

Педагогикалық қабілеттілік туралы түсінік.Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушы қызметінің кәсіби тұрғыда маңызды тұлғалық қасиеттері.Педагогикалық әдеп дене шынықтыру пәні және жаттықтырушы шеберлігінің көрсеткіші ретінде. Оқытушының педагогикалық әдептілігі мен толеранттығы. Жанжалды шеше білу мәдениеті. Дене шынықтыру пәні мұғалімі жаттықтырушының беделі.

Жаттықтырушының педагогикалық шығармашылығының мәні.

Мұғалім-жаттықтырушының шығармашылық қызметінің балалар спорт ұжымының шығармашылық қызметімен арақатынасы – педагогикалық шығармашылықтың маңызды кәсіби-этикалық принципі.

Дене шынықтыру пәні мұғалімі және жаттықтырушының шығармашылық көңіл-күйі.

Шығармашылық спорттағы жеке-дара еңбектің нәтижесі ретінде.

Озат оқушылардың тәжірибелерін зерттеп, жинақтау – мұғалім-жаттықтырушының педагогикалық шығармашылығының шарты ретінде.


Дене шынықтыру және спорт сабақтарындағы педагогикалық қарым-қатынас- 1 сағат

«Педагогикалық қарым-қатынас» түсінігіне анықтама. Дене шынықтыру және спорт сабақтарындағы педагогикалық қарым-қатынас функционалды – ролді қарым-қатынас түрінде. Педагогикалық қарым-қатынас ережелері.

Спорттық жаттығулар және жарыстар процестегі педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері. Жаттықтырушының дене шынықтыру пәні мұғалімінің педагогикалық басқару стилі педагогикалық қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы ретінде.

Дене шынықтыру және спорт мамандарының іскерлік қарым-қатынасы.



Семинар сабақтарының мазмұны:


  1. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері

  2. Балалардың жас мөлшері мен жеке дамуынығ ерекшеліктері

  3. Тұтас редагогикалық процестің мәні

  4. Тәрбие мақсаты және әлеументтәк маңыздылығы

  5. Тәрбиелеу әдістерінің, формаларының,құралдарының жүйесі

  6. Білім беру мазмұны

  7. Оқыту формаларын ұйымдастыру формалары.

  8. Сабақты өткізудегі дене шынықтыру мұғалімінің орыны мен ролі

  9. Жаттықтыру сабақтарын ұйымдастырудағы спорт түрлері жаттықтырушыларының орыны мен ролі

  10. Мектептің тәрбие жұмысы әдістемесінің негіздері

  11. Спорттық ұжымды тәрбиелеу әдістемесі

  12. Спорттық ұжымды тәрбиелеу әдістемесі

  13. Дене шынықтыру мен спорт мамандары қызметіндегі педагогикалық басқарудың ерекшеліктері

  14. Педагогикалық шеберліктің мәні

  15. Педагогикалық техника-шеберліктің маңызды бөлігі


СОӨЖ тапсырмаларын орындау және өткізу кестесі




Т Тақырып

Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі /

қосымша


сағат

Жұмысты тапсыру мерзімі

Бақылау формасы

1.

Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері

[1,2,4,9]/

[1,2,3]


3

3 апта

Ауызша

2.

Жеке тұлғаны қалыптастырудың,тәрбиелеудің, дамытудың жалпы заңдылықтары

[1,2,4,9]/

[1,2,3]


3

5 апта

Жазбаша

3.

Тұтас педагогикалық процесс-дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың кәсіби қызмет объектісі

[1,2,4,9]/

[1,2,3]


3

8 апта

Ауызша

4.

Педагогикалық процестің құрылымындағы оқыту

[1,2,4,9]/

[1,2,3]


4

11 апта

Жазбаша

5.

Спорт және дене шынықтыру сабағындағы тәрбие жұмыс әдістемесінің ерекшеліктері

[1,2,4,9]/

[1,2,3]


4

13 апта

Ауызша

6.

Спорттық педагогтың педагогикалық шеберлігінің негіздері

[1,2,4,9/

[1,2,3]


2,5

15 апта

Ауызша

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі




Тақырып

Пәннің мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі /

Қосымша


Ұпай

Жұмысты тапсыру мерзімі

Бақылау формасы

1.

Спорттық ұжым салттары мен дәстүрінің тәрбиелік маңызы.

Ауызша жауапқа дайындалу

[1,2,4,5,8,9]/

[1,2]


7

4 апта

Ауызша жауап

2.

Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебіндегі тәрбие жұмысының жүйесі.

Жазбаша есеп даярлау

[1,2,4]/

[1,2]


10

9 апта

Жазбаша есеп

3.

Жоғары дәрежелі спортшылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұны

Ауызша жауапқа дайындалу

[1,2,3,4,5,6,7]/

[1,2]


15

14 апта

Ауызша жауап



Әдебиеттер тізімі

. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:



Негізгі әдебиеттер:



  1. Подласый И.П. Педагогика 1-том Минск-1996.

  2. Под. ред. П.И. Пидкасистого. Педагогика. Минск -1996.

  3. Харламов В.Ф. Педагогика. Минск-1999.

  4. Әбиев. Ж. Бабаев. С. Құдиярова А. Педагогика. Алматы-2004.

  5. Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж.

  6. Қоянбаев. Педагогика. Алматы 2002 ж.

  7. Сағындықұлы Е. Педагогика. Алматы 1999.

  8. Бабанский Ю. Педагогика - Москва 1998

  9. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика - Астана 1988

  10. Савин Н.В. Педагогика Алматы 1975

  11. Берікжанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.

  12. Ильина Т.А. Педагогика. Минск -1984

  13. Дүсембекова Ш.Д. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Семей 2004.

  14. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, ПедагогикаАлматы 2003

  15. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы Алматы 2001.

  16. Амантурин.Ш Мұғалім және оқу-тәрбие жұмысы.-А., 1978ж

  17. Көпбаев.О. Жастар және провалық тәрбие.А.,1988ж

  18. Қоянбаев.Р.М. Тәрбие теориясы.А., 1991ж

  19. Тәрбие сағатының үлгі тақырыптары.// Қазақстан әйелдері,№1,2000,8бет

  20. Жарықбаев.Қ,Қалиев.С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.Оқу құралы. А.,Санат,1995

  21. Мектепке дейінгі және мекеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы.А.,1995ж

  22. Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді программасы. //Қазақстан мектебі.-8.06.1990ж

  23. Елманов.С,Күнтілеуов.А.Жастарға арналған праволық білім беру негіздері.,-А.,1985.

  24. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.-А.,1992ж

  25. Қоянбаев.Р.М. Білім беру және оқыту теориясы.-А., 1990ж

  26. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің тұжырымдамасы.// Республикалық баспа кабинеті.-А., 1995ж

  27. Мусин .Қ.С.Америкадағы педагогтық білім және заң саясаты //Қазақстан мектебі №5, №6.-А., 1996-1998;

  28. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.-А.,1994ж

  29. Педагогика /дәріс курсы /.-А., Нұрлы әлем, 2003ж

  30. Қоянбаев.Р.М. Бастауыш мектеп педагогикасының жалпы негіздері.-А.,2005ж

  31. Қабдықайырұлы.Қ,Монахов.В.М, Оқытудың педагогикалық жаңа техналогиясы.А., 1999

  32. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж

  33. Подласый.И.П. Педагогика. М,1999ж

  34. Сластенин.В.А, Исаев И.Ф, Шиянов.Е.Н. Общая педагогика.М ,2002г

  35. Виноградов.Г.С Народная педагогика.-Иркутск.1926г

  36. Қалиев.С.К. Халық педагогикасында ауыз әдебиетіндегі көрініс. А.,1987;

  37. Педагогикалық ізденіс.Құрасты.И.Н Боженова-А.,Рауан 1990ж

  38. Макаренко.А.С. Проблемы школьного советского воспитания-М.,1984

  39. Каримов.Л.К Основы правого воспитания.-А 1991

  40. Жарықбаев.К.Б и Калиев.С.К Национальные аспекты обучения и воспитания в Казахстане.-1990

  41. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж

  42. Ильина.Т.В Педагогическое планирование в образовательных учереждениях.-Ярославль ,1995г

  43. Шадриков.В.Д.Философия образования и образовательные политики-1993.



Білімді бағалау туралы ақпарат
«Дене шынықтыру және спорт педагогикасы курсы дәрістік және тәжірибелік курс болып табылады, сондықтан негізгі сабақты өту шарты барлық жеке тапсырмаларды орындау болып табылады, олар бақылаудың негізгі түрін құрайды.

Сабаққа қатысу міндетті түрде болу керек, ал себеппен немесе себепсіз қалдырылған сабақтар студентті тәжірибелік кешендерді орындаудан ешқандай босатпайды.

Студенттердің білімін бақылауға ағымдағы, аралық және қорытынды білімді бағалау формалары кіреді.

Ағымдағы бақылаудың әр формасы 5 ұпаймен бағаланады. Дәрістік, тәжірибелік, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау 5 ұпайлық жүйе бойынша бағаланады.

Оқу курсы аяқталғансоң бақылау формасы – емтихан.

Тәртіпті бұзғаны үшін және тапсырмаларды кестедегі мерзімнен кешігіп тапсырғаны үшін келесі айып санкциялары енгізіледі:



  • Кешігу – минус 0,5 ұпай

  • Сабаққа келмеу - минус 1,5 ұпай

  • Жұмысты уақытылы өткізбеу – баға 1 ұпайға кемиді

1 аралық бақылау қорытындысын шығарған кезде студентт 7 аптада жинаған ұпай санының жиынын есептейді.

2 аралық (қорытынды) бақылау қорытындысына 15 аптаның жиынтық ұпай саны есептеледі.

Егер 2 аралық бақылау бағасы 50% және одан жоғары болса рейтингті жоғарылатуға рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда 2 аралық бақылау қорытынды болып табылады.

Емтиханға студент қорытынды рейтингісі 50%-дан жоғары болса ғана жіберіледі.


Қорытынды бағаға мыналар кіреді:

Аралық бақылау - 60%

Емтихан – 40%

Курс саясаты мен процедурасы келесі әкімішілік талаптарды көздейді:


  1. Курс компоненттері мен оны оқытуға келесі негізгі талаптар:

  • Студент сабаққа қатысу керек, дәрістік, тәжірибелік, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын орындағанда белсенділік таныту керек;

  • Дәрістік және тәжірибелік сабаққа тек әскери формамен ғана қатысуға рұқсат етіледі;

  • Тәжірибелік сабақта қауіпсіздік техникасын сақтау керек;




  1. Сабақта өзін өзі ұстау ережесі:

  • Кешікпеу, сабаққа қоңырауға дейін кіру;

  • Кітәп-құралдарды бүлдірмеу;

  • Сабақ уақытында шығуға, сұрануға рұқсат етілмейдіСіздер барлық сабаққа қатысасыздар, осыдан кейін қойылған талаптарды орындасыздар деп үміттемін. Егер сіз қандай да бір себеппен сабаққа қатыспасаңыз, онда бүкіл материалға жауапкершілікті аласыз.

Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар.

Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады.

Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген ынтасын, ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі.

Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз келіп отырады. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз.

Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қана қоймай, өзінің жұмыс міндеттерін орындауға тиіс.

Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Уақытынан кешігіп тапсырылған тапсырмалар төмен бағаланады. Бұл курс бойынша қорытынды бағаға әсер ететіні сөзсіз.

Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді. Қажет уақытында кеңес беру кестесіне сәйкес оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет.



Назар аударыңыздар:

  1. Сабаққа кешікпеу.

  2. Дәріс сабақты босатқанда келесі сабаққа дейін өтілген материалды өз бетімен оқу.

  3. Жұмыстарды тапсыру мерзімін қатаң сақтау.

  4. Жеке тапсырмаларды уақытында орындау.


1.9. ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
Дәрісті тыңдап жазуға әдістемелік нұсқау.

Мақсаты:студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету.

Міндеттері:


  • Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру;

  • Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту;

  • Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді.

Дәріс студенттерге пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі.

Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық



  • Сабаққа кешікпеңіз;

  • Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз.

  • Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.



Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны.
Тақырып 1 Кіріспе. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздеріДене шынықтыру және спорт педагогикасы – педаогикалық білімдер саласы және жалпы мәселелері

Мақсаты: педагогика ғылым туралы, мұғалімнің теориялық және праткикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда дәіснаманың ролі туралы ұғамды қалыптастыру.

Міндеттері:

а) педагогика және оның категориялық аппараты туралы ұғым беру;

б) педагогикалық пәндердің мазмұнын ашып көрсету;

в) педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын көрсету;

г) педагогиканың және педагогикалық пәндердің әдіснамалық мәнін ашып көрсету.

Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas» баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз қожасвның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие – қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Қандайда болса ғылымның дамуы ұғымдар жүйесі арқылы ғылыми білімнің тұрақтануымен байланысты. Ғылымның негізгі ұғымдары категориялар деп аталады. Педагогикада негізгі ұғымдар «категориялар) жүйесі жүзжылдық бойында қалыптасты. Ол кездейсоқ емес, өйткені алдымен педагогикалық білімдер философия төңірегінде жинақталған, педагогика философиядан бөлінуі педагогикалық ғылымның объектісінің (насынасынысң) анықталуымен байланысты.

Категориялар мазмұндарында объективті шындықтың маңызы жақтары бейнеленуі, яғни уақыт анықталған категорилар құрамы, ос ығылым зерттейтін, объектвиті шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасауға мүмкіншілік береді. Бірақта бұл үшін зерттеліп отырған шындықтың шекарасын білу керек. ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратау,а болады. Ғылымдарды олардың ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге латын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет іске асырылатын объективтік шындықтың жақтары, педагогиканың насынасы болады.

Ал педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тысуақыттың бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.

Сонымен қатар, педагогикада жалпы ғылыми басқада адам туралы ғылымдар пайдаланатын ұғымдар пайдаланады.

- тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптасу, педагогикалық болмысқа қатысты іс-әрекет мағналы болады, егерде ол табысты болса, өйткені осы жағдайда тұлға өзін-өзі ұйымдастыра алатын жүйе ретінде өмір сүре алады. Яғни іс-әрекет табыстылығы, қазіргі кезеңдегі білім берудің тұлғаға бағытталған парадигмасы тұрғысынан, педагогикалық негізгі категориялар құрамына кіретін ұғымға жатады.

Демек, педагогика теориясы педагогикалық шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасау үшін «тәрбие», «білім беру», «педагогикалық процесс», «оқыту», «әлеуметтендіру», «іс-әрекет табысьтылығы» сияқты негізгі ұғымдарын «категорияларын») пайдалана алады, олар шындығында әртүрлі педагогикалық құбылыстарды танып білуде қолданылады.

уақыт
































Іс-әрекет табыстылығы, ХХI ғ. А. Рысбаева













әлеуметтендіру ХХ ғ.

С.Т. Шацкий, П.П. Блонский















Педагогикалық процесс

ХIХ ғ. П.Ф. Каптерев















Тәрбие,

ХVIII ғ. Р. Оуэн















ХVIII-XIX ғ. білім беру

Д. Локк, И.Г. Песталоцци















оқыту,

ХVII Я.А. Коменский














Түсінік




Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары) өзара тығыз байланысты – мазмұнды түрде бір-бірін өзара толықтырады, әртүрлі жақтарын бейнелейді. Толық бағалы теориялық білім дәл негізгі ұғымдар рақылы бекітіледі.

Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны. ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі(даралануы) белсенді жүрып жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика да бірте – бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсатары, жаса ерекшеліктері, оқу-тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшелегі бар салалар айқындала түсті.

Педагогика ғылымдарының жүйесіне, жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінге педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогиика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика және т.б. бөліне бастады.

Жалпы педагогика педагогиклық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогоикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінлде, діни ілімдерде, саясатануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциалдануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциалдануға,педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ- ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалуға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогиклық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық слыстыру және тағы басқалар) пайдаланылады.

Педагогика ол ағзаның материалды-энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықатырна (И.П.Павлов, П.К.Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогикның социологияның білім социологиясы, студенттер социаологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.

Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы. «Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. «Метод» «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық нгізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табтғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткнеде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосныдысыемес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.

Педагогикадағы жалпы теориялық зертетулерге педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ра қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогиклық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.

Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын дифференциаландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог – зертетушілер мен праткиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындыығна байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді;

  • тақырыпты үйлестірудегі және оның көкейкестілігін дәлелдей білуді;

  • ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын дәне пайда болған қайшылықатрын анықтай білуді;

  • зерттеу мәселесін үйлестіре білуді (яғни жауапты талап ететін сұрақты);

  • мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу пәнін анықтай алуды.

Ғлыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілін бір жобаланған жауап ретінде бейнеленеді. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық тәжірибені меңгеруді анықтаушы эксперимент және пелагогикалық шындықты қайта құруды қамтамасыз ету қлыптастырушы эксперимент.

Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдічтерді қолдауын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін – теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтыдан абстрактылық және абстралылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданылады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесеу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.

Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолдантын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендгі айқын болуы керек.

Бір терминді (сөзді) бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәнінің ұғымдық сиапттамасы зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық моделін жасаудың кепілі болады.

Соңғысы арқылы зерттеу құбылытарының нақытлы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әректетер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар праткика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар пакеті ретінде болашақ педагогикалық іс-әректетер жобасыда қаланады.
Тақырып 2. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістері

Мақсаты: болмысты ғылыми тану тәсілдері туралы түсінікті ќалыптастыру, ғылыми-педагогикалық ойлауды дамыту.

Міндеттері:

а) «Ғылыми зерттеу әдісі» ұғымының мәнін ашу.

ә) Болмысты ғылыми таңудың әр түрлі әдістерін көрсету.

б) Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгейлері әдістерінің мәні мен мазмұнын ашу.

в) Ғылыми зерттеу әдістерінің таным объектісінің ерекшелігіне тәуелділігін сипаттау.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет