Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет61/76
Дата04.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#189389
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15
8 тапсырма(2), Амангелді Айғаным жерге орналастыру 2 курс, Улттык тарбие Асан Ерганат, Вебинар 30.04.2023, 12-ВиÑ‚аминдеÑ€, ЖМ Тыныс алу Әдістемелік нұсқау
Каталаза

Каталаза[КФ 1.11.1.6] - сутек пероксидін ыдыратуды катализдейтін екі компонентті оксидоредуктазалар класының ферменті, пероксисомаларда шоғырланған.




Құрылымы
Каталаза- коферменті 4 гемнен тұратын, табиғаты жағынан гемоглобин мен Цхв ның гемдері сияқты, бірақ темірдің тотығу дәрежесі +3 болатын екі компонентті фермент (гемопротеин). Каталазаның молекуласы төрт бірдей суббірліктерден тұрады және соған сәйкес төрт простетикалық тобы болады, молекулалық массасы 60000. Гем мен белоктық бөлігі мықты байланыста болады, диализ кезінде де бөлінбейді. Каталазанаң әсер етуші оптимальды рН-6.0-8.0 аралығында жатады.
Биологиялық рөлі
Каталазаның ағзадағы биологиялық рөлі тотығу кезінде ағза жасушаларында флавопротеинді оксидазалар қатарының( ксантиноксидазалар, глкозооксидазалар, моноаминоксидазалар және т.б.)әсерінен түзілетін сутек пероксидін су мен молекулалық оттекке дейін ыдырату және жасуша құрылысын сутек пероксидінен қорғау үшін қажет.
Реакцияға екі молекула сутек пероксиді түседі, біреуі электрондардың доноры, ал екіншісі акцепторы болады.
2О2 → 2Н2О + О2
Оттектің бөлінуінің куәсі бензидиннің тотығуы кезінде ерітіндінің көк түске боялуы. Бензидин сынамасы- ол гемоглобин гемінің сутек пероксидімен бензидиннің қатысында жүретін реакцияға негізделген гемоглобинге сапалық реакция болады. Бензидин сынамасы ағзада білінбейтін қан кетуде (нәжісте, зәрде,асқазан сөлінде,құсық массасында), әсіресе АІЖда ойық жара, рак кезінде кететін қанға өте сезімтал реакциялардың бірі болып табылады.


Энзимопатия ( каталазаның жетіспеушілігі)

Рецессивтік типтегі тұқымқуалаушылықта каталазаның жетіспеушілігінен немесе жоқтығынан ауру дамиды, оны акаталаземия деп атайды. Бұл ауру ауыз қуысының , мұрынның шырышты қабатының ойылуын тудырады, кейде ол тіндердің шіруіне әкеледі. Мұндай жағдайлар Кореяда, Жапонияда жиі кездеседі. Бұл аурудың диагнозын қанға сутек пероксидін қосқанда оның көбіктенбеуін бақылау арқылы анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет