Кіріктіріп оқыту әдістемесінің негізіндегі оқу үрдісінің ерекшеліктері
Мақсаты: Екінші тіл арқылы пәнді оқытуға негізделген CLIL әдісінің ерекшеліктері мен білім мазмұнын меңгерудегі тиімділігін анықтау
Күтілетін нәтиже: «CLIL» пәндік-тілдік кіріктіріп оқытудың белсенді әдіс-тәсілі түсініктерін жетілдіру. CLIL әдісінің төрт принципін негізге ала отырып, сабақты жоспарлауда мынадай қағидаттарды назарда ұстау:
• Оқушылардың білімдерін қайта жаңғырту.
• Кіріспе және нәтиже.
• Уақыт беру.
• Топтық тапсырмалар.
• Танымдық сынақ.
• Ойлау қабілеттерін дамыту.
«Не себепті, білім беру кеңістігінде CLIL әдісіне баса назар аударылуда?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, бұл әдіс 2006 жылғы «Тілдердің үштұғырлылығы» тұжырымдамасының негізінде бастау алып отыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Үш тілді меңгеру – біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деп қарастырылады. Яғни, үштұғырлы тіл саясаты - өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея.
Жаһандану заманында жалпы орта білім берудің мақсаттары өзгерді, білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды, СLIL әдісінің заманауи сабақтарды қолданылуыны талап етуде.
Әлемдік білім беру жүйесінде СLIL әдісінің өзектілігі мен кең таралуы көптілді білім беру саясатымен тығыз байланысты. Аталған әдісті шет тілін оқытудағы үлкен табысқа жеткізетін Еуропалық Кеңестің сенім артқан нәтижелі істерінің бірі ретінде атайды.
Халықаралық атауы – CLIL (Content and Language Integrated Learning). CLIL терминін ең алғаш 1994 жылы зерттеуші Дэвид Марш енгізген. Қазіргі кезде бұл әдіс Қазақстанда да пәндерді оқытуда кең қолданысқа ие.
Жалпы интеграцияланған сабақтар оқу сағаттарын барынша үнемдеуге, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ құрылымының нақтылығымен ерекшеленеді.
Ең алдымен, бүгінгі ұрпақтың бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да алу арқылы ғылыми танымы жоғары, қай елдің болмасын мәдениетін білетін азамат өз елінде де, шетелдерде де қабілетті тұлғаға айналуы үшін қажет.
Жаһандану әлеміне қарыштап қадам басу үшін, өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін қажет.
Білім мазмұны жаңартып жатқанда, көп тілді меңгерудің маңыздылығы мен тиімділігіне баса назар аударып, білім беру әдістемесін соған қарай құру маңызды болып табылады.
Еліміздің білім беру жүйесінде орта білім мазмұнында үш тілде оқытудың әдіс-тәсілі болып табылатын пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) әдісінің ерекшеліктеріне тоқталайық.
CLIL әдісінің мақсаты - пәндердің мазмұнын ана тілі болып табылмайтын екінші немесе үшінші тіл арқылы оқу және пәндік салаларды оқу барысында тіл үйренуді жетілдіру, яғни пәндік және тілдік мақсаттарға қатар қол жеткізу.
CLIL әдісі бір-бірімен тығыз байланысқан 4 (4C) принциптерінен тұрады. Олар:
Content – мазмұн принципі. Бұл пән саласындағы ілгері басатын білімдер, біліктер, дағдылар.
Мұнда мұғалім төмендегі мәселелерді ұстануы тиіс:
- Сабақтың мақсаттары қандай?
- Оқушыларға нені үйретемін?
- Мен қандай оқу нәтижелеріне бағдарланамын?
2. Communication - қарым-қатынас принципі. Коммуникативтіліктің құралы болып табылатын тілді пәндер арқылы қалыптастыру. Тіл - оқуға тиіс пән ретінде емес, қарым-қатынас құралы ретінде қолданылады.
Мұнда мұғалімнің төмендегі мәселелерді қарастыруы қажет:
- Пәндік мазмұн үшін қандай тіл керек?
- Қандай сөз тіркестер мен терминдерді мен дайындауға тиіспін?
- Мен оқушылардың грамматикалық білімдерін тексеруге тиіспін бе (мысалы, сын есімдердің түрлері)?
- Сабақты өткізу кезінде мен қандай тілді қолданамын?
- Пікір алмасулар мен сөз алмасуларды мен қалай бағалаймын?
3. Cognition – танымдық принцип. Бұл жалпы түсінікті қалыптастыратын (нақты және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту. Блум таксономиясының ойлау деңгейлері сатыларымен сәйкес келеді.
Мұнда мұғалімге келесі сұрақтарға сүйенуге болады:
- Сын тұрғысынын ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін мен қандай сұрақтар қоюға тиіспін? Қандай жаттығуларды дайындау тиіспін? Сондай-ақ, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін мен тілді пәнге қалай кіріктіру керекпін?