Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет1/2
Дата17.04.2017
өлшемі412,09 Kb.
#14038
  1   2



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» жанындағы техникалық және кәсіби білім беру колледжі ШЖҚ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы



044 -50/18 К

21 беттің -беті



«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша теориялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы


ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ

пӘні бойынша

ТЕОРИЯЛЫҚ САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Мамандығы: 0032000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 7. АМҚ және АҚМҚ мекемелерінде медициналық, санитарлық-шаруашылық және арнайы дүние-мүлікпен жабдықтауды ұйымдастыру

(жалпы сағат саны: 6сағ; теория- 2сағ)

ШЫМКЕНТ 2014 ж

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
«Бекітемін»

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: аға оқытушы, магистр Турманова Ж.О.

Сабақтың тақырыбы: Табиғи, техногенді және биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды ме дицинамен қамтамасыз ету

(сағат саны: 6сағ -270мин; теория 2сағ-90мин)

1 Сабақ: Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз ету

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз ету дағдысын қалыптастыру;

- алғашқы және дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйрену;

  • тәрбиелік: төтенше жағдай салдарынан болған жарақаттарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге баулу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, бейне материалдар көру, сұрақ-жауап, пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, суреттер, кеспе қағаздары.

б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004

16..А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)

Медициналық көмектің түрлері

Төтенше жағдай кезінде тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек түрлері:



  • алғашқы медициналық көмек;

  • дәрігерге дейінгі көмек;

  • алғашқы дәрігерлік көмек;

  • мамандандырылған медициналық көмек;

  • арнайы медициналық көмек;

Жалпымедициналық көмекті балалар мен жүкті әйелдерге бірінші кезекті көрсетуге көңіл бөлінеді.

Алғашқы медициналық көмек

Аталған көмек тікелей зақым ошағындағы халықтың өзіне-өзі немесе өзара көмек көрсету тәртібімен, санитария жасақтарымен, зақым ошағын жоюға қатысқан азаматтық қорғаныс жасақтарының құрамымен, сондай-ақ аман қалған емдеу-профилактикалық мекемелердің қызметкерлерімен көрсетіледі.



Алғашқы медициналық көмектің мақсаты – қарапайым медициналық көмекпен зақымданудың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту арқылы зардап шегушінің өмірін сақтап қалу. Алғашқы медициналық көмек зақымданудан кейін 30минут ішінде көрсетілсе мейлінше тиімдірек.
Алғашқы медициналық көмек түрлері

  1. Механикалық зақымдау факторы басым апаттарда:

    • зақымданғандарды үйінді астынан шығару (егер аяқ-қолы басылып қалса, басылған жерден жоғары бөлікке жгут салынады);

    • асфиксиямен күресу, жоғары тыныс жолдарын сілекейден, қаннан және бөгде заттардан тазарту. Егер зақымданушы лоқсып құсса, мұрыннан көп қан ақса, оны жанына жатқызады, ал тілі тыныс жолдарын жабатын болса, тілінің ұшын түйреуішпен түйреп, дәкемен мойынға немесе иекке бекітіледі;

    • «ауыздан-ауызға» немесе «ауыздан-мұрынға» әдістерімен, S- тәрізді түтікшенің көмегімен өкпені жасанды желдету;

    • зардап шегушіні қолайлы физиологиялық қалыпқа жатқызу;

    • жүректің жабық массажын жасау,

    • уақытша қан тоқтату, қатты таңу, саусақпенбасу немесе байламсалу арқылы;

    • қарапайым заттармен зақымданған аяқ-қолды бекіту;

    • жарақатқа және күйген жерге асептиқалық таңғыш салу;

    • шприц-түтік (тюбик) көмегімен ауырсынуды басатын дәріні немесе антидотты егу;

    • зардап шегуіне құсу, ішкі мүшелерінің жарақаты болмаса – су (½ қасық содасы және 1 қасық тұз қосылған су), тонусты көтеретін сусындар (шәй, кофе) беру;

    • тоңу мен ыстық өтудің алдын алу;

    • зақымданғандарды қауіпті ошақтан алып шығып, белгіленген панаға орналастыру; зақымданғандарды жақын аймақтағы медициналық бекетке көшіруді бақылап, дайындау.

  2. Термиялық жарақат ошағында жоғарыда айтылған шаралармен қатар жүргізілетін қосымша шаралар:

  • жанған киімді өшіру, киімді шешу;

  • зардап шегушіні таза ақжаймамен орау.

  1. Улы заттар таралуымен болатын апат кезінде:

  • тыныс алу мүшелерін, көзді, теріні әсері күшті улы заттардың түсуінен қорғау;

  • дененің ашық бөліктеріне жартылай санитарлық өңдеу жүргізу (ағын сумен, 2% сода ерітіндісімен) және мүмкін болған жағдайда киімдерді дегазациялау;

  • ауыз арқылы уланғанда сорбенттер беру, сүт, көп мөлшерде су ішкізу;

  • зақымданушыны тез арада улану аймағынан шығару.

  1. Радиоактивтік заттардың бөлінуімен болған апатта:

  • йод дәрісін немесе мүмкін болған жағдайда радиопротекторларды қолдану;

  • киімге, аяқ-киімге жартылай дезактиваци жүргізу;

  • жеке қорғаныс заттарын пайдалану;

  • радиоактивтік зақымдану аймағынан тұрғындарды көшіріп, оларға алғашқы медициналық.

  1. Бактериялық зақымдалу ошағында жұқпалы аурулар өршіген кезде;

  • қолдан жасалған немесе табельды жеке қорғаныс заттарын пайдалану;

  • жұқпалы ауруларды жұқтыру мүмкін науқастардың және дене қызуы көтерілгендерді белсенді анықтап, оқшаулау;

  • жедел алдын алу шараларын қолдану;

  • жартылай немесе толық санитарлық өңдеу жүргізу.

Азаматтық қорғаныстың медициналық құрылымдары

Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің құрылымдарына: санитария жасақтары және санитария жасақтар отряды, алғашқы медициналық көмек отряды, жылжымалы эпидемияға қарсы отрядтар, арнайы эпидемияға қарсы бригадалар, арнайы медициналық көмек бригадасы мен арнайы медициналық көмек отряды жатады.



Санитария жасақтары (СЖ) – зақым ошағындағы зардап шеккендерге алғашқы медициналықкөмек көрсетуге арналған 5 буыннан тұрады. СЖ 10 сағат жұмыс ішінде шамамен алғандағы мүмкіндігі – 500 зақымданушыға (іздеусіз және тасымалдаусыз) алғашқы медициналық көмек көрсету. СЖ әрқайсысында 4 адам бар: командир, командирдің көмекшісі, байланысшы және жүргізуші (12-ші сурет).

Жылжымалы эпидемияға қарсы отряд құрамында санитария жасақтары қарапайым санитарлық, гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды атқарады. Сонымен қатар СЖ жинау көшіру бекеттерінде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге жұмылдырылады. Олар табельды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген: жеке қорғаныс заттары. Сонымен қатар жеке медициналық қобдиша, санитария сөмкелері, тасымалдағыштар тасымалдайтын ілгіштер, суға арналған құты (фляга), электрлік шамдар, мақта-маталы комбинезондар және бас киімдермен жабдықталған.

Санитария сөмкесінде таңуматериялы, дәкелер, мақта, қан тоқтататын байлам (жгут), йод тұнбасы, мүсәтір спирті, морфин, фосфор органикалық заттарға арналған антидот қайшы және тағы басқа қажетті заттар болады.
Дәрігерге дейінгі көмек

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек- табельды медициналық мүліктерді қолдана отырып, орта медицина қызметкерлері (мейірбике, фельдшер) атқаратын медициналық көмектің жиынтығы.

Көмектің мақсаты- зақымданудың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту, ал кейде зардап шегушінің өмірін сақтап қалу.

Дәрігерге дейінгі көмек зақымданудан кейін 1 сағат ішінде көрсетілуі тиіс. Бөл көмекті жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету бригадасы көрсетеді. Осындай бригаданың құраманы 4 адам кіреді: аға мейірбике, мейірбике, жүргізуші және санитар. Бригада медициналық, санитарлық, шаруашылық және арнайы жабдықтармен жабдықталған. Медициналық заттар 50 зақымданушыларға көмек көрсетуге есептелген.



Дәрігерге дейінгі көмек түрлеріне жатады:

  • Тынысы бұзылғанда ауа жіберетін түтікшені қолдану;

  • Амбу қапшығының көмегімен өкпеге жасанды желдету жүргізу;

  • Газ сейілткішті кигізу (мақта-маталы дәкені, респираторды қолдану);

  • Жүрек-қантамыр жүйесін (қан қысымын төмендету, пульсты анықтау) және тыныс алу жүйесін бақылау;

  • Ауырсынуды басатын және жүрек-қантамыр жүйесін реттейтін дәрілік заттарды қолдану;

  • Антибиотиктер мен қабынуға қарсы дәрілерді енгізу;

  • Тыныштандыратын, тырысуға және құсыққа қарсы дәрі-дәрмектерді енгізу;

  • Сорбенттер мен антидоттарды қолдану;

  • Байламдар (жгуттар), тасымалдағыш шиналардың дұрыс таңылғанын қадағалау;

  • Жараны асептикалық таңғышпен таңу.


Алғашқы дәрігерлік көмек

Алғашқы дәрігерлік көмекті алғашқы дәрігерлік көмек отрядтары, зақым ошағының аймағында сау қалған емдеу-профилактикалық мекемелердің дәрігерлері көрсетеді.

Алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі міндеттері:


  • Жара инфекциясы дамуының алдын-алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру; шоктың алдын-алу және онымен күресу;

  • Тіршілік көрсеткіштері тұрғысында зақымданғандарға хирургиялық жәрдем көрсету;

  • Сәуле шарпуы мен улағыш заттардың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту.

Алғашқы дәрігерлік көмек зақым алғаннан кейін 4-6 сағат ішінде көрсетілуі тиіс.

Алғашқы бір, екі тәулікте өлімге әкелетін себептер: ауыр механикалық жарақаттар, қан кету, тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы, осындай жарақат алғандардың 30%-ы алғашқы 1 сағат ішінде, 60%-ы 3сағаттан кейін, егер көмек 6сағатқа кешіксе ауыр жарақаттанғандардың 90% қаза болуы мүмкін.



Алғашқы дәрігерлік көмектің түрлері:

  • Сыртқа аққан қанды толық тоқтату;

  • Шокпен күресу (ауырсынуды басатын, жүрек-қантамыр жүйесіне арналған дәрілерді егу, новокаинді блокадалар жасау, транспорттық иммобилизацияны орындау, шокқа қарсы қан алмастырғыш ерітінділерді құю);

  • Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру (трахеомостия, трахеяны интубациялау, тілді бекіту);

  • Ашық пневмоторакс кезінде окклюзиялық таңғыш салу;

  • Жүрекке жабық массаж жасау;

  • Тағылған байламдарды (жгут) қадағалау, транспорттық ампутация жасау;

  • Жасанды тыныс алдыру ( Амбу қапшығы немесе аппарат арқылы);

  • Жедел терапиялық көмек (антидоттарды енгізу);

  • Акушерия-гинекологиялық көмек (гемостаз, жараны тазалау, ерте босанғандарды қабылдау, жүктілікті сақтауға арналған шаралар);

  • Сыртқа аққан қанды толық тоқтату;

  • Зәр тоқтағанда қуықты катетеризациялау, оған пункция жасау;

  • Антибиотиктер, сіреспеге қарсы анатоксин, гангренаға қарсы сарысу егу;

Алғашқы дәрігерлік көмектің көлемі зақымданғандардың санына, төтенше жағдайдың шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсететін құрылымдар-жедел медициналық көмек бригадасы, дәрігерлік-мейірбикелік бригадалар және жұмысын тоқтатпаған емдеу мекемелері.



Мамандандырылған медициналық көмек жоғары мамандандырылған хирург және терапевт дәрігерлер көрсететін, хирургиялық және терапиялық шаралардың жиынтығы.

Мамандандырылған медициналық көмектің мақсаты-зақымданғандардың өміріне қаіп төндіретін себептерді жою, асқынулардың алдын-алу, сонымен қатар мүшелер мен жүйелердің бұзылыстарын қалпына келтіру.

Осындай көмек көрсетілу екі тәуліктен кешікпеуі керек.

Мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетілуі жеделдігіне байланысты үш топқа бөлінеді:



  • Бірінші топтың науқастарына жағдайының ауырлығына байланысты жедел ем жүргізу, емнің кешігуі бірнеше сағаттан кейін науқас өліміне әкеліп соғуы мүмкін;

  • Екінші топ-дер кезінде көрсетілмеген емнің әсері ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін;

  • Үшінші топ-жоспарлы түрде жүргізілетін ем.

Мамандандырылған терапиялық көмек өмірге қауіп төндіретін төменгі асқынулардың алдын-алады, оларға асфиксия, тырысу, коллапс, өкпе ісінуі және жедел бүйрек жетіспеушілігі жатады.

Мамандандырылған терапиялық көмек науқастарға ем жүргізудің жеделдігіне байланысты екі топқа бөлінеді:



  • әртүрлі улағыш заттармен уланған жедел шараларды жүргізуді талап ететін науқастар;

  • емшараларын жүргізу кейінге қалдырылған науқастар, осындай шаралардың кеш атқарылғаны олардың өміріне ешқандай қатер төндірмейді.

Арнайы медициналық көмекті- қала сыртындағы аймақтағы емдеу мекемелерінде көрсетеді. Арнайы медициналық көмек көрсетудің ең тиімді мерзімі зақымданғаннан кейінгі алғашқы үш тәулік. Бұл көмек түррі әртүрлі медициналық арнайы жабдықтарды қолдана отырып, мүшелер мен жүйелердің қызметін қалпына келтіріп, науқастың толық айығуы және реаблитация жұмыстарын жүргізумен шектеледі.

Арнайы медициналық көмекті ұйымдастыруға арналған факторлар:

  • мамандардың саны;

  • медициналық жабдықтармен жабдықталуы;

  • ем жүргізілетін қала сыртындағы аймақтардағы емдеу мекемелерінің болуы.т

Жарақат алғандардың 70% арнайы медициналық көмекті қажет етед.

Оларға:


  • бас, мойын, омыртқа, ірі қантамырлардың жарақаттары бар науқастар;

  • кеуде және ішкі мүшелер жарақаттары бар науқастар;

  • күйікпен зақымданғандар;

  • әсері күшті улы заттармен және улану заттарымен зақымданғандар;

  • жұқпалы аурулар;

  • психикалық жарақат алғандар;

  • созылмалы соматикалық аурулардың асқынған түрі.

Емдеу белгісі дегеніміз зақымданғандарға медициналық көмек көрсетілуі реттілігі мен орны және қажеттілік дәрежесі.

Зақымданғандарды медициналық көмекті қажеттілік дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөледі:



  • жедел көмекті қажет ететіндер;

  • медициналық көмек бірнеше сағатқа кешіктірілуі мүмкін;

  • өте ауыр жарақат алған, терминалды жағдайда жатқандар симптоматикалық емді қажет ететін науқастар.

Көшіру белгісі дегеніміз көшірудің реттілігіне, көліктің түріне және науқасты көлікке отырғызу, жатқызу, тасымалдау түріне қажеттілігі. Осы белгіге байланысты науқастарды келесі топтарға бөледі:

  • басқа аймақтағы немесе өзінің орталығындағы емдеу мекемелеріне көшірілетінде;

  • осы емдеу мекемесінде қалдырылғандар (жағдайының ауырлығына байланысты) уақытша немесе толық айыққанша;

  • жергілікті емханаларда амбулаторлық ем қабылдайтындар немесе медициналық бақылауда болатындар.

Зақымданғандарға арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру

Зақымданғандарға арнайы медициналық көмекті көрсету үшін азаматтық қорғаныстың медицина қызметі төтенше жағдай кезінде қала сыртындағы аймақта ауруханалық базаны құрады.

Ауруханалық базаны құру үшін қалалардан көшірілетін емдеу мекемелерінің күші мен жабдықтарын қолданып, босап қалған санаториялар, демалу орындары және тағы басқа босап қалған мекеме ғимараттарын пайдаланады.

Ауруханалық базаның құрамына кіреді:



  • ауруханалық базаны басқару бөлімі;

  • 2-4 ауруханалық корректор;

  • медициналық тарату пункті;

  • қосымша реттеу пункті;

  • көшіру қабылдау пункті.


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1. Медициналық көмектің түрлері

2. Алғашқы медициналық көмек

3. Алғашқы медициналық көмек түрлері

4. Дәрігерге дейінгі көмек

5. Арнайы медициналық көмекті

6. Мамандандырылған медициналық көмек

7. Арнайы медициналық көмекті ұйымдастыруға арналған факторлар


12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру. Биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз ету Н 2, 152-156 2 мин (2%)

Сабақтың тақырыбы: Табиғи, техногенді және биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды ме дицинамен қамтамасыз ету

(сағат саны: 6сағ -270мин; теория 2сағ-90мин)

1 Сабақ: Биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды медицинамен қамтамасыз ету

Сағат саны: 45 мин (100%)


  1. Сабақ түрі: теориялық

  2. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: биологиялық сипаттағы төтенше жағдайда тұрғындарды оқшаулау мен залалсыздандыру жұмыстары туралы түсінік қалыптастыру;

  • тәрбиелік: АИ-4 қобдишасын қолдану тәртібін білу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: түсіндіру, оқып-үйрету, ақпаратпен жұмыс істеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, суреттер, кеспе қағаздары.

б) оқыту орны:116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет