Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі



бет1/56
Дата11.06.2024
өлшемі319,58 Kb.
#203318
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Фонет 7.15


7 Лекция тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер),олардың зерттелуі


Лекцияның оқыту нәтижелері:1.Дауыссыздардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді анықтайды;2.Дауыссыз дыбыстардың зерттелуін игереді;3.Дауыссыз фонемалардың құбылыстық және өзіндік ерекшеліктерін анықтай алу дағдысын қалыптастырады.
Дауыссыздар (консонантизмдер)

Дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны 25, кейде 26. Фонетиканың бас оқулығы: «Қазіргі қазақ тілінде» мынадай 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, һ дейді де, бұларды топтастырған кезде щ әрпін қосады. Дұрысы щ – дыбыс емес, әріп. Ол созылыңқы ш дыбысының таңбасы, транскрипцияда оны ш түрінде таңбалайтыны айтылды. Қазақ тілінде щ әрпі тек ащы, тұщы, кеще сөздерінде жазылатыны белгілі. Дұрысы, қазақ тілінде қос ш түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі: ашшы, кешші, ішші, ұшшы. Жоғарыдағы үш сөздің щ-мен жазылатын, шамамен түбір мен қосымшаға ажырамайтынынан болса керек.


Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер (лат.сөзі) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқывндалып, бірізге түсіп болған жоқ. Жоғарыда дыбыс, фонема туралы түсініктен бір ғана т-ның төрт түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда, жуан езулік (ат), жіңішке езулік (ет), жуан еріндік (от), жіңішке еріндік (өт). Осындай қасиет у-дан басқа дауыссыз дыбыстардың бәрінде де бар. Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингармотиптен немесе 66 сингармодауыссыздан құралады». Басқаша айтқанда, 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б, ғ-г, д, ж, з, й, қ-к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в, ф, х, һ, ц, ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар – жолодан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар.
Қазақ тіліндегідауыссыздар саны сонау Н.Ильминскийден кешегі 40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Рас, кей текстер мен сөздікте қ, ғ алынбай, к, г-мен берілетін жағдайы кездеседі. Сондай-ақ, й, у (кейде р, л) дыбыстарын кезінде А.Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы және басқалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі.
50-жылдардан бері қазақ тілі оқулықтарының бәрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп кеттік. Жоғарыда Ә.Жүнісбеков шеттеткен в, ф, х, ц, ч дыбыстары негізінен орыс сөздерімен баса көктеп келгені белгілі. Фонетиканың бас оқулығында акад. І.Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазақ әдебиет тіліне в, ф, ч, х тәрізді фонемалар енді» , деп аладлы да, былай жалғастырады: «Екі тілде (қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тіліне сіңіңп кеткен деуге болады» (Қазіргі қазақ тілі, 1954 ж. 132-б.).
Қазақ тілінде қ түбірде дауыстылардың қоршауында тұрып, осы х-ға жуық (ахын, жахын, Ахан, Жахан) дыбыталатынын жоққа шығаруға болмайды. Ал ч дыбысының диалектілерде (сөз басында челек, чапан, чал) түрінде кездесетіні анық. Тіпті әдеби тілімізде де тш, тж тіркестерін тч түрінде дыбстап жүргенімізді аңғармаймыз. Айтып көріңіз: Айтжан, сатшы, Сәтжан, патша, етже, итшілік, атша т.б. Сондай-ақ атса, атсыз, етсіз, кетсе, етсе, отсыз сияқты сөздердегі тс дыбыстар тіркесі тц-ға жуық айтылса керек.
Жүйеге жүрмей, үнемі жіңішке айтылатын к, г зерттеушілердің назарын әр кез өзіне аударып отырған.
Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П.Мелиоранский бұл (қ, ғ, к, г) төртеуінің анық естілетінін айтады. А.Байтұрсынов «Тіл құралында: «Қ һәм ғ дыбыстары һеш уақытта жіңішкермейді. К һәм г дыбыстары һеш уақытта жуандамайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады», десе, осы ойынан кейін де айныған жоқ.
Сонымен азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыздар саны – 15: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, ш.
Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – 5: ғ, қ, ң, у, һ.
Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар да – 5: в, ф, х, ц, ч.

Дауыссыздар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі:




І. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
1. үнділер: л, м, н, ң, р, й, у
2. ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з
3. қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч


ІІ. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарй да үш топқа бөлінеді:
1. шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң
2. ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, л, й, у
3. діріл дауыссыз: р




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет