Lesson Study тәсілінің тиімділігі



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі114,03 Kb.
#45918
  1   2   3
Lesson Study тәсілінің тиімділігі:                                                                                                  

«Ойлау оңай, әрекет қиын,

ал ойды әрекетке айналдыру ең қиын нәрсе.»

И. Гете.

Казір елімізде білім берудің  ұлттық

үлгісі қалыптасуда. Ол балаға өзін – өзі тануға және өзін – өзі жүзеге асыруға

ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.Сондықтан оқушының дамуына жағымды

жағдай тудырып, оқу процесіне қатыспай қалуы мүмкін болмайтындай етіп сабақты

құрастыратын біз – мұғалімдер.Lesson Study- мұғалімдерді оқыту мен тәжірибесін дамытудағы  ынтымақтастық 

және  білімді жетілдіруге

бағытталған педагогикалық тәсіл.Бұл

тәсілсабақты зерттеу нысандарының бірі болып табылады және  мұғалімнің практикалық білімінің дамуына

бағытталған  іс-әрекеттегі зерттеудің

жоғары түрі.Зерттеу сабақтарынан кейін мұғалімдер өздерінің педагогикалық

әдістерін жаңартады,өзгертеді.Бұл- кәсіби біліктілікті жетілдіретін технология.

Lesson Study тәсілінің тиімділігі:                                                                                                  

а)оқушының білім

алудағы өзгерісінің дәлелін әртүрлі қырларынан көруге;

ә)мұғалімнің пікірі

бойынша оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы

айырмашылықты көруге;

б) мұғалім-оқытудың

нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес етіп сабақты қалай жоспарлау

керектігін түсінеді;

в)

Lesson Study-дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және



мұғалімдердің қоғамдастығы аясында өзінің мүмкіндіктерін іске асыруға

педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.                                      г)Тапсырмалар

мектеп пен сыныптың қажеттілігіне қарай жасалады.Lesson Study-ді бірлесіп

жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала

отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson

Study өткізеді және оны қадағалайды. Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study

туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.Lesson Study-ді талқылайды.Қолданылатын

әдісте бақылаудағы оқушылардың жеткен жетістіктерін,оқуда көрсететін нәтижелері

мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте

оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану.

Lesson Study-дің өзектілігі:

Оқушының


оқу үдерісін көру;

Тәжірибедегі өзгерісті көру;

Оқыту жоспарын оқушылардың қажетілігіне қарай жоспарлай білу;

Мүмкіндікті алдағы тәжірибелерде қолдану ;

Ең тиімді жоспарлар түрлерін анықтау.

Осы дағдыны негізгі бағытқа ала отырып, мен осы жылы

ақпан айында 7 «ә» сыныбында физикадан lesson Study –әдісі

бойынша сабақ өткіздім.

Мұндағы

ең басты мақсатым:



а) оқушының

білім деңгейін көтеру

ә) өз  іс-тәжірибеме өзгеріс енгізу,жаңарту                                                                     

              б) оқыту әдістемесін жетілдіру                                                                                         в)

оқыту үшін бағалау әдістерін әзірлеу мақсатында тәжірибемде табысты қолдану.Теориялық

дағдыларға сүйене отырып,біз мұғалімдер ұжымы шағын отырыс өткіздік.Lеsson Study тәсілін іске

асыру барысында зерттеу сабағын өткізу егжей-тегжейлі  жоспарланды.Зерттеу сабағына қатысатын топ мүшелерін  жасақтап  алдық. Сабақ өткізетін пән мұғалімінен басқа

3-оқушының даму деңгейі мен өзгерісін зерттейтін 3-тәжірибелі ұстаз және осы ұстаздар

тобына басшылық жасап, олардың жұмысына рефлексия жасаушы модератор -ұстаз(1-деңгейлі)

таңдап алынды.Оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын  қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы

құрылды. Олар:

1.Турлашова Г.Е –І (озық) деңгейлі математика пәнінің

мұғалімі;

2.Калиева С.С- ІІ (негізгі) деңгейлі математика пәнінің

мұғалімі;

3. Ерназарова З.Қ- ІІ (негізгі) деңгейлі бастауыш

сынып  мұғалімі;

4.Арыкпаева Г.Б- ІІ (негізгі) деңгейлі орыс тілі пәнінің

мұғалімі;

Іс-әрекетті зерттеу сабағында



бақылауға алынған оқушылар:

А

оқушы (үлгерімі жоғарғы)-Темирбеков Темірлан,Жаппарберді Зухраб.

В

оқушы (үлгерімі жақсы) –Тлеубердинова Жұлдыз.

С оқушы (үлгерімі

төмен)-Айкумбеков Темирлан. Білім деңгейі жоғары А типті оқушыға 2-бала  алған себебіміз- олардың мінез-құлықтары,білім деңгейлері,көшбасшылық қасиеттері өте ұқсас,сондықтан осы екі оқушының арасындағы өзгеріс пен ерекшелікті де анықтауды мақсат етіп қойдық. Осылай зерттеу жүргізуге фокустық топ мүшелері анықталды,мектеп директоры бұйрық шығарып алдын ала бұйрықпен таныстырылды.Бұл ұстаздар өз келісімдерімен зерттеуге қатысуға қол қойды.

Бұл жасақталған топтың  жұмыс жүргізу мақсаты:

Өздері күнделікті жинаған

материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын

белгілеу үшін қолдану. Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін,

белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтау,«бақылаудағы

3 оқушыны» зерттеу. Бақылаудағы 3 оқушы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі және

оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылар.Сабақ өткізуге дейінгі

кезең бірлесіп жоспарлау болды.

Осы жасалған  циклмен жұмыс жасалды.

 

Lesson


Study-ді жоспарлау үшін мұғалімдерге арнайы уақыт бөлінді.Сараптама жасау үшін әдістерді  анықтай отырып, сабаққа жоспар жасадық.

Оны  LS өткізу барысында бақыладық.Зерттеген

оқушыларымен әңгіме жүргіздік.Бірігіп

талданды,нәтижесі талқыланды.Ең бастысы

мұғалімнің оқытуына емес оқушының оқуына басты назар аударылды.Сабақта мұғалім мен оқушының іс-әрекеті және  оқушылардың

топпен жұмыс істеу дағдыларын қадағалауды 

басты назарда ұстауды алға міндет етіп қойдық.15 ақпан күні Lеsson Study топ мүшелерінің бірінші отырысында өзара

келісе отырып, тақырыптық-күнтізбелік жоспардан 7-сыныптағы §35 «Гидравликалық машиналар» тақырыбына

тоқталдық. Онда төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды:

Орта мерзімді жоспарлау жасалынды,онда жұмыс сызбасы және

тізбектелген сабақтар жоспары құрылды;

Сабаққа қажетті қосымша дидактикалық материалдар

зерттелді;

 «Гидравликалық



машиналар» тақырыбын, яғни бірінші

сабақты бастап та кеттік. №1 сабақ:Сабаққа

14 –оқушы қатысты,катыспады-1 оқушы.

Оның өтілу жоспары төмендегідей болды:                                                                

Топқа бөлу процесі.                                                                                                                 

«Ой қозғау» өткен тақырып бойынша тиянақтау

Логикалық есептер

Жаңа сабақты меңгерту, постер қорғау (3-топ)

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Тест тапсырмасы

Кері байланыс «Не үйрендім?  Не қиын болды?»

Сабақ өз дәрежесінде өткізілді. Топ мүшелері сабақты

қадағалап және қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырды.Бақылаушы

бақылау парағын толтырып отырды. Өткен білімді жаңа біліммен байланыстыруда

«Логикалық салыстыру» берілді. Бұл іс-әрекетен кейін мұғалім жаңа тақырыпты

жоспарлауда бейнесюжет көрсетті. Сабақта бөлгенде бұл В,С оқушылар бір топта

жұмыс жасады,ал Зухраб пен Темирлан жеке-жеке топта болып олардың көшбасшылығы

да бақыланып отырды.Нәтиже: оқушылар бейнесюжетті көру арқылы топ болып пікірлерін

білдірді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа тақырыпты өздері нақтылады. Постер

қорғауда оқушылар жұппен, топпен талқылап, өз ойларын білдірді Оқушылардың

шығармашылық  қабілеттерін дамытуда  күнделікті өмірден тәжірибелер айтылды.                                                                                                          Ортақ



қорытынды: ойларын постерде көрсетуде С деңгейіндегі оқушы  қызығушылықпен тапсырманы орындауда өзін

көрсете білді.                                Нәтиже:

оқушылар берілген тапсырмаларды топта талқылады, оқу үдерісінде белсенділігі

әрі шығармашылық қабілеттері жағынан дарынды оқушылар анықталды. Оқушылар кері

байланыс жасады. Анықталған оқушыларды бақылау барысында А деңгейдегі оқушы топтық

жұмыс барысындағы барлық тапсырмаларды орындауда топтағы мүшелеріне бағыт

беріп, көмектесіп отырды. Алдыңғы сабақтарда В деңгейіндегі оқушы дарындылығы

анықталған болса, кейінгі сабақтарда көшбасшылық дағды қалыптасты. Ол өзінің

көшбасшылығын сабақ барысындағы күрделі тапсырмаларды орындауда өз тобына көмек

беру арқылы көрсетіп отырды.В деңгейлі оқушы  барлық сабақтарда белсенділгі мен шығармашылық

қабілеттерін көрсете білді. Топ мүшелеріне көмектесті. Қабілеттілігін көрсете

білген ол, жақсы деңгейден жоғары деңгейге көтерілді. Себебі, В



деңгейлі оқушының дарындылығы мен көшбасшылық қабілеті осы топтық

жұмыстарда шыңдала түсті. Сабақ соңында осы зерттеу сабағы туралы сынып

оқушыларымен сұхбат жүргізілді.

Оларға төмендегідей сұрақтарқойылды:

Саған сабақта бәрінен де не ұнады?

Сен нені үйрендің? 

Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? 

Нені жақсырақ істей аласың? 

Қаншалықты жақсы?

Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?

Топ мүшелері зерттеу сабағы  аяқталысымен  бірден талқылау  жүргізді. Талқылауда мына мәселелер қаралды:

Бақылаудағы оқушылардың оқуын қадағалау нәтижесі;

Сыныптың тұтастай оқытылуы;

Зерттеу сабағының барысы және оқыту үдерісі;

Белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі

зерттеу сабағының мақсаты.

Ұсынба:

а) келесі сабақта деңгейлік тапсырмалар дайындап сабаққа

баяулау араласып отырған оқушылырға жеке тапсырмалар дайындап келу керек.

б) сыныпта 14 оқушыдан 

6- оқушы ғана жақсы жұмыс жасады, белсенді араласты.Келесі сабақта

қалған оқушылармен көбірек жұмыс  жасайтындай тапсырмалар дайындау керек.Соңында



 топпен  бірлесіп  келесі Lеsson Study-ді жоспарладық. 18 ақпан күні  §36 Газ қысымы  Lesson Study-дің екінші сабағы  өткізілді.

Оның өтілу жоспары төмендегідей

болды:

Топқа бөліну;



Деңгейлік тапсырмалар;

Жаңа сабақты меңгерту, постер қорғау (3-топ);

Логикалық салыстыру;

Үйге тапсырма беру, кері

байланыс.

Сабақ соңында осы зерттеу сабағы туралы сынып оқушылары

Қабдуали Алишер, Таласпаева Камила, Жаппарберді Зухрабпен сұхбат жүргізілді, ал

топ мүшелері зерттеу сабағы аяқталысымен бірден талқылау жүргізді.

Бақылаудағы оқушылардың оқуын қадағалау нәтижесін айтты;

Сыныптағы оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділіктеріне

тоқталды;

а)бүгінгі сабақта деңгейлік тапсырма болғандықтан,

ә) өткен сабақтағы жинаған ұпайлары диаграмма түрінде

көрсетіліп сабақтың басында талданып өткендіктен,бұл сабақта оқушылардың

белсенділігі артты.Әрбір оқушы үшін жеке-жеке деңгейлік тапсырма

әзірленгендіктен, жұмыс жасамай отырған оқушы болған жоқ.Сынып оқушылары түгел

қамтылды.С-оқушы бүгін өте жақсы жұмыс жасады.Осы сыныпта М және Н-деген

оқушылар

Белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі

зерттеу сабағының мақсатын белгіледі.



Топпен бірлесіп келесі Lеsson Study-ді жоспарладық. 23 ақпан күні Lesson Study-дің үшінші сабағы «Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым»  тақырыбында  өткізілді.

Оның өтілу жоспары төмендегідей

болды:

Логикалық салыстыру (үй тапсырмасы);



Жаңа сабақты меңгеру,жаңа сабақтың сұрақтарын топпенқорғау

(3-топ);

Оқулықпен жұмыс;

«Ой қозғау»мұғалімнің сұрақтары, оқушылар ойланып,

әрқайсысы жеке жауап береді,жұптарға бөлініп, өздерінің жаңа жақсартылған

жауаптарымен сыныппен бөліседі;

Үйге тапсырма беру, кері

байланыс.

Жалпы алғанда, әрбір сабақтан соң шығармашылық топ

мүшелері бірлесе отырып, кәсіби әңгіме жүргіздік, талдау жасадық, басымдықтар

мен кедергілерді анықтап, ортақ шешім таба білуді үйрендік. Оқушыларды топқа бөлгенде

өткен сабақтағы кейбір ескеретін әдістерді қарастырып бөлінді.

1-сабақта журналдағы тізім

бойынша 3-топқа бөлдім.

2-сабақта 1,2,3 сандарынан

жеребе алу арқылы топ құрадық.

3-сабақта “қатты” “сұйық”

“газ”-сөздері жазылған ораулы жабық қиындыларды таңдау арқылы бөлінді.

3-сабақтың тақырыбына сәйкес сөздерді таңдап алып, жаңа құралған әрбір топ осы

зат күйлерінің анықтамасын қайталап еске түсіру арқылы жаңа сабаққа қызығушылық

қалыптасты.

А-оқушылар

белсенді жұмыс жасап тобын алға сүйреді.

Іс-әрекетті зерттеу соңында

зерттеуге алынған 7 «Ә» сыныбымен дөңгелек үстел өткізілді. Сұхбат барысында 7

«Ә» сынып оқушыларының мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында өткізілген

тізбектелген сабақтар мен іс-әрекетті зерттеу сабақтарының өткізілуі туралы оқушылармен

кері байланыстағы қорытынды пікірлері:



Топтық жұмыстардың ұйымдастырылуы бізге ұнады;

Сабақта біз бір-бірімізге көмектесу арқылы білмегенімізді

үйреттік, үйрендік;

Сыныпта біздің көңіл-күйімізді ескеретін психологиялық

жағдай орнады;

Мұғалімдер сабақты қызықты өткізетін болды;

Сабақ күнделікті сабақтай емес, әртүрлі жаңа тәсілдер

қолданылатын болды;

Әртүрлі тапсырма түрлерін орындадық және өз білімімізді

бағалайтын болдық;

Сабақ соңында ойымызды ашық айтуда қолданылған кері

байланыс тәсілдері өте ұнады;

Шығармашылық жұмыстарды топ болып орындауда, постер

әзірлеген ұтымды болды.

Зерттеуге жинақталған ұстаздар сабақ  жүргізген мұғалімге үлкен алғыс білдіріп,топпен

бірлесіп  Lеsson Study –ді қорытындылап,

жинақтаған білімдерін педагогикалық ұжыммен кеңінен бөлісті.

Көшбасшы ретінде қысқа мерзімді

уақыт ішінде мектеп өміріне шұғылалы күн сәулесіндей енген өзгерістердің өзі

мұғалім тәжірибесі мен кәсіби дамуына, оқушылардың жетістіктері мен

нәтижелеріне теңізге тамған тамшыдай оң әсер етіп жатса, жаңалықтың жаршысы

болған оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мектептің дамуына кәсіби қоғамдастық

мүшелері мен желілік қоғамдастыққа тартылған мектептер арқылы ықпал етеді деген

сенімдемін.


Каталог: uploads -> 2017 -> post12
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні
post12 -> Сабақ тақырыбы: Екінші сыныпта оқимын. Білімділік
post12 -> Эссе тақырыбы: «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер»
post12 -> Сабақтың мақсаттары: Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы айту
post12 -> Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана» Сабақтың мақсаты: Білімділік
post12 -> Сабақтың тақырыбы: Фантазия Осы сабақта қол жеткізетілетін оқу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет