Махамбет аудандық білім бөлімі Тақырыбы



бет1/4
Дата08.09.2017
өлшемі0,55 Mb.
#30150
  1   2   3   4
Махамбет аудандық білім бөлімі

Тақырыбы:

Дайындаған: Хайрошева Эльмира Сәрсенбайқызы,

Алмалы орта мектебінің

саз пәні мұғалімі.

2012 жыл

Пікір

Мұғалімнің баяндамасы мектепішілік өткен педагогикалық оқуда оқылып, тыңдалды.

Мұғалім өз тәжірибесіндегі жұмыстарын тақырыпса сай нақтылы көрсете білген. Музыка сабағын оқытудағы шығармашылық және өз бетімен жұмыстарын жүргізуде өзіндік өрнегі бар екендігі байқалады. Оқушылардың өнеріне деген ынтасы, ізденісі ерекше көңіл бөледі. Бірнеше сабақтардың өткізуі жоспарына сай.

Музыка сабағын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін шебер пайдаланған. Оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға көп көңіл бөледі. «Дина», «Дәстүрлі күйшілік өнер» ашық сабағында жаңа технологиямен оқыту, өз бетімен іздену, жарыс сабақ, концерт сабақтарын шебер ұйымдастырды. Оқушылар өз белсенділігін көрсетіп, көптеген оқушылар жеңімпаз атанып жүр.

Еңбек, бейнелеу, саз пәні

бірлестігі жетекшісі: Кенжетаева А.

Жоспары

І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім
а) Оқушыларға ән өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру;

б) Ән өнеріне баулу- оқушыларды рухани жетілдірудің ерекше

бөлігі;
в) Н. Нүсіпжановтың шығармашылығы арқылы оқушылардың жан-

дүниесін дамыту;

ІІІ. Қорытынды

«Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты

тәрбиелеу емес, ең алдымен

адамды тәрбиелеу»


В.А.Сухомлинский.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кіреді денең»- осы Абайдың өлең шумағы жақсы ән-күй өзінің сиқырлы әуені арқылы адамның жан дүниесін әсемдікке тәрбиелейді, жақсы қасиеттерін дамытады.

Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие-бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы үрдіс арқыы дмытады және адамның дамуына басшылық жасалады.Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған.

Мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира бйтақ дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің бай тәжірибесән жинақтап, өзіндік ерекшелікткрімен бала тәрбиесіне өте үлкен ықпал жасайды.

Бүгінгі заман талабы- еліміздегі болып жатқан саяси экономикалық , ғылыми-техникалық , мәдени өзгерістерге байлансты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған ,мәдениетті , рухани ойлау дәрежесі биік , шығармашылықпен қызмет атқара алатын, қоршаған табиғи ортаға , әлеуметтік ортаға икемдеу, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.

Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін және сенімін тәрбиелеу мұғалімнің ақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Тәрбиенің негізгі міндеті –қоғамның қажетті талаптарының әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру.

Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие.Эстетикалық тәрбие өнер құралдары арқылы ,яғни музыкада-дыбыс арқылы жасалынған көркем бейнелер негізінде оқушының дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығы мен әсемдікті сезіну қабілетін дамытады. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні , мақсаты сапалық жағынан жеке адамның жан дүниесінің үйлесіп қалыптасуын және рухани байлығын дамыту болып табылады.

Қазіргі кезде жапы білім беретін мектептерді оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметті, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңірудіді қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тарбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: «Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке- жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, коп қолданып келе жатқан жол болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұл тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші бланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, беинесін сақтап дамыта алатыны белгілі. Ал, ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрін, қай саласын болсада сол фольклорымыздан тауып, ажырата аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбинің көздерін музыкалық фольклордан қарастырмақпыз. Әл- Фараби бабамыз музыканың адам психологисына әсері жөнінде- « Музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен лаззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты ойатады, қиалға жетелейді» - деп пікір айтқан. Халқамыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар.

Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалақ жырлар, тұрмыс салт жырлары, лирикалық әндер т.б міне осы фольклорымызбен- ақ ұлттық болмысымызды қалыптастыратын тәлім- тәрбие беріп отырған тарйхи шындық.

Еліміз егемендік алғалы бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. Атап айтар болсақ С.Ұзақбаева өз зерттеулерінде музыкалық фольклорымыздың педагогикалық мүмкіндіктерін және әдіс тәсілдерін ашып көрсетті. Ал, музыкаық фольклорымызды күнделікті оқу тәрбие барысында қолдану мақсатында жалпы білім беретін мектептердің музыка сабақтарының бағдарламалары жасалды.

Музыкалық тәрбие дегеніміз- музыкалық өнердің ықпалы арқылы баланың жеке басын қалыптастыру – музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабылетін, музыкаға эстетикалық көзқарасын қалыптастыру деген сөз.

Тәрбиенің аса маңызды құрамы -өнер.Соның ішінде өте кең, сан ұғымды қамтитын музыка өнерін айтамыз. Музыка адамзаттың рухани азығы, жан серігі, тілмен айтқызып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, оардың ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы міңез-құлықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.

Музыка тәрбиесі жастарға өнер құндылықтарын үйрете отырып, олардың бойына адамгершілік эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.

Өскелен ұрпаққа музыкалық тәрбие беруде ,бала бойына рухани байлықты дамытудың аса маңызды саласы –музыкалық өнер .

Соның ішіндегі бастауыш мектеп оқушыларының бастапқы музыкалық мәдениетін қалыптастыру, оны басқару музыкалық –педагогикалық ғылымның өзекті мәселесі.

Жалпы музыкалық білім беру, музыка өнері арқылы мектеп оқушыларына музыкалық тәрбие берудің педагогикалық шарттарын ғылыми-педагогикаық тұрғыдан негіздеп, ғылыми әдістемелік жағынан қамтамасыз ету қажет.

Музыка өнері арқылы оқушылардың музыкалық білім білім берудегі мол мүмкіндіктерді және оларды мектептердің оқу- тәрбие үрдісінде толық пайдаланбауы; музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми –педагогикалық негізін жасау қажеттілігі педагогика ғылымында бұл мәселенің белгілі деңгейде зерттелмеуі; музыка арқылы оқушылардың жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыруды тиімді әдістемелермен қамтамасыз ету мен оның іс-тәжірибе жүзінде іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар айқын байқалады.

Музыкалық тәрбие негізінен жалпы білім беретін мектепте сыныптық- сабақ жүйесі бойынша іске асады. Оқушыға музыкалық тәрбие беруде оқытудың принциптерін және әдіс-тәсілдері, соңғы технологияларды шебер қолдану ең қажет нәрсе болып табылады. Сонымен қатар сабақты дидактикалық ойындар,өзіндік жұмыс , ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату , музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты міндеттер болып табылады.

Музыка сабағында оқушыларды музыкалық мәдениетке тәрбиелеу мәселесін қарастыру өзекті, әрі осы уақытқа дейін арнайы қарастырылып жатқан тың мәселелердің бірі.

Жалпы музыкалық білім беру арқыы мектеп оқушыарының музыкалық мәдениетін тәрбиелеу үрдісі тиімді болуы мүмкін, егерде.

-мектеп оқушыларын музыкалық мәдениетке тәбиелеудің ғылыми –педагогикалық және әдістемелік негіздері анықталса.

-Мектеп оқушыларын музыка өнері негізінде музыкалық мәдениеттіікке тәрбиелеу тиімдіігінің өшемдері көрсеткіштері мен деңгейлері аңықталса.

- оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларын музыка өнері арқыы музыкалық мәдениеттілігін қаыптастырудың музыкалық-педагогикалық шартары белгіленсе;

- оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны құрыыап, тәжірибелік-педагогиалық тексерістен өткізіп, ғылыми -әдістемелік ұсыныстар берілсе, сонда ғана мектеп оқушылараның музыкалық мәдениеттілікке қалыптастырудың нәтижелілігі арта түседі.

Сонымен бірге,

-музыка пәні арқылы мектеп оқушыарының музыкалық мәдениетін қалыптастыру ғылыи-педагогикалық тұрғыда негізделеді;

-мектеп оқушыларының музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка пәнінің мүмкіндіктері, өлшемі, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталады;

-музыка пәні арқылы оқушылардың музыкалық мәдениетін қаыптастырудың педагогикалық шартары негізделінеді.

Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан, әлемдегі елулікті қатарына кіру саясаты қоғам өміріні ішінде, білім беру саласына күн тәртібіне қойылыа отырған күрделі мәселелерді бірі – жаңа тұрпаттағы, жаңа ұстаздар даярау, білім беру қызметіне жаңаша көзқараспен қарау, қолжеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып салалау, жастарды шығармашылық потенциялын дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында:

«Қазіргі мектептердің – біріншіден: практикалық қызметінде жинақталған жетілдіру,

елімізді материалдық – қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым қатынас жасаулары қажет:» - деп атап көрсетілуі мұғалім іс-әректіне жаңа бағыт сілтейді.

Мұғалімге жаңа технологиянын ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Музыканы үйрету, есту, тыңдау, шығармашылық іс-әрекет барысында оқушының ой толғанысы жанданып, жігерленеді, ой-қиялы өседі.

Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жығдайларды қамтиды.

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарыны мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру. Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.

Жаймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.

Көмейдің тұрақты қалпы, оны маңызды қасиеті.

Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты келтіру.

Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.

Жалпы сабақты дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат аралас сабақ түрлерін жиі өткізу әдетке айналғаны жөн. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пәнаралық байланысқа көңіл бөлген жөн.

Музыкалық тәрбиенің ерекшелігі – музыка пәні арқылы сөзбен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан дүниесіндегі құбылыстарды сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудырады.

Музыкалық тәрбие – жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушырды халықтық музыкаға баулиды.



Өнер әлемі өзінше бір әлем. Оның тасты соқпақтарымен құмды далалары талайды жолынан тайдырып, талайдың бағына байлана білді. Бұл әлем сонысымен де қызықты, сонысымен де қиын...



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет