Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері. Медициналық мекемелер жүйесі



бет1/8
Дата23.06.2022
өлшемі38,24 Kb.
#146991
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
МІН 3 теория


Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері. Медициналық мекемелер жүйесі.
Денсаулық сақтау жүйесі – азаматтардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған саяси-әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, құқықтық, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және мәдени сипаттамасы бар іс-әрекеттердің жиынтығымен танылады.
Медициналық қызмет орта және жоғарғы медициналық білімі бар физикалық тұлғалар мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін юристтік тұлғалардың қызметін қамтиды.

1.1 Медициналық көмектің түрлері:



  1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

  2. Біліктілікті медициналық көмек;

  3. Арнайы мамандандырылған медициналық көмек;

  4. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек;

  5. Медициналық - әлеуметтік көмек.

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медициналық білімі бар қызметкерлермен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда медициналық көмек арнайы білімі жоқ азаматтармен де көрсетіле алады: өзіндік көмек, қоршаған адамдардың көмегі, санитарлық нұсқаушы, «әлеуметтік» мамандықтың өкілдері (парамедиктер)- полиция, өрт сөндірушілер және басқа да шұғыл жағдай қызметшілері, қоғамдық көлік жүргізушілері.
Біліктілікті медициналық көмек - жоғарғы медициналық білімі бар қызметкерлерімен диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтандыру әдістерін талап етпейтін ауруларды қарағанда көрсетіледі.
Арнайы мамандандырылған медициналық көмек – «түрлі мамандардың» (кардиолог, невропатолог және т.б.) кеңесі ретіндегі немесе көпсалалы аурухана бөлімшелерінде медициналық сауықтыру мен емдеу, диагностикалауды қажет ететін ауруларда профильді мамандармен жүзеге асырылады.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностикалаудың жаңа заманауи технологиялар, емдеу мен медициналық сауықтыруды қажет ететінауруларда профильді мамандармен орындалады (мысалы, эндовидеохирургия, трансплантация).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет