№
|
Қызмет түрі
|
Орындалу уақыты
|
Жауапты орындаушы
|
Аяқталу түрі және күтілетін нәтиже
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
1. Басқару, сапа жүйесі және ақпараттандыру саласындағы жобалар мен қызметінің негізгі бағыттары
|
|
1.1
|
ҚР БҒМ нормативтік құжаттары мен жаңа МЖМББС сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу және оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы бағыттарындағы ішкі нормативті құжаттарды дайындау немесе толықтырулар енгізу.
|
Жыл бойы
|
Проректорлар
|
БҒМ талаптары мен Болон процесінің міндеті, ұсынысы және факультативті параметрлеріне сәйкес БҚМУ мен құрылым бөлімшелерінің жұмысын жоспарлау. Жетілдірілген және бекітілген университетішілік нормативті құжаттар.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кезектен тыс Ғылыми кеңесінде 2014-2015 оқу жылдарында мынадай құжаттар тізімі бекітілді №1 хаттамасы 26 тамыз 2014 ж. 1.Заңды тұлғалар гранты есебінен және мекемелердің демеушілік көмегімен білім алатын студенттер мен талапкерлерге оқу ақысына жеңілдік бермеу туралы құжатты бекітті. 2.Университет студенттерінің жатақханада тұру туралы келісім-шарты бекітілді, (№1 хаттамасы 29 қыркүйек 2014 ж.). Мемлекеттік грант негізінде білім беру қызметін көрсету келісім-шарты бекітілді, (Ғылыми кеңесінің №4 хаттамасы 29 желтоқсан 2014 ж.). 2014-2015 оқу жылында күндізгі бөлімде оқитын студенттерге мемлекеттік шәкіртақы тағайындау, өтемақы төлеу және әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің ережесі бекітілді, (Ғылыми кеңесінің №6 хаттамасы 23 ақпан 2015 ж.). СМЖ 07.47. үрдіс картасында берілген рейтингілік және емтихан ведомосттарына өзгеріс енгізу туралы құжат бекітілді, (Ғылыми кеңесінің №9 хаттамасы 25 мамыр 2015 ж.). 2015-2015 оқу жылына арналған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да білім беру қызметін көрсету келісімшарты мен білім беру қызметін көрсету келісім-шартына қосымша келісімді бекітті.
|
|
1.2
|
Құрылымдық бөлім туралы ереже, қызметтік нұсқаулықтар, үрдіс картасы, формулярларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Үрдістік амал негізінде СМЖ құжаттарын жетілдіру.
|
Жыл бойы
|
БСЭӨ
СМжББАС
БЖ
|
ЖОО жаңа құрылымы және нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жаңартылып, толықтырылған сапа менеджменті жүйесі талап ететін құжаттар. ИСО 9001 сапа стандартына сәйкестігі.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
2014-2015 оқу жылында БҚМУ қызметінің жоспарлау матрицасы, жоғарғы оқу орнының есеп беру жоспары, аудиттің жылдық бағдарламасы, университеттің жылдық жоспары, сапа жоспары, сапа саласындағы мақсаттар, бөлімше туралы 6 ереже, 22 қызметтік нұсқаулар дайындалды, 9 әдістемелік нұсқаулығы қайта басылып шығарылды және 24 үрдіс картасы мен 32 формуляр қаралды.
|
|
1.3
|
Ішкі аудитті өткізу. Құжаттарды дайындау және инспекциялық (СМЖ) және қайта сертификаттау (ЭМЖ) аудитіне қатысу.
|
Кестеге сәйкес жыл бойы
|
Проректорлар
БСЭӨ
СМжББАС
БЖ
|
Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп. Инспекциялық аудиттен өту туралы куәлік алу. ЖОО-ның аймақтағы білім, ғылым және мәдениет орталығы ретіндегі мәртебесін растау.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
ҚР СТ ИСО 9001-2009, ҚР СТ ИСО 14001-2006 талаптарына сәйкес 24.10.4 - 26.06.2015 ж.ж. аралығында 18 ішкі аудит өткізілді. Ішкі аудит бекітілген аудиттің жылдық бағдарламасына сәйкес мезгілінде өткізілді. 18 ішкі аудит барысында сәйкессіздіктер, ескерту хаттар анықталған жоқ. Құжаттары уақытылы дайындалып, тексеріс ескертусіз өтті.
|
|
1.4
|
Қамқоршылар кеңесі мен БҚМУ түлектері қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру. ЖОО - ғы менеджмент жүйесін жетілдіру.
|
Жыл бойы
|
БП
ОӘЖП
СДжСДД
ФД
|
БҚМУ Қамқоршылар кеңесі туралы және БҚМУ түлектері қауымдастығы туралы құрамын толықтыру, жұмысын жетілдіру. Түлектер қауымдастығының БҚМУ-да тәрбие жұмысының, сараман бағдарламасы, оқыту әдістемесі, білім бағдарламалары мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынысы. Оқыту семинарын, өткізу.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
2014-2015 оқу жылы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың, Қамқоршылар кеңесінің және түлектер қауымдастығының жемісті қарым-қатынасы жалғасын тапты. 6 факультеттің әрқайсысы осы ұйымдарда өздерінің сандарын көбейтті. Қамқоршылар кеңесінің және түлектер қауымдастығының мүшелері факультеттерде сараман бағдарламаларын, әдістеме нұсқауларын, сараманның тапсырмаларын талқылауға белсенді қатыстырылды. Жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып кафедралар сарамандардың бағдарламаларын және өткізу әдістерін жаңартты. Педагогикалық емес мамандықтардың түлектерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатымен 2015 ж. 28 сәуір күнінде университеттің спорт Сарайында студенттерге арналған Мансап күні – бос орын жәрмеңкесі өтті, бұл шараға қамқоршылар кеңесі мен БҚМУ түлектер қауымдастығының өкілдері қатысты (51 шақырылған мекеме). 2015 ж. 28 сәуір күні жұмыс берушілермен өткен дөңгелек үстел жұмысқа орналасу өзекті маселелері және ЖОО түлектерінің еңбек нарығына бейімделу сұрақтарына арналды. Осы шараға 30 астам мекеменің өкілдері белсене қатысты.
Қамқоршылар кеңесі мен БҚМУ түлектері қауымдастығының өкілдері «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыруға, педагогикалық және өнер мамандықтарының түлектерін дербес бөлуіне едәуір көмек көрсетеді.
|
|
1.5
|
Студенттік және оқытушылық орта жағдайларына әлеуметтік зерттеулер мен мониторинг өткізу.
|
Жыл бойы
|
СДжСДД
МӘЗБЖ
|
Мониторинг және сауалнама өткізу, ПОҚ пен студенттердің білім беру үрдісіне, университетті басқару тиімділігіне, университет өміріне қатысуына деген қарым қатынасы талдауын, процедурасын, механизмін жетілдіру. ЖОО қызметін жетілдіру бойынша есептер мен ұсыныстар.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
Ағымдағы оқу жылында мониторинг және әлеуметтік зерттеулер бөлімі жұмыс жоспарына сәйкес «М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінің этносаралық қатынас жағдайына, тіл тәжірибесіне және дін мәселелеріне көзқарастары – 2014»; «М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттерінің әлеуметтік көңіл-күй мониторингі - 2014»; «М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары мен қызметкерлерінің әлеуметтік көңіл-күй мониторингі - 2014»; «М.Өтемісов атындағы БҚМУ білім беру үрдісінің тиімділігі жөнінде студенттер мен оқытушылардың көзқарастары» жобалары аясында таңдамалы әлеуметтік сауалнамалар өткізілді. Студенттер бойынша таңдау 415 респондентті, ал, оқытушылар бойынша 147 респондентті құрап отыр. Өткізілген зерттеулердің нәтижесі талдау есептерінде көрсетіліп, университет басшылығына ұсынылды. БҚМУ оқытушылары мен студенттеріне тән көңіл – күй мен көзқарастары туралы әлеуметтік сауалнамалар барысында алынған мәліметтер университеттегі білім беру үрдісінің әлеуметтік контекстнің формасы мен мазмұнына олардың қатынасын негізінде оң сипаттайды және де олардың тиімділігіне қанағаттанатындарын растап отыр. Сонымен қатар, алынған фактілер кейбір мәселелердің барын, қауіпті симптомдарын айқындады және де талдау есептерінде көрсетілді, сәйкесінше ұсыныстар ұсынылды. Әлеуметтік мониторинг аясында алынған ақпараттар БҚМУ оқытушылары мен студенттерінің көзқарасы мен көңіл – күйі жөнінде айтарлықтай шынайы мәліметтер ұсына алады, олардың динамикасын бақылауға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз БҚМУ ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруға қажетті шарттары, университеттегі білім беру үрдісін тиімді ұйымдастырудың маңызды құралы болып табылады.
|
|
1.6
|
Мамандандырылған аккредиттацияны дайындау және өткізу.
|
Жыл бойы
|
БП
СДжСДД
КМ
|
Аккредиттацияға ұсыну бойынша мамандықтардың өзін-өзі бағалауын өткізу. Аккредитацияға ұсынылған мамандықтардың тізбесін бекіту. Аккредитациялық агенттіктермен келісімдер жасасу.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
Алдағы 5 кластер бойынша мамандықтардың мамандандырылған аккредиттеуге қатысуына байланысты өзін-өзі бағалау бойынша есебін дайындау, есепке арналған қосымшаның үлгілерін таратуға, жоо-ның мамандандырылған аккредиттеудің білім беру бағдарламасына өзін-өзі бағалауды өткізу үшін басшылық етуге, есепті ағылшын тіліне аудару жұмысын ұйымдастыруға, есептерді АРТА-ға жіберуге дайындық жүргізілді.
|
|
1.7
|
Халықаралық және ұлттық рейтингтерге қатысу үшін ЖОО-ның мамандықтарын дайындау.
|
Жыл бойы
|
Проректорлар
СДжСДД
ФД
КМ
|
Университет пен мамандықтардың өзін-өзі бағалауы. Рейтингілік агенттіктерге материалдар дайындау.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
2015 жылы бөлім кафедралармен бірлесе отырып, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі рейтингісіне қатысуға ақпараттарды дайындауға қатысты ( өткізілген білім беру бағдарламаларын және жоо-ның орнын анықтау үшін 5 индикатордан тұратын критерилермен көрсеткіштерге қарап анықтады). Бөлім автоматтандырылған АРТА ақпаратты жүйесін қолдану бойынша кафедра лаборанттарына оқыту семинарларын өткізуге қатысты. Бөлім рейтинг ақпараттарын бірнеше рет қайта қарастырды соның ішінде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін, академиялық ұтқырлығын және т.с.с. 2015 жылдың 55 жоғары оқу орындарының рейтинг қорытындысы бойынша М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрметті 9 орынға ие болды. Білім беру бағдарламалары/ мамандықтар бойынша дайындалу бағытына және деңгейіне сәйкес университет 19 жүлделі орынға ие болды.
|
|
1.8
|
Мамандықтар бойынша базалық және кәсіби пәндерден бейне дәрістер қорын жасақтау.
|
Жыл бойы
|
АТОЖ
ФД
|
Факультеттердің тапсырысы бойынша 15 сағаттан кем емес бейне дәрістер жазу. БҚМУ бейне қорын қалыптастыру.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
Сандық тасымалдаушылардағы оқу материалдарының мамандық талаптарына сәйкестігін сақтауды қамтамасыз ету, қашықтан оқыту технологиясының дамыту және пәндердің оқу бейне материалдарының қорын қалыптастыру мақсатында жыл сайын университет ПОҚ бейне-дәріс түсіріледі. 2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін 350-ден астам әртүрлі бейнеөнімдер, бейнедәріс, шебер-сыныптар, семинарлар, роликтер және әртүрлі деңгейдегі фильмдер түсірілді.
2014-2015 оқу жылы.
№
|
Факультеттер
|
Бейнедәрістер
|
Шебер-сыныптар
|
1
|
Педагогикалық
|
-
|
1. С.Ф. Баюканская – 1 (педагогика және психология кафедрасы)
2. К.И. Исмагулов – 1 (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы)
3. С.Ж. Бактиярова – 1 (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы)
4. С.Н. Рыскалиев – 1 (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы)
5. А.Н. Жищенко – 1 (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы)
6. В.Л. Мельников – 1 (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы)
7. А.М. Молдагалиев – 1 (дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы)
|
2
|
Жаратылыстану-географиялық
|
1. Б.Х. Ходжанова - 7 (география кафедрасы )
|
-
|
3
|
Филологиялық
|
-
|
1. А.С. Кыдыршаев – 1 (қазақ филологиясы кафедрасы)
|
4
|
Физико-математикалық
|
-
|
-
|
5
|
Тарих, экономика және құқықтық
|
1. А.О. Самуратова – 13 (құқықтық пәндер кафедрасы)
2. А.Б. Егзалиева – 8 (құқықтық пәндер кафедрасы)
|
1. Ш.М. Алтыбаева – 1 (есеп және қаржы кафедрасы)
2. Е.А. Скок – 1 (есеп және қаржы кафедрасы)
|
6
|
Мәдениет және өнер
|
1. Г.Х. Капаков – 15 (бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы)
|
1. М.М. Попов – 1 (вокал және аспаптық өнер)
2.М.Т.Отаров – 1 (бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы)
|
|
|
1.9
|
Электронды оқулықтар мен электронды оқу-әдістемелік кешендер жасақтау.
|
Жыл бойы
|
ФД
КМ
ПОҚ
|
ЖОЖ, семестрлік жоспарлар, оқу жүктемелеріне сәйкес 100% электронды ПОӘК дайындау. Кем дегенде 30 электронды оқулық шығару. БҚМУ кітапхана қорын электронды оқулықтармен толықтыру.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
Оқытылатын пәндердің сапасын арттыру үшін университетте 2005 жылдан бастап оқыту кешендері мен электронды оқу құралдары өңделуде. БҚМУ-да оқытудың интерактивті технологияларын қолдану мүмкіндігін кеңейту үшін қазіргі таңда орталық қызметкерлерімен 210-нан астам электронды оқу құралы өңделді. Университет кітапханасына 180-нен астап электронды оқу құралы тапсырылды. Аталған барлық ЭОШ оқу үрдісіне енгізіліп және қашықтан оқыту және білім беру үрдісінде қосымша элемент ретінде қолданылады.
№
|
Факультеттер
|
ЭОШ жалпы саны
|
|
1
|
Педагогикалық
|
1
|
1. В.П.Капленко, Б.К.Туякова, К.Р. Кажимова (жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасы) - Педагогика в таблицах и схемах (часть 2)
|
2
|
Жаратылыстану-географиялық
|
4
|
1. А.У.Утаубаева ( биология және экология кафедрасы)– Генетика (рус)
2. А.У.Утаубаева ( биология және экология кафедрасы)– Генетика (каз)
3. А.У.Утаубаева ( биология және экология кафедрасы) – Genetics(ағл.)
4. Т.Е.Дарбаева, О.Н. Чукалина (биология және экология кафедрасы) – Батыс-Қазақстан облысының өсімдіктер каталогы (электронды каталог)
|
3
|
Филологиялық
|
1
|
1. Ғ.Қ.Хасанов (қазақ филологиясы кафедрасы)– Тіл мәдениеті және стилистика курсы
|
4
|
Физико-математикалық
|
2
|
1. А.Е.Кузьмичева, Н.И.Моисеева, Н.У. Кажипанова (физика және математика кафедрасы)-Релятивистская электродинамика Максвелла
2. А.Е.Кузьмичева, А.К. Сулейманова (физика және математика кафедрасы) - Ғылыми дүниетанымды қалыптастырудағы физиканың рөлі
|
5
|
Тарих, экономика және құқықтық
|
4
|
1.У. Ахметова, Ж. Мухангалиева (ҚР тарихы кафедрасы) - Қазақстанды зерттеген ғылыми қоғамдар мен мекемелер тарихы (ХІХ-ХХ ғғ.)
2. У. Ахметова, Ж. Мухангалиева (ҚР тарихы кафедрасы) - Қазақстан тарихын зерттеу жөніндегі мекеме мен Ғылыми қоғам (ХІХ-басы.ХХ ғ.)
3. Ерниязова А.А. (есеп және қаржы кафедрасы) - Бухгалтерлік есеп және аудит
4. Ерниязова А.А. (есеп және қаржы кафедрасы) - Аудит негіздері
|
6
|
Мәдениет және өнер
|
3
|
1. Д.М. Байтлеуов (вокал және аспаптық өнер)–Балаларға арналған әндер
2. Д.М. Байтлеуов (вокал және аспаптық өнер) - Баян аспабына арналған шығармалар (І-ІІ бөлім)
3. Д.М. Байтлеуов (вокал және аспаптық өнер) - Баян аспабына арналған этюдтар
|
|
|
1.10
|
RFID технологиясы бойынша автоматтандырылған кітапхана жүйесін енгізу.
|
Жыл бойы
|
АТОЖ
ҒКЖ
|
RFID технологиясы бойынша автоматтандырылған кітапхана жүйесі әкімшілік ғимаратының оқу залында.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
Қазіргі ақпарат ғасырында кітапхана ісін дамыту үшін бұл жұмысты автоматтандырылып, жаңа технологияларды еңгізу арқылы жетілдіріледі. Бастапқы уақытта «Книги» электронды каталогы құрылды. Одан әрі кітапхана қызметкерлері «Статьи» электронды каталогын құруды қолға алды. Сонымен қатар электронды каталогты кітапхана көлемінде одан әрі университетте және интернет желісі арқылы кітапхана Web-сайтында пайдалану мәселесі көтерілді (httр://1іbгагу.wksu.кz). Келесі кезекте «Труды ППС. Книги», «Труды ППС. Статьи», «Авторефераты и диссертации» электронды каталогтар құрылды. Қазіргі таңда электронды каталог мәліметтер базасы 171 127 мыңнан астам жазбаны құрайды, каталогта мәліметтерді іздеу, кітаптар, мақалалар, типтік оқыту бағдарламалар, әдістемелік және тағы басқа кітапханалық құжаттар туралы библиографиялық ақпаратты беріп қана қоймай, сонымен қатар фактографиялық, анықтамалық-аналитикалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Электронды қызмет көрсету жүйесінің негізі ретінде электронды каталог жеке басылымдардан және мақалалардан, немесе олардың жекелеген бөлімдерінен толық мәтін алуға мүмкіндік береді. Бұл осы бағыттағы жұмыстың келесі кезеңі болып табылды. Осылайша электронды кітапхана жасақталды ( 11429 құжат). Қазіргі таңда кітапхана профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттердің жеке компьютерлеріне құжаттарды электронды түрде жеткізу жүйесін еңгізуде.
2014 жылы желтоқсан айында бас ғимараттың оқу залдарына арнайы құрылғылар сатып алынды. Бұл магниттік кәртішке, радиожиелік белгі, RFID қақпа (ұрлыққа қарсы қақпа), сенсорлы өзіндік қызмет көрсету терминалы, екі есептеу құрылғысы(үстелдік және қолға арналған). Сервер жүйесімен қамтылды(диск жады 2 ТЬ, оперативті жады – 24 GЬ). Сонымен қатар сервер, менеджер және RFID ИРБИС модулі сатып алынды. Электрондық қызмет көрсету жүйесі «ИРБИС-64» жаңа 2012 жылғы нұсқасының «Администратор», «Книговыдача» және «Читатель» автоматтандырылған жұмыс орындарын құрайды. Электронды қызмет көрсету жүйесін еңгізу үшін кітапхана қызметкерлерінен арасынан арнайы 2 жұмыс тобы құрылды. 13 500 дана кітаптарға таңба салынып, кодталды. RFID кодтары еңгізілген және арнайы белгілер жапсырылған жаңа құжаттар келіп түсуіне сәйкес аптасына бір рет «Книги» жергілікті мәліметтер базасы өңделіп отырады.
|
|
1.11
|
Роботтехника және мехатроника зертханасы жұмысын ұйымдастыру
|
Желтоқсан
|
АТОЖ
|
Роботтехника және мехатроника зертханасында кіріктірілген жүйе бойынша курстар ұйымдастыру, зертхананы жабдықтау
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
MakhambetSU Robotics робот техникасы зертханасы.
Зертханада LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 5 жинақтамасы және LEGO® MINDSTORMS® NXT 2 жинақтамасы бар. LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 – класта пайдалану үшін оңтайландырылған базалық жинақ және LEGO® MINDSTORMS® технологиясы көмегімен оқуға арналған барлық қажет құралдардан тұрады. Ол студенттерге робот техниканың қазіргі технологиясын қолдана отырып, құрастыруға, программалауға және олардың шешімін тестілеуге мүмкіндік береді. LEGO® MINDSTORMS® Education NXT – бұл MINDSTORMS-пен жұмыстағы ең басты элемент. Бұл MINDSTORMS роботты түрлі әрекеттерді орындауға мәжбүрлей алатын LEGO конструкторының компьютермен бақыланатын, қисынды деталь. Автоматика және Arduino робот техникасы жүйесінің элементтері. Arduino — кәсіби емес қолданушыларға бағдарланған автоматика мен робот техниканың қарапайым жүйелерін құруға арналған аппараттық-бағдарламалық құралдардың сауда маркасы. Бағдарламалық бөлім бағдарламаларды жазуға, оларды компиляциялауға және аппаратураны программалуға арналған ақысыз программалық қабықшадан (IDE) тұрады. Аппараттық бөлім ресми өндірушілер де, шеттегі өндірушілер де сататын құрастырылған басу платтар жинағынан құралған. Зертханада робот техниканың курстары өткізіледі. Курстар сыртқы дизайны және стандарттан тұратын (жеткізу жинағы) тәртібі (сенсорлар мен жүйелерді программалау) және түгелдей индивидуалдығы бойынша ерекшелетін шағын роботтарды жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Жаңадан бастаушыларға арналған робот техникасының курстары дағдыларды және пайкалар аспабын талап етпейді. Осының және жобалауға кешенді ықпалдың есебінен курстар студенттер арасында кең таралуда.
|
|
1.12
|
Әкімшілік ғимаратта қазіргі заманға сай интерактивті класстардың ашылуы.
|
Жыл бойы
|
АТОЖ
|
Әкімшілік ғимаратта 209 аудиторияны интерактивті класспен жабдықтау. БҚМУ-да электронды оқытуды дамыту.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
Әкімшілік ғимаратының 209 аудиториясында интерактивті класс ашылды. Интерактивті класс Wi-Fi технологиясы арқылы Интернетке қолжетімді 20 моноблокпен, 65 дюйм диагональды Touch Smart TV сенсорлы теледидар, бір LG LED TV теледидары және интерактивті мінбемен жабдықталған. Интерактивті класста G-Global, Skype, gmail, Elluminate Live байланыс бағдарламаларын қолдану арқылы онлайн-сабақтар өткізуге болады.
|
|
1.13
|
Алдыңғы қатарлы шетелдің ЖОО-ның үлгілері бойынша университетте интернет ресурстарын жасау. БҚМУ кітапхана сайтына және импорт локалды электронды каталогы үшін Web Irbis модульін енгізу.
|
Жыл бойы
|
Проректорлар
АТОЖ
ФД
|
БҚМУ сайтының қызметтерімен құрылымдарын жетілдіру. Кітапхананың локалды каталогтарына ғаламтор жүйесінен рұқсат ету. БҚМУ портал беттерінің санын арттыру. БҚМУ сайтының ҚР ЖОО-ның ең үздік 30 сайтына енгізілуі.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
Google іздеу жүйесі және Google Scholar ғылыми базасы арқылы БҚМУ-дың Хабаршы файлдары мен кітапхананың электронды кітаптары индекстеу жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде Google базасында күн сайын pdf, doc, xls және ppt форматында индекстелген файлдар саны артып келеді. Google Scholar базасы сұраныс нәтижесі бойынша БҚМУ Хабаршысы және электронды кітапхананың ғылыми мақалалары алғаш рет көрініп және күн сайын индекстелген мақалалар саны артып келеді. Берілген көрсеткіш webometrix рейтингінде есептелінеді. Webometrix жинақтаған қаңтар рейтингісінің қорытындысы бойынша біздің университет 111 ЖОО ішінен 22 орын алды. Мамыр айында сервер және жұмыс станцияларындағы Ирбис бағдарламалық кешеніне жаңартылулар алынып, орнатылды. Шілде айында Web Irbis модулі сатып алынады.
|
|
1.14
|
ЖОО-да оқу үрдісін ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету, есеп үрдістерін эксклюзивті бағдарламалармен қамтамасыз етуді дайындау.
|
Жыл бойы
|
АМЖДД
АТОЖ
|
ЖОО-да «Махамбет» АБЖ жетілдіру, жаңа модульдермен қызметтерін дайындау. БҚМУ өндіріс үрдістерін ақпараттандыру.
|
|
Қол жеткізген нәтижелер
|
|
Жыл сайын ЖОО бөлімдеріндегі қызметкер жұмысын автоматтандыратын түрлі макростар дайындалады және қолданылады. Офис-тіркеуші үшін сегіз оқу семестріндегі семестрлік үлгерім базасын, студенттердің бір семестрдегі GPA есебін, түлектерге арналған сегіз оқу семестрінің GPA есебін біріктіруге арналған MS Excel үш макрос дайындалған. Кадрлар бөлімі үшін флюрографиядан өту және жұмысқа жіберуді уақытылы есептейтін макрос енгізілген.
|
|
1.15
|
Аймақтық, республикалық және ғаламтор кеңістігінде ЖОО қызметі туралы ақпарат жасау және тарату.
|
Жыл бойы
|
БҚ
АТОД
БЖ
|
Республика және облыс БАҚ-на ақпараттық және сараптамалық материалдар дайындау және орналастыру. Университеттік «Өркен» газетін жоспарға сәйкес шығару. ЖОО қызметі туралы жылына кем дегенде 12 ақпараттық телебағдарлама әзірлеу. ЖОО қызметі туралы деректі, презента-циялық және т.б. материалдар дайындау. Тұтынушыларға ЖОО қызметі туралы ақпараттың жетімділігін қамтамасыз ету. ЖОО-ның бейне-жылнамасын қалыптас-тыру.
|
|
|