Не арнайы педагогика кафедрасы



бет1/42
Дата21.09.2022
өлшемі258,74 Kb.
#150280
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Арнайы психология лекция жинағы (1) (1) (3)
Бейсебай Еламан СРС9 кдфэн , 1-ші сабақ 3D -редактор құралдары





ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
«Арнайы психология» пәнінен
6В011901 Арнайы педагогика (Логопед) білім алушылары үшін
лекция сабақтарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Оқу түрі: күндізгі


Шымкент 2022ж
Құрастырушы: аға оқытушы А.М.Шатаева
Әдістемелік нұсқауда жалпы лекция сабақтарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері және жүргізілуіне қойылатын талаптар көрсетілген. Сондай-ақ, және «Арнайы психология» пәнінен жүргізілетін лекция сабақ тақырыптары және оларды өткізуге арналған нұсқаулар беріледі.

Әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.


№__ хаттама, «___» ______ 2022ж.


Кафедра меңгерушісі ________ Ж.А. Масалиева



Кіріспе
1. Арнайы психология, психология ғылымдарының бір саласы
2. Арнайы психологияның басқа ғылымдармен байланысы
Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.
Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқа ғылымдармен байланыста болуының себебі, білім беру процесі өз мақсаты мен мазмұнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып табылатынында және осындай мәдениетте бүкіл өркениеттік білімдердің таңбалық, тілдік формада шоғырландырылғанына байланысты. Үшіншіден, оның зерттеу пәні өзі танып білуші және танып білуге үйретілуші, басқа да көптеген адамтанушы ғылымдармен зерттелінетін адам болып табылады. Педагогикалық психология, мысалға педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану және т.б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық. Соның өзінде, педагогикалық психология – жалпы психологиялық білімнің саласы деген тұжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни психикалық даму, оның қозғаушы күштері, адамның даралық және жыныстық-жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қалыптасатынын білдіреді. Сондықтан педагогикалық психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік, дифференциалды психологиямен және т.б.) басқа салаларымен, ең алдымен жас ерекшелік психологиямен байланысты.
Педагогикалық және жас ерекшелік психология бір-бірімен осы ғылымдардың зерттеу объекттерінің ортақтығымен байланысты. Яғни, олардың зерттеу объекті дамып келе жатқан адам болып табылады. Бірақ, жас ерекшелік психологиясы «адам психикасының жас ерекшелік динамикасын, дамып келе жатқан адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін» зерттесе, ал педагогикалық психология білім беру ықпалымен психикалық жаңа құрылымдардың қалыптасуының шарттары мен факторларын зерттейді. Осыған байланысты педагогикалық психологияның барлық проблемалары білім беру процесіндегі адамның жас ерекшеліктерін есепке алу негізінен қаралады. Сонымен бірге, (бұл жағдайды тағы да ерекше атап көрсетейік) педагогикалық та, жас ерекшелік психология да «...жалпы психологиялық заңдылықтарды ашып көрсететін, қалыптасып қойған адам тұлғасының психикалық процестерін, психикалық күйлерін және даралық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін» жалпы психологияның білімдеріне жүгінеді. Педагогикалық психологияны бір жағынан пәнаралық ретінде, ал екінші жағынан – ғылыми білімнің дербес саласы ретіндегі осындай түсіндірмесі, Б.Г. Ананьев позициясымен теңестіріледі. Б.Г. Ананьев бойынша, педагогикалық психология – шекаралық, кешендік білімдер саласы, ол «...педагогика мен психологияның ортасынан белгілі орын алып, өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту, оқыту, тәрбиелеу арасындағы өзара байланысты бірлесе зерттеу сферасына айналды»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет