Нұра ауданы Құланөтпес селосы Дон негізгі орта мектебініңбиология пәнініңмұғалімі Даулет Мухамедияұлы Смагулов Тақырыбы



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі1,82 Mb.
  1   2   3   4



Қарағанды облысы

Нұра ауданы

Құланөтпес селосы

Дон негізгі орта мектебініңбиология пәнініңмұғалімі

Даулет Мухамедияұлы Смагулов




Тақырыбы: Қаңқа бөлімдері

Сыныбы: 8 сынып

Пәні: биология

Мұғалімі: Д.М.Смагулов


Дон негізгі орта мектебі 2015-2016 оқу жылы



Сынып: 8

Күні: 06.12.15 ж

Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызмететрі туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылыс мен қызметтері туралы білімдерін арттыру. Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.

Дамытушылық: Білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру

Сабақтың көрнекілігі:

І Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу

- сыныптың тазалығын тексеру

- сыныптың кезекшілігін анықтау

- оқушыларды түгендеу

- сабаққа дайындықтарын тексеру

Үй жұмысы

Қаңқаның қандай ерекшеліктері адамды сүткоректі жануарлардан ажыратады?


  • Сүткоректі жануарлардың тірек – қимыл жүйесінің қандай маңызы бар?

  • Жануарлар қаңқасының негізгі бөлімдерін, сүйектерін, олардың құрамдас бөліктерін атаңдар.


ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

«Қимыл - қозғалыс – бұл өмір», деп Вольтер айтып кеткен. Шыңында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкімтабиғат шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әртүрлі қимы жасап, еңкейіп, тік тұрамыз? Мұның барлығын сүйек – бұлшық ет жүйесі немесе тірек – қимыл аппараты қамтамасыз етеді.

Білемін

Білгім келеді








«Кубизм» әдісі

1. Зерттеңіз



- адам қаңқасының бөлімдері

- сүйектің байланысы, буындар

- бұлшықеттің маңызы


2. Салыстырыңыз

- сүйектің құрылысы

- бұлшықеттің құрылысы



3. Суреттеңіз

- қол және аяқ сүйектерінің айырмашылығы

Адамқаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады.


Бас қаңқасы

Ми сауыты Бет бөлігінен


Маңдай Шүйде Самай Төбе сүйектері Қозғалмайтын үстіңгі

Қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері

Тұлға қаңқасы

Омыртқа жотасы Қабырғалар Төс сүйегі


Омытқа жотасы 33 – 34 омыртқалардан тұрады. Оны мойын (7), арқа (12), бел (5), сегізкөз, құйымшақ бөлімдері құрайды.
Кеуде қуысы
Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Аламда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқалармен жалғасады, ал алдыңғыижағы төспен байланысады.

Иық белдеуі
Екі жауырын Екі бұғана
Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек.
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы
Тоқпан жілік Білек Қол басы сүйектері
Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буыннын түзіп, қолмен әртүрлі қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Білек кәрі жілік пен шынтақ сүйектерінен тұрады.

Қол басы сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.


Аяқтың еркін қозғалатын

Ортан жілік Асықты жілік шыбық сүйегі толарсақ табан бақай сүйектері


ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.

1 тапсырма. Омыртқа жотасының бөлімдерін ата, әрбір бөлімдегі омыртқа санын анықта.




Бөлімнің атауы

Омыртқа саны

1







2







3







4







5






2 тапсырма. Қаңқаның 4 бөлімін ата.

Кестеге тірек – қимыл жүйесінің (ТҚЖ) қызметтерін жаз.



Тірек қимыл жүйесінің қызметтері

.....................................................................................................................................

.......................................................................................................................................

..........................................................................................................................

.........................................................................................................................

..........................................................................................................................

.............................................................................................................................

3 тапсырма. Диктант




  1. Бас сүйектің бет бөлігіндегі қозғалмалы бөлімі – .....................................................

  2. Қаңқаның бірден – бір жалаң бөлігі – ....................................................................

  3. Омыртқа жотасындағы омыртқа сандары – ..............................................................

  4. Омыртқа жотасы иілімдерінің саны – ............................................................................

  5. Адам қабырғаларының саны – ...................................................................................

  6. 1 – ші мойын омыртқасының атауы –......................................................................

  7. Адам қаңқасының ең ұзын сүйек – .................................................................................

  8. Омыртқа жотасының ең үлкен омыртқалары – ..........................................................

Семантикалық карта




Сүйектер


Орналасуына қарай

Құрылысына қарай

Байланысуы

Бас

Тұлға

Қол

Аяқ


Ұзын

Қысқа

Жалпақ

Қозғалмайтын

Қозғалмалы

Аз қозғалатын

Ортан жілік







+

+










+




Омыртқа




+







+










+

Жамбас







+







+

+







Самай

+













+

+







Қабырға




+










+







+

Тоқпан жілік







+

+










+





IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: § 21 оқу,адамның қаңқа сүйектерін жаттау. 83 беттегі кестені толтыру.«Сымбаттылық – сұлулық» тақырыбына эссе жазу.

V Бағалау. Оқушыларды бағалау.




Тақырыбы:
Астық тұқымдастарының жалпы белгілері мен көптүрлілігі.

Сыныбы: 6 сынып

Пәні: биология

Мұғалімі Д.М.Смагулов


Дон негізгі орта мектебі 2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастарының жалпы белгілері мен көптүрлілігі.

№ 9 Сарамандық жұмыс «Астық тұқымдасы өкілдерінің экологиялық ролі мен шаруашылықтағы маңызы»



Өткізілу күні:.10.03.16 ж

Қатысушылар: 6 сынып оқушылары

Пәні: Биология

  • Сабақтың типі: Аралас сабақ

  • Сабақтың кіріктірілуі: география, экология пәндері.

  • Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. Мәселелік, ізденушілік.

2. Жеке және топтық жұмыс

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, кестелер, кеппешөптер, «Астық тұқымдастарының өсуі» қысқа видео қойылымы, презентация.

Сабақтың мақсаты: Астық тұқымдастарына тән жалпы құрылыс ерекшеліктері мен олардың жеке өкілдерінің экологиялық және халық шаруашылығындағы маңызын талдау.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың гүлді өсімдіктердің көп түрлілігі туралы білімдерін кеңейту, қосжарнақты және даражарнақтылардың ерекшеліктері туралы білгендерін бекіту, астық тұқымдастарға тән белгілермен таныстыру, өсімдіктерге морфологиялық сипаттама бере білуге, өсімдіктерді жүйелей білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың табиғи обьектілермен жұмыс дағдысын, биологиялық сурет салу дағдыларын дамыту. Талдау, салыстыру, мәселені шешу барысында негізгі ойды таңдау, зерттеу-ізденушілік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ғылымға құштарлыққа баулу, экологиялық тәрбие мен кәсіптік бағдар беру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар астық тұқымдастарына тән құрылыс ерекшеліктерін, олардың экологиялық ролі мен халық шаруашылығындағы маңызын білу керек;

  • Астық тұқымдастарының азықтық, мал азықтық өкілдерін ажырата алулары, мал азықтың және азықтық түрлерінің тұқымдарын, сұрыптарын білулері қажет.

  • Сабақ барысында қолданылған терминдерді ағылшын тілінде меңгеру.


Сабақтың жүру жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

  2. Сабаққа кіріспе, өткен тақырыптарды қайталау

Гүлді өсімдіктердің тұқымдастарына тән ерекшеліктерді еске түсіру мақсатымен оқушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі:

  1. А бағанасында берілген гүл формулаларын Б бағанасында көрсетілген өсімдіктермен сәйкестендір:



Каталог: uploads -> doc -> 0ba2
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ba2 -> Сабақ жоспары Күні: 11. 03. 14ж Сынып: 4-сынып Тақырыбы: Дара және күрделі сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет