НұСҚаулар бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары



бет1/4
Дата04.01.2022
өлшемі56,3 Kb.
#109551
түріНұсқаулар
  1   2   3   4
Байланысты:
Tarikh 2
Around the house1, Еуропа 14апта, Еуропа 14апта, 9 ТАРИХ ҚМЖ, 9 ТАРИХ ҚМЖ, Жанел Азия 13 апта, Болатова Айжан, 2 5226984454886527241, Глоссарий 10, Документ (19), СӨЖ

ТАРИХ
ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары
1.Сақ жауынгерінің темір қару-жарағы мен сауыт-сайманы табылған қала:

A) Ботай

B) Шебір

C) Арқайым

D) Шірік-Рабат

E) Қойлық

Дұрыс жауабы: D

Шірік-Рабат қаласының орнынан сақ жауынгерінің темір қару-жарағы мен сауыт-сайманы табылды.

Ежелгі Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, Ә.Төлеубаев және т.б. 2011 жыл, 137-бет, 2016 жыл, 180-бет
2. XV ғасырда Қазақ хандығымен Сыр бойындағы қалалар үшін соғысты:

A) Батыс Сібір ханы, Бұлғар ханы

B) Сібір ханы, Ойрат билеушілері

C) Шайбани хан, Моғолстан билеушілері

D) Орыс княздары, Алтын Орда билеушілері

E) Иран шахы, Түрік сұлтаны

Дұрыс жауабы: С

Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды. XV ғ. 80-жылдары Шайбани хан Моғолстан ханының қолдауымен Қазақ хандығына қарсы шабуылға шықты.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, С. Жолдасбаев. 2012 ж. 170-бет,2016 жыл,183,184-беттер, Н.Бакина, Н.Жанақова. 2012 жыл, 209-бет.
3. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастаған қазақ батыры:

A) Исатай

B) Жоламан

C) Амангелді

D) Бөгенбай

E) Сырым


Дұрыс жауабы: D

Есімдері аңызға айналған Есет, Қабанбай, Бөгенбай... жеке қол құрып, күресті тоқтатпады.

Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық, З.Қабылдинов және т.б. 2012 жыл. 9-бет, 2016 жыл, 16-бет, Ж.Қасымбаев. 2016 жыл. 18-бет,2016 жыл, 16-бет.

4. 1643 жылы жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан:

A) Тахир

B) Есім


C) Тәуекел

D) Жәңгір

E) Жолбарыс

Дұрыс жауабы: D)

«Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса-көктеп кірді. Жәңгір асығыс, қол жинауға үлгермей, 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты»

7-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы, С. Жолдасбаев. 2012 ж. 171–бет; Н.Бакина, Н.Жанақова. 2012 ж. 237-бет.


5.1916 жылғы Торғайдағы көтерілісті ұйымдастырып, басқарған сардарбек:

A) Б. Әшекеев

B) А. Иманов

C) А. Қосанов

D) Ж. Мәмбетов

E) Ұ. Саурықов

Дұрыс жауабы: B)

«1916 жылы қыркүйекте Торғай уезінде Амангелді Иманов көтерілісшілердің үлкен жасағын құрып, қару жасаушыларды ұйымдастырды және көтерілісшілерді әскери өнерге өзі үйретті». 9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы. М. Қозыбаев және т.б. 2013 жыл. 20-бет; Б.Аяған және т.б. 2013жыл.12-бет.

6. Рейхстагқа ту тіккен қазақстандық жауынгер:

A) Т. Тоқтаров

B) Х. Көбеков

C) Х. Қайдауов

D) А. Еремеев

E) Р. Қошқарбаев

Дұрыс жауабы: E)

«Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып ал қызыл Жеңіс туын қадады».

9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы. М. Қозыбаев және т.б. 2013 жыл. 122-бет; Б.Аяған және т.б. 2013 ж. 179-бет.
7. «Алаш» партиясы құрылған жыл:

A) 1915 ж.

B) 1914 ж.

C) 1913 ж.

D) 1916 ж.

E) 1917 ж.

Дұрыс жауабы: E)

«Алаш» саяси партия ретінде толыққанды 1917 жылы шілдеде ұйымдасты»

9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы. М. Қозыбаев және т.б. 2013 жыл. 36-бет; Б.Аяған және т.б. 2013 ж. 42-бет.
8. 1937-1938 жылдары репрессияға ұшыраған көрнекті ғалым:

A) Е. Бекмаханов

B) Т. Тәжібаев

C) У. Ахмедсафин

D) М. Айтхожин

E) С. Асфендияров

Дұрыс жауабы: E)

«1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. ...қазақтың тарихи білімінің негізін салушы С.Асфендияров...жазалау шараларының құрбаны болды.»

9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы. М. Қозыбаев және т.б. 2013 ж. 85-бет. Б.Аяған және т.б. 2013 ж. 151-бет.
9. Тың игеру жылдарында жайылымдық жерлерді көп жыртудың салдарынан

A) мал басы көбейді

B) жем-шөп қоры молайды

C) егіншілік артта қалды

D) мал шаруашылығы артта қалды

E) мал шаруашылығы дамыды

Дұрыс жауабы: D)

«Миллиондаған гектар жерді жырту, елді мекендер салу мал жайылымдарын тарылтты.... Осылайша дәстүрлі мал шаруашылығы орын толмас шығынға ұшырады...»

9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы. М. Қозыбаев және т.б. 2013 ж. 154-бет. Б.Аяған және т.б. 2013 ж. 221-бет.
10. «Қазақстан-2030» Жолдауы жарияланған жыл:

A) 1997 жыл

B) 1999 жыл

C) 1994 жыл

D) 1993 жыл

E) 1998 жыл

Дұрыс жауабы: A) 1997 жыл

«1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды»

9-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы. М. Қозыбаев және т.б. 2013 ж. 278-бет; Б.Аяған және т.б. 2013 ж. 318-бет.

11. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген хан – ... .

A) Өзбек

B) Берке


C) Тохты

D) Мөңке

E) Батый

Дұрыс жауабы: E

Батый хан-Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, Н.Бакина, Н.Жанақова. 2012 ж. 152-бет, С.Жолдасбаев. 2012 ж. 102–бет; 2016 жыл, 120-бет


12. Махмұд ибн Уәли «Бахр әл-асрар» еңбегінде жазғандай:«... сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбілқайыр ханды ұнатпаған қол астындағы белгілі және қарапайым адамдардың қай-қайсысы болмасын олардан пана тапты».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет