Ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылуы керек



Дата17.06.2018
өлшемі28,75 Kb.
#43115
Мақсаттары:

  • Ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылуы керек;

  • Ойын ережелері оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс;

  • Ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалауымен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.

  • Басқа ұлт өкілдерінің балалардың қазақ тіліндегі сөздік қорын дамыту, қазақ тілінде сөйлесе білуге үйрету.

  • Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету.

  • Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту.

  • Қысқа өлең, тақпақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштар жаттап айтуға үйрету.

  • Балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту. Зейін, сезімін қабылдау әрекеттерін дамыту.

  • Айналадан, табиғаттан, күнделікті өмірде көрген-білгенін қазақша айтуға үйрету.

  • Қазақ тілінде сөйлесуге, тілді құрметтеуге, сүйіспеншілікке, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.


Міндеттері:

  • Ойын арқылы сөздік қорды молайту;



  • Тірек сызбалар бойынша сөйлемдер құрастыра білу;


  • Сөздік қорды монолог, диалог арқылы нығайту;



  • Мемлекеттік тілде еркін  сөйлей білу;



  • Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру;



  • Ұлтымыздың салт- дәстүрлерінің элементтерін ұғындыру;


  • Мәдениет нышандарын қалыптастыру ( амандасу, сәлемдесу)


Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге, салт – дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады.Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды. Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес.Баланы тапқырлыққа, өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдыққа үйрететін де осы ойын» деген екен. Баланың шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын баланы бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге топ ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады.Сабақта  мынадай ойындарды ойнауға болады:

1.Сиқырлы қоржын. (тақырыптар: «Жемістер», «Көкөністер», «Ыдыс-аяқ»

«Ойыншықтар» т.б.)

2.Үйде кім жоқ?  (тақырып: «Отбасы мүшелері»)

3. Аудармашы. (барлық тақырыптарға келеді.Мұғалім сөзді қазақша айтса бала орысшаға аударады,немесе мұғалім орысша айтып қазақша аудармасын сұрайды)

4.Не жоқ? (Тақырыптар : «Үй жануарлары», «Жабайы жануарлар», «Киімдер» т.б.)

5. Кімнің дауысы? (Барлық тақырыптарға қолданауға келеді.Бір бала ортаға шығып теріс қарап тұрады,мұғалім келесі бір баланы шақыртып өтілген тақырып бойынша бір сөзді айтуды сұрайды,бірінші бала кімнің дауысы екенің айтып және сол сөздің суретін көрсетеді)Бұл ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына,сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ұлы Абай атамыз айтқандай «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болма?» деп баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.


Ойындар балалардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және бүлдіршіндердің зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар  арнайы  мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның  мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру,  оларды  қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың  қызығушылығын оятып,  белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік  берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады.

Сондықтан бағдарлама бойынша  бекітілген оқыту үрдісінде ойын  түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдалнып отыру керек



«Бала ойынымен өседі, дана оймен өседі»

«Көне болмай жаңа болмас, бала болмай дана болмас»

«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді»

Мақалдарға сүйене отырып,«Ойын»-адам мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған іс-әрекеттің түрі болып тұр деуге болады.Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

1. Балалардың тыңдау  зейінің қалыптастырып сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

2.Балалардың сөздік қорын молайтып,оны дұрыс қолдана білуге үйрету.



3.Балалардың ойын дамыту,  дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын  қалыптастыру. Таңдап алынған ойындар балалардың сөз байлығына ,тіл қорына сай болу керек. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын бүлдіршіндердің  зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балабақшадағы  балалардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады.Ойындар барлық (дайындық, ересек, ортаңғы)  топтарда қолданылады.Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады.Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрсетеді. Ойын арқылы бала тілін дамытуға болады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор.Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.Ең басты мақсатым: балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру. Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып
- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;
- жаңа сөздерді меңгертеміз;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз.
Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше.Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:Түсіндіру әдісі  - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін   жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.Көрнекілік әдісі – Сабақ сайын жүргізілетін  әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .
Жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы бала ата-анасымен дүкенге барады, азық-түліктерді сатып алады, соның ішінде жемістер мен көкөністерде бар, сол туралы орысша әңгімелеп береді. Ал мұғалім орыс тілінде айтып берген әңгімесін қазақ тілінде айтып беруді сұрайды: Бала дүкеннен сатып алған жемістердің, көкөністердің атауын қазақ тілінде еске түсіріп атап шығады.
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу  арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір  арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді.Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды  сурет бойынша, техникалық құралдар  және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру. Кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйренудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс. Қазақ тілінде сөйлеуде балалардың тілі тез даму үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп араласуы қажет. Қазақ тілі сабағында қолданылған  видиотаспа балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады. Балалабақшада  қазақ тілін үйретуде  сөздік  жұмысты  қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен  тығыз  байланыстыра  жүргізу,жаңа  сөздер  қамтылатындай  түрлі  ойындар  арқылы  тіл  ұстарту,көру,есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау  қабілеттерін  жетілдіріп  отыру,балаларды  сөйлесе  білуге,сөйлемдерді  дұрысайтуға,дұрыс  жауап  беруге  баулу  мақсаттары  көзделеді.Тілді үйренуде ең басты міндет-балалардың сөйлеу тілін дамыту. Балаларды  қазақ  тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға қазақ тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданып, сабақты қызықты өтуге, балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалана отырып балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыт

Қорыта айтқанда, ойын арқылы балалардың танымдық қызығушылығын арттыру ,сөздік қорын дамыту, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізу.Қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі.Тілді қастерлеу , үйрену-әр Қазақстандықтың парызы.

 «Кім болам?» ойыны.



Шарты: Бала өзі қалаған мамандығын алады да, сол мамандық бойынша әңгімелейді

 «Кімге не керек?» ойыны.



Шарты: Алдын – ала әзірлеп қойылған заттарды, суреттегі мамандық иелерінің қасына қою керек. Бұл ойында негізгі мақсат баланы тапқырлыққа үйрету.

      Тіл дамыту сабағында «Киімдер» тақырыбы бойынша  



«Қай мезгілде киеміз?» ойыны.

 Шарты: Бірнеше киімдердің суреттерін тақтаға ілдім, бала өзі қалаған киімді алып жылдың қай мезгілінде киетіні жөнінде әңгімелейді.

       Сонымен қатар, математика сабақтарында да ойынды көп пайдалануға тырысамын.

 «Қашқан сандар», «Кім алғыр», «Алдыңғы көршісін тап», «Қай сан жоқ», «Апта күндері сапқа тұрыңдар», «Поезд құрастыру» т.б ойын түрлерін пайдаланамын.

      Сауат ашу сабағында «Ғарышқа ұшу» ойынын жүргіздім.

 Шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалған зымыран үлгісі көрсетіледі де, кім ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау. Тапсырмада жұмбақтар шешу, санамақтар айту, сөздерді оқу.

 Ойын мақсатында балалардың білімге құштарлығын арттыру.

       «Сөз ойла, тез ойла», «Алма теру», «Көкөністер жинау», «Кім білгіш» ойындарын үнемі пайдаланамын. Ойын шарты: Мен дауысты дыбысты атасам, екі қолдарыңды жоғары көтеріп шапалақтау, ал дауыссыз дыбыстарды атасам еңкейіп шапалақтау. «Алма жинау» ойынында алма ағашының суреті, жемісімен ілінеді. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, сол дыбысқа сөз құрау.



«Ғажайып дорба» ойыны

 Шарты: бала сипап сезу арқылы не екенін табады.

«Бағдаршам» ойынында мұғалім жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді. Сарыны көрсеткенде алақандарын соғады, қызыл түсте тыныштық сақтайды.

Пайданылған әдебиеттер:



  • 1.Бастауыш сынып оқыту.Алматы, 2010 ж. барлық пәндер бойынша

  • 2.Бастауыш мектеп Алматы, 2003 №9

  • 3.Бастауыш мектеп Алматы,2001 № 3

  • 4.Қазақстан мектебі Алматы, 2001 № 3

  • 5. Бастауыш сыныпта оқыту Алматы,2011 № 1

  • 6. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) Алматыкітап 2010 ж.

Каталог: uploads -> doc -> 072f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
072f -> Қазақ тілінен Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ожсб) мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге(ҰБТ) дайындалуға арналған әдістемелік құрал
072f -> Сабақ жоспары тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталарын алысқа және дәл лақтыру
072f -> Сабақ: №1 Мектеп: №97 орта мектеп Күні: 09. 10. 2015ж Мұғалімнің есімі
072f -> Сабақ тақырыбы : Дөңгелек жасау. Эстафета ойындары. Күш дамыту жаттығулары. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет