Ә леуметтік- Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі (6B01303)
Бөж
Әлеуметтік- саясаттану білім модулі
Тақырыбы: Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
Орындаған:Тұрсынбекова А.
Қабылдаған:Жұмаділлә Ш.
Түркістан 2022
Жоспары:
Кіріспе Негізгі бөлім 1. Саясат функциялары мен оның жіктелуі.
2. Саясат құрылымы
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясат түсінігі ежелгі грек философы Аристотельдің ұғыммен аттас еңбегі арқылы ғылымға кеңінен тарала бастады. Ғұлама ғалым саясатты отбасылар мен тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, адам саяси жануар және ол саяси қатынастарға түрлі деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, әлеуметтік топ мүшесі, саяси қайраткер. Демокрит және өз заманының ойшылдары саясатты өнерден де жоғары түсінік ретінде айқындайды. Ойшылдардың пайымдауынша, саясат аса дарынды, данышпан, әділетті және шыншылдардың ісі. Парасатты саясат – мемлекеттің гүлдену, қоғам мен тұлғалар дәулеттілігінің кепілі. Неміс саясаттанушысы М. Вебер саясатты билік жүрзізуге ұмтылыс немесе оның үйлестіру қызметіне ықпал жасау ретінде қарастырады. Саясат – мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару өнері). Түсінік гректің πολιτικός, яғни πολι (поли) жиынтық, көптеген деп айдарылса, τικός (тикос) — мүдде; (тікелей аударсақ «мүдделер жиынтығы, көптігі»). Ежелгі Греция қалаларындағы мемлекеттік қызметкерлерді политикос деп атаса, өз қаласындағы саяси өміріне қатыспайтын және қызығушылығы жоқ азаматтарды ιδιοτικός (идиотикос) деп атаған.Саясат – бұл ресурстарды таратуды басқару. Бұл билікті алу, сақтап қалу және пайдаланумен байланысты қоғамдық өмір-салттың саласы. Ағылшын тілінде саясат ұғымын түсіндіру үшін оның түрлі өлшемдерін сипаттайтын түсініктер қолданылады: нысандық (polity) – саяси құрылымы, саяси институттардың жиынтығы; мазмұндылық (policy) – саясат субъектілерінің жобалары мен талаптары; партиялар бағдарламалары немесе үкімет саясатының бағыттары; іс-жүргізу (politics) – қоғамның барлық саяси өмірі, саяси күрес нәтижелерін ескере отырып жасалатын саяси қатынастар мен саяси қимылдардың күтпеген салдары.