1 апта
Отбасы мен отбасылық қатынастардың психолого-педагогикалық негіздері
Тапсырма:
1.Отбасы мен отбасылық қатынастардың психолого-педагогикалық негіздері.
Отбасы психотерапиясы тарихы мен отбасына кеңес беру тарихы өзара байланысты, бұл дегеніміз бірқатар зерттеушілер мен практиктердің отбасына кеңес беруді отбасы психотерапиясының түрі ретінде ұйғаруына мүмкіндік береді, дегенмен де отбасы психотерапиясының өзіндік белгілері, шектері бар. Отбасына кеңес берудің отбасы психотерапиясы түрі немесе психологиялық көмек көрсетудің басқа тәжірибесі екендігі жайлы сауалға жауап іздеу үшін «психотерапия» ұғымының мазмұнын нақтылап, кеңес беру мен психотерапия ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет. Психологиялық практиканың қалыптасу контексінде психотерапияның әлеуметтік, ғылыми және қолданбалы статусы, мазмұны мен даму перспективалары проблемасы қазіргі қоғамда терең әрі жан-жақты талдау нысанына және халықаралық пікірталасқа айналды. Кеңес беруде де психотерапияда да орталық орынды терапевтің клиентпен қарым-қатынасы алады, бұл қарым-қатынас терапиялық байланыс орнату, проблеманы зерттеу және оның шешімін іздестіру арқылы жүзеге асырылады. Кеңес беру мен психотерапияның принципиалды айырмашылығы тұлға қиындықтары мен проблемаларының себебін түсіндірудің каузальды моделімен байланысты. Осыған орай, психотерапия медициналық модельге бағдарланады, бұл модельде отбасы тұлға патогенезімен байланысатын маңызды этиологиялық фактор болып табылады, ол бір жағынан тұлға патогенезімен, екінші жағынан тұлғаның өмірге төзімділігі мен тұрақтылығының ресурстарымен байланысты. Аталған кеңес беру моделі отбасын дамыту міндеттеріне, оның рөлдік құрылымдары мен отбасы қызметтерінің заңдылықтары ерекшеліктеріне баса назар аударады. Кеңес беруші клиентті проблемалық жағдаятқа, проблеманы айқындауға, жағдаятты талдауға, істің шешілу мүмкіншілігіне бағдарлауға жағдай жасайды. Шешім қабылдауға және оны жүзеге асыруға жауапкершілік алу клиент құзыретінде, кеңес беруші клиенттің тұлғалық өсуіне, оның отбасының төзімді болуына бағыт береді.
Отбасына кеңес беру дамытушы, түзетуші, алдын алушы, бейімдеуші мақсаттар ретінде анықталуы мүмкін. Дамытушы мақсаттар өзіндік даму тұрғысында отбасы ресурстарының өсуімен байланысты. Мұнда психологиялық жұмыстар отбасының нормативті және нормативті емес дағдарыстары мен проблемаларын шешу құзыреттілігін арттырумен нәтижеленеді. Түзетуші мақсаттар отбасының рөлдік құрылымын оңтайландыруды, оның ұйымшылдығын, бірлігін, некеге қанағаттанушылығын арттыруды, тұлғааралық коммуникацияны жақсартуды көздейді. Алдын алушы мақсаттар отбасының фрустрациялық толеранттылығының өсуімен, бейімдеуші – отбасындағы жанжалдарды, дағдарыстардыойдағыдай шешумен байланысты.
Отбасымен жұмыс міндеттері, түрлері мен әдістері отбасылық қатынастардың қандай сферада және өмірлік циклдің қандай кезеңінде екендігіне байланысты ерекшеленеді, отбасына кеңес беру некеге түсу, ерлі-зайыптылық қатынастар, бала-ата-аналық қатынастар мәселелері бойынша жүзеге асырылады.
2.Отбасының өмір циклдері
Отбасының өмір сүру циклі биологиялық емес әлеуметтік процесс, себебі отбасы некеге отырудан басталады және де ол мемлекеттік құжатпенен заңдастырылады. Отбасының өмір сүру циклінің бітуі ажырасуменен аяқталады және ол да мемлекеттік құжатпенен дәлелденеді. Ал ажыраспаған отбасының өмір циклі келесі кезеңнен тұрады: 1) некеге тұрудан ең соңғы баланың тууы; 2) алғашқы ересек баланың өзінің отбасын құрап бөлініп шығуы; 3) балалардың үйленүі жалғасуда. Бұл кезең «кемелденген» кезең дейді; 4) барлық балалардың отбасынан кетуін «бос қалған ұя» кезеңі дейді; 5) жалғыз бастылық немесе «өшу» кезеңі. Бұл кезеңде ерлізайыптының бірі өліп екіншісі қалуы мүмкін. Екіншісі де өмірден озған кезең отбасының өмір сүру циклінің аяқталғаны.Қазіргі қазақ отбасының әлеуметтік мәселелері.
3.Отбасы құрылымы.
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |