Түсінік хат
Орта мерзімдіоқужоспар «Қазақтілі» пәнібойыншаоқубағдарламасынегізіндеқұрастырылды. Пәнмазмұнынигертуүшінмұғалімоқубағдарламасындаберілгеноқумақсаттарынөтуітиіс. Орта мерзімдіоқужоспарымұғалімгелексикалықтақырыптарнегізінде, оқушыигеругетиісоқудағдыларындамытужолдарынұсынып, белсендіжұмыстүрлерінұйымдастыруғакөмекберудікөздейді. Орта мерзімдіоқужоспарыоқушылардыңұлттықдүниетанымынкеңейтуге, шығармашылыққабілеттерінарттыруға, коммуникативтікдағдыларынжетілдіруге, алғанбілімінөмірдіңкезкелгенсаласындатиімдіқолданабілуінеықпалетеді.
«Қазақ тілі» пәнінің апталық жүктемесі 3 сағат, жылдық жүктемесі 102 сағатты құрайды.
Лексикалық тақырыптар мақсаты:
Ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес орта мерзімді жоспар 10 бөлімнен тұратын төмендегі лексикалық тақырыптарды қамтиды:
1) Мәдениет: тіл және қарым-қатынас;
2) Киіну.Сән.Талғам;
3) Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер,
4) Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі;
5) Бос уақыт және хобби;
6) Қиял әлемі;
7) Көлік және жол белгілері;
8) Адамның сырт келбеті мен мінезі;
9) Аспан әлемінің құпиялары;
10) Саяхат және демалыс.
Лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сөздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алуға, өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары: Оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде 5-сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым және айтылым оқу мақсатымен бірге жазылым оқу мақсатын алуға болады). Әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бөлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай өзгерте алады. Пәнаралық байланыс, шынайы өмірмен байланыс: 5-сыныптың орта мерзімді жоспарындағы лексикалық тақырыптарды меңгерту «Өзін- өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «География» пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Пәндерді кіріктіріп оқыту кезінде басқа пән мұғалімдерімен бірлесіп, командалық сабақ жоспарларын әзірлеуге болады.
Сондай-ақ осы пәндермен кіріктірілген сабақ жоспарын құрып жүргізуіне болады. Мұғалім қазақ тілін басқа пәндермен тығыз байланыста оқыту арқылы оқушының академиялық сөйлеу және жазба тілін қалыптастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Лексикалық тақырыптар ретінде сұрыпталып іріктелінген мәтіндер мен оларға байланысты құрылған тапсырмалар шынайы өмірмен байланысты жағдаяттардан туындап немесе соған жуықтатылуы тиіс. Сонымен қатар, оқу материалдарының мазмұны мен тапсырмалардың орындалу логикасы оқушылардың даму деңгейіне сай ойлау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкес таңдалынады. Грамматиканы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқыту: Орта мерзімді жоспарда оқушылар меңгеруге тиісті грамматикалық тақырыптар көрсетілген: - қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу; -сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу; -тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану; -жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тіл дамыту барысында қолдану; - зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану; - сын есімдердің, шырай түрлерінің қолданыстағы ерекшеліктерін тану, сын есімнің субстантивтену құбылысын жаттығулар арқылы таныту; - сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімнің субстантивтену құбылысын жаттығулар арқылы таныту; - төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің қолданыстағы және жазылудағы тыныс белгілердің қолданылу ерекшеліктерін білу, төл сөздің төлеу сөзге айналу жолдарын білу;
Қазақ тілін қазақ мектебінде ана тілі ретінде дәстүрлі оқытуда грамматиканы «тіл формасынан тіл мазмұнына қарай жүрумен» оқытып келсе, грамматиканы функционалдық оқытуда «тіл бірлігінің қызметінен оның формасына қарай жүру» логикасына қарай өзгерді. Бір жағынан, нақты мәнмәтінде, мәтінде қандай грамматикалық құралдар қатысып тұрғанын көрсету мақсаты көзделінсе, екінші жағынан, грамматикалық тәсілдер тобы арқылы берілетін семантикалық функцияларды талдау мен жинақтау көзделеді. Грамматиканы функционалдық тұрғыдан оқытуда грамматикалық бірліктердің функциялары мен формалары тығыз бірлікте қарастырылады. Грамматиканың формалды жағы – грамматикалық бірліктердің таптарға жіктелуі, категорияларға бөлінуі арқылы танылады. Енді осы грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту функционалдық грамматиканың міндеті болып табылады. Сөйтіп грамматикалық дағдыларды қалыптастыру бірізділігі оның білдіретін мағыналық қызметімен тығыз байланыста жүргізілуі керек. Ондай мүмкіндіктер мәтіндерді қолдана отырып оқытуда молынан табылады. Қазақ тілін оқытудың жаңа басым бағыттары: функционалдық, мәтінге негізделген, коммуникативтік әрекет. Сондықтан қазақ тілі сабақтарының заманауи талаптары: тіл бірліктерінің мәтінқұраушы және көркем-мәнерлі функцияларын таныту негізінде құрылған жаңа білім мазмұны, грамматиканы функционалдық негізде оқытудағы мәтіннің білім көзі ретіндегі маңызды орны, қазақ тілі мен қазақша сөйлеу және жазба тілінің тұтастықта танылуын көздейтін жаттығулар жүйесі.
Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытудың әдіс-тәсілдері:
Орта мерзімді жоспарда ұсынылған әдіс-тәсілдер оқушылардың оқу және ойлау белсенділігін арттыруға бағытталған. Коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс. Тыңдалымға арналаған сабақ құрылымы: Тыңдалым алдындағы тапсырма: тақырыпты таныстыру; тыңдалымдағы маңызды сөздерді үйрету; тақырыпқа қатысты сұрақтар құра отырып, сол тақырыптағы оқушы білімін қозғау. Тыңдалым тапсырмасы: әртүрлі тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар тобы; олар жалпы мазмұнын түсінуден бастап, детальді түсінуге бағытталады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: тыңдалымдағы тақырып туралы сұрақтардан тұрады және ол сұрақтарға өз көзқарастарын білдіріп, тәжірибелерімен байланыстыра отырып жауап берулері тиіс. Сонымен қатар сұрақтар жауап беру барысында тыңдалымдағы сөздерді пайдалана алатындай құрылуы қажет. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарда тыңдалым/ айтылым дағдысы қатар жүреді. Мұғалім тыңдалымнан кейінгі айтылым тапсырмаларын дискуссия, дебат, сұхбат және т.б. белсенді жұмыс түрлері арқылы ұйымдастырады. Оқылымға арналаған сабақ құрылымы: Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, сөздерді алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою. Оқылым тапсырмасы: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар). Алғашқы тапсырмалар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс. Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай құрылуы керек. Жазылымға арналған сабақ құрылымы: Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б. Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы. Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі. Егер жазылымды үлгі беру арқылы үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар, үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді. Ал егер мұғалім оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етсе, бұлд жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
«Қазақ тілі» пәні. 5-сынып «Арман ПВ» баспасы
Авторы: Т.Н.Ермекова, Ж.К. Отарбекова, Р.Н.Мұнасаева
Барлығы: 102 сағат, аптасына 3 сағат.
Р/с
|
С/р
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқу мақсаты
|
Cағат саны
|
мерзімі
|
Үй жұ
мы
сы
|
Ескер
ту
|
1-тоқсан – 24 сағат
|
|
1
|
1
|
1-бөлім:
Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
|
1.Ана тілі-ұлт байлығы
|
5.1.1.1 - тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;
5.2.1.1 - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
|
1
|
3.09
|
|
|
2
|
2
|
2. Тіл -қатынас құралы
|
5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
|
1
|
4.09
|
|
|
3
|
3
|
3. Тіл-бірлік құралы
|
5.3.1.1 - берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;
|
1
|
6.09
|
|
|
4
|
4
|
4. Тіл тазалығы
|
5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
|
1
|
10.09
|
|
|
5
|
5
|
5.Жеті жұрттың тілін біл
|
5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
|
1
|
11.09
|
|
|
6
|
6
|
6.Сөйлеу мәдениеті.
|
5.2.2.1 -лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану
|
1
|
13.09
|
|
|
7
|
7
|
7. Телефонмен сөйлесу әдебі
|
5.3.4.1 - Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру (5.Ж1.); оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу (5.О6.).
|
1
|
17.09
|
|
|
8
|
8
|
8. Сөйлеу мәдениеті. Сыпайылық , әдептілік
|
5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
|
1
|
18.09
|
|
|
9
|
9
|
9.Тілі байдың ойы да бай. І. БЖБ
|
5.2.1.1 - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
|
1
|
20.09
|
|
|
10
|
10
|
2-бөлім:
Киім.
Сән.
Талғам.
|
10.Киім түрлері және сән туралы түсінік
|
5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, жарнама) көтерілген мәселені түсіндіру;
5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
|
1
|
24.09
|
|
|
11
|
11
|
11.Киім стильдері
|
5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, жарнама құрастырып жазу;
|
1
|
25.09
|
|
|
12
|
12
|
12.Қазақтың ұлттық киімдері
|
5.2.5.1 -мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
|
1
|
27.09
|
|
|
13
|
13
|
13.Бабамның киген киімі
|
5.1.4.1 -тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
|
|
1.10
|
|
|
14
|
14
|
14.Қазақстандық дизайнерлер
|
5.2.5.1 -мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
|
1
|
2.10
|
|
|
15
|
15
|
15. Сән әлеміне саяхат
|
5.2.3.1 -жарнама құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
|
1
|
4.10
|
|
|
16
|
16
|
16. Киім кию мәдениеті
|
5.2.5.1 -мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру О/Ж. ӘТН
|
1
|
8.10
|
|
|
17
|
17
|
3-бөлім: Отбасы
лық дәстүр
лер мен мереке
лер
|
17.Балаға ат қою
|
5.2.3.1 -хаттың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
|
1
|
9.10
|
|
|
18
|
18
|
18. Бесікке салу
|
5.1.4.1 -тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
|
1
|
11.10
|
|
|
19
|
19
|
19. Тұсау кесу
|
5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама) көтерілген мәселені түсіндіру;
|
1
|
15.10
|
|
|
20
|
20
|
20. Тілашар
|
5.4.3.1 -тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздеркөркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
|
1
|
16.10
|
|
|
21
|
21
|
21. Туған күн
ІІ. БЖБ
|
5.2.4.1 - ауызекі стильдегі мәтіндердің
мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;
|
1
|
18.10
|
|
|
22
|
22
|
22. Қонақ күту дәстүрі
|
5.1.4.1 -тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
|
1
|
22.10
|
|
|
223
|
23
|
|
23. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
|
5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама) көтерілген мәселені түсіндіру;
|
1
|
23.10
|
|
|
24
|
24
|
|
І тоқсандық жиынтық бағалау
|
|
1
|
25.10
|
|
|
2-тоқсан – 24 сағат
|
25
|
1
|
4-бөлім: Жануар
лар әлемі мен өсімдік
тер дүниесі
|
1.Адам және табиғат
|
5.2.3.1 -хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
|
1
|
5.11
|
|
|
26
|
2
|
2.Қазақстанның «Қызыл кітабы»
|
5.3.2.1 -жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру құрастырып жазу;
5.3.6.1 -мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау
|
1
|
6.11
|
|
|
27
|
3
|
3. Жануарлар мен өсімдіктер
|
5.2.3.1 -хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
|
1
|
8.11
|
|
|
28
|
4
|
4. «Бақа мен үйрек» ертегісі
|
5.2.1.1 -мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
|
1
|
12.11
|
|
|
29
|
5
|
5. Жан-жануарлар туралы ертегілер
|
5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру;
|
1
|
13.11
|
|
|
30
|
6
|
6.«Жыл он екі ай» ертегісі
|
5.2.3.1 -хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
|
1
|
15.11
|
|
|
31
|
7
|
7. Адам және жыртқыш аң
|
5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
|
1
|
19.11
|
|
|
32
|
8
|
8. Өсімдік және музыка
|
5.2.3.1 -хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
|
1
|
20.11
|
|
|
33
|
9
|
9. Ғажайып ағаштар
|
5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
|
1
|
22.11
|
|
|
34
|
10
|
10.Миуалы ағаш
|
5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
|
1
|
26.11
|
|
|
35
|
11
|
11.Жеміс-жидектің пайдасы
І. БЖБ
|
5.1.2.1 -әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру; Тыңдалым/жазылым
|
1
|
27.11
|
|
|
36
|
12
|
5-бөлім: Бос уақыт және хобби
|
12.Бос уақытты тиімді пайдалану
|
5.2.2.1 -лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану;
|
1
|
29.11
|
|
|
37-
38
|
13-
14
|
13. Уақыттың қадірі
14.Бос уақытты қалай өткіземіз?
|
5.1.3.1 -тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
|
1
|
4.12
интегр
|
|
|
5.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру;
|
39
|
15
|
15. Уақыт алға жетелейді
|
5.3.4.1 - эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу;
|
1
|
6.12
|
|
|
40
|
16
|
16.Уақыт алтыннан қымбат
|
5.1.2.1 - әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
|
1
|
10.12
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |