Жоспар: Әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану мұғалімі кәсіби қызметінің мәні мен мазмұны.
Анимациялық технологияның мақсаты. Кәсіби аниматорлар қызметінің мазмұны.
Анимациялық технологияның педагогикалық негіздері.
1. Әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану мұғалімі кәсіби қызметінің мәні мен мазмұны. «Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.
«Әлеуметтік педагог» мамандығының аталуының өзі «педагог» сөзінен туындайды. Сондықтан әлеуметтік педагог мамандарын педагогикалық оқу орындарында дайындап шығарады. Бұл екі мамандықты да теңестіріп отыратын нәрсе – олардың екеуінің негізгі назарының объектісі бала және оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуы болуында. Соған қарамай, бұл мамандықтар бір-бірінен ерекшеленеді де. Оқытушы өзінің негізгі білім берушілік қызметін орындаса, ал әлеуметтік педагог оқушының қоғамға бейімделуін басты назарда ұстайды. Сондай-ақ, мұғалім мамандығы өзінің қызметін тек білім мекемелерінде жүзеге асыратын болса, ал әлеуметтік педагог әртүрлі мекемелерде қызмет етеді. Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі – әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Бұған бойында әртүрлі интеллектуалдық, педагогикалық, психологиялық ауытқулары бар балалар (көзі көрмейтін, естімейтін, ақыл-есі кемтар және т.б. балалар) да жатады. Егер балалардағы әлеуметтену процесі ойдағыдай өтетін болса, онда олар әлеуметтік педагогтің көмегіне мұқтаж болмайды. Әлеуметтік педагогтің қызметі мектепте, отбасында балалар тәрбиесі мен дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік болмағанда қажет болады. Ал, әлеуметтік педагогтің қызметінің мақсаты – баланың дұрыс өсіп жетілуі мен дамуына психологиялық мүмкіндіктерді жасау. Әлеуметтік педагог қызметінің жұмыс ерекшелігі мен мамандану бағытына байланысты ол мынадай жүйені қамтиды: – білім мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет (мектепке дейінгі, қосымша білім беру мекемелері, жалпы білім беру мекемелері, колледждер, лицейлер, мектеп-интернаттар, бала- бақшалар, орта арнаулы оқу орындары, жоғары оқу орындары); – әлеуметтік қызметке мамандандырылған мекемелер (отбасы- лық балалар үйі, реабилитациялау орталықтары, әлеуметтік 68 қамқорлыққа алу мекемелері, ақыл-ойы мен дене жағынан дамуында ауытқуы бар балаларға арналған арнайы мектептер, жұмыспен қамту орталықтары, еңбек биржалары және т.б.); – муниципалды органдар қызметі (әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-спорттық кешендер, әлеуметтік педагогикалық және әлеуметтік жұмыс орталықтары, халықты әлеуметтік қорғау орталықтары, отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері және т.б.); – мәдени анимациялық қызмет (жасөспірімдер клубы, мәдениет үйлері, ауылдық клубтар, халық өнері мектебі, отбасылық клубтар, отбасылық қонақжайлылық және т.б.); – валеологиялық қызмет (профилакториялар, реадилитациялық залдар мен кешендер, халықтық дәстүрлі емдеу мен сауықтыру орталықтары және т.б.).
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қогам құруымыз керек» деп атап көрсетті. Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылгы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсы жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылуда.
Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін-өзі тану» 1 бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогикалық және ата-аналар жұршылығының белсенді қолдауына ие болды.
Осы орайда білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ізгілендіру басты бағыт болып отыр. Аталған мәселеде «Өзiн–өзi тану» пәні маңызды роль атқаруда.
«Өзін-өзі тану» пəні арқылы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға тəрбиелей аламыз. Өзін-өзі тану пəні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, əрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді. «Жақсы адамды кездестірсең, одан үйренуге тырыс, ал жаман мінез құлықтағы адамды кездестірсең өзіңді-өзің зертте», – деген Конфу- ций. «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» Сократ (б.ғ.д. 469-399 жылдар) деген болатын. «Рухани кəусар бұлаққа барар жолды іздеу – əр адамның міндеттерінің міндеті», – деген С. Алпысқызы. С. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тəуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде жəне қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына жəне өз сөзі мен əрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тəрбиелейді. «Өзін-өзі тану» пəнін оқытудың негізгі шарттары: - Мектепте сүйіспеншілік, сенім, шабытты шығармашылық, өзіңді-өзің зерттеу, өзіңді түйсікпен ұғынуды дамыту атмосферасын құру үшін жағдай жасау; - Рухани-адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісімен ықпалдастыру; - Рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек қана позитивті жəне ізгі əдістерді қолдану қажеттілігі. Өзін-өзі тану пəнінде жалпы адамзаттық құндылықтар ақиқат, дұрыс əрекет тəрбиесі, ішкі тыныштық, ұстаз ұлағаты, қиянат жаса- мау сүйіспеншілік деп бөлінеді. Осы орайда əлеуметтік педагог жəне өзін-өзі тану маман- дардың қызметінде анимациялық іс-əрекеттерді білудің маңызы ерекше. Олар «Педагогикалық анимация» курсынан анимациялық бағдарламалар құрастыру, мəдени дем алу жұмысын ұйымдастыру, ақпараттар жинау жəне оны құрастыру, іс-шара жоспарын құрастыру мəселелеріне байланысты білім ала отырып, тəжірибелік жұмыстар арқылы оны іске асырады. Анимациялық іс-əрекет негізінде болашақ мамандардың коммуникативті, ұйымдастырушылық, рефлексивті мəдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.