ПӘнін оқыту-әдістемелік кешен


Сурет-1. Word мәтіндік редакторының терезесі Мәтінді теру



бет12/57
Дата23.08.2017
өлшемі7,64 Mb.
#25704
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57

Сурет-1. Word мәтіндік редакторының терезесі
Мәтінді теру

Абзацтар

Мәтінді теру кезінде жол толған кезде мәтін автоматты түрде келесі жолға ауысады. Enter пернесі екі рет басылған аралықта орналасқан мәтін абзац деп аталады. Әрбір абзац өзінің форматтау ережесіне бағынады.Егер келесі абзацқа көшпей жаңа жолды бастау керек болса, онда Shift+Enter пернелерінің комбинациясын басу керек. Келесі абзацты жаңа беттен бастау керек болса, онда Ctrl+Enter пернелерінің комбинациясын қолдануға болады.



Көрінбейтін символдар.

Мәтінді теру барысында қандай орындарда Enter, Shift+Enter пернелерінің басылғандығын көру қажеттігі туындайды. Word-тың кез келген құжатында көзге көрінетін символдармен қатар, көрінбейтін символдарда қолданылады. Мысалы, баспаға шықпайтын символдар: Enter, Shift+Enter, Бос орын, Tab,… пернелері арқылы пайда болады. Көрінбейтін символдарды экранда көру үшін стандартты құралдар тақтасындағы “Непечатаемые символы” (¶) батырмасын шерту керек. Сондай-ақ, Ctrl+Shift+8 пернелерінің комбинациясында пайдалануға болады.



Пернетақтада жоқ символдар.

Мәтінді теру кезінде, кей жағдайда, пернетақтада жоқ символдарды енгізу керек болады. Мысалы, грек алфавитінің әріптері: α, β, γ, δ, ε, π,... және т.б. символдар, мысалы,, , , , ¥, £ ,& … Бұл символдарды қою үшін Меню=>Вставка=>Символ… командасын пайдалануға болады, ашылған терезеден қажетті символды таңдап, ОК пернесін басу керек. Егер өажетті символ ашылған терезеде жоқ болса, онда шрифт түрін “Шрифт” тізімдерінің ішінен өзгерту керек.



Қажетсіз мәтіндерді өшіру.

Қажетсіз мәтінді жою үшін, оны алдымен ерекшелеп алу керек, содан кейін Delete пернесі басылады. Бір әріпті жою үшін: егер ол курсордың алдында орналасса, BackSpace пенресі, ал курсордан кейін орналасса Delete пернесін басу керек.



Ерекшелеу тәсілдері

Бағандарды және абзацтарды форматтау үшін, ақпаратты көшіру, көшірмесін алу және жою үшін оны ең алдымен тышқанның немесе клавиатураның көмегімен ерекшелеп алу керек.



Клавиатура көмегімен ерекшелеу

  1. Курсорды ерекшелеу керек фрагменттің басына орналастырыңыз.

  2. Мәтінді ерешелеу үшін пернелердің төмендегі комбинациясын пайдаланыңыз:

    • Shift +  немесе Shift + – бір жолды ерекшелеу;

    • Shift +  немесе Shift + –бір символды ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl +  немесе Shift + Ctrl +– бір сөзді ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl +  немесе Shift + Ctrl + – бір абзацты ерекшелеу;

    • Shift + Home – Курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift + End – курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың соңына дейін ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl + Home – курсор тұрған жерден бастап құжаттың басына дейін ерекшелеу;

    • Shift + Ctrl + End – курсор тұрған жерден бастап құжат соңына дейін ерекшелеу;

    • Ctrl + A немесе Ctrl + қосымша клавиатурадағы 5 цифрасы– бүкіл құжатты ерекшелеу.

Тышқанның көмегімен ерекшелеу

  1. Мәтіннің кішкене фрагментін ерекшелеу үшін, оның басына тышқанды шертіп, тышқан батырмасын жібермей көрсеткішті фрагмент соңына дейін тартыңыз, содан кейін тышқан батырмасын жіберіңіз.

  2. Мәтін блоктарын ерекшелеу үшін, төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданыңыз.

Кесте-2. Тышқанның көмегімен ерекшелеу тәсілдері

Сөз

Сөзге тышқанды екі рет шертіңіз

Сөйлем

Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанды сол сөйлемге бір рет шертіңіз

Жол

Ерекшелеу жолағына тышқанды шертіңіз(мәтіннің сол жағындағы бос өріс)

Абзац 

Ерекшелеу жолағына тышқанды екі рет шертіңіз

Құжат 

Ерекшелеу жолағына тышқанды үш рет шертіңіз

Тік блок

Фрагментті ерекшелеу кезінде Alt пернесін басып тұрыңыз





Құжатта іздеу

Құжатта кездесетін кез келген бір сөзді іздеу үшін, келесі команданы пайдалануға болады: Меню=>Правка=>Найти. Бұл үлкен көлемді құжаттармен жұмыс істеген кезде өте қолайлы. Сонымен қатар, табылған тексті автоматты түрде басқа текстпен алмастыруға болады (Меню=>Правка=>Заменить… командасы). Мысалы, Құжаттағы «Ару» сөзін «Қару» сөзімен алмастыру үшін, Меню=>Правка=>Заменить… командасы орындаймыз. “Найти” графасына “Ар” сөзін енгізіп, “Заменить на” графасына “Қар” сөзін жазамыз.


Автотолтыру

Меню=>Сервис=>Параметры автозамены… командасы құжатқа көп қолданылатын тесктер мен графикалық объектілерді, автоматты түрде қателерді жөндеуге және арнайы символдарды қоюға көмектеседі.



«Автотолтыру» терезесінің элементтерінің функциясы, «Автогтолтыру» қатпары.

  1. Сөздің басындағы екі бас әріппен жазылған әріптерді ауыстыру(флажок)- Сөйлемнің басында қатар басылып кеткен екі бас әріптерді алмастырады. Егер екі бас әріппен басталатын сөздерді жазу керек болса, онда флажокты алып тастауға болады немесе, егер екі бас әріпке басталатын сөйлемдер құжатты шектеулі ғана болса, онда оларды “Исключения…” тізіміне қосу керек.

  2. Сөйлемнің бірінші әріптерін бас әріппен жазу (флажок)- Word нүкте, сұрақ белгісі және леп белгісін сөйлемнің соңы ретінде қабылдайды. Нүктеден кейінгі әріп келесі сөйлемнің бас әріпі ретінде саналады, сондықтаны сол әріп бас әріпке ауысады. Өкінішке орай, Word қысқартылған сөздерді қарапайым сөйлемдерден ажырата алмайды. Сондықтан, мысалы, «т.б.» сөзінен кейінгі әріптерді бас әріпке ауысиырады. Мұндай жағдай болмас үшін, қысқартылған сөздерді қысқарту тізіміне қосмуға болады.

  3. СAPS LOCK пернесінің кездейсоқ басылуын болдырмау (флажок)-Егер байқаусызда CapsLock пернесін басып алсаңыз, онда кіші әріптер бас әріп түрінде ал, бас әріптер кіші әріпке айналып кетеді. Word бұл қателікті түзетуге тырысады.

  4. «Ауыстыру-Заменить” және “на” өрістері. “Қосу-Добавить” және Жою-Удалить” батырмалары. «Ауыстыру» өрісіне мәтін енгізіп, «на» өрісіне апарып мәтін енгізіп, «Қосу» батырмасына басыңыз. Сол кезде «Ауыстыру» өрісіне енгізілген мәтінді терген кезде ол автоматты түрде «на» өрісіне енгізілген сөзге ауысып отырады. Автоматты түрде ауыстырудан бас тарту үшін автоауыстыру тізімінен қажетті сөзді таңдап «жою» батырмасына басу керек.

  5. Қарапайым/Форматталған мәтін-Обычный/Форматированный текст” ауыстырғышы. Автотолтыруда ауысатын мәтіннің форматын өзгертуге арналған. Яғни, егер ауыстырғыш «Қарапайымда» тұрса, онда автотолтыру арқылы енгізілетін мәтіннің форматы бастапқы мәтінге ұқсас болады. Ал егер ауыстырғыш «Форматталған мәтін» ауыстырғышында тұрса, онда автотолтыру арқылы енгізілетін мәтінің форматы алдын ала тағайындалған формат түрінде ауысып отырады.


Тапсырма 1:

  1. Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құрыңыз

  2. Осы құжатқа Қосымшада көрсетілген мәтіндерді теріңіз.

  3. Құжатты сақтаңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосыңыз.

  2. Жаңа құжатта төменде көрсетілген №1 мәтінді теріңіз. Мәтінді теру кезіңде бас әріптер мен кіші әріптерге назар аударыңыз. Құжатты жұмыс үстеліне Word папкасын құрып, сонда TEXT1.DOC деген атпен сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  3. Тағыда бір жаңа құжат құрыңыз(Меню=>Файл=>Создать). № 2 мәтінді теріңіз (арнайы символдарды Меню=>Вставка=>Символ… командасы арқылы енгізіңіз). Құжатты жұмыс үстеліне Word папкасына TEXT2.DOC деген атпен сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

  4. text1.doc файлын ашыңыз. №3-те көрсетілген мәтінді қосыңыз. Құжатты атауын өзгертпеі сақтаңыз(Ол үшін Меню=>Файл=>Сохранить командасын пайдаланыңыз)


Тапсырма 2:

1 №4-дегі мәтінді теріңіз

2 Сөйлем басында кеткен екі бас әріпті дұрыс жазыңыз

3 Мәтіндегі Информатика сөзін Информатика сөзіне автоматты түрде ауыстырыңыз

4 Мәтіндегі Ақпараттық сөзін Информациялық сөзімен алмастырыңыз

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1 Сөйлемдегі екі бас әріпті алмастыру үшін және Информатика сөзін форматталған Информатика сөзіне алмастыру үшін Меню=>Сервис=>Параметры автозамены… менюін пайдаланыңыз.

2 Мәтіндегі Ақпараттық сөзін Информациялық сөзімен алмастыру үшін Правка-Заменить менюін пайдаланыңыз
1

Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтың тіл дәуірін де басынан кешірді. Осы заманда қазақ халқының күнделікті пікір алмасу қажетін өтеп отыруымен қатар, рухани байлығы- ауыз әдебиетін атадан- балаға мұра етіп келеді. Қазақ тілі- өркендеген мәдениеттің тілі, ғылыми тіл, көсемсөздік, ғылыми іс- қағаздардың тілі, стиль жағынан мейлінше байыған, грамматикалық құрылымы барынша дамыған оралымды тіл.


2

Егер менің көңіл-күйім жоқ болса, онда мен осылай жылаймын-, бұл өте қорқынышты- . Егер қуансам, мен былай қуанамын-. Егер біз кітап оқысақ (мына сияқты-), онда уақыт білінбей өте шығады. Бүгін біз MS  WORD мәтіндік редакторын қарастырамыз. Грек алфавитіндегі α әріпі жиі кездеседі.


3

Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы бойынша қазақ тілі республикадағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл қызметін атқарады.


4

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

АҚпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

АДамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың Бекітуға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

ҚАзіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. ҚОрытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.


Әдістемелік нүсқау: Тапсырманы орындау. Қысқаша конспект құру. Қорытындысын электронды нұсқамен көрсету.
Бекіту сұрақтары:

  1. Жаңа құжат қалай даярланады?

  2. Терілген құжатты сақтау мүмкіндіктері.

  3. WORD редакторын қалай жабады?

  4. WORD редакторында арнайы символдар қалай қойылады?

  5. WORD редакторында мәтінді ерекшелеу тәсілдерін атаңыз.

  6. Автотолтыру менюінің қызметін атаңыз?

  7. Құжатта іздеу әрекеттері қалай жүргізіледі?

  8. Ауыстыру және Іздеу командаларын айырмашылықтарын айтыңыз?

  9. Автотолтыру менюіндегі «форматталған мәтін» ауыстырғышының қызметін сипаттаңыз?

  10. Автотолтыру менюіндегі «Исключения» батырмасының қызметін сипаттаңыз?


Зертханалық жұмыс №2 (4 сағат)

Тақырыбы: Microsoft Office пакеттерімен жұмыс. Кестелік процессор. Негізгі түсінік. Функционалдық мүмкіндіктері. MS Excel. Функциямен жұмыс. Берілгендерді өңдеу және талдау. Диаграммамен жұмыс.

Мақсаты: MS Excel электронды кестесімен танысу, терезесіне шолу жасау, құрылымымен танысу, құжатты баптап үйрену, бағандар мен қатарлармен, ұяшықтар және ұяшық топтарымен жұмыс жасауды үйрену. Диаграммалар және графиктер құрып үйрену. Диаграммаларды өңдеу және безендіру. Диаграммаларды баспаға шығару.
Теориялық түсініктеме:

Microsoft Excel – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекті түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.



Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз, Microsoft Excel қатарында тышқанды шертеміз. Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі келесідей болады (Сурет 2).



Сурет 2. Excel программасының терезесі

Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1- кітап (Книга1 ) деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптын атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.



Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) шертеміз немесе [Ctrl +N] пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2- кітап, 3- кітап ( Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады

  • Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар Тақырып жолы орналасқан.

  • Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары.

  • Үшінші және төртінші жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптары.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет