Программа развития Жамбылской области


Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтау және нығайту



бет59/101
Дата06.02.2022
өлшемі4,56 Mb.
#79269
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101
Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтау және нығайту.
Облыста 4 конфессияға және 12 деноминацияға кіретін 324 діни бірлестік өз қызметтерін жалғастыруда.
Олардың қатарында - 280 мұсылман діни бірлестіктері, 9 христиандық, 34 протестанттық және 1 католиктік приход қызмет атқаруда. «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес облыста 8 миссионер қызмет етеді, оның ішінде 4-уі - Оңтүстік Корея, 2-уі – Германия, 1-уі - Италия, 1-уі – Египет Арабтық Республикасы елдерінің азаматтары.
Облыс әкімдігінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес тиімді қызмет атқаруда.
Діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде облыста 5 ақпараттық-насихат топтарының қызметі қамтамасыз етілуде.
Дінаралық және халықаралық негізде қақтығыстар тіркелген емес.
Облыста 87 этнос өкілдері тұрып жатыр. 26 облыстық және 47 аудандық этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Бір этнос өкілдерінің көп шоғырланған жерлер - Қордай (дүнгендер, әзірбайжан), Талас, Сарысу (күрділер), Байзақ (түріктер) және Жамбыл ауданы (дүнгендер, күрділер, түріктер).
Сонымен қатар, аймақтың қоғамдық-саяси саласында бірқатар мәселелер бар.
Мәселелер:
- жұмыс жасамайтын ҮЕҰ үлесінің көптігі;
- кәсіподақ мүшелілігімен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;
- мешіт имамдарының діни сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі;
- халықтың діни сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі.


Аймақтық даму
Облыста 4 қала, 10 әкімшілік аудан, 152 ауылдық және селолық округтер, 373 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен 32,5% пайыз облыс халқы Тараз қаласында шоғырланса, 7,8% - Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында, қалған 59,7%- ауылдық, селолық жерлерде тұрады.
Облыс аумағы 144,3 мың шаршы метр, халық қоныстауының тығыздығы 1 шаршы метрге 7,6 адам құрайды.
2015 жылдың басына облыстың қалаларында тұратын халық саны 442,8 мың адамды, (2011 жылдың басына – 422,8 мың адам, 2012 жыл – 422,2 мың адам, 2013 жыл – 427,9 мың адам, 2014жыл – 436,5 мың адам), ауылдық жерлерде тұратын халық 655,9 мың адамды (2011 жыл басына – 623,5 мың адам, 2012 жыл – 633,6 мың адам, 2013 жыл – 642 мың адам, 2014 жыл – 648 мың адам) құрайды.
Ағымдағы санақ мәліметі бойынша 2014 жылы облыс орталығы Тараз қаласында 356 мың адам тіркелген, бұл 2011 жылдың басымен салыстырғанда 29,9 мың адамға көп. Тұрғындарының саны бойынша ең үлкен аудан - Қордай ауданы, бұл ауданда 137,1 мың халық тұрады. Үлкен өңірлер қатарында саналатын Шу ауданында 98 мың халық бар. Жер көлемі ең үлкен саналатын Мойынқұм ауданы (жер көлемі 50,4 мың шаршы метр) халық ең аз тұратын өңірге жатады, ол ауданда бар болғаны 32,8 мың адам тұрады. Облыс орталығымен шекаралас аудандар: Байзақ ауданында – 96,0 мың адам, Жамбыл ауданында – 80 мың адам, Жуалы ауданында – 50,9 мың адам тұрады. Облыс орталығынан шалғайлау орналасқан: Т.Рысқұлов ауданында – 65,4 мың адам, Меркі ауданында – 83,5 мың адам, Талас ауданында – 53,1 мың адам, Сарысу ауданында 43,8 мың адам тұрады.
Тараз – облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім және мәдениет орталығы. Осы себепті Тараз қаласы бүтіндей алғанда, бүкіл облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, аудандармен салыстырғанда, ондағы инфрақұрылымның дамуы ықпал етеді.
Облыстың аудандарының бір-екі ғана бағытқа (Сарысу, Талас, Жуалы, Мойынқұм, Меркі аудандары – бір бағытқа, Байзақ, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов аудандары – екі бағытқа) маманданып, даму үрдісі байқалады. Көпсалалы бағытқа маманданған аймаққа Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы ғана жатады.
Ауылдық елді мекен (АЕМ) тұрғындарын денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету мақсатында бекітілген нормативке сәйкес аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде 10 аудандық орталық аурухана, 7 ауылдық аурухана, 1 қалалық көп салалы аурухана, 4 туберкулезге қарсы ауруханасы, 6- туберкулезге қарсы диспансер, оның ішінде 4-төсек орынсыз, балаларға арналған туберкулезге қарсы санатория, оның ішінде 1 – жекеменшік аурухана, 1- қалалық емхана, 10-орталық аудандық емхана, 10-ауылдық емхана, 108 - дәрігерлік амбулатория, 115 медициналық пункттер, 63 - фельдшерлік-акушерлік пункттер, тиісті ғимараты жоқ 59 медициналық қызметкер, 15 – стоматологиялық көмек көрсету бойынша жекеменшік амбулаториялық- емханалық мекемелер жұмыс істейді. Ауыл аймақтарындағы денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Казахстан» денсаулық сақтау саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қайта құрылады.
2014-2015 жылғы оқу жылында орта білім беру ұйымдарының желісін 116795 оқушылары бар 362 ауыл мектептері ( 2011-2012 оқу жылдары 375, 2012-2013 оқу жылдары – 369 мектеп, 2013-2014 оқу жылдары – 369 мектеп) құрады, оның ішінде бастапқы мектептер саны – 48, негізгі мектептер – 32, орта мектептер – 271.
Ауыл мектептерінде 15662 мұғалімдер жұмыс істесе, олардың ішінде жоғары білімдісі – 14090, орта арнаулы білімдісі – 1573. Ауыл мектептерінде жоғары білікті дәрежелері бар 2829 мұғалім жұмыс істейді.
Жамбыл облысының ауыл тұрғындарына мәдени қызмет көрсетумен 492 (2011 жылы - 490, 2012 жылы – 490, 2013 жылы- 491) мемлекеттік мәдениет мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтар – 195, автокөлік клубы – 10, кітапханалар – 266, мұражайлар – 9, кинотеатрлар -1 бірлікті, киноорнатулар - 22 бірлікті құрады.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға облыста 222 ауылдық елді мекен (59,5%, 2011 жылы – 45,0%, 2012 жылы - 52,5%, 2013 жылы – 55,8%), орталықтандырылмаған ауыз сумен 145 АЕМ (38,9%, 2011 жылы – 43%, 2012 жылы – 45,3%, 2013 жылы-42,6%) және тасымалдап ішетін ауыз сумен Мойынқұм ауданының 6 АЕМ-і (2011 жылы - 9 ауылдық елді мекен, 2012 жылы - 8) қамтамасыз етілген, бұл 1,6%-ды құрайды (2011 жылы – 2,4% және 2012 жылы – 2,1%).
Өңірлік даму министрлігінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 255/НҚ бұйрығына сәйкес облыста даму әлеуеті жоғары 90 елді мекен, төмен - 21 және орта – 262 елді мекен бекітілген. 2011 жылдың бағалау қорытындысымен салыстырғанда даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 35 бірлікке ұлғайған, даму әлеуеті төмен елді мекендер 11 бірлікке, ал даму әлеуеті орта елді мекендер 30 бірлікке қысқарған.
Аумақты дамыту «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2013 жылы тіректі елді мекендердің кешенді жоспары, аудандық орталықтар және ауылдық округтердің орталық шаруа мекені бекітілген, сондай-ақ елді мекендердің жоғарғы және орташа потенциалды дамуы және шекаралық аймақтар.
2014 жылы Тіректі ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарының Кешенді жоспарларын іске асыру барысында, жоспарланған 426 іс шаралардың 359-ы орындалып, 21 жартылай орындалған, 46 - орындалмаған. Іс шараларды іске асыруға барлық қаражат көздерінен бөлінген 13363,3 млн.теңге, игерілгені 11565,1 млң.тенге (республикалық бюджеттен бөлінген 4610,3 млн.теңге, игерілгені 4596,1 млн.теңге; жергілікті бюджеттен бөлінген 6405,8 млн.теңге, игерілгені 6008,8 млн.теңге; басқа да көздерден бөлінген 147,4 млн.теңге, игерілгені 146,2 млн.теңге).
2014 жылы даму әлеуеті жоғары және орта 291 ауылдық елді мекендерде 292 іс шара жоспарланған, оның ішінде: орыдалғаны - 242, жартылай орындалғаны - 13, орындалмағаны 37 (орындалмаған - 25, келесі жылдарға өткендер-12).
Аумақты дамыту «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2013 жылы инженерлік инфрақұрылым жобаларын іске асыруға 588,9 млн. теңге (оның ішінде жергілікті бюджеттен 41,5 млн. теңге) қолданылып, 2014 жылы 1416,6 млн. теңге бөлінді. Даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау көрсету шеңберінде 2013 жылы 180 АЕМ 240 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 488,7 млн. теңге, 2014 жылы 181 АЕМ 421 іс-шараларын іске асыруға 611,2 млн. теңге бөлінді.
Жамбыл облысында 2 моноқала бар - Қаратау және Жаңатас қалалары. 2012 жылы бірінші кезектегі мәселелерді оңтайландыруға екі қалаға Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында республикалық бюджетен 190,3 млн. теңге бөлініп толық игерілді. (оның ішінде Қаратау – 107,4 млн. теңге, Жаңатас – 82,9 млн. теңге). Бұл қаражаттар моноқалалардағы абаттандыру, жайластыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы екі моноқалаларды дамытуға республикалық бюджеттен қосымша қаражат облыстық бюджетпен қоса есептегенде 1371,6 млн. теңге бөлініп игерілді (Қаратау қаласына – 710,95 млн. теңге, Жаңатас қаласына 660,6 млн. теңге), оның ішінде республикалық бюджеттен – 1303,8 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 67, млн. теңге.
Оның ішінде:
- екі қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 598,2 млн. теңге бөлініп, игерілді. Қаратау қаласында 417,6 млн. теңгеге орталық қазандықты, 2014 жылы аяқталатын сумен қамту және электр жүйесінің резервті желісін жаңғырту жүргізілді. Жаңатас қаласында 180,6 млн. теңгеге Аспандияров көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
- екі моноқалалардағы жайластыруға мәселесін шешуге 612,0 млн. теңге қарастырылып, игерілді, оның ішінде Қаратау қаласына 201,4 млн. теңге, Жағатас қаласына – 410,6 млн. теңге. Бұл қаражаттарға көгалдандыру, абаттандыру және 80 көпқабатты үйді бұзу жұмыстары жүргізілді (Қаратау қаласында -18. Жаңатас қаласында - 62).
- моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға 161,35 млн. теңге бөлініп, игерілді, оның ішінде Қаратау қаласына – 91,95 млн. теңге, Жаңатас қаласына – 69,4 млн. теңге. Моноқалаларда «КДҚ «Даму» АҚ-мен бірге кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылған.
2014 жылы моноқалалардың іс-шараларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен қосымша облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты қоса есептегенде – 1195,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1175,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 20,5 млн. теңге қарастырылған.
Оның ішінде:
- екі қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 594,5 млн. теңге қарастырылған. Қаратау қаласында орталық қазандықты, сумен қамту және электр жүйесінің резервті желісін жаңғырту жұмыстарын аяқтауға - 107,5 млн. теңгеге (РБ – 103,8 млн. теңге, ЖБ – 3,7 млн. теңге). Сондай-ақ, Қаратау қаласының ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жобасын іске асыруға – 286,6 млн. теңге қарастырылған (РБ – 271,5 млн. теңге, ЖБ – 15,1 млн. теңге). Жаңатас қаласында ішкі пәтерді жылумен қамту желісін жаңғырту жұмыстарына - 200,3 млн. теңгеге (РБ – 198,6 млн. теңге, ЖБ – 1,7 лн. теңге).
- екі моноқалалардағы жайластыру мәселесін шешуге 430,8 млн. теңге, оның ішінде Қаратау қаласына 111 млн. теңге, Жағатас қаласына – 319,8 млн. теңге, оның ішінде 234,0 млн. теңге 29 үйді бұзуға. (2015 ж. 1 мамырына 100% игерілді).
- моноқалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға 170,5 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде Қаратау қаласына – 113,8 млн. теңге, Жаңатас қаласына – 56,7 млн. теңге.

Каталог: files -> PRT KAZ
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
PRT KAZ -> БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет