Программалау тілдері. Программалау тілдерінің жіктемесі, программалау технологиялары туралы түсіндіріңіз



бет1/45
Дата25.01.2022
өлшемі1,55 Mb.
#114132
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Программалау тілдері


  1. Программалау тілдері. Программалау тілдерінің жіктемесі, программалау технологиялары туралы түсіндіріңіз

Программа дегеніміз компьютер түсінетін тілде жазылған командалар және нұсқаулар жиыны. Демек, программа компьютерде белгілі бір тапсырманы орындауға арналған нақты команда тізбектерінен және нұсқаулықтардан тұрады. Программа жазу процесін–программалау, ал программа жазатын адамды–программалаушы деп атайды. Компьютер түсініп, қабылдай алатын тілді «программалау тілі» деп атайды. Компьютерлік программа компьютерді басқаруға арналған логикалық құрылымы мен реттілігі бар командалар жиынтығы. Программалау тілдері – жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден айырмашылығы мағынасы трансляторға түсінікті болатын әрі жазу командасының қатаң ережесіне бағынатын сөздері шектеулі болады. Мұндай талаптардың жиынтығы программалау тілінің синтаксисін қалыптастырады, ал әрбір команданың және тілдің басқа да конструкциясы–оның семантикасын қалыптастырады. Программаларды жазудың формасы бұзылатын болса, бұл транслятордың оператор міндетін түсінбей қалуына әкеп соғады және синтаксистік қате туралы хабарлайды, ал команда тілін пайдалануға қажетті алгоритмге жауап бере алмайтын дұрыс жазу семантикалық қателікке ұрындырады. Программалау тілінің көмегімен дайын программа емес, оның тұрын әзірленген алгоритмді суреттейтін мәтіні ғана жасалады. Жұмыс істейтін программаға қол жеткізу үшін бұл мәтінді автоматты түрде машина кодына ауыстыру керек. Бұл үшін компилятор программасы пайдаланылады. Содан соң оны бастапқы мәтіннен бөлек пайдалану қажет немесе программа мәтінінде көрсетілген тіл командасын бірден орындау керек. Мұнымен интерпретатор –программасы айналысады. Процессорлардың әр тұрпаты әр түрлі теру командасына ие. Егер программалау тілі процессордың нақты тұрпатына бағдарланып, оның ерекшеліктерін ескеретін болса, онда ол деңгейі төмен программалау тілі деп аталады. Бұл жағдайда «деңгейі төменнің» мағынасы «нашар» дегенді ұғымды білдірмейді. Бұл арада – тіл операторының машина кодына жақындығы және процессордың нақты командасына бағдарланғаны жөнінде сөз болып отыр. Ең төменгі деңгейдегі тілге Ассемблер тілі жатады. Ол машина кодының әрбір командасын сан түрінде емес, «мнемоника» деп аталатын символдық шартты белгілердің көмегімен жай ғана көрсетеді. Алғашқы буындағы ЭЕМ-ның программасын жасау сандардың көмегімен ЭЕМ әрекеттерін кодтау ережелерінің жиынтығын білдіретін машина тілінде ғана жүзеге асырылады. Программалау технологиясы, бұл- программалық жабдықтарды жасау процесінде қолданылатын қолданылатын арнайы әдістер мен құралдардың жиынтығы. Электрондық-есептеуіш машиналар алғаш қолданыла бастаған кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін оларға арналған программалар жазу негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Программалық жабдықтың ӛмірлік циклы деп, оны құру туралы идея пайда болған кезден бастап, оны жасаған фирманың программалық жабдықты әрі қарай қолдап жетілдіруі тоқтатылғанға дейінгі уақытты айтады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет