Рабаева Камила бб17-02 Эволюциялық идеялардың даму тарихы



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі25,99 Kb.
#81744
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лабка 1 Камила


Рабаева Камила ББ17-02
1.Эволюциялық идеялардың даму тарихы.
Эволюция (латынша – “еvolutіо”) – тарихи даму өзгеру, өрлеу деген мағынаны білдіреді, яғни органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи даму процесін айтады. Тірі организмдердің тарихи даму себептерін, қозғаушы күштерімен жалпы заңдылықтарын эволюциялық ілім түсіндіреді.
Ертедегі Грецияда жаратылыс ғылымдарының дамуы мен көне философия тарихы бір – бірімен байланысты. Біздің эрамызға дейінгі V – II ғасырда гректің алғашқы философ – матералистері, бір жағынан философ, ал, екінші жағынан олар табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды түсінгісі және түсіндіргісі келген тұңғыш жаратылыс зерттеушісі болды. Олардың көзқарастары, тозығы жеткен алғашқы қауымдық қоғам құрлысының орнына жаңа қоғамдық құрылыс – құл иелену қоғамы орнап , қоғамдық қатынастар түбегейлі өзгерген дәуірде қалыптасты.
Матералистік философияның әрімен қарай дамуы эфестік ойшыл Гераклиттің ( біздің эраға дейінгі IV ғасырдың аяғы, V ғасырдың басы ) ілімімен байланысты.
Гераклит табиғаттағы заттар және құбылыстар өзіне қарама – қарсы көшеді деген ойды дамытады.
Эмпедокл тірі денелердің пайда болуы жөнінде бірсыпыра пікірлер айтады. Оның ойынша тіршілік күн жоқ кезде пайда болған. Жерге өте қатты жауын жауып, су түбіндегі ұймада алғашқы өсімдіктер пайда болған. Кейінен жануар денесінің жеке мүшелері мойынсыз бас, иықсыз қол, маңдайсыз көз пайда бола бастаған.Дененің осы мүшелері бір – бірімен жалғасатын болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет