Құрастырушылар: Мұханова Зинаида Боханова Орынкүл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері



бет1/4
Дата21.07.2017
өлшемі0,66 Mb.
#21709
  1   2   3   4


Құрастырушылар: Мұханова Зинаида

Боханова Орынкүл . Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері



Анотация

Әдістемелік құралда Коуч арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оңтайлы ықпал ету жолдары қарастырылған.

Әдістемеде талантты және дарынды балаларды анықтаудың тиімді жолдары көрсетілген.

Тізбектелген сабақ жоспарын Блум таксономиясы негізінде құру үлгілері ұсынылған.

Мұғалімдерге түрлі әдіс-тәсілдерді меңгерту үшін коучинг үлгілері енгізілген.

Жет і модульді ықпалдастыра отырып құрылған тізбектелген сабақ үлгілері берілген.

Жаңа әдіс-тәсілдерді халық педагогикасымен байланыстыра отырып, меңгерту жолдары қарастырылған.

Кластан тыс шаралар,қасиетті жылқы малы туралы толық қамтылған мағұлматтар берілген.



Пікір

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мұханова Зинаида және Боханова Орынкүлдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жасаған әдістемелік құралы қазіргі уақыттағы қазақ тілін оқытудың түрлі әдістерін жан-жақты қамтыған. Әдістемелік құралда орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар, дарынды балаларды оқытудың әдіс-тәсілдері жан-жақты көрсетілген. Мұғалімдерге арналған түрлі тақырыптағы коучинг жоспарлары енгізілген. СТО, Блум таксаномиясы жөнінде мол мәліметтер берілген. Әдістемелік жұмыс мұғалімдер үшін жалпы білім беретін мектептерде қолданылуға ұсынылады.

Пікір жазған :

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университетінің оқытушысы,

педагогика ғылымдарының докторы, п.ғ.к: Туребаева К.Ж.



Пікір

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін жазылған әдістемелік құралда ұстаздарға арналған заманауи әдіс-тәсілдер кеңінен қамтылған және оларды меңгертудің түрлі жолдары көрсетілген.

Жеті модульді сабақта ықпалдастыру,Блум таксономиясы және тізбектелген сабақ үлгілері берілген.

Пікір жазған:

Ғылыми тәжірибелік орталығының әдіскері : Н.Б.Тайпақова

Түсінік хат

Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне арналған.Әдістеме ұстаздарға оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру жолдарын көрсетеді.Ол үшін мұғалімдерге арналған түрлі тақырыптағы коучингтер,Блум таксономиясы бойынша тізбектелген сабақ жоспарының үлгілері және балаларды топқа бөліп оқытудың тиімділігі, жеті модуль, оны сабаққа кіріктіру жолдары жан-жақты көрсетілген. Оқыту үшін бағалау,оқушылардың өзін-өзі бағалауы жөнінде мәліметтер берілген.

Сонымен бірге талантты және дарынды балаларды оқытудың тиімді жолдары халық педагогикасымен байланыстырыла көрсетілген.Кластан тыс шаралар,Абай өлеңдерін жаңаша талдау үлгілері берілген.

Әдістемелік құрал қазіргі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру үшін ұстаздарға арналған көмекші құрал есебінде ұсынылады.

Әдістемелік құралда мұғалімдер үшін құнды деректер молынан кездеседі.


Наурыздың соңғы аптасы

Күні: 26.03.2014ж.

Ата- аналарға арналған коучинг сессия

Сабақтың тақырыбы:

«Бақытыңды балаңнан ізде!»


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық


Жалпы мақсаты:

Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру


Оқу нәтижелері:

- Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсінеді, бір - біріне деген сезім нығайады;

Негізгі идеялар:

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған ұясы

Жаттығулар:

Рефлексия

Дереккөздер:


І.Тренинг «Біз баламызды танимыз ба?»

Ата - аналар дөңгелене тұрады.

Мұғалім сұрақ қойып допты береді, ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді

1. Балаңыздың туған күні қашан?

2. Сынып жетекшісінің аты - жөні кім?

3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

4. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

5. Балаңыздың сүйікті асы не?

6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?

9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?

ІІ.Топқа бөлу

(геометриялық фигураларды таңдау ұсынылады)

Таныстырылым жасау

/Слайд арқылы/ Мақсатын, нәтижесін көрсету.



ІІІ. «Ротация» әдісі -Топтық жұмыс

Проблемалық сұрақтарды талдау.

1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

4. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

5. Балаларыңызға уақытыңызды қалай бөлесіз?

(Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі түс маркерімен постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады).


IV. Жұмбақ кейіпкерді тыңдау.

Жұмбақ кейіпкер: Мен 13 жастамын. Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскелі келіп отырмын. Мен үйде жалғыз баламын. Ата – анам жұмыс басты адамдар. Жұмыс істеп жүріп, маған көңіл бөлуге, менімен әңгімелесуге де уақыт жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді, барам деген жеріме жібереді. Маған ақшаның , байлықтың еш керегі жоқ. Маған тек ата – анамның аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата – анам маған еш алаңдамайды. Өйткені, олар жұмыстан басқа еш нәрсені ойламайды. Бірде мынадай жағдай болды. Мен досымның үйіне барып, түнгі сағат 10 – ға дейін отырып қалдым. Үйге келсем ата – анам алаңдап отыр екен. Мен ата – анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып, осы жағдайды тағы қайталадым. Сондағы ойым ата – анамның көңілін, өзіме осы тәсілмен аудару, бірақ бұл жолы ата – анам маған дауыс көтеріп айқайлады. Мен мұнда ата – анамды жамандайын деп келгенім жоқ. Ата – анасына кім жамандық ойласын? Мен ата – анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен. Менің орнымда болсаңыздар, сіздер не істер едіңіздер, достар?
Мұғалім: 1. Ата –аналар, бұл жағдайға не айтасыздар?

2.Балаға, ата – анасына қандай ақыл – кеңес айтар едіңіздер?

3.Осындай балалардан болашақта қандай азамат шығады деп ойлайсыздар?деген жетекші сұрақтар арқылы ата-аналар жұмбақ кейіпкерге өз ақыл кеңестерін берді.
Одан әрі ата-аналарға «Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз» бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер деп жаднама таратылады.

Жаднама:

1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»

2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»

3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»

4 - қателік Балаларды тым еркелету;

5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»

6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету;

7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау;




Келесі кезекте «Ақ және қара жәшік» ойыны ойнатылып, «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе...». Бойындағы балаға бергісі келетін жағымды қасиеттерді- ақ жәшікке, жаман қасиеттерін -қара жәшікке салды.


Кері байланыс:

«Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе, бәрі сіздің қолымызда!»

Парақ бетіне сол қолыңызды салыңыз.Әр саусақ сіздің көзқарасыңызды көрсетеді, сол бойынша өз ой-пікіріңізді төмендегі нұсқауға сәйкес салынған саусақтың ішіне толтыру (пікірлер, ұсыныстар)



-Бас бармақ - мен үшін бүгінгі жиналыс маңызды және қызықты болды.

-Сұқ саусақ - осы сұрақ бойынша мен өзіме қажетті мәлімет алдым.

-Ортаңғы саусақ - бұл маған қиынға соқты...(маған ұнамады)...

-Шылдырлы саусақ - менің психологиялық ортаны бағалауым.

-Кішкене саусақ - мен үшін жеткіліксіз болды...

- Ата - анаға жадынама

-Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

- Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады

- Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады

- Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім тұрады

- Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал сабырлы, ұстамды келеді

- Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады

- Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау - дамайдың ортасында жүреді

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отырып

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан -

Өле - өлгенше соны таныр қиядан

Өнер - білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы - жаман болса бала солардан»,-деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен коучингті аяқтаймын.







Сабақтың тақырыбы:

Инклюзивті оқыту – заман талабы («Бағытталған оқу» стратегиясы әдісі бойынша)

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерге инклюзивті оқыту және оның сегіз принципі жөнінде

Бағытталған оқу стратегиясы бойынша мағұлмат беру.



Оқу нәтижелері:

Инклюзив және оның сегіз принципі жөнінде толық мағұлмат алады.

Бағытталған оқу стратегиясы әдіс-тәсілдерімен танысады.



Негізгі идеялар:

...Мен ешуақытта ешкімді оқытпаймын,мен сіздермен бірге ақиқатты

Іздеймін. (Сократ)




Ойқозғау:

Мұғалімдер дөңгеленіп тұрады.Жұптасып,алақандарын бір-біріне

Тигізіп,жылулық сезінеді. «Мен өмірді сүйемін,себебі...»

Топқа бөлу.

Таныстырылым жасау.(Слайд арқылы)



Топтық жұмыс.

Проблемалық тапсырмаларды талдау.

1.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын

Қажет етеді.

2.Жан-жақтылық адам өмірінің барлық жақтарын нығайтады.

3.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

4.Барлық адам бір-біріне қажет.

5.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.


« Бағытталған оқу стратегиясы

«Жарықшақты құмыра» сөзіне ассоциация жасау.

Ерте заманда жалғызбасты,егде тартқан қытай әйелі өмір сүріпті.

Оның үйі мен су әкелетін құдық арасы едәуір қашық екен.

Әрі қарай...

Ол әйелдің су таситын екі құмырасы болыпты.Ұзақ жылдар бойы сол екі құмырасын иығына салып үйіне су тасыпты.

Алайда оның екі құмырасының біреуі шатынаған жарық болыпты.

Жарылған құмыраның суы жол бойы төгіліп,үйге жеткенше жартысы

Ғана қалады екен.Осылай арада екі жыл уақыт өтіпті.

Әрі қарай...

Бұған жарық құмыра қатты қапаланыпты.Ал бүтін құмыра керісінше

Өз жетістігіне мақтанып,такаппарлана түсіпті.

Әрі қарай...

Жарық құмыра иесіне:-- Мен өзімнің осындай болғаныма қатты қапаланамын.Сізге пайдам тимеді.Мені осынша жер көтеріп әкелгеніңде әкелген суым болар-болмас,еңбекке тұрмайды,мен осы

Үшін қатты ұяламын,-деді.

Әрі қарай...

Қытай әйелі оған күнде су алып үйіне қайтатын жолын көрсетеді.

Әрі қарай...

Сосын айтты:--Мен сенің тамшылап су ағатын жолыңа гүл ектім.Күнде

Тамшылап тамған суды ішкен гүлдер жайқалып,әдемі боп өсті.

Әрі қарай әңгімені өздеріне аяқтату.Әркім өз нұсқасын айтып болған соң,осы әңгіме жөніндегі бейнетаспаны көрсету.Жаңа біліммен ассоциацияны толықтыру.

Тапсырма: 1.РАФТ

2.ВЕНН диаграммасы.(Бүтін,жарық құмыра)

3.Хат жазу .(Өзі қалаған кейіпкерге)

4.5 жол өлең


Жарық құмыраны жылы сөзбен толтыру.(Әркім өзі қалаған жылы

Сөзін жазып құмыраға салады.

Инкюзивті білімнің сегіз принципі жазылған жаднаманы мұғалімдерге

Тарату.


1.Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді

Емес.


2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.

4.Барлық адам бір-біріне қажет.

5.Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде ғана жүзеге асады.

6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет

Етеді.


7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өз мүмкіндігіне сәйкес орындай алатын әрекетті жүзеге асыру.

8.Жан-жақтылық адам өмірінің барлық жақтарын нығайтады.

Қорытынды.



ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕТУ

 «Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету» тақырыбы бойынша


қысқа мерзімді коучинг  жоспары


2014ж. қараша айы.

2апта

3-күн

Сабақ тақырыбы:

Топтық жұмысты ұйымдастыру  әдістемесі




Жалпы мақсат:

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.  Шағын топтағы жұмыс моделін құру.




Оқу нәтижесі

  • Тапсырмаларды орындау барысында шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игереді.

  • Тиімді топтық қарым-қатынас орнатылады

  • Оқыту үдерісінде мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді пайдаланады.




Түйінді идеялар:

Топтық жұмыс арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.




Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.




Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

Коучинг


АКТ

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс

5. Рөлдік ойындар



Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар. Интернет желісі.




Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация, рөлдік ойын




Оқуға арналған тапсырма:

Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.






Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 


І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(5 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

1 мин

2 мин


2 мин

«Суретпен байланысты тілек» тренингін ұйымдастыру.

Шеңбер жасату, амандасу.

Стикерлерге салынған әр түрлі суреттерді ұсыну.

Суретті не үшін таңдағанын білу.

Суретпен байланысты айтқан тілектерін тыңдау.


Сессияға қатысушы мұғалімдер шеңбер жасап тұрады да бір-бірімен қол алысып амандасады. Үстел үстіндегі стикерлерге салынған әр түрлі суретті таңдайды, ол суретті не үшін таңдағанын айтып береді Сол суреттерге байланысты бір-біріне тілек айтады

І тапсырма

(8 мин)


1 мин

Шағын топқа бөлу.

Суреттер таңдату арқылы шағын топтарға бөлу. (Күн, жұлдыз, жапырақ, гүл, ай)



Сол суреттер арқылы топқа бөлінеді

1 мин

2 мин


Таныстыруға әр топқа

2 мин


Шағын топтарға стикер таратылады. Стикерге өздерінің көңіл-күйлерін смайлик арқылы бейнелеу тапсырылады.

Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру.

Шағын топтарға топ ережесін құру және   флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.


Топтың әрбір мүшесі өз көңіл-күйін смайлик арқылы бейнелейді.

Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.



ІІ тапсырма

(8 минут)

2 мин

2 мин


Таныстыруға әр топқа

2 мин


Ротация әдісі:

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер.

1.Жеке орындау.

2.Шағын топта орындау

3.Жұмысымен таныстыру.


Белгіленген уақыт ішінде А-4 парағына әрбір топ мүшесі әдіс-тәсілдерді жылдам жазып шығу жеке, кейін топта талқылап, бірлесе жазып шығады.

Бірлесе орындаған жұмыстарымен таныстырады.



ІІІ тапсырма

(14 мин)







5 мин

Қорғауға әр топқа 2мин

2 мин

2 мин


3 мин

Әр топқа өз ойын флипчартқа жазу немесе постер арқылы бейнелеу тапсырылады.

Қорғау


Қорғау жұмысы бойынша сұрақ қою.

Жұмыстарын өзара бағалау.

Сергіту сәтін өткізу. Проигрыватель Windows Media «-----------» биі


Әр топ «Топтық жұмысты пайдалану барысындағы кутілетін нәтиже» туралы өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды.

Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына бйланысты сұрақтар қояды.

Жұмыстарын  «екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзара бағалайды.

Интерактивті тақтадан көрсетілген «-------------» биіне  билейді.



ІV тапсырма

( 15мин)


 5 мин

Рөлге түсу әр топқа 5 мин



Рөлдік ойын.

«Біздің метеп 2020-да» тақырыбында сценарий құрастыру және рөлге түсу.

Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Жауапкершілікті сезіну.



Берілген тақырып бойынша сценарий құрастырып, рөлге түседі. (Мұғалім, сынып, әкімшілік)

V. Қорытындылау

(5 мин)


«Бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру» дегеніміз не? Флипчартқа 1 сурет және 5 сөз жазып беру және қорғау.

Берілген тақырып бойынша флипчартқа 1 сурет, 5 сөз  жазып, идеяларын қорғайды.

VІ. Ақпарлама.

(5 мин)


Топтық жұмыс туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.

VІІ. Рефлексия

(3 мин )


Бастапқыда өз көңіл күйлерін  бейнелеген стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады.

Саусақ арқылы білдіру



Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын  смайлик арқылы бейнелейді не жазады.

«жоғары» «орта» «төмен» белгісімен  түсінген,түсінбеген, белгілерін көрсету.


«Оқыту және оқу үдерісіне 7 модульді енгізу және формативті бағалау»

тақырыбы бойынша
қысқа мерзімді коучинг  жоспары

.


2014ж. қараша айы.

2апта 06.11.2014 ж.

4-күн

Сабақ тақырыбы:

«Оқыту және оқу үдерісіне 7 модульді енгізу және формативті бағалау»




Жалпы мақсат:

7 модуль және критериалдық бағалау туралы түсінікті кеңейту. Оқыту үдерісіне белсенді пайдалануды енгізу.




Оқу нәтижесі

  • 7 модульді толық игереді;

  • Оқыту үдерісінде мұғалімдер оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тиімді пайдаланады.




Түйінді идеялар:

7 модуль. Формативті бағалау арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.




Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.




Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

Коучинг


АКТ

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

4. Топтық жұмыс


Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар. Интернет желісі.




Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация.




Оқуға арналған тапсырма:

7 модуль, формативті бағалау жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.







Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет