Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Реферат
Тақырыбы: Индивидуалдылықтың жалпы сипаттамасы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Индивид, тұлға туралы жалпы түсінік
Адам индивидуалдылығы психологиядағы зерттеу обьектісі ртінде
Индивидуалдылықтың арнайы теориясы
Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
Кеңестік психологиядағы индивидуалды стиль түсінігі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Индивид, тұлға, даралық түсініктері.
Индивид- бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. К. А. Абульканова- Словская нақты субьектіні әлеуметтік топтан ажырату үшін «әлеуметтік индивид» түсінігін қолданады. Индивид тұлғаның ерекшеліктерінің алғы шарттарын қалыптастырады, бірақ тегі бойынша әлеуметтік-мәдениленген салаларын ережеге сай детерминацияланбайды. Ал тұлға (А. Н. Леонтьевтің анықтамасына сәйкес)- мәдени-тарихи даму барысында белсенділік, субьектілік, құмарлылық және сапалық қасиеттерін шегеріп, оны қалыптастырған жүйелі қасиеттері. Бұл анықтама логикасына сәйкес кез келген индивид тұлғаға айналып, тұлға өз кезегінде әрқашан анатомды-физиологиялық алғы шарттармен бір мәнді анықталып жатпайды. Индивид пен тұлғаның өзара әрекеттесуін жалпы алғанда тарихта әр түрлі шешілген дене мен рухтың мәселесін көрсетеді, мысалы дене – бұл тағдыр деп тұжырымдай келе Фрейд тұлғаның биологиялық іргетасына адам өмірінде шешуші рөлін берді, ал отандық психологияда керісінше бірнеше он жыл бұрын тұлға болып қалыптасуы: кім олай атамады, кім тек индивид болып қала береді деген шарттары кең талқыланды. Бұл қарама-қарсылық даралық айырмашылық психологияның психофизиологиялық жағын жақтаушылар мойындаған идеологиялық мағына сияқты ғылыми мағнада болмады.
Кеңестік психологияда даралықтың құрылымын бөліп көрсететін бірнеше ықпалдар бар. Олардың авторлары Б. Г. Ананьев, В.С. Мерлин және А.Г. Голубева болып табылады. Олардың көз қарастарын бір-бірімен салыстыру талдауын жүргізген М.С. Егорова болды.
Индивид пен тұлғаның сипаттамаларын біріктіру үшін В.С. Мерлин интегралды даралық түсінігін енгізіп, оның атымен белгілей отырып, ондағы барлық табиғи және әлеуметтік сапаларды тығыз байланыстырады. А.Н. Леонтьевке қарағанда В. С: Меллин индивидті және жеке тұлғалық қырларды бір-біріне қарсы қоймай, оларды бағындыруға тырысты.
Индивидтілік индивидуалдылықта болады. Индивидуалдылық – бұл өздігінен дамитын және өздігінен реттелетін автономдық ерекше және қайталанбайтын биоәлеуметтік жүйе.
Бұл жеке адамның болмысының өзіндік бүгіндігін сақтау шеңберінде үздіксіз сыртқы және ішкі өзгерістерін өз-өзіне ұқсастыру формасы.
Бұл күрделі анықтаманы қабылдауда маңызды болып табылады. Адамның ұлпалық құрылымы жаңарып отыратынына қарамастан, ал өмір жаңа міндеттерді қояды, адам өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпайды- бүтіндік шарты бұзылғанда тұлға ішкі қарама- қайшылықты, қақтығысты бастан кешіреді, яғни, өзіндік бұзылуға әкелуі мүмкін.
Сонымен, біршама жеңілдетілген түрде индивидуалдылық- бұл индивид, тұлға және олардың арасындағы байланыстар деп айтуға болады. Индивидуалдылықтың бірыңғай емес, әртүрлі сипаттамаларын белгілей отырып, оны үш қабатты «Ғимарат» ретінде елестетуге болады.
Сонда төменгі деңгейде (тұлғалық биологиялық іргетасы) біз барлық индивидті, формалді-динамикылық сипаттамаларды жинай аламыз (жыныс, темперамент, қабілеттіліктің қасиеттері, бас ми жарты шарының ассиметриясы). Екінші деңгейде біз заттық- мазмұнды сипаттамаларды қарастырамыз (тұлға түрлері, қырлар, қабілеттер, мінез-құлықтың стильдік сипаттамалары). Ал үшінші жоғарғы деңгейде рухани- дүниеге көзқарастық сипаттамалар бодлады (тұлғаның бағыттылығы, құндылығы, пайымдауы, көзқарастары және ұстанымдары).
Ананьев адамды қарастырғанда әлеуметтік пенде ретінде 4 түсінік берген.
индивид (физиологиялық, биологиялық);
іс-әрекет субьектісі (сана, белсенділік);
тұлға- іс-әрекет субьектісі (әлеуметтік орта қарым-қатынас, тұлғалық қасиеттер (темперамент, мінез, қабілет, бағыттылық, мотивация));
даралық (бір даралықты екіншісінен ажырататын тек соған тән даралық ерекшелік) деп қарастырады.
Индивид-адам түріне жататын жеке биологиялық түр. Адам индивид түрінде «хомо сапенс» биологиялық түрін көрсетеді. Индивид-туа біткен және даму процесі кезінде жинақталған қасиеттің жиынтығы. Индивидтің негізгі қасиеттері: белсенділігі, біртұтастылығы, тұрақтылығы, қоршаған ортамен тек өзіне тән қарым-қатынас жасауы. Индивид-адамның белгілі бір текке қатынасын көрсетеді, сол тектің табиғи және өзіндік қасиетін іске асырушы болып табылады. Индивид-биологиялық қажеттіліктің жиынтығы.
Субьект- белсенді біртұтас адам деген сөз. Адам өз ерекшелігін кез келген ортада анық көрсете алады, белсенділік бір іс-әрекетке бағытталғанын көрсетеді. Санамен байланысады.
Онтогенетикалық дамудың уақыты:
Жаңа туған нәресте –индивид
5 жастағы бала –субьект
Материалдың негізінде сана қалыптасады, адам субьектіге айналады. Сана негізінде өзіндік сана қалыптасады, бұл тұлға, даму барысында адам даралыққа ие.
Кон бойынга: Тұлға дегеніміз- нақты бір индивидті іс-әрекет субьектісі деп білдіреді, қандай да бір әлеуметтік қасиеттің қарым-қатынастың еңбек арқылы дамыған қасиеті ретінде көрінеді.
Немов бойынша: Тұлға – индивидуалды қасиеттерді жинақтаған адам.
А.Н. Леонтьев бойынша: Тұлға – субьектінің мотивациялық қатынастарының жүйесі. Әрбір адам белгілі бір тұлғалық құрылымдардың біртұтас қасиеттерді жинақтайды.
Рубинштейн бойынша: Тұлға құрылымы 3 шағын құрылымнан тұрады:
тұлғаның екі тенденциясы- бағыт бағдары мен қатынасы
потенциалы мен адамның мүмкіндіктері ретінде қабілеттер
негізгі үстем және нақты тенденция, яғни мінез-құлық (бұл адамның бар екендігін білдіреді) тұлға-адам психикасының жалпы қасиетінің ерекшелігін көрсететін негіз құрайды. Жеке адам өмірінің психикалық құрылымы барлық психикалық қалып процестерімен қасиеттерінен тұрады. Олар жеке адамның санасында өтеді. Олар жеке адамға тәуелді.
Л.И. Бажович бойынша: Тұлға –болып табылатын адам өзініңіс-әрекетімен қылығын басқара алатын психикалық даму деңгейі бар адам. Толық дамыған адам өз көзқарасымен және қатынасымен ерекшеленеді. Онда қоршаған ортаның кездейсоқ әсіресе тұрақты және тәуелсіз қылатын өзіндік-моральдық талаптармен бағалар болады.
А. Г. Ковалев тұлға құрылымын 4 блогқа бөледі:
1. психикалық прцестер
2. психологиялық қасиеттер
3. психикалық күйлер
4. психикалық құрылымдар.
Тұлға туралы жалпы түсінік.
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандайда болмасын бір іспен айналысатын, азды көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам мұраты, бағыт бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс әрекетін тізгіндей білетін, өз юойындағы жаман жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде «Он үште отау иесі» (Қыз балалар үшін), «Он бесте отау иесі» (ұл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл өмір талабынан, ауқымы кең тыныс тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар ожданы, кісілік, кескін келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дамыта білген пенделердеғана пір тұтқан, адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды «имансыз», «көргенсіз» деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі ар ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Адам индивидуалдылығы психологиядағы ғылыми зерттеу обьектісі ретінде
Психология ғылымының жеке эксперименталды ғылым бола бастағаннан бастап адамның индивидуалдылық қасиеттерін сана элементтерін немесе жүріс-тұрыс мәселелерін зерттеу эмпирикалық зерттеудің пәні болады. Он тоғызыншы ғасырдың аяғында адамның индивидуалды қасиеттерін ағылшын зерттеушісі Френсис Гальтонның зерттеу обьектісі болды.
Ф.Гальтон индивидуалды айырмашылықты зерттеу техникасын ең алдымен статистикалық әдісті енгізді. Гальтонды барлық зерттеулерінде зерттелінушілерінің арасындағы индивидуалды айырмашылық негізі қызықтырды. Гальтон индивидуалды вариациялар бағынатын заңдылықты математикалық түрде көрсету тәсілін іздестірді. Әдістемелік құрал ретінде статистиканы қолданды. Гальтон индивидтердің әр түрлі қасиеттерінің арасында корреляция бар деп есептеп, оларды статистикалық анықтау әдісін, яғни факторлық анализ негізін ұсынды.
1900 жылы В.Штерннің «Индивидуалды айырмашылықтар психологиясы» еңбегінде әр түрлі адамдардағы қабылдау, ойлау, сөйлеудің айырмашылығын қарастырады. Ол қабілеттерді тестілеу әдісін енгізді. Индивидуалдылық мәселесі Ресейде де қарастырылды. Солардың бірі орыс психологі А.Ф. Лазурскийдің зерттеулері индивидуалды айырмашылықтың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпераментті адам индивидуалдылығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі.
В.М. Бехтерев және Л. Франкпен қызметтестік әсерінен А.Ф. Лазурский алғаш рет тұлға түсіндіруде психоморфологиядықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихика және экзопсихика. А.Ф. Лазурскийдің пікірінше, темперамент жіне мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды.
Кеңестік психологияда индивидуалды айырмашылықты зерттеуде В.М. Русаловтың көзқарасынша екі бағыт бар. Біріншісін шартты түрде «мазмұнды-мағыналы» деп атауға болады және ол мінез, білім, шеберлік, қабілеттілік, мағыналылық, түрткілер, мақсаттардың және т.б. индивидуалды психикасын білуге және зерттеуге бағытталған. Екіншісі обьективті тіркелетін индивидуалды мінез құлықтың барлық психофизиологиялық формасы-биохимиялық, вегетативті және электрофизиологиялықтан бастап күрделі моторлы құбылыстарға дейін қамтиды.
В.М. Русаловтың айтуынша, психологтерді алдымен интелект, мінез, ойлау, қабылдау аймағындағы индивидуалды айырмашылықтар жайлы жәйттер қызықтырды.
Жүйелілік анализ принциптеріне негізднле отырып, В.С. Мерлин индивидуалдылықтың құрылымының келесі деңгейлерін көрсетті:
1. Биохимиялық
2. Соматикалық
3. Нейродинамикалық (жүйке жүйесінің қасиеті)
4. психодинамикалық (темперамент)
5. тұлға қасиеттері
6. әлеуметтік рөлі
Субьектілі іс-әрекет тәсілінің негізін салушы, С.Л. Рубинштейннің пікірінше, индивидуалдылық-бұл барлық сыртқы әсерлелді жоятын психикалық қасиеттер жиынтығына төмендегілерді жатқызады:
- Жоғарғы жүйке іс әрекеттеріеің қасиеттері
- Тұлға бағдары
- Адам өзіне қоятын түрткілер мен міндеттер жүйесі
- Адам қылығымен шартталған мінез қасиеттері, қабілеттер
С.Л. Рубинштейн пікірінше, барлық психикалық процестер тұлғада өтеді. Психикалық процестердің индвидуалдылық ретінде тұлғадан тәуелділігі индивидуалды- дифференциялы айырмашылықтардан көрінеді. Адамдардағы индивидуалдылықтың жалпы құрылымына байланысты қабылдау, ес, зейін және тағы басқалардың типтері бойынша ажыратылады.
Индивидуалдылықтың арнайы теориясы
Биологиялық әрекетті және арнайы индивидуалды теорияның бағытын ашып жазуды В.М. Русалов В.С: Мерлиннің интегралды индивидуалдылығына толықтырулар енгізді.
1 Индивидуалдылықтың биологиялық факторы- адамдардың денелік морфофункционалды ұжымы ғана емес, сонымен қатар тірі әлемнің эволюционды даму процесінде қалыптасатын мінез-құлық программасы. Бұл программалар өз әрекеттерін ұрықтану кезінде бастап, іске асырады және үш айда эмбрионды тұрақты индивидуалды мінез-құлық формасы пайда болады.
2. Бір уақытта әрекет етуші заңдылықтардың 2 түрі бар. Біріншісінің іс-әрекет етуінің нәтижесінде психиканың мәндік – заттық сипаттамалары қалыптасса, басқасының нәтижесінде – индивидуалды мінез- құлықтың формальді-динамикалық ерекшеліктері қалыптасады.
Бұрын олардың пайда болуы туралы мәлімет болған жоқ, ал қазіргі уақытта мәндік- заттық сипаттамалар үшін жалпылану құрылымы психиканың өзгергіштігін қамтамасыз ете отырып, сыртқы ортадан беріледі. Ал формальді- динамикалық қасиеттің өзі арқылы биологиялық программалардың жалпыланған нәтижесін білдіретін басқа көзі бар. Осылайша, формальді-динамикалық қасиет адамзат іс-әрекетінің барлық түрлерін сипаттай отырып, әлемде жоғалмай тұрақтылықты сақтай алады, ал заттық –мәндік өзіндік өзгеру арқылы айналадағы ортада әр түрлі нәрселерге жауап бере алады.
3. Жалпыланған туа біткен программа үш бағыт бойынша жүреді. Бірінші бағыт-мінез-құлықтың динамикалы –энергетикалық сипаттамалары (төзімділік, пластиттік, жылдамдық). Екінші бағыт- эмоционалды сипаттамалар (көңіл-күйді басқаратын сезімталдық, лабильділік). Үшінші –қалауы (когнетивті стильдің, стимулды ортаның). Осылайша, өмірлік тұрақтылық, сезімталдық, алуан түрлілікке ұмтылыс немесе адамның бір сарынды өмір барысында мүлдн өзгермейтін, тұрақты қасиеттерін білдіреді.
4.Формальді қасиеттер (дәстүрлі түрде жалпы «Темперамент» түсінігімен бірігеді) оқшаулана өмір сүрмейді, ал тұлғаның жоғарғы ұйымдасқан құрлымына енеді. Бұл жағдайды В.С. Мерлин иерархиялы жүйе ретінде берген индивидуалдылық анықтамасын жатқызуға болады.
5.Формальді-динамикалық сипаттамалар іс-әрекеттің шарты мен алғы шарттары ретінде ған көрінбейді, сонымен қатар оның динамикасына, өзіндік әртүрлілікке, стиліне әсер етедің, яғни іс-әрекеттің соңғы нәтижесін анықтайды. Осылайша, формальді –динамикалык қасиеттер іс-әрекет стилін таңдауда біршама еркінділікті білдіреді, осымен оның мүмкін болатын өнмді шекарасын қкалыптастырады.
Сонымен, индивидуалдылықтың арнайы теориясы- бұл адамның индивидуалды қасиеттерінің жалпы құрылымындағы биологиялық факторлардың орны мен құрылымы және пайда болуы туралы теория.
Индивидуалдылықтың теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
Қазіргі ғылыми білімнің және қоғамдық тәжірибенің даму барысы күрделі шындық құбылыстарын жүйелі ұйымдасқан обьектілер мен құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігіне әкеледі. Қазіргі ғылыми білімнің мәнді тенденциясы психологиялық феномендерді толықтық, интегралдылық, пәнаралық, жүйелі зерттеулерді қарастырады: танымдық процестер, тұлғалық, индивидуалдылық және олардың арасындағы байланыстың тек қана ішкі толықтық шеңберінде емес, сонымен бірге кең көлемде қоғамдық, биосфера және т.б. қарастыру.
Жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары жүйелі жол, ең алдымен Л. Фон Берталанфидің жалпы жүйе теориясының әсерінен, метатеория ретінде ерешеленді және нақты пәндердің танымының жалпы ғылыми методологиясына айналды.
Жүйелі зерттеу жолының принципнің кеңестік психологияда екі басты ғылыми ойлар аймағымен байланысты: философиялық- әлеуметтік және жаратылыс ғылыми.
Адамды жүйелі зерттеу психология ғылымымен шектесіп жатқан жаратылыстану ғылымдарындағы ғылыми жетістіктерімен тығыз байланысты. Сезім мүшелерінің физиологиясы, жоғарғы жүйке жүйесінің физиологиясындағы өндеулер психологияның обьектісі адамның ішкі әлемінің сыртқы орта шындығымен өзара байланысын түсінуге мімкіндіктер береді.
А.П. Нечаев, В.М. Бехтерев, А.Н. Бернштейн, Н.Е. Румянцев, А.Ф. Лазурский, А.А. Токарский, С.С. Корсаков, Н.Н. Ланге еңбектерінде психикалық құбылыстарды бүтіндей етіп қарастыруға тырысып, әртүрлі психикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік құбылыстардың өзара әрекетінің фактілерін анықтады.
Психиканың жүйелі табиғатын зерттеуде кеңестік психологияда мәнді қадам жасағандар: Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. выготский, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов және т.б. мінез -құлық және іс- әрекеттің жүйелі талдауы П.К. Анохин, А.Н. Леонтьев, Н.А. Бернштейннің есімдерімен байланысты.
Қазіргі кезеңде психологиядағы жүйелі жолдың дамуы құрылым, деңгейлерді және олардың толыққанды қызмет жасауын зерттеумен қатар, ең алдынғы орынға дамуы мен қалыптасуында қряды. Жүйелі зерттеу бойынша генетикалық бағыт доминантты болып отыр. Кілтті сапа ретінде толықтылық, даму кезеңдері мен деңгейлерінің қатынасы, олардың түрлері, критерилері, психикалық дамудағы өзекті және потенциалды өзара қатынастың туындау механизмдері мәселелерін қарастырады.
Жүйелі жол көмегімен индивидуалдылықты анықтаудағы ғылыми- тәжірибелік міндет осы индивидуалдылықтың даму барысын басқару. В.С. Мерлиннің пікірінше, тәжірибелік экспериментте іс әрекеттің индивидуалды стилін қалыптастыру болып табылады. Бірақ басқада болжамдар болуы мүмкін, мысалы, сендіру рөлі, тұлға аралық қатынас құрылымы және т.б.
Индивидуалдылықты интегралды зерттеу теорияларына дәстүрлі түрде келесі сұрақтарды жатқызады:
- Индивидуалдылық құрылымдық элементтерін, оларды ұйымдастыру принципін, іс әрекет формалары мен функционалдық рөлін зерттеу;
- Индивидуалдылық құрылымындағы әр деңгейлік қасиеттерін тану критерилерін анықтау;
- Индивидуалдылық құрылымындағы жоғары және төмен деңгейінің өзара әрекеті;
- Индивидуалдылық толықтығы типологиясын құру;
Ересектер психологиясы адамдар арасындағы мінез- құлық, темперамент, қабілет ерекшеліктерін, жыныстық, жастық, нәсілдік, гендерлік айырмашылықтарды, іс әрекет стилін, жоғары жүйке жүйесі қасиеттеріне байланысты ерекшеліктерді қарастырады. Сонымен қатар, мінез -құлылықтағы акцентуацияның дамуын, дарындылық және данышпандылықтың физиологиялық негіздерін қарастырады.
Қазіргі психологиялық білімде индивидуалдылықты зерттеуде көптеген көзқарастар бар, бірақ ортақ концептуалды моделі әлі жоқ. Бұл индивидуалдылық құрылымына, ерекшеліктеріне авторлардың әр түрлі көзқарастарына байланысты. Барлық концепциялар эксперименталды жолмен дәлелдер арқылы ары қарай өмір сүруге құқылы.
Ересектер психологиясы - бұл психология ғылымының үнемі жаңа мәліметтермен толықтырылып отыратын, аса перспективті, қарқынды дамушы бөлігі. Сондықтан, психология ғылымының дифференциалды психология саласының болашағы мол үміт күттіреді.
Индивидуалдылықтың продуктивті және инструменталды көріністері
Тұлғаның өмірлік жолы-оның индивидуалдылыққа айналу жолы. (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев). Тұлғаның индивидуал ретінде дамуын түсіну үшін тұлғаға – іс-әрекет субьектісі ретінде қарау керек. Тұлғаны іс-әрекетсубьектісі ретінде зерттей келе, оның заттық іс-әрекеті жасайтынын, өз тәжірибесіне, өзінің потенциалды мотивіне, мінезіне, қабілеті мен іс-әрекетінің нәтижесіне сүйенетінін анықтады. Индивидуалдылық - өзінің әлеуметтік маңызды жағынан басқа адамдардан адамның ерекшеленуі, индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы, яғни темперамент, мінез, қызығушылық, қажеттілік, қабілеттіліктерінің қайталанбастығымен ерекшеленуі. Индивидуалдылықтың алғышарты болып анатомо-физиологиялық нышандар жатады. Тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырғанда осы құбылыстарды анализдеудің 2 жағы бөлінді:
Тұлғаның продуктивті көріністері, яғни тұлғаның түрлі мотивтер, позициялар, ролдер арасында таңдау жасау кезіндегі белсенділігінен көрінеді. Продуктивті көріністерге және де тұлғалың мәдениетке және т.б. өз әрекеттерімен үлес қосуы жатады. Ол өзіне ғана емес басқаларға да өз әсерін тигізеді.
Тұлғаның инструменталды көріністеріне-мінез бен қабілет жатады. Бұдан мінез тұлғаның мәндік тәжірибесі мен ұстанымдарын шегендейді, сол арқылы оның мотивтері жүзеге асады. Ал қабілет-іс-әрекеттің жемістілігі мен эффективтілігін анықтайды және соңында тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретіндегі продуктивті көріну деңгейлерін анықтайды. Тұтастай тұлғаның индивидуалдылығы адамның әлемдегі мәндік (мысловых) қатынастары мен ұстанымдарының (установок) жиынтығы, бұл өмір сүру барысында, қоғамда игеріледі. Тұлғаның индивидуалдв дамуын анализдей келе оның дамуының функционалды динамикасы ажыратылады, бұның өзі проблемді-конфликтілік ситуацияларда көрінеді (мысалы, стресс, фрустрация, конфликт, кризис) және оның өмір сүру жолындағы психологиялық жасының өзгеруінде көрінеді.
Кеңестік психологиядағы индивидуалды стиль түсінігі
Кеңестік ғылымдарда даралықты қозғылыста сипаттайтын стиль түсінігіне ерекше мән береді. Локализацияға байланысты орын толтырылатын немесе бейне өзгертетін сапалардан қарым-қатынас стиль, когнетивті стильді шебер іс-әрекет стилін бөлуге болады. Бір бүтін жүйеге бағынып, интеграциялана отырып, олардың барлығы адамның ортамен өзара әрекеттескенде, нәтижелі бейімделген, және оптималдандырылған көзқарасы бойынша, индивидуалды ерекшелігін орнату эволюциялы маңыздылықты адамның стильін қалыптастырады. Адамның стильі екі негізден көрінеді: бір жағынан даралық құрлымдағы әрдеңгейлі параметрлердің бірігуі түрінде, ал екінгші жағынан физикалық және әлеуметтік ортамен индивидуалды өзара әрекеттесудің тұрақты партерін құрай отырып көрінеді. Яғни адам стильі – бұл даралықтың ішіндегі де, және оны іс-әрекет субьектісі қарастыруда. Интегралды даралық теориясының өкілдері стилбдің организациялық жүйесі туралы идеяны дамыта отырып, оның төменгі деңгейін даралықтың формальді- динамикалық қаксиеттерімен, ал жоғарғысын пайымдау және « Мен» - концепция сияқты тұлғалықпен байланыстырады.
А.В. Либин адам стильінің әрқайсысы айрықшалынатын спецификасымен және түзетуді анализдеуде табылған бір-бірімен байланысқан жиынтығын білдіретін бес блоктан тұратын иерархиялық құрылым ретінд зрттеуді ұсынған. Стильді бұлай көрсетудің валнттілігі әр түрлі стильдік көріністрді көрсетумен байланысты нақтыланған: перцепция стильі, ойлау психологиялық аластау тәсілі, іс- әрекет пен қарым-қатынастың индивидуалды стильі.
Зерттеуші Л.Я. Дорфман адамдардың белсенді формасын стильдік көріну үшін негіз ретінд қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар ол белсенділік стильдері олардың дитерминациялану көзқарасынан қарағанда, субьекттің полюсіне қарай ығыстырылған.
Осылайша, адамның стильдік сипаттамалары даралықтың динамикасының ішкі еркшелігінен және сыртқы ортамен өзара әрекеттесуге бағыттылықтан тұрады. Яғни стиль- бұл субьектіні обьектімен толық байланыстырушы, және пройцеспен олардың өзара әрекеттерінің нәтижесін анықтаушы ретіндгі фенотиптік құрылым.
Адамдардың стиль түсінігі әзірге толық барлық деңгейде жасалған жоқ- көбіне анық ұсынылған тек кейбір деңгейлер ғана, бірақ сөз жоқ оларды қолданбалы зрттеулерде қолдануда зор үлесін тигізеді. Мысалы: девиантты мінез-құлық зерттеушісі В.Т. Кондрашенко келесі өмірлік стильдерді бөліп көрсетті: идонистикалық (өзінің қажеттілігін өтеуге ұмтылыс) , созерцательді (ортамен қарым-қатынасты жеңілдетуге ұмтылысты шыңдау, сыртқы әсерге бағытталу), іс-әрекетшіл (жан-жақты дамуға және өзін -өзі өзектендіруге ұмтылу). Автор аскетикалық стиль көбін адам өлтірушілеердің арасында, ал созерцательді-ұрлықшылар арасында көрінді дееп белгілейді. ()
Қолданылған әдебиеттер
Б. Г. Ананьев. Избранные психологичские труды. 1 том. Москва «Педагргика» 1980.
Б.Г. Ананьев. Избранные психологические труды. 2 том. Москва «Педагогика» 1980.
Н. С. Пряжников., Е.Ю. Пряжникова. Психология труда и человеческого достоинства. Москва 2004.
Ауренова М.Д., Ерментаева А.Р. Тұлға психологиясы. Өскемн 2007.
Психология: Адамзатақыл-ойының қазынасы. Алматы 2006.
Ж.Ә.Әбиев., С.Б Бабаев., А.М. Құдиярова. Педагогика. Дарын-Алматы-2004.
Достарыңызбен бөлісу: |