Реферат Тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін факторлар



бет1/6
Дата11.03.2023
өлшемі23,58 Kb.
#171931
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
құқық талшын
туракты ток сурак, туракты ток сурак, туракты ток сурак, перспи апплика, перспи апплика, 2 5465154380158207824, Мадина үшеуі бірге, англ Талшын, интересные пси

Реферат

Тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін факторлар


Оқушының аты-жөні: Алтынбекқызы Талшын
Қабылдаушы адам: Алмас ағай

Кіріспе
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құры-лымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты өзгеріп, жаңарып отырады. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірбиесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінеді: Малшылық, жер игеру, өнірістік және саудагерлер тобы. Оың бәрі еңбектің өнімділігін артырады, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар паида болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың- қосымша өнімнің пайда болуы: жеке меншіктің қалыптасуы : топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайды қайшылықтарды реттеп, қоғамдық басқару үшін өмірге мемлекетпен құқық келеді.


Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке мменшіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс- әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларын басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күшқуатына үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуыының, дамуының бірнеше түрлері бар .
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типтегі елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғаұшылықпен күресу. Міне ос күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуліктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау ;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
- барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, тонаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келеді ( Қытай, Иран т.б.).
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаңғ күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыпиасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болады, федолдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы - адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым қатнастарда реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып,салт-дәстүр,мораль,діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индия да Ману заңына сүйенеді, ал мұсылман елдерінде – Құраң заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатнастардың мемлекеттік органнының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарады.
Адам қоғамның мыңдағын жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс- әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүде – мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет