Сақадай – сақа деректі, жалпы, дара зат есім, -дай- сын есім тудырушы жұрнақ. сайланған



Дата01.04.2020
өлшемі19,23 Kb.
#61191
Байланысты:
Ағыбай Асылжан ФҚФ- 811 Морфологиялық талдау 19.03.2020

Морфологиялық талдау

  1. Сақадаай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.

  • Сақадай сақа деректі , жалпы , дара зат есім, -дай- сын есім тудырушы жұрнақ.

  • сайланған – сай- сапалық сын есім, -лан – өздік етіс жұрнағы,

-ған- есімше жұрнағы;

  • қырық – есептік дара сан есім;

  • жігіт- дара, деректі, жалпы зат есім;

  • майдайды – маңдай – дара, деректі, жалпы зат есім, -ды- табыс септік жалғауы;

  • батысқа – батыс-мекен үстеуі, -қа- барыс септік жалғауы;

  • қойды қой- негізгі етістік, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы.

  • да- ыңғайластық мәндегі жалғаулық шылау;

  • төскейді- төскей- жалпы, дара зат есім, ді- табыс септік жалғауы;

  • үзеңгіге - -үзеңгі-деректі, жалпы дара зат есім,-ге- барыс септік жалғауы;

  • ала жүріп кетті - күрделі жедел өткен шақ формасындағы етістік, ал- негізгі етістік -а- көсемше жұрнағы, жүр- қалып етістігі, -іп- көсемше жұрнағы кет- негізгі етістік, ті- жіктік жалғауының ІІІ жағы.

  1. Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.

  • Ертеңіне – ертең- мезгіл үстеуі- -і-тәуелдік жалғаудың жекеше түрінің ІІІ жағы, -не- барыс септік жалғауы;

  • жат- негізгі, сапалық, дара сын есім.

  • иістер- иіс- негізгі, дара, дерексіз, жалпы зат есім, -тер- көптік жалғауы;

  • шықты – шық- негізгі етістік, -ты- жедел өткен шақтың жұрнағы;

  • алыстан – алыс- негізгі, дара, сапалық сын есім, -тан- шығыс септік жалғауы;

  • әлдеқандай- бірігу арқылы жасалған күрделі белгісіздік есімдігі;

  • дабырлағандабыр- еліктеуіш сөз, -лаған- сын есім тудырушы жұрнақ;

  • дауыстар- дауыс- негізгі, жалпы, дерексіз, дара зат есім, -тар- көптік жалғауы;

  • естілді- есту- негізгі дара етістік, -іл- ырықсыз етіс жұрнағы, -ді- жедел өткен шақ жұрнағы.




  1. Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.

  • Қыздың- қыз- неізгі, жалпы, деректі, дара зат есім, -дың- ілік септігінің жалғауы;

  • маңдайынан – маңдай- негізгі, жалпы, деректі, дара зат есім, ы- тәуелдік жалғауының жекеше түрі, ІІІ жағы, -нан- шығыс септік жалғауы;

  • сипады - сипа – негізгі етістік, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы;

  • да- ыңғайластық мәндегі жалғаулық шылау.

  • Толқындай – толқын- негізгі, дара, жалпы деректі зат есім, -дай- сын есім тудырушы жұрнақ.

  • қара- негізгі, сапалық, дара сын есім;

  • шашынан – шаш- негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім, -ы- тәуелдік жалғауының жекеше түрі, ІІІ жағы, -нан- шығыс септік жалғауы;

  • бір- есептік, дара сан есім;

  • сүйіп- сүй- негізгі, дара етістік, -іп- көсемше;

  • өз – өздік есімдігі;

  • жөнімен – жөн – дерексіз дара, негізгі зат есім, -і- тәуелдік жалғауының жекеше түрі, ІІІ жағы, -мен- көмектес септік жалғауы.

  • кете берді - күрделі етістік, -кет-негізгі етістік, -е- көсемше жұрнағы, бер- негізгі ,дара етістік, -ді- жедел өткен шақ жұрнағы.

  1. Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды.

  • Қорқып тұрған - негізгі, күрделі етістік, қорқу-негізі етістік,

-ып- көсемше жұрнағы, тұр- қалып етістігі, - ған- есімше жұрнағы;

  • атты- ат- негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім, -ты- табыс септігінің жалғауы;

  • алқымынан – алқым- негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім, -ы- тәуелдік жалғауының жекеше түрі, ІІІ жағы, -нан- шығыс септігінің жалғауы,

  • алды- ал- негізгі дара етістік, ды- жедел өткен шақ жұрнағы;

  • да- ыңғайластық мәндегі жалғаулық шылау;

  • омбы – сапалық, дара сын есім;

  • қардан – қар – негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім, -дан- шығыс септік жалғауы;

  • шығармай – шық –негізгі етістік, -ар- есімше жұрнағы; -ма- болымсыз етістік жұрнағы, -й- көсемше жұрнағы;

  • жығып алды- күрделі етістік; жық- негізгі етістік, -ып- көсемше жұрнағы, -ал- негізгі етістік, -ды- жедел өткен шақ жұрнағы.

  1. Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді.

  • Мен – жіктеу есімдігі;

  • сұлап- сұла- негізгі етістік, -п-көсемше жұрнағы;

  • жатқан- жат- негізгі етістік, -қан- есімше жұрнағы;

  • орнымнан- орын- зат есім, -ым- тәуелдік жалғаудың жекеше түрі І жағы, -нан- шығыс септік жалғауы;

  • тұра алмадым- күрделі етістік, тұр- қалып етістігі, -а- көсемше жұрнағы, ал- негізгі етістік, -ма- болымсыз етістік жұрнағы, -дым- жіктік жалғауы жекеше түрінің І жағы,

  • себебі- себеп-салдар мәндегі жалғаулық шылау.

  • Тортай – жалқы зат есім;

  • мінер- мін- негізгі, дара етістік, -ер- есімше жұрнағы;

  • ақ боз – күрделі сапалық сын есім;

  • ат- негізгі, дара, жалпы, деректі зат есім;

  • менің- мен- жіктеу есімдігі, -нің- ілік септік жалғауы;

  • тақымымда – тақым- негізгі, дара, деректі, жалпы зат есім, -ым- тәуелдік жалғаудың жекеше түрі І жағы,-да- жатыс септік жалғауы;

  • кеткендей- кет- негізгі етістік, -кен- есімше жұрнағы, -дей – сын есім тудырушы жұрнақ;

  • еді- -е- етістік, -ді- жедел өткен шақ жұрнағы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет