Қысқа мерзімді жоспар Сыныбы -10 Сабақ № 34 Пәні - қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: «Ескендір» поэмасының идеялық мазмұны
Сабақтың мақсаты: білімділік – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» дастанын оқу, талдау, идеясын ашу;
дамытушылық - оқушылардың теориялық білімін тереңдету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорын, дүниетанымын байыту, өзіндік ойын айту, түйін жасай білу дағдысын дамыту;
тәрбиелік - оқушыларды қатыгездік пен мансапқорлықтан жирендіру, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, ғылым, білімді насихаттау.
Табыстылық критерийлері: поэманың негізгі идеясын түсініп, өзіндік ой қалыптасады, кешенді талдау жасауға дағдыланады, поэмаға талдау жүргізеді.
Сабақтың әдісі: «6 неліктен?» стратегиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, түсіндірме сөздікпен жұмыс, эссе жазу, кері байланыс
Сабақтың түрі: білімді пысықтау
Ресурстар: оқулық, түсіндірме сөздік, стикер, Абай шығармалары
Сабақтың барысы: