Сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне



Дата16.02.2018
өлшемі340,14 Kb.
#37729
Критериалды бағалау

Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара

байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне

төмендегілер жатады:

• Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндік

мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі

болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика

түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны

өткізудің жолдарын анықтайды.

• Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл

бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын

қамтамасыз етіп, тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердің

оқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.

• Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады,

бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты

болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау

түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу

бағдарламасына сәйкестігін анықтайды.

• Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті

ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін

- өзі реттеу тәртібін дамытып, үдеріске қатысушылардың жауапкершілігін

арттырады.

• Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін

анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.

• Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму

бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріске

қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға

мүмкіндік тудырады.

Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралы

мағлұматтар жинақтау бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар:

қалыптастырушы және жиынтық (бөлім/ ортақ тақырыптар бойынша

өткізілетін бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау, орта білім деңгейі бойынша)бағалау болып табылады



Бағалау түрлер

Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру

барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып

табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен баға

қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті

арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға,

сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді.

Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін

аяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында,

триместр немесе оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы

оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша

өткізіледі. Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрлі

болады. Жиынтық бағалауды өткізу жолдарының толық нұсқалары әр пән

және сыныптарда жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік

нұсқаулықтарда берілген.

Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін

оқушыларға кері байланыс беріп, ата-аналарға оқыту үдерісі туралы ақпарат

беру үшін қолданады.

Бағалаудың балық түрлері оқу бағдарламасының мазмұнына негізделіп

жасалған.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Бұл жинақта қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері

мен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды

анықтайтын дескрипторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жинақта

қалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларға

арналған дескрипторлар көрсетіледі, белгілі оқу мақсаттарына

сәйкестендіріліп жасалған бағалау критерийлері ұсынылады және

қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрастыру кезеңдері

анықталады.


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықта оқу

бағдарламасына сәйкес өткізілетін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау саны туралы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық

бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары туралы

ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік

нұсқауында төмендегілер ұсынылады:

 пән бойынша әр тоқсанда берілетін бөлім, бөлімшелер/ортақ

тақырыптар атаулары;


 бөлім мен бөлімшелерде беріліп, бағалау критерийлері мен ойлау

дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары;

 бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауға

арналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар;

 бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

үлгілері мен дескрипторлары;

 тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін құрастырылған тест

спецификациясы;

 жиынтық бағалауға арналған тапсырма үлгілері мен балл қою

кестелері.



Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп

және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері

байланысын қаматамасыз ететін үдеріс.

Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының

ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол

қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқу

жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады.

Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі

болып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы

тиіс.

Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады:



 Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау

критерийлерімен таныстыру.

 Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын

дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың

басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

 Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп

отыру.

 Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай



ынтымақтастандыру.

 Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.



Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру

Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы

барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында

барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген.

Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін мұғалімге:

 оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;

 тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және

дескрипторларын анықтау;

 оқушыларға тиімді кері байланыс беру ұсынылады.

Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана

бағалайды және Блум таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларының

деңгейлерін - білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды

көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына

сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.

Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп,

оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және

оның дескрипторларын құрастырады. Дескрипторлар тапсырманы

орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды,

сондықтан олардың түсінікті болуы қажет.

Мысалы, 5-сыныптағы Қазақ тілі пәніндегі «Мәтіннің мазмұнын ретімен

әңгімелеу» мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалауды өткізгенде мұғалім

келесі тапсырманы бере алады: Мәтіндегі оқиға желісінің ретін сақтай

отырып, суреттерді дұрыс орналастырыңыз. Дайын мәтін суреттерін қағазға

желімдеп, әңгімелеп беріңіз.

Бұл тапсырмаға сәйкес дескрипторлар төменде берілген:

Оқушы:

суреттерді әңгіме желісіне сәйкес ретімен орналастырады;

мәтіннің негізгі мазмұнынын әңгімелей алады.

Тапсырма дескрипторлары анық және қолжетімді болып, оқушыға

тапсырманы орындау барысында нені көрсете білуі қажет екендігі туралы

толық мәлімет бере алатындай болып; мұғалімге оқушының оқу мақсатына

жеткендігі/жетпегендігі төңірегінде тиімді кері байланыс бере алатындай

мүмкіндіктер береді.



Кері байланыс
Кері байланыс әрекеті сабақтың әр кезеңінде қолданылып, мұғалімнің

оқушымен үздіксіз қарым-қатынаста болып, оқыту үдерісін ары қарай

жоспарлауға және түзетіп отыруға жағдай тудырады.

Оқушыларға кері байланыс беру барысында мұғалімге төмендегілер

ұсынылады:

• ненің дұрыс емес екендігін, оны ары қарай қалай түзету керектігі

туралы ақпарат бермей тұрып, «дұрыс емес», «қате» сөздерін қолданбау

қажет;


• ненің дұрыс/ненің бұрыс екендігін түсіндіріп айту қажет;

• қателікті түзету және дұрыс жауапты жақсарту жолдарын көрсету

қажет;

• жіберілген қателік туралы төменгі ақпарат беру:



- қателіктің орны

- қателік түрі

- оны түзету үшін қажетті іс-әрекеттер ұсынылуы қажет;

• оқушы жауабын мазақ етіп, жағымсыз түсіндірме беруге, мысалы,

«мисыздың жауабы», «бұған қалай ғана ақылың жетті?» деген анайы сөздерді

қолданбау керек.

Осындай сөздер оқушылардың жеке тұлғасына кері әсер етеді. Тиімді

түрде ұйымдастырылған кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісінің қалай

жүріп жатқандығы туралы, оқушыға алға ілгерілеуі туралы және ары қарай

нәтижені жақсарту үшін түзетуді жоспарлау туралы ақпарат береді, ал

оқушыға оның алдында туындайтын 3 сұраққа жауап алу мүмкіндігін береді:

Мен оқытудың қай кезеңінде тұрмын?

Нәтижелерге қалай жетемін?

Қателігімді түзету үшін ары қарай не істеуім қажет?



Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында,

оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, оқыту

үдерісінде төменгі әдіс-тәсілдерді «Қол сигналы», «Бағдаршам»,

«Қорытындылауға арналған карточка индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу

үлгілері», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызекі баға»,

портфолио, журналдар, рубрикалар, сөзжұмбақтар, сұрақтар және тағы басқа

түрлерін қолдануға болады.

Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақтың әр түрлі

кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, тапсырма орындау кезеңінде,

мұғалімнің оқушыға жұмысының нәтижесін жақсарту мақсатымен кері

байланыс ретінде ақпарат беру барысында да қолдануға болады.

Мысалы, мұғалім оқушының жазба жұмысын тексеріп болған соң, оған

баға қоймайды, әр түрлі қалыптағы сурет пен бояуларды қолданып белгілей

алады. Әрбір белгі мен олардың түстері (сары, қызыл және жасыл, жұлдызша

немесе қанатты белгілер) оқушының жауабындағы дұрыс немесе бұрыс

орындалған жақтарын көрсетеді.

Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалау

Мұғалім қалыптастырушы бағалау өткізгенде дағдыларды анықтауда

тиімді тәсіл ретінде топтағы жұмысты қолдана алады. Оқушыларды бағалау

критерийлерімен алдын ала таныстыру керек. Мұғалім топтық жұмыста әр

топтың оқушыларын тыңдайды және бақылайды: оқушылардың көбі жетістік

критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жете алады. Мұғалім мұндай

оқушылардың аттарын жазып алуы керек.

Одан кейін мұғалім әлі де оқу мақсатына талпынатын оқушыларды

бақылап және қосымша сұрақтар қоюы қажет:

- Сіздер бұл туралы не ойлайсыздар?

- Сіз маған өз тобыңызда нені талқылағандарыңызды түсіндіре аласыз

ба?

Егер де оқушылар практикалық жұмыс орындаған болса, онда сұрақтар

сол тапсырмаға қатысы бар болуы керек:

- Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?

- Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады?

- Сіз осы тапсырмада ерекше нәрсені байқадыңыз ба?

Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық топтардың жұмысын

бақылауы тиіс. Топтағы жұмысты бақылауды және тапсырма орындауға

қатысуды қатар атқаруға болады. Жауаптарды бағалағаннан кейін мұғалім әлі

де оқу жетістіктеріне талпынатын оқушылары бар топқа қайта келіп, оларға

оқу мақсатына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек. Осы жағдайда

оқушыларға келесілерді ұсынуға болады:

 жаңа идеяны құрастыру;

 екі (немесе одан көбірек) идеяны салыстыру;

 идеяны бағалау;

 топтағы талқылау негізінде қорытынды жасау;

 сұрақтарға жауап беру.

Аталғандардың бәрі белгілі оқу мақсаттарына жетуді дәлелдеп бере

алады.


Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін талдау

Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырудың маңызды кезеңі

оқушылардың жұмыстарының нәтижелерін талдау болып табылады. Ол

оқушының алдында тұрған өзекті мәселелерді айқындап, оларды шешу

жолында қандай іс-әрекет қажет екендігін көрсетеді. Мұғалімге бағалау

нәтижелеріне/оқыту барысындағы байқауларына талдау жасап отыруы

ұсынылады. Тексерілген жұмысты талдау төмендегілерді қамтиды:

 тапсырма қиындық тудыратын оқушылар тобын анықтау;

 бөлім, тақырыпты оқуда қиындық тындаған оқушыларды анықтау;

 оқушылар үшін ең ауыр және мәселелелер тудыратын сұрақтарды

анықтау.

Сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстарына талдау жүргізуі

арқылы мұғалім бөлім мен бөлімше, тақырыпты оқу барысында оқушылардың

жақсы көрсете білген тақырыптары мен оларды ары қарай жақсарту үшін неге

басым назар аудару қажет екендігін анықтайды.

Мысалы, оқушылар үш сұрақ негізінде құрастырылған тапсырманы

орындау барысында, барлық оқушылардың біркелкі екінші сұраққа жауап

бере алмағанын байқаса, мұғалім екінші сұрақты қайтадан қарап, түзетуі

қажет.

Талдау нәтижелерін қоладана отыра, мұғалім оқушымен кері байланыс



әрекетін ұйымдастырады.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау – оқу

бағдарламасындағы әр бөлімді/ тақырыпты аяқтағаннан кейін оқушының оқу

жетістігі деңгейін анықтауға бағытталып, баға мен балл қою арқылы

өткізілетін бағалау түрі. Оқушының жұмысына қойылған баға нәтижесі оның

тоқсандық бағасын қоюда ескеріледі.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың ұйымдық

құрылымы келесіде көрсетілген:

1. Тоқсан ішіндегі белгіленген бағалау рәсімдері.

2. Оқу бағдарламасы бөлімінің оқу мақсаттарына жеткендігі туралы

шешім қабылдау.

3. Тоқсандық баға шығарудағы нәтижелерді ескеру және тіркеу.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған

тапсырмалар бөлімдегі оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне

сәйкестендіріліп құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық

бағалау тапсырмаларының үлгілері ҚР Білім және ғылым министрлігі

бекітуімен ұсынылған жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқаулығында

беріледі. Әр мектеп жиынтық бағалаудың әдіс-тәсілдері мен тапсырмаларын

өз еркімен дайындай алады. Мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестік оқу жылына

арналған, барлық бағалау түрлері, оны өткізу кезеңдері, бағалау міндеттерін

айқындайтын, бағалаудың әдіс-тәсілдері көрсетілген бағалау жоспарын

дайындауы қажет.



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды

жоспарлау және ұйымдастыру

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау белгілі оқу бөлімінің

соңында өткізіледі де, жаратылыстану-ғылыми пәндер мен тілдік пәндер

бойынша бөлімді; әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша ортақ тақырыпты

оқып, аяқтаған кезеңде өткізіледі.

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімінің саны оқыту

топтамаларының санына негізделе анықталады:

 жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша – бөлім санына қарай;

 әлеуметтік-ғылыми пәндер бойынша – ортақ тақырыптар санына

қарай;


 тілдік пәндер бойынша – сөйлеу әрекетінің түрлеріне қарай

(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым).

Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған

тапсырмаларды құрастыру үшін:

 оқу бағдарламасы мен жоспары, оқу мақсаттарын зерттейді;

 ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіре отыра бағалау

критерийлерін жасайды;

 тапсырмалар мен дескрипторлар құрастырады;

 өткізілген жиынтық бағалау негізінде оқушының оқу деңгейлерін

анықтайды және оқу материалдарын меңгерудегі жіберілген кемшіліктерді

түзету үдерісін анықтайды.
Бағалау критерийлері ретінде мұғалім белгілі ойлау дағдыларының

деңгейлеріне қатысты іс-әрекет етістіктерін қолдана алады (1 - кестені, 1–

қосымшаны қараңыз).

Қалыптастырушы бағалаудағы сияқты, жиынтық бағалау тапсырмалары

бөлім/ортақ тақырып бойынша берілген оқу мақсаттарына және бағалау

критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Белгілі бөлім мен ортақ

тақырыптарды аяқтаған кезде оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды ұсынуға

болады.


Мұғалім бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуде

оның тек белгілі бір кезеңдегі игерілген оқу материалын қорытындылайтынын

ескеріп, толық сабаққа жоспарламай, сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана

өткізуі ұсынылады.


Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың

нәтижелерін талдау
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне

мұғалім талдау жасап, осы талдау негізінде оқушылардың оқу жетістіктерінің

деңгейін анықтап, оқушыға беретін кері байланыс әрекетін жоспарлайды.

Кейбір жағдайларда мұғалім өзінің оқытуды ұйымдастыру үдерісін қайта

қарап шығып, оқушыларды оқу жетістіктеріне жетелейтін оқу мақсаттарына

сәйкес тапсырмаларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс ұйымдастыруы

қажет.

Орындалған жұмыстың нәтижелері оқушы үшін түсінікті болып, оның



ары қарай оқуына және алға ілгерілеуіне ынталандыра алатындай болуы тиіс.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижесінде

қойылған балдар оқушының оқу жетістігінің деңгейлерін (жоғарғы, орта,

төмен) анықтауға мүмкіндік береді.

Жоғарғы деңгейге сәйкес нәтиже көрсеткен оқушылар:

 пәндік терминдер мен ұғымдарды тереңірек біледі және түсінеді;

 күрделі тапсырмалар мен есептерді орындап, оларды кең ауқымды

жағдайларда қолдана біледі;

 түрлі дереккөздерден алынған ақпаратарды жүйелеп, толық негіздеме

беріп қорытындылайды, көрсеткен нәтижелерін нақты дәлелдемелер келтіре

отырып, ретімен нақтылап орналастыра біледі;

 күрделі тапсырмаларды шешу үлгілерін анықтайды, оларды ерекше

жолмен шешу баламаларын тауып, қолдана біледі;

 ауқымды есептер жиынтығын оқу бағдарламасының басқа

салаларынан алған білім, білік және дағдыларды біріктіріп шеше біледі,

әртүрлі стратегияларды қолданып, алынған нәтижелердің маңыздылығына

негіздеме бере алады.

Орта деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:

 пәндік терминдер мен ұғымдарды жеткілікті деңгейде біледі;

 қарапайым тапсырмаларды орындап, оларды таныс және кейбір

бейтаныс жағдайларда ұтымды қолдана біледі;

 ақпаратты жүйелеп, кейбіреуіне негіздеме бере отыра, алынған

нәтижелерге дәлелдемелер келтіріп, қорытындылар жасайды;

 күнделікті қолданыстағы тапсырмалардың үлгілерін анықтап, оларды

шешудің үйреншікті жолдарын анықтайды;

 мөлшерленіп берілген есептер жиынтығын шешуде оқу

бағдарламасының басқа салаларынан алған білім, білік және дағдыларын

біріктіре отыра қолданады.

Төмен деңгейге сәйкес нәтижелер көрсете білген оқушылар:

 пәндік терминдер мен ұғымдарды қарапайым деңгейде біледі;

 тиісті нұсқаулар төңірегінде күрделі емес тапсырма түрлерін

орындайды;

 түрлі ақпараттарды (кестелер, сызбалар және диаграммалар) беруде

қарапайым қорытындылар жасайды.

 Жеңіл тапсырмалардың үлгілерін анықтайды.

Тоқсандық жиынтық бағалау үдерісі

Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан аяғында өткізіліп, балл және баға

қою арқылы оқушының білімі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдемелерін

көрсетеді.

Тоқсандық жиынтық бағалау түрлі бақылау және тексеру жұмыстарын

ұйымдастыру арқылы өткізіледі. Тоқсандық жиынтық жұмысты құрастыруда

оның білу мен түсінуді, қолдану дағдыларымен ғана шектелмей, оқушының

жоғарғы деңгейдегі ойлау қабілетін: анализ, синтез және баға беруін

анықтауға мүмкіндік беретін тапсырмаларды қамтуы маңызды екендігін

ескерген жөн.

Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері

әдістемелік нұсқаулықтарда беріледі. Дегенмен әр мектеп жиынтық бағалау

тапсырмаларын өз еркімен дайындай алады. Мұғалімге көмек ретінде

жиынтық бағалаудың тапсырмалары жинақталған базасы да қолданылуы

мүмкін.

Оқу жылының басында мектептегі әдістемелік бірлестікте оқу жылына

арналып жасалған бағалау жоспары әзірленеді. (Қараңыз: 4-бөлім. Бөлім/ортақ

тақырып бойынша бағалау үдерісі).



Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау

Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде мұғалімге оқу

бағдарламасында берілген оқу мақсаттарына шолу жасап шығу ұсынылады.

Бағалау оқу жоспарында анықталған оқу мақсаттарының меңгерілу деңгейін

анықтайды.

Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының

бұйрығымен бекітіліп, оқушылар мен ата-аналарын оқу жылының басында

хабардар етеді.

Тоқсандық жиынтық бағалау бір қатардағы барлық сыныптар үшін

бірдей жағдайда ұйымдастырылады. Жиынтық бағалауды қайта орындау

(көшіріп жазу) рұқсат етілмейді.

Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен

қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, жақын туысқанының қайтыс болуы,

конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан

жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын

мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда

тоқсандық ішкі жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы

қолданылады.



Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды

құрастыру

Тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бірнеше

сыныптардың бір параллеліне арналған тест спецификациясына және балл

қою кестесіне сәйкес құрастырылады. Жиынтық бағалау жұмысының түрлері

бірнешеу болады: тест тапсырмалары, сынақтар, бақылау жұмыстары,

диктант түрлері, мазмұндама, эссе және т.б. Тест спецификациясы жиынтық

бағалаудың негізгі мазмұнын көрсетеді және тапсырма құрастырудың негізі

болып табылады.

Әр пән және сынып бойынша тест спецификациясы келесі

ақпараттардан тұрады:

 тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

 бағалау критерийлеріне шолу;

 тоқсанның жиынтық бағалауына шолу:

- тапсырмаларды орындаудың ұзақтығы;

- тапсырманың құрылымы;

- әр жұмысқа қойылатын балл саны;

- балды сұрақтардың түрлеріне қарай бөлу.

 тапсырмалар үлгілері;

 балл қою кестелерінің үлгілері;

 тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері.



Жиынтық бағалауды өткізу

Тоқсандық жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген,

сондықтан бақылау жұмысы өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң

құпия түрінде сақталғаны жөн. Олар жабық шкафта, оқушылар көре

алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге

ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталады.

Жиынтық бағадауды негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар

жұмыстарын жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін.

Мүмкіндігінше, кез келген бос мұғалім жиынтық бағалауды өткізуде

мұғалімге көмектесуі қажет, яғни көмекші бақылаушы рөлін атқарады және

ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. Жиынтық бағалау өткізу

кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде

және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс әрекет

жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс

жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар

шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.

Жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді, мұғалімнің алдын-ала

дайындап қоюы қажет. Бұл кабинеттер оқушылардың күнделікті сабақ өтетін

кабинет болуы және қоршаған орта оқушыға таныс болуы керек. Бағалауға

кабинетті дайындағанда келесілерге назар аудару қажет:

 оқушылардың қалай отыратыны, олар жеке, шусыз жұмыс

жасайтыны туралы ойлау қажет;

 оқушылар бір-бірден, тақта жаққа қарап, басқа оқушылардың

жұмыстарына қарай алмайтындай болып отырулары керек. Екі партаның

арасы егер оқушылардан сұрақ және мәселе туындаса, мұғалім мен

бақылаушылар оңай өте алатындай болуы керек;

 негізгі нұсқаулықтар мен уақытты көрсетіп жазатын тақта немесе

флипчарт оқушылардың алдында тұруы керек;

 оқушы тапсырма орындаған кезінде көмек беретіндей кез келген

көмекші құралды немесе плакатты қабырғадан жауып қою немесе алып

тастау қажет.

Тоқсандық жиынтық өткізер алдында мұғалім оқушылардың

тапсырманы орындауға көмектесетіндей заттарды әкелмегендеріне көз

жеткізуі керек. Оқушылар өздерімен тек нұсқаулықтың ішінде жазылған

заттарды, құралдарды немесе материалдарды алып келуіне болады. Тыйым

салынған заттарды әкелу ережені бұзу болып есептелінеді.



Тоқсандық жиынтық бағалау өткізу бойынша мұғалімдерге

нұсқаулық

Оқушылар орындарына отырғаннан кейін және тоқсандық жиынтық

жұмысын орындауға дайын болғанда, мұғалім келесілерді орындау керек:

 тапсырмалалар жазылған парақты төмен қаратып оқушылардың

партасына қояды және оқушылардан парақтарды аудармауын сұрайды;

 оқушыларға тоқсандық бағалаудың өткізу ережесіне сәйкес өтуін

түсіндіреді;

 оқушыларға бағалау өту кезінде бір-бірімен сөйлеспеуін немесе көмек

сұрамауын және басқа біреуге көмектеспеу керек екендігін естеріне салады;

 басталғанға дейін оқушыларда тапсырма орындауға керекті

құралдардың бар екендігіне көз жеткізу керек. Егер де қосымша құралдар

қажет болса, мысалы: сызғыш немесе калькулятор, олар сұрақ

кітапшаларының алдында тұруы керек;

 оқушылардан тапсырмалары бар парақтарды аударып ақпаратты

толтыруын өтініңіз: оқушының аты жөні және сыныбы (мектебі)

толтырылады;

 бірінші беттегі нұсқаулықты дауыстап оқып және оқушыларға

тапсырманы орындауға қаншалықты уақыт бөлінгенін айтады. Бағалау

өткізуде оқушылардың бір-бірімен сөйлеспейтіндігі туралы естеріне салу

керек. Мұғалім нұсқаулық өткізіп болғаннан кейін, жұмыс басталарға дейін

барлық сұрақтарға жауап беріп, оқушылардың түсінгеніне көз жеткізуі керек;

 барлық оқушылар ести алатындай, басталу және аяқталу уақытын

тақтаға жазып және дауыстап айту керек;

 бағалау кезінде оқушылардың өздерінің жеке жұмыс орындағанына

көз жеткізіңіз. Олар сөйлеспеулері және жұмысты бір-бірінен көшірмеулері

керек;


 оқушылардың тапсырма орындауында оларға көмектесетіндей,

қосымша тұпнұсқалардан ақпарат алатындай мүмкіндіктері жоқ екеніне көз

жеткізіңіз (егер де осы заттар тест спецификациясында қарастырылмаса);

 оқушыларға мүмкіндігінше барлық тапсырмаларды орындаудың

міндетті екендігін түсіндіру қажет;

 оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргеннен гөрі сызып тастау

керектігін түсіндіру керек. Графикті немесе диаграмманы өшіруге және дұрыс

жауап боялып немесе асты сызылып берілсе өшіргішті қолданған дұрыс;

 «Ғылымға кіріспе» және «Математика» пәндері бойынша оқушыларға

шешу жолдарын көрсетуді, содан кейін ғана жауап бағанында соңғы дұрыс

жауапты жазу керектігін түсіндіру қажет;

 Бағалау кезінде, жұмыс орындау барысында мұғалім нұсқаулыққа

қатысты сұрақтарға жауап беруіне болады. Мұғалім оқушыларға жұмыс

орындауына көмектеспейді, сұрақтарды ауыстыруға немесе ақпарат алуға

көмектеспеуі тиіс.

Ішкі жиынтық бағалау кезінде мұғалім үнемі оқушыларды бақылап және

осыған көп көңіл бөлуі қажет. Қай оқушының қатысқанын немесе

қатыспағанынын белгілейді. Бағалаудың аяқталынуына 5 минут қалғаны

туралы оқушыларды хабарландырып отыру керек.

Егер де бір оқушы тапсырманы көрсетілген уақыттан ертерек аяқтаса,

оған өз жауаптарын тағы да бір рет қарап шығуын немесе жауап бермеген

сұрақтарын қайта қарап шығу мүмкіндігі беріледі. Оқушылардан жұмысты

орындау үшін берілген уақыт аяқталған соң жауап жазуын тоқтатып, партаға

каламсап/қарындаштарын қоюларын өтіну керек. Оқушылардан сұрақтар

бойынша барлық керекті ақпаратты жазғанын қарап шығуды сұраңыз.

Барлық жұмыстарды жинап алғанға дейін оқушылардың тыныш отырып

және бір-бірлерімен сөйлеспеулері маңызды.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижелерін талдау

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары балл қою кестесімен

сәйкестендіріле жасалады. Жиынтық бағалау өткізілген соң мұғалім балл қою

кестесін қолданып балл қояды.

Мұғалім барлық жауап үшін балл қойылып, нәтижелердің дұрыс

жазылғанына көз жеткізеді.

Мұғаліммен бірге оқушы да бағалау нәтижелерін оқу барысындағы оқу

жетістіктеріне жетуде қаншалықты алға ілгерілегендігін анықтау үшін

қолдана алады. Оқу нәтижелері мен кері байланыс әрекетінің оқушыны үнемі

оқуға ынталандырып, алға жетелеп отыруы маңызды, сондықтан ол оқушыға

түсінікті тілде, оның дұрыс қорытынды шығаруына мүмкіндік беретіндей

болуы қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқушылардың оқу

бағдарламасының мазмұнын қаншалықты тиімді игергендігін және қандай

дағдылардың қалыптасқанын анықтау үшін қолдана алады. Қалыптастырушы

бағалаудағы сияқты мұғалім бұл ақпаратты оқыту үдерісін ары қарай

жоспарлауында қолдана алады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясы
Модерация оқушының жиынтық бағалау бойынша нәтиже

қорытындысын мұғалімдердің қатысумен талқылауына байланысты үдеріс.

Модерация үдерісі бір қатардағы сыныптарда сабақ беретін мұғалімдердің

қатысуымен өткізіледі. Олар белгілі бір пән бойынша алдын ала жұмыстарды

бағалау арқылы мұғалімдердің балл қою кестесін біркелкі түсінуін

қаматамасыз етеді.

Жиынтық бағалаудың модерациясы тоқсан аяғында өткізіледі және ол

оқушылардың жиынтық бағалауының нәтижелерін талқылауға арналады.

Аталған үдерісті мұғалім бір сынып және пән бойынша бағалауды стандарттау

мақсатымен өткізеді. Модерация қорытындысы бойынша жиынтық

бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін. Модерация үдерісінің төрағасы ретінде

пән мұғалімі немесе пән бірлестігінің жетекшісі бола алады.


Оқушы портфолиосы
Оқушының оқу жылы бойындағы ілгерілеуін бақылау мақсатында

мұғалім оқушының белгілі бір оқу кезеңдеріндегі орындаған жұмыстарын

сақтауы қажет. Портфолио - оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңінде,

бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеуін, оқудағы нәтижені

көрсететін жеке жетістіктерін мақсатты түрде жинақтау. Портфолио

оқушылардың нәтижесін бағалауда әділдікті және шынайылықты қамтамасыз

ету мақсатында жинақталады.

Портфолио мұғалімге оқушылардың бағаланатын оқу мақсаттарына

жетуін анықтауға көмектесетін және жұмыс дәптерінің, оқушылардың салған

суреттерінің, практикалық жұмыс орындау барысындағы кестелерінің, зерттеу

жұмыстарының нәтижелерінің, мұғалімнің оқушы жұмысына жазған

түсіндірмесінің дәлелінен тұрады. Оқушылардың бірнеше жұмыстары

электрондық түрде сақталуы мүмкін.

Оқушы портфолиосының құрылымы бойынша ұсыныстар:

• Титулдық парағы.

• Пән бойынша бөлгіштер.

• Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық бағалау

бойынша орындалған жұмыстар, мысалы, жазба жұмыстары, практикалық

жұмыстар, презентациялар, эссе және т.б. және бағалау критерийлері мен балл

қою кестелері.

• Күнделікті оқу үдерісі кезінде орындалған және оқу жетістігінің

нәтижесін көрсететін жұмыс үлгілері.

• Ұсыныстар, пікірлер, мұғалім тарапынан берілген кері байланыс.

• Оқушы рефлексиясы.
Портфолионың үлгісі оқушының жасы мен пәнге байланысты. Мысалы:

АҚТ мен Информатика бойынша портфолио электронды түрде болуы мүмкін

(кейде ол электронды портфолио деп аталады) және электронды тасығышта

сақталады (дискте).


Баға қою механизмі

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық

жиынтық бағалаудың нәтижелері электронды тіркеу журналына жазылуы

керек. Балл мен баға есебі электронды журналда автоматты түрде есептеледі.

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық

жиынтық бағалаудың электронды тіркеу журналында қойылған нәтижелері

талдау жүргізу үшін ақпарат беріп, сабақ беру практикасын жетілдіруге

мүмкіндік береді.

Баға қою механизмі
1-сыныпта тоқсандық баға тек 3 және 4-тоқсанда ғана қойылады.

Тоқсандық баға бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудан

тұрады. Тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді.

2-11 сыныптарда тоқсандық жиынтық бағалау бөлім/ортақ

тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің үлесінен қойылады.

Тоқсандық баға қою үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық

бағалау нәтижелері белгілі бір пайыздық арақатынасында берілген.

Тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім/ортақ тақырыптар бойынша

жиынтық бағалау арақатынасы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес

бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың өткізілген санына

байланысты. Жиынтық бағалаудың әдістемелік нұсқпулығында бөлім/ортақ



тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны мен жиынтық бағалау

арақатынасы көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет