Ми шабуылы.
Қалай ойлайсыздар, шығарма қазіргі қоғам туралы ма әлде жастар туралы ма?
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
1.Кейіпкердің жеке тұлғасына, сыртқы келбетіне, көзқарасына, және т.б. байланысты ассоциациялық карта құрыңыз.
2.Шығарманың бір тарауын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
3. Жалпы мазмұнын суреттей отырып, оқиғаның
сызбасын немесе комикс т.б. салыңыз.
Т. Шығарма идеясына сай кейіпкер бейнесіне талдау жасаңыз:
1-топ.
Басты кейіпкер бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
2-топ.
Қайынағасының бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
3-топ.
Келіншегінің бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
4-топ. Пәтер беруші әйелдің бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
5-топ.
Осы замандағы қазақ халқының бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.
ТЖ. "Кейіпкермен кездесу" әдісі
Барысы:
Сіздерге өздеріңіз қалаған шығарма
кейіпкерімен кездесу мүмкіндігі туғанын
елестетіңіздер.
Кездесуге неге осы кейіпкерді таңдадыңыздар?
Кейіпкерге қандай сұрақ қояр едіңіздер?
Сіздердің ойларыңызша, кейіпкер қандай жауап беруі мүмкін?
Неге олай ойлайсыздар?
Кейіпкердің жауап бере алмауы мүмкін бе?
Неге олай ойлайсыздар?
|