Сабақ тақырыбы: Әскери қызметшілердің ҚҰҚЫҚтар мен міндеттері



Дата18.04.2023
өлшемі99,67 Kb.
#174808
түріСабақ
Байланысты:
Әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттері
ielts-usa-practice-ac-reading

Сабақ тақырыбы:
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы" Заңының жалпы Ережелерінде республиканың қазіргі Конституциясының талаптарына сәйкес, елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты кызметі болып табылатыны Қазақстан халқының әрқайсысының ісі екендігі айтылған. Сондай-ақ онда жалпыға ортақ әскери міндеттердщ негіздері, мақсаттары мен мазмұны ашып көрсетіліп, оған республика азаматтарының қатынастары, олардың әскери қызметке қатысты міндеттері, кімнің босатылатыны және оның талаптары кімге таратылмайтындығы көрсетілген.
Заң Қарулы Күштерді толықтыруды екі түрлі аумақтық және аумақтан тыс принциптердің үйлесімі негізінде әскери қызметке келісімшартпен және шақырылым бойынша белгілейді. Заңда әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің құрамы белгіленген. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер:
1. Сарбаздар (матростар);
2. Сержанттар (старшиналар);
3. Офицерлер құрамына бөлінеді.
Әскери қызметшілерге қойылатын талаптың өсуін ескере отырып, шақырылушының жалпы білім деңгейін, дене шынықтыру жағдайын, моральдық, психологиялық және патриоттық тәрбие, әскери техникалық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған кең түрдегі шаралар жүйесі қарастырылған. Шақырылушыларды даярлауды ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелерді Республика Үкіметі, министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік үкімет пен басқарудың жергілікті органдарының басшылығымен жүргізілетіні анықталған. Олар материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оқу-материалдық базаны құру, басшыларды, оқытушыларды, тәрбиешілерді, нұсқаушыларды, өндірістік оқу шеберлері мен осы жұмысты өткізу үшін басқа мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Кәсіпорын, мекеме, ұйымдар, оқу орындарының басшылары, меншік түріне қарамастан, шақырылушылардың әскери қызмет дайындығынан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Жастарды әскери қызметке дайындау жұмысын ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жүктелген.
Алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Занда көрсетілген "Әскери есеп. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу" әскери есепке алудың жалпы Ережелерімен белгіленеді. Қазақстан Республикасының азаматтары төмендегі адамдарды қоспағанда, әскери есепке тұруға жатады:
1. Әскери мамандығы жоқ әйелдер;
2. Осы Заңға сәйкес әскери міндетті атқарудан босатылған адамдар;
3. Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамдар;
4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдар.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін олардың тұрғылықты жері бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепті кенттердің, ауылдардың (селолардың) ауылдық (селолық) окургтің әкімдері қатамасыз етеді.
Әскери есеп тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу Ережелерімен айқындалады.
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу — тиісті жергілікті атқарушы органдар әскер жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдары арқылы жүргізетін әскери есеп іс-шаралары. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.
Он жеті жасқа толатын жылының 1 сәуіріне дейін дәлелді себептерсіз әскери есепке тұрмаған әскерге шақыру жасына дейінгілер әскери есепке тұрудан жалтарғандар деп есептеледі. Азаматтар әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке коюға байланысты міндеттерді орындау үшін кажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын кызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар тегін, атын, әкесінің атын, отбасы жағдайын, денсаулық жағдайын (бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылған), түрған жерін, білімін, жұмыс орны мен қызметін өзгерткен жағдайда, өздері әскери есепте тұрған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органын жеті күн мерзімде хабардар етуге міндетті.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру — Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды міндетті негізде жеке құраммен жасақтауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті әскери басқару органы бастығының оны әскери кызметке шақыру туралы бұйрығы шығарылған кезден бастап әскери қызметке шақырылған болып есептеледі.
Әскери қызметке шақыруға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша шақыру комиссиясына келуге міндетті. Азаматтарды мерзімді әскери кызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлыгы және Қазакстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет жүргізіледі. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге калдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде мерзімді әскери кызметке шақыруға жатады.
Азаматтарды жұмылдыру және соғыс уақытында әскери кызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының негізінде және осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімімен мынадай негіздер бойынша кейінге қалдырылады:
1. Отбасы жағдайы бойынша;
2. Білімін жалғастыру үшін;
3. Денсаулық жағдайы бойынша;
4. Басқа да себептер бойынша кейінге калдырылуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет