Сабақ Тақырыбы: «Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант»



Дата28.06.2017
өлшемі155,38 Kb.
#20395
түріСабақ
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант»
Сынып: 8 «А»

Пән мұғалімі: Баймульдина М.А

Сабақ жоспары

Пән: Алгебра

Сынып: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант

Мақсаттары:

Бідімділік: Квадраттық теңдеулерді формула көмегімен шығару, квадрат теңдеулер туралы алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Квадраттық теңдеулерді формула көмегімен шығару, квадрат теңдеулер туралы алған білімдерін бекіту.

Тәрбиелік: Оқушылардың алгебра пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интербелсенді тақта, бағалау

Мұғалім үшін оқу нәтижелері: Сабақтың ғылымилығы, нәтижеге жету үшін ұйымдастырылған жұмыстардың толық орындалуы. Оқушылардың тақырыпты жеткілікті меңгеруі.

Сабақта туындаған негізгі идеялар: Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру. Тапсырмаларды топпен орындау дағдысын жетілдіру.

Тапсырмалар: Пікірлесу,есептерді шығару және талдау,нәтижені салыстыру, сұрақ- жауап

Жұмыс түрлері: Сыныппен жұмыс, топтық жұмыс, сөзжұмбақ шешу, бірін-бірі бағалау.

Сабақ барысы:

І кезең. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық ахуал /2 мин/ «Шаттық шеңбері». (Әрбір оқушның қолынды бір-бір шарик болады. Сосын олар ортаға шығып, шеңбер құрайды. Бір-бірлеріне,шарикті беріп, оқушыға сол оқушының бойындағы жақсы қасиетін айтып, өз тілегін қысқаша білдіреді. Болған соң шарикті жарып, ішінде жазылған топ бойынша екіге бөлінеді).

Топ басшысын сайланады. Екі топқа бағалау парағы таратылады.

ІІ кезең. Үй жұмысын тексеру. № 133 (2;5,6).

Жауабы: -1; -7/3 Жауабы: ½; 11/14 Жауабы; -1/23; 1


ІІІ кезең. Негізгі бөлім.

Анаграмманы шешу: Таиимдкисрнн (дискриминант), детуең (теңдеу), тваракд (квадрат), ірітңрбліүне (түбірлерінің), ррыллафаома (формулалары)

Әріптерді дұрыс жинап, тақырыпты айтыңдар (Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары. Дискриминант)


Иә, біз бүгін квадрат теңдеулермен танысуды жалғастырамыз, өткен сабақтарда алған білімдерді еске түсіріп, жалпылаймыз.

1 тапсырма. Қайталау – білім анасы. Кір жаю әдісі (балалар теорияны айтып, қағазға формуланы жазып, жіпке қыстырғышпен іледі)
1) Қандай теңдеуді квадрат теңдеу деп атайды? Мұндағы а,в,с дегеніміз нелер? Мысал келтіріңдер.

2) Квадрат теңдеудің қандай түрлері бар? Әрқайсысына анықтама беріңдер.

3) Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

4) Квадрат теңдеудің түбірлерін қалай табамыз?

5) Дискриминанттың неше жағдайы бар? Оларды ата.
2 тапсырма. Кім жылдам? Ойыны: (Екі топқа карточкалар таратылады. Олар ішіндегі теңдеулерден бірі толымды, екіншісі толымсыз квадрат теңдеулерді теріп, қағазға кілейлеп отырады)



Теңдеулер

1

2+2х-4=0

2

х2-7х+8=0

3

2+х=0

4

Зх2-9=0

5

2-4х=1

6

х2+10х-15=0

7

1,3х2-х+4,5=0

8

2=0

9

-x+12x2=0

10

17+9x=0


3 тапсырма. Квадрат теңдеудің коэффициенттерін анықтаңдар:

а)14у² – 5у – 1 = 0 а)16х² – 8х + 1 = 0

a = 14, b = − 5, c = −1. a = 16, b = − 8, c = 1.



б) 1 − 18у + 81у² = 0 б)18 + 3у² – у = 0

а = 81, b = − 18, c = 1. a = 3, b = − 1, c = 18.

Қателеспес үшін, алдымен теңдеуді

81у² −18у + 1 = 0 3у² − у + 18 = 0

Осы түрге келтіріп аламыз.

4 тапсырма. Дискриминант. Квадрат теңдеудің түбірлерін табу

а) 2х² + 3х + 1 = 0 а) 9х² + 6х + 1 = 0

D = b² − 4ac D = b² − 4ac

D = 3² − 4∙2∙1 = 9 − 8 = 1. D = 6² − 4∙9∙1 = 36 − 36 = 0.

D = 1, D > 0 екі түбірі бар D = 0, бір ғана түбірі бар



Жауабы: -1: -0,5 Жауабы. -1/3



3) 2х² + х + 2 = 0 4) х² + 5х − 6 = 0

D = b² − 4ac D = b² − 4ac

D = 1² − 4∙2∙2 = 1 − 16 = −15. D = 5² − 4∙1∙(−6) = 25 +24 = 49.

D = −15, D < 0, теңдеудің шешімі жоқ. D = 49, D > 0, екі түбірі бар.



Жауабы: -6; 1



5. 2у² – 9у + 10 = 0.

Жауабы: 2,5; 2

6. у² – 11у – 152 = 0



Жауабы: 19; -8

7. 2р² + 7р – 30 = 0

Жауабы: 2,5; -6

8)

Жауабы: 4; 3



5 тапсырма. Қорытынды.

Сөзжұмбақ шешу

Сұрақтар:

1. өрнегін квадрат теңдеудің ....... деп атайды?

2. Квадрат теңдеудің екінші коэффиценті  қандай әріппен белгіленеді?

3. х2+6х+10=0  мұндағы в-ны тап

4. Құрамында мәнін табу керек болатын әрпі бар теңдік

5. Д=0 болса теңдеудің неше шешімі бар

6. Квадрат функцияның графигі

7. Квадрат теңдеудің түрі.




д







т




п

 

и







е

б

а

 

с







ң

і

р

 

К

В

А

Д

Р

А

Т

р




л

е




б

о

и




т

у




о

л

м




ы







л

ы

и













а

ы

н
















д

а
















ы

н

 

т

 



5. Рефлексия:

Не білдім

сабаққа дейін?

Не білдім

сабақта?

Не білгім келеді келешекте?










6. Үй тапсырмасы. №135 (2;4); 136 (2;4). 53- бет.

7. Бағалау:

Өте тамаша! Жарайсын! “5”. Тарауды толық меңгеріп, сабаққа сараптама жасай отырып, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өзіндік ойы бар оқушы.

Жақсы! Алға! “4”. Тарауды жақсы меңгерген. Есеп шығара алатын оқушы.
Ойлану керек! Қалма! “3”. Әлі де дайындалуды қажет ететін оқушы.

Оқушылардың

аты-жөні

Үй

жұмысы

1 тапсырма

(қайталау)

2

тапсырма

3

тапсырма

4

тапсырма

5

тапсырма

Қорытынды баға

Ануарбекова

Мөлдір






















Жаксылыкова Еркежан






















Зиядаев

Ерасыл






















Казбекова

Риза






















Мұқатай

Садуақас






















Нуртаев

Ерасыл






















Салимбаева

Атлана























6. Тапсырма. Сыйлық.
Мына жәшіктің ішінде не жатқанын табу керек. Бұл затқа үш анықтама беремін.
- сөздің өзгермейтін бөлігі;
- теңдеудегі орнына қойғанда оны тура теңдікке айналдыратын сан;
- өсімдіктің негізгі органдарының бірі? (түбір) Раушан гүлінің түбірі

Балалар жәшіктің ішінде раушан гүлінің түбірі жатыр екен. Ол туралы халық былай дейді: «Періштедей гүл, ал бірақ тырнағы өткір». Мынадай аңыз бар: Анакреонның айтуынша, раушан гүлі теңізден шығып келе жатқан Афродитаның денесін жапқан аппақ көбіктен туған екен. Алғашқыда раушан ақ түсті болған, сонан соң тікенек қадалған періштенің қанына боялып, қызыл түске айналған дейді.



Оқушыларға раушан гүлі таратылады. Олар сабақ соңында келген қонақтарға табыс етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет