-Жер бедері деген не болды? - Ең биік тау қандай тау?
-Шоқы деген не? -Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?
«Алатау»сөзі қандай мағына береді?
Ой ашар:-Пайдалы қазба деген не? Ойланып есімізге түсірейік.
Олар қандай топтарға бөлінеді?
Кенді пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель және т.б.кендер жатады.
Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары кен деп аталады.Ал кенді байыту дегеніміз кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу. Металдар қара және түсті металдар болып бөлінеді.
Бірнеше қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік. Не байқадық? Металдардың кейбірі магнитке жабысады, ал кейбірі магнитке жабыспайды.
Магнитке жабысқан металдар қара металл, ал жабыспағаны түсті металл.
Қара металл түрлеріне тоқталсақ, қара металл кендерінен көбінесе темір қорытылады.
Дүние жүзі бойынша өндірілетін металдың 95% темір үлесіне тиеді.
Шойын мен болаттың түсіне қарай қара металл деп атап кеткен. Қара металл ішіндегі бастылары—магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас..Негізгі қорытылып алынатын заты темір болғандықтан бәрін темір кені деп атайды. Ол картада қара үшбұрыш түрінде белгіленеді.Оны ашық әдіспен де, шахталық әдіспен де өндіреді. Темір кені жер қойнауында түрлі тереңдікте кездеседі. Өндірілген кен металл қорытатын домна пештеріне жіберіліп, шойын қорытады. Шойынды басқа арнаулы пеште балқыту арқылы болат алынады.
Еліміздегі барланған темір кені қорының 90 проценті Қостанай мен Атасу аймағында шоғырланған.Олардың ең ірісі Соколов-Сарыбай.
Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше іштей оқыту.
Теріп оқу.(кен, кенді байыту,темір кені, өндіру әдістері)
Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.
Топтық жұмыс: Қара металдарды және түсті металдарды топтап жазу.(магнит арқылы тексерген бойынша)
|