Сабақ Тексерілді Оқу ісінің орынбасары: А. Байғараев Бөлім: Тіл және сөйлеу Педагогтің аты-жөні: Башеева К



бет1/38
Дата01.05.2022
өлшемі1,33 Mb.
#141595
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Ана тілі қмж толық
Анатомия, Инкар Информатика , Педиатрия, Педиатрия, ПӘННІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ БАСТАУЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР



1-сабақ

Тексерілді

Оқу ісінің орынбасары: А.Байғараев


Бөлім:

Тіл және сөйлеу

Педагогтің аты-жөні:

Башеева К

Күні:

17.01.2022ж

Сынып: 1Г

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сөйлеу не үшін қажет?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.1.2 оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазу

Сабақтың мақсаты

Өлеңді түсініп оқиды.
Тіл және сөйлеу туралы түсінік қалыптасады, сөйлеудің тек адамға тән екенін ұғынады.
Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төменгі сызықтарын сақтап, көркем жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық
«Жүректен жүрекке». Оқушылар шеңбер жасап, дөңгеленіп тұрады. Мұғалім жұмсақ жүрекшені қолына ұстап тұрып, қасындағы оқушының есімін атап, оған есімінің бас әрпінен басталатын тілегін айтады. Осылайша балалар бір-біріне ыстық лебіздерін білдіруді жалғастырады. Мысалы, Айдана, ақылды қыз бол!
– Балалар, өте тамаша тілектер айттыңдар. Осы айтқан тілектеріңнің ішінен қандай жақсы сөздер жүректеріңе жылылық сыйлады?
Мұғалім оқушылардың айтқан сөздерін тақтаға жазып тұрады. Оқушылар осы сөздер арқылы топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Өз есімдерінен басталатын тілектерін дауыстап айтады. Осылайша барлығы бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

  • Айару, ақылды қыз бол!

  • Бақдәулет, білімді боп өс!

  • Самат, сабырлы бол!

  • Шерхан, шебер бала бол!

  • Мерей, мейірімді бол!

  • Томирис, тапқыр қыз бол!

  • Ақылды, мейірімді, білімді, тапқыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет