Сабақ түрі : Аралас сабақ Сабақтың жоспары: 1 кезең -ұйымдастыру. 4 кезең -бекіту



Дата19.02.2017
өлшемі58,71 Kb.
#11008
түріСабақ
Павлодар облысы Ақсу қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебі

География, тарих мұғалімі: Конырханова Жулдыз Каировна

Пән:Жаратылыстану 5- сынып

Тақырыбы: Жердің құрылысы және құрамы,тау жыныстары мен пайдалы қазбалар

Мақсаты:

Білімділік: Жердің ішкі құрылысымен, тау жыныстары,пайдалы қазбалармен таныстыру

Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: табиғатты қорғай білу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.



2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.

3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.

Сабақ барысы:




Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

1

Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.

Амандасады кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.

2

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.

Қоржынның тапсырмалары:

1.Географиялық карта дегеніміз не?

2.Масштаб дегеніміз не?

3.Масштабтың қандай түрлері бар?

4.Алғаш рет масштабты пайдаланып карта жасаған б.з.д.VII-Viғ.өмір сүрген .....кім?(Анаксимандр)

5.Бізге белгілі алғашқы карталардың бірін IIғ. жасаған...

(Птолемей)

6.Кімнің картасында бірінші рет Еділ өзені түсіріліп,оған Ра деген атау берілген? (Птолемей)

7.Америка құрлығы түсірілген бірінші картаны қай жылы және кім жасады? (1507ж,Мартин Вальдземюллер)

Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.



Сұрақтары

жауаптары

1

Темірқазық үнемі оңтүстік бағытты көрсететін жұлдыз ба?




2

Күн Галактиканың орталық нүктесін 250 млн жылда айналып шыға ма?




3

Жай көзбен қарағанда 2,5 мыңдай жұлдыз көрінеді ме?




4

Күннің орталық бөлігінде 60000 С температура ма?




5

Фобос пен Деймос Марстың серіктері ме?




6

Тастардан, шаң-тозаңдармен араласқан алып мұздардан

тұратын аспанның денесі комета ма?






7

Дене заттан тұра ма?




8

Бейорганикалық затқа белок пен крахмал жата ма?




9

Жер мен Күннің ара қашықтығы 150 мың км ме?




10

Жердің жасы 3 млрд жыл шамасында ма?




Бағалау нормасы: 10-9 сұрақ «5»; 7-8 сұрақ «4»;

5-6 сұрақ «3»; 5-тен төмен «2».

Өзіңді бағала...............

3-тапсырма. (Ғалымдар) Сәйкестендір: 1 минут

Герард Меркатор

Велосипедтің,танктің,парашюттың,ұшақтың,тікұшақтың,

сүңгуір қайықтың және т.б көптеген заттардың қазіргіге ұқсайтын

жобаларын сызды.


Галилео Галилей

Бірінші болып жер шарын тегіс картаға қалай түсірудің

жобасын жасады.



Иоганн Кеплер

32 есе үлкейтіп көрсететін телескопты ойлап шығарған.

Леонардо да Винчи

Ғаламшарлардың айналу Заңын ашып,соның негізінде

ғаламшарлар кестесін құрастырды.



Бағалау.............................


Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.

Дұрыс жауаптарын бағалау критерийлер бойынша топ басшысы санап отырады.




3

Оқушылар топпен отырады.Тақырыпы ашу,мақсат қою.

1-топ.Ай 2- топ. Жер 3-топ.Күн 4-топ.Жұлдыз

1-топқа тапсырма:Географиялық қабық, Жердің даму тарихы

2- топқа:Жердің құрылымы

3- топқа.Тау жыныстары

4- топқа.Пайдалы қазбалар

Дайындыққа-10 мин Қорғауға-12мин



Оқушылар ауызша өз ойларын айтады.

Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Топ арасында қорғауларды тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.



4

1.Оқулық мәтінін және жер қыртысының құрылысының суретін пайдалана отырып,сызбаны толтыр:

Жер қыртысының қалыңдықтары


Тауларда Мұхиттардың астында

2.Сөйлемдерді толықтыр:

а) Жер қойнауын зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары...............тереңдікке дейін барды.

ә) Жердің осіне дейін...........шақырым.

б) Мұхит астында...............................қабаты кездеспейді.

в) Мантия шамамен................шақырым тереңдікке дейін барады.

г) Мантия жартылай.......................және.....................күйде болады.

ғ) Ядро...................және........... деп екіге бөлінеді.

д) Сыртқы ядро-.............. күйінде болса,ішкі ядро-.................болып келеді.

е) Қазақстанның.................................мен.................аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады.

Цунами.....

Кестені толтыр:



Қалпына келетін ресурс

Қалпына келмейтін ресурс







Кесте толтыру№1

Керекті сөздер: бор,гранит,қиыршық тас,базальт,ұлутас,гнейс,

саз,жанартаулық туф,мәрмәр,құм,обсидиан,тас көмір,

кристалды тақтатас,қоңыр көмір.

Магмалық жыныстар

Шөгінді жыныстар

Метаморфты жыныстар













Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.

5

§ 10-11 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.Атластан материктер мен мұхиттарды тауып,жазып келу

Қазақстандағы пайдалы қазбалардын кен орындарын жазып келу.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

6.

Сабаққа қатысқаны бойынша бағалау..Критерий бойынша бағалау



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет