АҚТӨБЕ ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
АКТЮБИНСКИЙ ТЕХНИКО-ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Сабағының технологиялық картасы
Технологическая карта учебного занятия
Мерзімі / 25.05.20 Топ / 531
Пән /Дисциплина Акмеология
Тақырыбы / Креативті акмеологиялық тəжірибедегі инновациялық үдерістің спецификасы
Сабақ түрі: дәріс
Мақсаты: Инновация және акмеологиялық технологиялық ұғымдармен таныстыра отырып, білімдерін тереңдете түсу
Тақырыптың негізгі ұғымдары: инновация, инновациялық іс-əрекет, инновациялық үдеріс, шығармашылық іс-əрекет, акмеологиялық технологиялар, креативті іс-əрекет, тұлғаның инновациялық əлеуеті.
Қоғамның жедел дамуы жағдайында білімнің рөлі аса айқындала түседі. Педагог кəсіби үдерістің субъектісі ретінде болып, білім беру саласындағы инновациялардың басты əрекет етуші тұлғасы болады. Білім беру саласының қазіргі кезде инновациялық іс-əрекетке даярлықтың жоғары деңгейі бар педагогтарға деген
сұранысы болады. Осыған байланысты жаңашыл педагогтарға деген артып келе жатқан қажеттілік, педагогтарды инновациялық іс-əрекетке дайындау, дамыту, жетілдіру жүйесін ұйымдастыруды
талап етеді. Болон үдерісіне қатысып, Қазақстан əлемдік білім беру қауым- дастығына енеді. Бұл жол көптеген мəселелерді шешуді қамтиды, олардың бірі ретінде, жоғары білікті кадрларды даярлау алынады,
ол қазіргі жағдайда инновациялық құрамдассыз мүмкін болмайды. Акмеология іс-əрекеттегі кəсібиліктің шыңдарына жетуге ықпал ететін факторлар туралы ғылым ретінде, кəсібилік пен шығармашылықтың арақатынасы туралы мəселесін қарастырады. Бұл категориялар инновациялық іс-əрекеттің негізіне алынады.
Инновация – жаңашылдық, шығармашылық іс-əрекеттің прогрессивті нəтижесі, ол кең қолданысқа ие болады жəне адам, қоғам өміріндегі біршама маңызды өзгерістерге əкеледі. Яғни, инновация жаңашылдық ретінде, осы жаңашылдықты тəжірибеге ендіру үдерісі ретінде анықталады. Инновациялық іс-əрекет – бұл инновацияларды құру, игеру, тарату жəне қолдану бойынша іс-əрекет. Инновациялық үдерістерді зерттеушілер, инновациялық үдерістерді зерттеудің микро- жəне макродеңгейлерін анықтап, инновацияның «өмірлік айналымның» тұжырымдамасын сипаттайды. Қазіргі кезде ғылыми əдебиеттерде инновациялық үдерістерді сатыларға бөлудің төмендегі сызбасы қалыптасты:
1. жаңа идеяның туындау сатысы (жаңашылдық тұжырымдамасының пайда болуы);
2. өнертапқыштық сатысы (объектіге айналған жаңашылдықты құру, материалды немесе рухани өнім-үлгі);
3. жаңа өзгеріс сатысы (жаңашылдықты тəжірибеде қолдану, оны өңдеу);
4. жаңашылдықты тарату сатысы (кең ендіру, жаңа салаларға тарату);
5. жаңашылдықтың нақты саладағы басымдылығы (жаңашылдық өзінің жаңалығын жоғалтады);
6. жаңашылдықты қолданудың ауқымын қысқарту сатысы (оны жаңа өніммен алмастыру).
Инновациялық іс-əрекеттің мəнін талдаудағы акмеологиялық тұғыр, тұлғаның өркендеу кезеңінде дамуының заңдылықтарын ұғынуға, дара жəне шығармашылық бастауын арақатынаста ұстауға мүмкіндік береді.
Акмеологиялық тұғырда Н.Ф. Вишнякова шығармашылық үдерістің келесі сатыларын айқындайды:
1. идеялардың туындауы;
2. идеяның жетілуі жəне стратегияны іздеу;
3. мəселені бейсаналы тұрғыда шешу;
4. идеяны материализациялау жəне түпкі ойды жүзеге асыру;
5. маңызды креативті нəтижелерді тəжірибеге ендіру.
Шығармашылық үдерістің сатылары толыққанды шамада инновациялық іс-əрекеттің сатыларымен арақатынаста болады.
Бұл мағынада «шығармашылық іс-əрекет» жəне «инновациялық іс-əрекет» ұғымдары ұқсас, теңестірілген ұғым болып саналады. Инновациялық педагогикалық іс-əрекетке дайындық деп болашақ мамандарды өзіндік педагогикалық іс-əрекетін жетілдіруге бағыттылығын анықтайтын сапалардың жиынтығын түсіндіруге болады. Инновациялық іс-əрекетке дайындықтың құрылымында келесі компоненттерді ажыратуға болады: мотивациялық, когнитивті, əрекеттік. Инновациялық іс-əрекетке дайындықтың мотивациялық компонентінің негізінде, таңдалған кəсіпке, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамытуға деген жағымды қатынас, тұрақты кəсіби бағыттылық, кəсіпке деген қызығушылық болады. Дайындықтың когнитивті компонентінің негізінде, оқытылатын пəнді меңгеру, оның əдістемесін меңгеру, педагогтің кəсіби білім берудің нəтижесіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар туралы білім саласындағы, инновациялық модельдер мен білім беру технологиялар саласындағы құзыреттілігі болады. Дайындықтың əрекеттік компонентін инновациялық үдерісті басқару үшін қажет біліктер кешені құрайды: шығармашылықпен ойлау шеберлігі, білім беру үдерісін жетілдіру бойынша инновациялық ұсыныстарды құрастыру жəне негіздеу шеберлігі, жаңашылдықты ендіру жобаларын құрастыру шеберлігі, өзін инновациялық іс-əрекет субъектісі ретінде, инновациялық іс-əрекетті ұйымдастыру жүйесін талдау жəне бағалау шеберлігі. Инновациялық іс-əрекетке дайындықтың жоғары нəтижелеріне жету, адамның креативті-шығармашылық əлеуетін дамытуға, оның өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған акмеологиялық технологияларды жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру үдерісінде қолдануда мүмкін болады.Акмеологиялық технологиялар ғылым ретіндегі акмеологияның өзгеше əдісіне негізделеді. Мұнда кəсіби іс-əрекеттің нəтижелілігінің əртүрлі деңгейлерін, жоғары деңгейдегі мəнді белгілерді айқындауды зерттеудің салыстырмалы принципі туралы айтуға болады. Осы принциптің көмегі арқылы, студенттерге тиімділіктің əртүрлі деңгейдегі мұғалімдердің іс-əрекетінің идеалданған модельдері ұсынылады, білімгерлердің даму шамасының өлшемі бойынша, оқу ақпаратының құралдары арқылы осы модельдерге дербес салыстырмалы талдау жүргізу ұсынылады. Студенттер тиімді іс-əрекетті ынталандыратын жəне оған кедергі келтіретін
заңдылықтарды, жағдайлар мен факторларды анықтайды, өздерінің іс-əрекет бағдарламасы жүйесіне қатысты шығармашылық шешімдерді қабылдайды. Осылайша, оларда іс-əрекеттің авторлық,
өзіндік жүйесін жобалау, модельдеу, жеке апробациялау, түзету мəселелерінің шығармашылықпен шешу тəжірибесі қалыптасады, дамиды, инновациялық іс-əрекетке деген шығармашылық дайындық
дамиды. Педагогикалық инноватиканың қалыптасуында, психологиялық-педагогикалық, аксиологиялық, мəдениеттанушы жəне рефлексивті-креативті аспектілерін қайта талдау, инновациялар мен инновациялық үдерістердің мəнді сипаттамасындағы негізгі тұғырларды анықтау
қажет. Психологиялық-педагогикалық тұғыр, инновациялық үдерістерді білім беруді демократияландыру, гуманитарландыру, компьютерлендірудің бағыты ретінде, сонымен бірге оқытуды жəне білімгерлердің оқу еңбегін дараландырудың бағыты ретінде қарастырады.
Аксиологиялық тұғыр инновациялық білім беру үдерістерін, педагогтардың инновациялық іс-əрекетін мекеменің құндылық тұжырымдамасының көрінісі жəне кəсіби іс-əрекетте тұлғаның құндылық бағдарларының көрінісі ретінде түсіндіреді. Мəдениеттанушы тұғырда инновациялық білім беру үдерістері, əлеуметтік-гуманистік бағдарламасы жəне таңдамалы бағыттылығы бар мəдениет құбылысы ретінде болады. Рефлексивті-креативті тұғыр инновациялық білім беру үдерістерін шығармашылық үдеріс ретінде сипаттайды, оның жоғары деңгейін – авторлық педагогикалық жүйелерді құруды, педагогтардың үздіксіз өзін-өзі тануына, өзін-өзі өзгертуге, өзін-өзі дамытуға бағдарын құруды қамтиды. Инновациялық үдерістерде объективті (əлеуметтік) жəне субъективті компоненттер болады. Білім беру мекемесіндегі инновациялық іс-əрекет педагогтің жəне кəсіби ұжымның дамуына қолайлы жағдай жасайтын рефлексивті-креативті акмеологиялық ортаны құрады (Н.В. Вишнякова). Қазіргі заманғы зерттеушілердің еңбектерінде (В.С. Леднев, Б.Т. Лихачев, В.Д. Шадриков жəне т.б.) білім беру индивидті ағартудың тəсілі ғана емес, мəдениетті дамытудың механизмі, оның құндылықтарын меңгеру, əлемнің бейнесін қалыптастыру механизмі ретінде көрсетіледі. Соған сəйкес, инновациялық білім беру үдерістері өзінің мазмұнына қазіргі жəне болашақ
ұрпаққа адамзаттың өмір сүруін, прогресті қамтамасыз етуі, білім берудегі жағымсыз үрдістерді жеңуге, білім берудің əлеуметтік өмірдің, мəдениеттің басқа формаларымен, əлемдік дамудың
перспективасымен арақатынас жасауға көмек беретін жаңа құндылық бағдарларды қамтуы керек.
Инновациялық үдерістерді зерттеудің маңызды міндеті ретінде, білім беру мекемесінің тəжірибесінде педагогикалық жаңашылдықты құру жəне қолдану үдерістерін басқарудың мүмкіндіктерін ашу
алынады. Қазіргі білім беру мекемесінің іс-əрекетінің жоғары динамизмі, сыртқы жағдайлардың өзгермелілігі, инновациялық іс- əрекетті мақсатты бағытталған тұрғыда ұйымдастыруды қамтиды.
Инновациялық іс-əрекетті жаңарту, тұжырымдау жəне нəтижелі ұйымдастыруды білім беру мекемесін дамытудың механизмдері ретінде қамтамасыз ету осы дамуды қамтамасыз етудің маңызды
бағыты болып табылады. Білім берудегі инновациялық үдеріс білім беру ортасын ұйымдастыру үдерісі, онда оқыту мен тəрбие мəдениеттанушы тұғырда қарастырылады, онда педагогтің мəдени құндылықтарға қатынасы қоғамдық жəне ұлттық сананы дамытудың, сонымен бірге инновацияларды жүзеге асыратын білім беру мекемесінің маңызды факторы болады. Инновациялық үдерістің негізіне жаңаны құрудағы əлеуметтік негізделген қажеттілік пен оны қанағаттандыруға қажет жағдайлар
мен құралдардың болмауы арасындағы қарама-қайшылық алынады. Жаңаны бекіту үшін ескінің бөлігінен, дəстүрліден біршама ауытқу қажет. Осы ескіге сүйеніп жəне педагогикалық құндылықтарға
бағдарланып, педагогтар қалыптасатын білім беру тəжірибесінің пайдасына таңдау жасайды, мұнда олар «зиян келтірме» принципін ұстануы керек. Инновациялық іс-əрекеттің кезекті буынында,
маңызды жəне қажеттінің арасындағы келісім басталады, байқалады, бұрын қабылданған шешімдермен қанағаттанбаушылық пайда болады, жаңа тұрғыларды талап ететін жаңа мəселе жетіледі. Инновациялық іс-əрекетті ұйымдастырудың логикасы, акмеологиялық жəне педагогикалық ғылымда негіздемелі түрде танылған бірізділік құрылады:
– білім беру жүйесін мəселелік-бағдарлы талдау;
– қаланатын қалыптың тұжырымдамалы жобасын қалыптастыру (болашақ);
– жаңартылған білім беру жүйесіне өтудің стратегияларын, негізгі бағыттарын жəне міндеттерін құрастыру;
– жаңартылған жүйеге қозғалыстың мақсаттарын құру;
– қайта құрудың операционалды жоспарын құрастыру (іс-əрекет жоспары);
– инновациялық даму бағдарламасының сараптамасы (бағалау).
Мəселелік-бағдарлы талдау білім беру жүйесінің дамуын тежейтін жəне шешуді талап ететін негізгі мəселелерді анықтауға бағытталған. Ол үшін білім берудің мақсаттарын жəне нəтижелерін, білім беру үдерісінің күйін, білім беру əрекетінің ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларын зерттеу қажет болды. Қаланатын қалыптың (күй) тұжырымдамалы жобасын қалыптастыру келесі сатыларды қамтиды: жаңашылдықты іздеу, оларды жүзеге асыру, мəселелерді шешуге, білім беру жүйесін
жаңартудың негізіне алынатын негізгі идеяларды құрастыруға мүмкіндік береді. Жаңартылған білім беру жүйесіне өтудің стратегиясын құрастыру келесі əрекеттерді қамтиды: басымдылық дəрежесі бойынша өзгерістерді топтастыру; қайта құруды талап ететін əрбір іс-əрекет бағытының ұзақтығын бағалау; қайта құруды жүзеге асырудың жалпылама кестесін құру; оларды жүзеге асыру мерзімдерін анықтау. Əрбір бағытқа қатысты нақты, прогностикалық ұсынылған мақсаттар құрастырылуы қажет.
Операционалды жоспарлау жаңартудың əрбір бағыты бойынша жүзеге асырылуы жəне келесі əрекеттерді қамтуы керек: нақты əрекеттердің құрамын анықтау; олардың координациясын жəне
тұтастығын қамтамасыз ету, ресурстық қамтамасыз ету, мақсаттарды жүзеге асыруды жүйелі бақылау.
Дамудың негізгі ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары ретінде анықталатындар:
• инновациялық дамытушы ортаны құруға əкелетін инновациялық іс-əрекетті мақсатты бағытталған тұрғыда педагогикалық ұйымдастыру;
• кəсіби ұжымның инновациялық іс-əрекетке дайындығын қалыптастыру.
Зерттеушілердің инновациялық үдерістерді басқару мəселесі бойынша ұстанымдарды жинақтап, Т.В. Волченкованың зерттеуіне сүйеніп, инновациялық іс-əрекетті ұйымдастырудың негізіне алынатын бірқатар түбегейлі ұстанымдарды анықтауға болады:
болжаудың, жоспарлаудың, оқытушыларды шығармашылық ізденіске ынталандырудың басымдылығы;
жетістікке бағдарлану, жұмысқа деген шығармашылық тұғырдың тартымдылық ситуациясын құру; мақсаттарды жүзеге асырудың сатылығы;
жаңа енгізулердің эмоционалды тартымдылық «өрісін» құру; оқытушылардың орындалатын жұмыстың мəнділігін жеке саналы ұғыну.
Оқытушының инновациялық іс-əрекетке дайындығы көп жағдайда тұлғаның қажеттілік-мотивациялық саласының күйімен анықталады. Кəсіби ұжымның инновациялық іс-əрекетке
дайындығын қалыптастыру, оқытушылардың аналитикалық жəне жобалаушы іс-əрекетке мақсатты бағытталған тұрғыда енуі арқылы, қазіргі білім беру технологиясын меңгеру саласында біліктілігін
арттыру арқылы шығармашылық іс-əрекетті ынталандыру, инновациялық əлеуеттік жəне оқытушылардың құзыреттілігін дамыту арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Қазіргі заманғы ғылыми зерттеулер əлеуетті «құралдар, ресурстар, мүмкіндіктердің жиынтығын» білдіретін жалпы ғылыми категория ретінде анықтайды. Философияда əлеует ұғымы мүмкіндіктер
мен ресурстар туралы ұғымдармен байланысты. Психологияда тұлғаның əлеуеті ұғымы өмірдің мəнін тануға ұмтылыспен (В.Франкл); тұлғаның жасырын ресурстарын табу, білім, біліктерді жəне басқа көрсеткіштерді нақты əрекетке алмастыру үдерісімен байланысты өзектілеумен (А. Маслоу); адамның өзін-өзі дамытуға тұлғалық өсуге қажеттілігімен (К. Роджерс) байланыстырылады.
Тұлғаның əлеуетінің мазмұнына А.А. Деркач жəне В.В. Зазыкин «тұлғаның табиғи-негізделген қабілеттерін, тұқым қуалаушы факторларын, сонымен бірге үнемі жаңартылатын жəне көбейтілетін
ресурстар жүйесін – интеллектуалды, психологиялық, ерікті ресурстарды жатқызады, бұлар өз кезегінде ілгері тұлғалық жəне кəсіби дамуға ықпал етеді». Жалпы мағынада тұлғаның əлеуеті, оның ресурстық қорын білдіреді, ол өзектіленуі мүмкін, тұлғаның қабілеттерін дамытудың қолайлы жағдайларында, белгілі нəтижеге жетуде əрекет етуі мүмкін, сонымен бірге іс-əрекеттің міндеттерін қою мен шешу сферасында тұлғаның мүмкіндіктер шамасында əрекет етеді. Тұлғаның инновациялық əлеуетін зерттеудің теориялық- əдіснамалық негізі ретінде, тұлғаның өмірін талдаудағы жүйелі-
динамикалық тұғыр (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, Л.И. Анцыферова); өзіндік өмір сүрудің субъектісі ретінде адам туралы ұғымдарды талдау (Д.Н. Узнадзе, А.В. Брушлинский жəне
т.б.); инновациялық іс-əрекеттің моделін құрудағы акмеологиялық тұғыр (А.Н. Рыбников, Б.Г. Ананьев, Н.В. Кузьмина, А.А. Деркач жəне т.б.) алынады. Инновациялық əлеует адамның əлеуетінің алуан түрлілігі контексінде қарастырылады. Адамның қарастырылатын əлеуетінің спецификасы ретінде оның инновациялық іс-əрекетке таратушы рөлінде енуі алынады. Соған байланысты инновациялық іс- əрекет туралы қазіргі заманғы ұғымдарды зерттеуге арнайы назар аударылады (Ю.П. Морозов, Э.М. Роджерс жəне т.б.). Тұлғаның инновациялық əлеуетінің жалпы құрылымы, мотивациялық (ең алдымен жетістік мотивациясы) саланы талдау арқылы, эмоционалды-ерікті, когнитивті (ойлаудың дивергенттігі, ойлау үдерісінің икемділігі немесе ригидтілігі) саланы талдау
арқылы сипатталады; іс-əрекет субъектісінің дара-психологиялық ерекшеліктер жүйесі (бағыттылық, шығармашылық қабілеті, бақылау локусы жəне т.б.) арқылы сипатталады. Тұлғаның инновациялық əлеуеті ұғымын, инновациялық іс- əрекетті жүзеге асыру үшін қажет ресурстардың алуан түрлерінің
жиынтығы ретінде; жаңа ақпаратты қабылдау қабілеті ретінде; өзінің кəсіби білімдерін көбейту ретінде; жаңа бəсекеге қабілетті идеяларды ұсыну ретінде; стандартты емес шешімдерді жəне
стандартты міндеттерді шешудің тəсілдерін табу ретінде анықтауға деген ұмтылыстар жасалуда.
Тұлғаның инновациялық əлеуеті антропологиялық тұғыр бойынша адамның жаңа, бейімделушіден жоғары табиғатын қалыптастыратын əлеуметтік-антропологиялық сапалар мен күш-қуаттың жиынтығы ретінде қарастырылады. Осы сапалардың жиынтығы адамның барынша өзін-өзі жүзеге асыруын, оның инновациялық іс-əрекетке енгізілуін қамтамасыз етеді. Инновациялық əлеует əлеуметтік-психологиялық тұғыр бойынша – бұл тұлғалық өзіндік диагностикамен, өзіндік бақылаумен, өзіндік басқарумен, өзіндік тəртіппен, сонымен бірге сыртқы əлеуметтік мəселелерді шешумен тығыз байланысты əлеуметтік- психологиялық сапалардың жиынтығы. Тұлғаның инновациялық əлеуеті əлеуметтанушылық тұғырда, бұл – инновациялық іс-əрекетті реттейтін, сонымен бірге оның белгілі ұйымдастыру аясында пайда болу ерекшеліктерін реттейтін əлеуметтік механизмдердің қызмет ету үдерісі. Ғылыми-білім беру саласындағы тұлғаның инновациялық
əлеуетінің (студент, жас ғалым, оқытушы) кəсіби-педагогикалық іс- əрекеттің тиімділігін жəне дуальдығын көрсететін спецификалық сипаттамасы болады. Өзгеше-инновациялық білім беру əрекеті
үдерісінде білім беру үдерісіне қатысушылардың тұлғасында өнімді жаңа құрылымдардың дамуы жүзеге асатынынан құралады. Мұнда инновациялықтың ажырамас белгісі ретінде білім беру іс-əрекетінің акмеологиялық құрамдасын көрсететін өнімділік алынады. Бұл ғылыми-білім беру саласында тұлғаның инновациялық əлеуетінің акмеологиялық өзгешелігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Тұлғаның инновациялық əлеуеті кəсіби жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру ортасында, психологиялық-педагогикалық іс-əрекеттің субъектісі жəне қатысушысы ретінде, инновациялық білім
беру өнімдерін құру, меңгеру жəне тарату бойынша іс-əрекеттің жаңа формаларын басшылыққа алуға психологиялық дайындықты, сонымен бірге өнімді педагогикалық іс-əрекеттің стратегиялық факторы ретінде өзіндік дамыту мен тұлғалық өсуді қамтамасыз ететін, тұлғалық қасиеттер, сапалар мен қабілеттердің жиынтығында тұлғаның интегративті сипаттамасын білдіреді. Кəсіби жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру ортасында, тұлғаның инновациялық əлеуетінің құрылымын төмендегі компоненттер арқылы анықтауға болады:
– инновациялық бағыттылық, ол педагогикалық жəне ғылыми-педагогикалық іс-əрекеттің инновациялық акмеологиялық сипатын анықтайтын, кəсіби шеберліктің шыңдарына жетуге ұмтылысты, инновациялық тəжірибені байытуды, педагогтің өзіндік дамуын тұлғалық қажеттілік ретінде, білімгерлердің тұлғасын дамытуға психологиялық бағдарлануды көрсететін, білім беру тəжірибесіндегі инновациялық үдерістердің мəнін ұғынуды анықтайтын мотивтер мен құндылықтардың жиынтығын интеграциялайды; ол жетістік мотивациясы, өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігі, өмірлік əлемді құндылықты-мағыналық ұйымдастырудың ерекшеліктері, өмірге тұрақтылық, сенімділік, еңбекқорлық, жұмылдырушы əлеует, өзін-өзі реттеу деңгейі арқылы көрінеді;
– инновациялық құзыреттілік, ол инновациялық іс-əрекет тəжірибесін, инновациялық білім, біліктер жəне құзырлылықтардың қалыптасудың жүйелі деңгейін, құрастырылған инновациялық өнімдерді тəжірибеде құру, жасау жəне пайдалану қабілетін, білім беру үдерісіне жаңа технологиялар мен əдістері енгізуді білдіреді; ол кəсіби іс-əрекеттің мақсаттарына тиімді жету үшін өзінің инновациялық əлеуетін қолдануға дайындық шамасы ретінде, сонымен бірге кəсіби, коммуникативті, ақпараттық жəне жобалаушы құзыреттілік түрінде болады;
– инновациялық креативтілік, ол білім беру тəжірибесінде қолдануға дайын, белгілі нəтижені, жаңа идеяларды алуға, оларды басшылыққа алуды қамтитын, нақты практикалық іс- əрекетті орындауға бағытталған педагогикалық шығармашылық инновациялар, болжау қабілеті ретінде болады; ұсынылатын тұлғалық сапалардың жиынтығы ретінде көрініс табады (белгісіздікке толеранттылық, белгілі тəуекел ету қабілеті, жауапкершілік, рефлексивтілік жəне т.б.).
Педагог тұлғасының инновациялық типі бірегей жəне күрделі бола тұрып, қоршаған ортамен динамикалық өзара əрекетте, үздіксіз өзіндік дамытуда болып, оның инновациялық өзгешелігін анық-
тайды, ол креативті, танымдық, шығармашылық бағыттылықпен; құзыреттілікпен; дара-психологиялық қасиеттермен; қабілеттермен; ойлау ерекшеліктерімен (икемділік, ұтқырлық, сыни, жалпыламалық, жүйелілік, дамыған интуиция, бай қиял, ассоциациялар еркіндігі, прогностикалық); мінез белгісі ретінде инновациялықпен
– өзгерістерге қажеттілікпен, жаңаны іздеу қажеттілігімен, дəстүрлер билігінен кетуге ұмтылыспен, өзгерістерге жедел жауап қайтарумен; кедергілерді жеңуге даярлықпен; ізденістік іс-əрекеттің эмоционалды толыққандылығымен; шығармашылық қабілеттермен (идеяларды генерациялау, стандартты элементтерден стандартты емес шешімдерді құру, дəстүрлі жəне инновациялықты біріктіру, таныс нəрседе таныс еместі көру, жасырын түпкі ойды анықтау; белгісіздік жағдайында бағдарлану қабілеті; ұзақ уақыт бойында шығармашылық қысымды ұстау қабілеті) анықталады.
Инновациялық əлеуеттің функцияларының арасында мотивациялық, мақсатты функцияны, инновациялық тəжірибені қалыптастыру функциясын, прогностикалық, алмастырушы, креативті, сонымен бірге дамыту функциясын жəне практикалық-бағдарланған функцияны айқындау қажет.
Инновациялық əлеуеттің компоненттерінің жəне функцияларының аталған жиынтығы, тұлғалық сапаларды, қабілеттерді, психологиялық күйлерді, инновациялық педагогикалық іс-əрекет үдерісінде дамудың жоғары деңгейлеріне қажет білімді, біліктер мен дағдыларды көрсетеді.
Инновациялық əлеует білім беру субъектілерінің инновациялық іс-əрекетке дайындығын, мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды, сондықтан бұл тұлғаның əлеуетін инновациялық белсенділікті,
танымдық дербестікті, кəсіби креативтілікті дамытудың мүмкіндіктерін көрсететін интегративті сапа ретінде қарастыруға болады. Педагогтің инновациялық əлеуетінің акмеологиялық сипаты оның өзгеше ерекшелігін білдіреді, ол тұлғалық жəне орта инновациялық əлеуеттерінің тиімді өзара əрекетіне негізделеді.
Білім беру субъектісінің инновациялық əлеуетін инновациялық құзырлылықта дамыту, жаңа идеяларды, шешімдерді құруды жүзеге асыру үшін инновациялық білім беру өнімдерін білім беру
тəжірибесінде жобалауды практикалық қолдануға бағытталған ғылыми-білім беру ортасын құру арқылы ұсынуға болады. Мұнда ойлау жаңа өнімді құруға бағыттылықпен, танымдық іс-əрекетте
жаңа құрылымдардың пайда болуымен сипатталады. Инновациялық білім беру іс-əрекетін жүзеге асыру үшін студенттер мен оқытушылардың тұлғалық ұғымдарын, интеллект қабілеттерін жəне креативтілігін өзектілеу қажет.
Инновациялық дамудың жүйе құраушы факторы ретінде адамның іс-əрекеттің жоғары формаларындағы мəнін жүзеге асыру ретіндегі өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі маңызды ету үдерісі алынады: кəсіби өсуге дайындық, ұйымдастырушылық, зерттеуші қабілеттер, бастамашылдық, мақсатқа ұмтылушылық, креативтілік, мақсатқа жетудегі табандылық, көшбасшылық, тұлғаның инновациялық белсенділігін анықтайтын жиынтықтар.
Тұлғаның инновациялық əлеуетін дамытудың мотиві ретінде инновациялық іс-əрекетті жүзеге асыруға қажеттілік, оны кəсіби іс-əрекеттің алуан түрлі жағдаятында қолданудың, меңгерудің
қажеттілігін ұғыну алынады. Нəтиже ретінде субъектінің инновациялық əлеуетін дамытудың əрекеттік-инновациялық деңгейі алынады, оның көрсеткіштері ретінде, мотивтер, инновациялық
құзыреттілік, «Мен-таратушы» инновациялық əлеуетті ұстануы алынады.
Акмеологиялық аспектілерге маңызды орын беріледі, себебі олардың зерттелетін құбылыстарды ғылыми болжау, диагностикалау жəне кері байланыс функцияларын орындап, инновациялық əлеуетті
дамыту үдерісінің жалпы стратегиясының жүктемесін алады. Педагогикалық іс-əрекеттің инновациялығының жəне өнімділігінің өзара негізделуінде көрінетін, жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру ортасында, тұлғаның инновациялық əлеуетінің акмеологиялық принципін айқындау қажет.
Психологиялық детерминизм жəне даму принциптері (К.А.Абульханова-Славская, Л.И. Анциферова, А.В. Брушлинский, А.А. Деркач, С.Л. Рубинштейн) өзіндік дамытуға ынталандыратын ішкі жағдайларды анықтайды, оның детерминанттарын көрсетеді. Детерминизм принципінің спецификасы, тұлғаның сыртқы жəне ішкі əлеуетін ашумен, өзін-өзі жетілдіру үдерісі, тұлғалық дамытудың қозғаушы күштерінің қарастырылуымен анықталады. Тұлғаның əлеуметтік детерминациясы жекеленген деңгейге өтіп келеді. Даму принципі бір бағытта – тек прогресте, өзін-өзі жетілдіруде, жоғары деңгейге қозғалыста жүзеге асырылады. Мұнда дамудың субъектілі сипаты, оның қарама-қайшылықтар арқылы жүзеге асырылуы, субъектінің шығармашылық əлеуетті жүзеге асыруымен танылады. Құзыреттілік тұғыр қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесіндегі инновациялық үдерістерді көрсетеді, оқу сабақтарын қалыптастыру үдерісімен, жоғары оқу орнында оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастырудың маңызды компоненті ретінде интеллектуалды біліктер мен дағдыларды қалыптастыру үдерісімен арақатынаста болады. Инновациялық іс-əрекеттің құзырлылықтарын, қалыптастыру мақсаттарын кəсіби білім беру жүйесіне алмастыру оның дуальды
сипатын білдіреді: жоғары оқу орны студенттерінің жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісінің қатысушылары мен субъектілері ретінде инновациялық іс-əрекет құзырлылығын меңгеру үшін
жағдай құруы керек. Педагогикалық білім бойынша білім беру бағдарламасын меңгерген түлектер, мектептегі білім беру үдерісінің субъектісі ретінде, педагог ретіндегі жаңа рөлде, білімгерлердің
инновациялық іс-əрекетінің құзырлылығын қалыптастыруы керек. Дəл осы дуальдылық педагогикалық білімді кез келген білімнен айрықшалайды, педагогикалық, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың инновациялық бағыттылығын жеделдететін, білім беру стандарттарын жүзеге асырудағы жаңа тұғырларды іздеуге міндеттейді. Инновациялық іс-əрекет білім беру саласының нарығында белгілі бір мекеменің бəсекеге қабілеттілігі үшін негіз құрап қоймайды, сонымен бірге, педагогтің кəсіби өсуінің, оның шығармашылық ізденісінің бағыттарын анықтайды, білімгерлердің тұлғасының өсуіне ықпал етеді.
Білім беру кеңістігінің инновациялық бағыттылығын қалыптастыру бірнеше жолдар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: түлектердің инновациялық іс-əрекетке дайындығына қойылатын біліктілік талаптардың тізіміне енгізу; инновациялық білім беру технологияларын жүзеге асыру; инноватиканың алуан түрлі саласындағы жаңа оқу пəндерін қазіргі білім беру бағдарламаларына енгізу; педагогикалық білім беру бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларының жаңа профильдерін құрастыру. Акмеология іс-əрекетте кəсібиліктің шыңдарына жетуге ықпал ететін, кедергі келтіретін факторлар туралы ғылым ретінде, кəсібилікпен шығармашылықтың, креативтілік пен инновациялықтың арақатынасы мəселесін қарастырады. Болашақ мұғалімді педагогикалық іс-əрекетке даярлаудың маңызды мəселелерінің бірі ретінде, шығармашылық іс-əрекетке дайындықты дамыту, білім беру өнімдерін құру, оларды білім беру үдерісіне енгізу алынады. «Креативтілік» жəне «инновациялық» ұғымдары тығыз байланысты. Креативтілік шығармашылық үдерісімен, жаңа
идеяларды іздестірумен байланысты, оларды таратуға болады, алайда инновациялықтың сипатына олар практикалық іс-əрекетте қолданылған жағдайда ие болады.
Философия жəне əлеуметтану тұрғысында, шығармашылық «нəтижесі жаңа материалды жəне рухани құндылықтарды құру болып саналатын іс-əрекет» ретінде, «сапалық жаңа материалды, рухани құндылықтарды құратын адамзат іс-əрекетінің үдерісі»ретінде қарастырылады. Психология ғылымында шығармашылық өзара байланысқан екі аспектіде: əлеуметтік жəне жеке мəні бар,
материалды жəне рухани, жаңа құндылықты құрудың психологиялық үдерісі ретінде; оны осы үдеріске енгізуді қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Ф.Н. Гоноболин шығармашылық іс-əрекетке келесі анықтама береді: «үлкен қоғамдық құндылығы бар, еңбектің бірегей, жаңа өнімдерін беретін іс-əрекет». Бұл іс-əрекет жаңаны іздеуді, шабыттануды, шығармашылық қиялды, яғни бейнелер мен ұғымдарды дербес құруды қамтиды, оларда тəжірибеде тікелей болмаған бейне көрініс табады, алайда шынайының элементтерінен əрдайым құрастырылған, бірақ ол болмысты білдіреді (шынайы жəне фантастикалық)». Н.Ф. Вишнякова шығармашылық іс-əрекет деп «адамның ішкі əлемін, креативтілігін танудың жолы ғана емес, сонымен бірге осы ішкі əлемді түсінудің жəне көрсетудің нəтижесі» ретінде түсіндіреді. Сондықтан мамандарды шығармашылық іс-əрекетке даярлаудың жетекші компоненті ретінде, оның инновациялық креативтілігін дамыту алынады, ол субъектінің инновациялық іс-əрекетке мотивация дəрежесімен, шығармашылық қабілеттердің даму деңгейімен, таңдау еркіндігімен, интеллектуалды күштерді жəне
ерікті күш-қуатты жұмылдырумен сипатталады. Білім берудің қазіргі заманғы жүйесі оқытушыларға нəтижелі педагогикалық іс-əрекеттің заңдарын білмей, инновациялық креативтіліксіз жүзеге асырылмайтын талаптарды ұсынды. Креативті білім беру шығармашылық арқылы оқытуды қамтиды, сондықтан ол шығармашылық іс-əрекетті белсендіруге, білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағдарланады. Алайда креативті білім беру шығармашылыққа оқытуды да қамтиды,
атап айтсақ, жаңа идеяларды генерациялау əдістерін, стандартты емес мəселелерді шешу əдістерін оқытуды қамтиды. Осылайша, қазіргі заманғы психологиялық-акмеологиялық, педагогикалық
əдебиеттерде кəсіби шығармашылықтың мəнін анықтауға қатысты алуан түрлі тұғырлар қарастырылды, алайда оның өзгермейтін өлшемі ретінде, іс-əрекеттің жаңашылдығы мен нəтижелілігі
алынды. Білім беру нəтижесі білім беру бағдарламасын орындау нəтижесінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның мəні, материалды, əрекеттік құралдарды, осы құралдардың қызмет ету тəсілдерін
ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттерін сипаттауда көрінеді. Сондықтан С.В. Матюшенконың пікіріне сəйкес, білім беру нəтижесіне білім беру технологияларын, əдістемелерін, оқулықтарды (оқу құралдарын), оқу бағдарламаларын, дəрістер жəне іс-шаралар конспектісін, өзіндік жəне меңгерген əдістемелік тəсілдерді жатқызуға болады. Инновациялық үдеріс тапсырылған өнімді алу үшін, тікелей
білім беру үдерісіне идеяларды генерациялаудан оны ендіруге дейінгі əрекеттер тізбегін жасау қажет, ал өнімді іс-əрекетке ендіру, инновациялық іс-əрекетті шығармашылықтан айрықшалайтын
ерекше белгі болып саналады. Осылайша, білім беру нəтижесін оқу-білім беру үдерісіне ендірумен қамтамасыз етілетін, педагогтің шығармашылық іс-əрекетін инновациялық іс-əрекет ретінде
қарастыруға болады. Сонымен, қойылған міндетті шығармашылықпен саналы ұғынуды көрсететін креативтілік, инновацияның базисі болып саналады. Инновациялық өнімді құру үшін креативті ойлауды, стандартты емес тəсілді қолдану қажет, аталған өнімдегі жаңа сапаны табу керек. Нəтижесінде, креативтілік белгілі əсерді алуды қамтитын, нақты ғылыми-практикалық мақсатты орындауға бағытталған, шығармашылық қабілет болып табылады, ал тұлғаның шығармашылық əлеуеті қазіргі заманғы талаптарды ескеріп, дамытуға қажет тұлғаның құндылығы, инновациялық əлеуетті қалыптастырудың негізі болады. Сондықтан, инновациялық шығармашылық іс-əрекетке қабілетті, өзіне жəне қоршаған адамдарға шығармашылық қатынас білдіретін, өзіндік дамытуға, тұлғалық өсуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру маңызды болып табылады. Кəсіби білім берудің қазіргі жүйесіндегі акмеологиялық тұғыр, шығармашылық əлеуетті ынталандырудан, педагогтардың кəсіби іс-əрекетте жетістікке жету үшін тұлғалық ресурстарды анықтаудан, нəтижелі қолданудан құралады. Б.Г. Ананьев жəне Н.В. Кузьмина адамды кəсіби іс-əрекеттің белсенді субъектісі ретінде қарастырады, ол кəсібиліктің шыңдарына туындайтын проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы жете алады. Бұл тұрғыда акмеологиялық тұғыр педагогтардың инновациялық іс-əрекетіне дайындықты біртұтас даму контексінде қарастырудың қажеттілігін қамтиды, мұнда олардың дара жəне субъективті-əрекеттік сипаттамалары бірлікте қарастырылады. Акмеологиялық тұғыр педагогтардың ішкі мүмкіндіктерін табуға мүмкіндік береді. Педагогтардың инновациялық іс-əрекетке дайындығы инноватика саласында педагогтардың кəсіби білім беруімен байланысты болады. Инновациялық іс-əрекетке дайындық категориясына толық тоқталамыз. Педагогикалық іс-əрекетке дайындық, біртұтас
дара даму контексінде, іс-əрекетте көрініс беретін, дамитын, тұлғаның интегралды сапасы ретінде қарастырылады. Педагогтің инновациялық іс-əрекетке дайындығы, инноватика саласында білім беру міндеттерін тиімді шешуге ықпал ететін, тұлғалық-кəсіби сапалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Педагогтің инновациялық іс-əрекетке дайындық ұғымының мазмұнын құрастыруда, іс-əрекеттің психологиялық жүйесін қалыптастыру үдерісінің (іс-əрекеттің жүйелі генезі) сатылы сипаты болатыны есепке алынады (Шадриков В.Д.), сондықтан инновациялық педагогикалық іс-əрекетке дайындықтың деңгейлері, оның компоненттерінің даму дəрежесімен анықталады. Əртүрлі əдебиет көздеріне аналитикалық шолу негізінде, педагогтардың инновациялық іс-əрекетке дайындығының негізгі компоненттерінің мазмұнын анықтауға болады:
• Мотивациялық компонент – инноватика мəселесінде білім беру деңгейін арттыру арқылы тұлғалық өсуге, инновациялық іс-əрекетсаласында кəсіби өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік жəне ұмтылыс.
Педагогтардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды ендірудің қажеттілігі мəселесіне қатынасымен, теориялық мəселелерге тұрақты қызығушылығымен, инновация саласында ғылыми зерттеулерге, практикалық іс-əрекетке қызығушылықпен сипатталады.
• Когнитивті компонент – инноватика мəселесі бойынша ақпараттандырудың дəрежесі, базалық деңгейі жəне білім сапасы. Педагогтің теориялық, практикалық əдістемелік білім деңгейімен, олардың инновациялық іс-əрекет саласындағы негізгі ұғымдарды, категорияларды жəне заңдылықтарды əрекет етуді меңгеру дəрежесімен, шеберлігімен сипатталады.
• Тұлғалық компонент инновациялық іс-əрекет саласында білім беру үдерісінің субъектісі, кəсіпқой, тұлға ретінде адекватты бағалау қабілетін, шығармашылық қабілеттерді қамтиды.
• Əрекеттік компонент инновациялық іс-əрекет саласындағы біліктер мен дағдыларды меңгеру дəрежесін қамтиды. Аталған компонент білімді практикалық қолдану саласына алмастыру шеберлігімен сипатталады. Айқындалған компоненттердің даму дəрежесі, нəтижесінде педагогтің инновациялық іс-əрекетке дайындық деңгейін анықтайды.
Педагогтардың инновациялық іс-əрекетке дайындығын жетілдіру – педагогтің инновациялық іс-əрекетке дайындығын жетілдіруге ықпал ететін, жетекші детерминанттары акмеологиялық фактор-
лар болып саналатын, күрделі ұйымдастырылған үдеріс. Инновациялық тұлғаны инновациялық іс-əрекетке деген дамыған мотивация, өзін-өзі жүзеге асырудың жоғары əлеуеті, қалыптасқан мінез-құлықтық стереотиптерді өзгертуге дайындық, белгісіздікке толеранттылық, сонымен бірге тұлғаның инновациялық əлеуетіне енетін басқа сапалар айрықшалайды. Инновациялық əлеует ұғымы,
«инновациялық іс-əрекет феноменінің тұжырымдамалы көрінісі» болды.
Инновациялық əлеуеттің шығармашылықпен, креативті ойлаумен байланысы, оның тұлғалық əлеуеттің негізгі элементтерін қамтитын күрделі құрылымын білдіреді. Білім берудің инновациялық-бағдарланған жүйесіне мамандарды даярлаудың ерекше мəні болады, себебі кəсіби іс-əрекет қазіргі
кезде өзін-өзі жүзеге асыру тəсілдері мен оңтайлы білім беру ортасын анықтаудағы дербес белсенділікке негізделеді. Кəсіби педагогикалық білім берудегі инновациялардың мəнін түсіндіру
қажет, бұлай түсіндіру жобалаушы, инновациялық іс-əрекетте антропологиялық негіздемелер контексінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде, тұлғаның инновациялық əлеуеті өзектіленетін білім беру ортасын жобалау туралы мəселенің маңызды мəні болады.
Жоғары оқу орнында инновациялық білім беру ортасын құру, акмеологиялық тұғырда жүзеге асыруға ықпал етеді, ол мамандарды білім беру ортасындағы аса толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруға,
аса жоғары жетістіктерге бағдарын қалыптастыруға бағытталған, оңтайлы, қалыптасқан білім беру ортасының деңгейін қайта құру стратегиясын анықтайды.
Акмеологиялық тұғыр білім беру ортасын төмендегідей негіздейді:
– болашақ маманның құрамы мен шекарасында тұлғалық-кəсіби дамыту үдерісін оңтайландырудың потенциалды мүмкіндігі;
– жаһандық білім беру ортасына интеграциялау үшін əлеуеті бар мамандарды кəсіби жəне тұлғалық дамытудың акмеологиялық жағдайлары мен факторларының үйлесімі;
– мамандарды даярлау жүйесінде сатылы түрде толықтырылатын қалыптастырудың акмеологиялық механизмдерінің жиынтығы.
Кəсіби іс-əрекетте тұлғаның өзін-өзі жүзеге асырудың психикалық мүмкіндіктерінің (интеллектуалды, эмоционалды, энергетикалық жəне ерікті) интегралды сипаттамасы ретінде акме-инновациялық əлеует туралы болжам жасауға болады. Өзінің табиғаты бойынша, тұлғаның акме-инновациялық əлеуеті, оны қалыптастыруға, дамытуға, байытуға арнайы бағытталған іс-əрекеттің, өмір сүру əрекетінің (еңбек, таным жəне қарым-қатынас) нəтижесі болып табылады. Ол адам үшін ерекше маңызды жағдайлардың, оны қоршаған əлеуметтік жағдайлардың əсерімен, оның бүкіл өмірлік жолының бойында қалыптасады. Кəсіби білім беру жүйесі үшін тұлғаның мотивтерімен, қызығушылықтарымен, бағдарларымен оңтайлы арақатынаста болатын, дара білім беру ортасын жобалаудың əлеуметтік функциясын өзіне қабылдауды саналы ұғыну маңызды болып табылады.
Инновациялық орта кəсіби салада инновациялық іс-əрекетке даярлықтың негізгі критерийі ретінде, тұлғаның инновациялық белсенділігін дамыту, білімнің алуан түрлі саласындағы іргелі жəне
қолданбалы зерттеулерді дамыту, жаңа өнімдерді, технологияларды құру, жаңа идеяларды генерациялау үшін қажет инновациялық əлеуетті оңтайландырудың механизмі болады.
Жоғары оқу орнындағы инновациялық білім беру ортасы, болашақ мұғалімді инновациялық педагогикалық іс-əрекетке даярлаудың мазмұнын жүзеге асырудың басты шарты болып
табылады. Инновациялық ортаның мақсаты ретінде, инновациялық іс-əрекеттің құзырлылығын қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз ету, білім беру субъектілерінің инновациялық əлеуетін жүзеге асыру, тұлғаны қалыптастыру, инновацияларды құрастыруға, таратуға, ендіруге қатысудың жеке тəжірибесін меңгеру; өзіндік білім алудың, кəсіби өсудің мүмкіндіктерін кеңейту, инновация саласында ғылыми жəне іскерлік белсенділікті интеграциялау; перспективті инновациялық жобаларды практикалық жүзеге асыру алынады. Акмеологиялық орта құрылымдық-функционалды құрылым ретіндегі дамытушы ортаның барлық белгілеріне ие болады. Ортаның қалыптасу деңгейінің, субъектінің тұлғалық-кəсіби дамуының өзара тəуелділігінің акмеологиялық заңдылығы дəлелденген.
М.И. Плугинаның пікірі бойынша, акмеологиялық орта əрбір құрылымдық компоненттің қызмет ету үдерісінде туындайтын жəне құрылатын жағдайлардың жиынтығымен беріледі: мега-, макро-
жəне микрофакторлардың əсерімен болатын кəсіби, білім беру, акмеологиялық қамтамасыз ету тұлғаның кəсіби қалыптасуының əрбір сатысын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өзін кəсіпте
жүзеге асыруды, кəсібиліктің шыңдарына жетуді қамтамасыз етеді. Инновациялық белсенділікті қалыптастырудың мотиві ретінде инновациялық іс-əрекетті жүзеге асырудағы қажеттілік, кəсіби іс-
əрекет үдерісінде, құрылатын оқыту жағдайында оларды меңгеру мен қолданудың қажеттілігін саналы ұғыну алынады. Инновациялық іс-əрекетке даярлықты қалыптастыру бойынша əрекеттер
білімгерлердің кəсіби идентификациясына, олардың қазіргі заманғы кəсіби даярлау контексінде, кəсіби жəне тұлғалық сапаларға бағдарлануына бағытталған. Қалыптастырудың нəтижесі ретінде,
инновациялық іс-əрекетті жүзеге асыруға даярлық алынады, оның көрсеткіші ретінде мотивтер, білімдер, шығармашылық мəдениет, «инновациялық Мен-таратушы əлеуетін» ұстану алынады.
Қазіргі кезде адамның жеке қатысу мүмкіндігін, өзінің біліміне əсерді негіздейтін психологиялық-білім беруші бағдарламалар мен технологияларды құрастыру, жүзеге асыру қажет; олар білімгер-
лердің білім беру бағдарларын, бастамаларын қалыптастыруды, құруды, кəсіби, білім беруші, зерттеуші іс-əрекетте оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; жеке білім беру траекториясын анықтау жəне таңдау үшін жағдай жасайды; инновациялық іс-əрекетке даярлықты қамтамасыз етеді; кəсіби саладағы инновациялық іс- əрекетке қажет біліктер мен құзырлылықтарды қалыптастырады.
Тұлғаның инновациялық əлеуетін дамыту үшін, И.В.Пахно жəне Т.А. Терехова əлеуметтік-психологиялық тренингті ұсынады. Тренингтің құрылымы инновациялық үдерістің сипатын көрсетеді
жəне төрт сатыдан құралады: іздестіру, тұжырымдау, оңтайландыру жəне орындау. Тренинг интербелсенді имитациялық ойындарды, рөлдік ойындарды, белсенді дəрістерді, пікірталастарды,
модельдеуді қамтиды, олар шығармашылық, ұйымдастырушылық, коммуникативті жəне тұлғалық біліктер мен дағдыларды ынталандырады. Болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық
үрдістің теориясы мен практикасы (Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, Қ.К. Жампеисова, т.б); мүғалімдердің зерттеушілік мəдениетін қалыптастыру (Ш. Таубаева, т.б.); болашақ мамандардың креативтілігін зерттеу (Б.А. Оспанова) мəселелері кеңінен карастырылады. Білімгерлердің креативтілік белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы жəне біліктілігін қамтамасыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Студенттер-педагогтардың тұлғасында жəне іс-əрекетінде тиімді құруға бағдарланған акмеологиялық технологиялар ретінде іс-əрекеттің авторлық жүйелерін жобалау ұсынылады. Шеберлік пен кəсібиліктің негіздерін меңгеру үдерісінде құрылатын, іс-əрекеттің авторлық жүйесінің жобасы ретінде студенттің тікелей педагогикалық үдерісте жүзеге асыратын өнімі алынады. Іс- əрекеттің авторлық жүйесінің жобасы түрінде интеллектуалды өнімді құру инновациялық бағыттылық тұрғысында акмеологиялық технологияларды сипаттайды. Іс-əрекеттің авторлық жүйесін теориялық жəне практикалық дайындықтың синтезі негізінде жəне білімді, тəжірибені, имитациялық-модельдеуші жəне шынайы кəсіби-педагогикалық міндеттерді шешу үдерісінде қолдану мүмкіндігін жобалау үдерісінде, студенттердің инновациялық əлеуетін ашу жəне инновациялық құзырлылығын қалыптастыру жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |