Сабақ: Туған күн Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жанабергенова С. С



Дата06.07.2018
өлшемі31,74 Kb.
#47631
түріСабақ
Сабақ жоспары

Сабақ: Туған күн

Мектеп:

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:

Жанабергенова С.С

Сынып: 5Ә


Қатысқандар:

Қатыспағандар:--

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.(Т/А1). Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

5.(Ж5). Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Суреттер мен тірек сөздерге қарап тақырыпты ашады.Ұсынылған тақырып бойынша құттықтау хат жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тақырып бойынша диалог құрастырады. Хат құрылымын сақтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:


Өз ойын еркін жеткізеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Диалогқа қатысуда тірек сөздерді қолданады.мәтін жазуда тілдік нормаларды сақтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Диалог,құттықтаухат,ықпал

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Әкемнің туылған күні,біздің отбасы,отбасындағы мереке,

Талқылауға арналған сұрақтар:

Досыңның туылған күніне не сыйлар едің?

Тағы қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?

Не себепті .... деп ойлайсыз?


Не себепті мүшелі жасты қауіпті деп санаған?

ишара:




Алдыңғы білім

20.Тілашар

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланған жаттығутүрлері

Ресурстар

І.Ұйымдастыру кезеңі:

2 минут




1.Сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

3.Сыныптың тазалығына назар аудару

4.Топқа бөлу:(стикерлердің түсіне қарап) 7-8 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.

5.Психологиялық тренинг.

Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топ мүшелері бір-біріміздің қолымыздан ұстап табысқа жетуге сенімділік білдірейік.

Біз бәріміз біргеміз

Өз-өзімізге сенеміз

Оқушылар хормен айтады.





ІІ.Үй жұмысын тексеру.

3 минут


1.«Бір минут ішінде» әдісі

1-топ:«Тілашар» дегеніміз қандай мереке

2- топ: «Бесікке салу» туралы түсінік

3-топ: «Тұсау кесу» туралы түсінік

-Сұрақтар беріледі.

-Идея жинақтайды.

-Жауапты бір минут ішінде тоқтаусыз,қайталаусыз,қатесіз айтады.

2.Өзара бағалау жүреді,мұғалім ауызша кері байланыс береді.




ІІІ.Жаңа сабақ

2 минут

5 минут



1.Оқу мақсатымен таныстыру

Оқу мақсаттары интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

5.(Т/А1). Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

5.(Ж5). Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.



2.Бағалау критерийімен таныстыру.

-берілген тірек сөздер мен суреттер бойынша тақырыпты анықтайды.

-Мәтіндегі негізгі ақпаратарды анықтайды.

-Ақпараттарды қолданып,мәтінді өз сөзімен баяндайды.



3.«Суреттер не болды» әдісі

1-Тапсырма:

1.Суреттерге қарап және әнді тыңдай отырып бүгінгі тақырыпқа болжам жасаңыз. (Мұхтар Шахановтың Туған күн өлеңі әнімен ойнайды)

Суреттерде кімдерді көріп тұрсыздар?

Суретте болып жатқан жағдаятты баяндаңыз.

- Болжам жасайды

-Шағын топтарда идея жинақтайды.

- Әр топтан бір оқушы топтың ойын ортаға салады.

Олай болса,біздің бүгінгі сабағымыз туған күн мерекесі жайлы болмақ.

2-Тапсырма:2. Тірек сөздерді пайдалана отырып,«Отбасы мүшелері және олардың туған күндері»тақырыбында диалог құрыңдар.

Тірек сөздер: ( отбасы,ата,әке,ана,туған күн,сыйлық,мүшел жас)

-идея жинақтайды.

- топта талқылайды.

- диалог құрастырады.

-топтан екі оқушы (орындықтың артында стикері бар оқушы)топ ойын ортаға салады.



Дескриптор:

1.Диалогта отбасы мүшелері толық аталады.

2.Тірек сөздерді қолданады.

2.Өзара бағалау жүреді,мұғалім ауызша кері байланыс береді.

«Басбармақ»әдісі


Оқулық 33 бет

Мұхтар Шахановтың «Туған күн» әні

20 минут


ІV.Бекіту кезеңі.

5 минут


6. «Өкіл» әдісі

Енді балалар туған күннің тарихы, дәстүрлері, ырым-тыйымдары туралы әңгіме қозғап, ой дамытайық. Сіздердің туған күндеріңізді атап өтер күн алыс емес шығар...

Мәтінмен жұмыс.

Тапсырма:1.Мәтіндегі негізгі ойға сүйене отырып,постер құраңыз.

2.Жасаған постерлеңізге ат қойыңыз.

Тарих және туған күн.Ерте замандардан бері адамзат баласы жыл сайын адамның өмір есігін ашқан сағатында оны айналшықтап жүретін теріс күштер болады, олар адамға жан-жақтан қарғыс айтады деп сенген. Және сол қарғысты қайтаратын тірі адамдардың ақ тілегі деп тапқан да, осы күні дастархан жайып, өзінің ет жақындарын жинап ыстық ықыласты баталарды тыңдайтын болыпты. Ал туған күннің ең басты дәстүрі – туған күн иесіне сыйлық беру – інжіл заманынан бері келе жатыр.

Туған күн және торт.

Туған күндегі – бұл тәтті өмірдің басталуының, тілектердің орындалуының нышаны. Торт бетіне қойылған шырақты үрлеудің де өзіндік сырлары бар. Бұл дәстүр тіленген тілектер түтінмен бірге көктегі періштелерге барады деген сенімнен туған. Шырақты өшірмес бұрын, ішіңізден ең игі тілектеріңізді айтуыңызды талап етеді. Және тілеген тілегіңізді тірі жанның білмеуі де шарт. Тағы бірі ереже – торттағы шырақтарды бір ғана талпыныста үрлеп өшіру керек. Әйтпегенде, ең жақын досыңыздан көмек сұраңыз, ол жан келешекте тілектеріңіздің орындалуына көмектесетін болады.

Туған күн және ырымдар • Туған күнге өткір заттар мен бөлме өсімдігін сыйлауға болмайды. Сондай-ақ, бет орамал, айна, тарақтартуетуге де тыйымсалынады. • Туғанкүніңізде бос әмияндықабылалмаңыз. Әйтпегенде, осы жылықаржылыққиындықтарғаұшырауқаупі бар, бес теңгеболса да әмиянғасалынуыкерек. • Туған күндегі жаңбыр, қар  – жақсылықтың нышаны. Әсіресе, таңертеңкүншығыптұрып, арты жаңбырғаұлассатіптенжақсы. • Осы жылдыңқалайөтуітуғанкүндіқалайатапөткеніңізгебайланысты.

- мәтінді оқиды

- идея жинақтайды

- топта талқылайды.

- постер құрастырады.

- топтан екі өкіл келесі топқа түсіндіреді.( А және С деңгейлі оқушы)

- тыңдаған топ мүшелері кері байланыс береді.

- алынған кері байланыстар бойынша топта талқылайды.

- жұмыс өнімін сыныпқа ұсынады.



Дескриптор:

1. Мәтіндегі негізгі ойды ашады.

2. Мәтін мазмұны бойынша постерге ат қояды.

3.Суретті көрнекті салады.

7. Өзара бағалау жүреді.Оқушылар арасында жазбаша кері байланыс жүреді.

« Хабарлама» әдісі

Тапсырма:Берілген үлгі бойынша ата-аналарыңа,бауырларыңа,достарыңа құттықтау хат жазыңдар.
Ү Л Г І

26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп директоры Айткулова Гүлнар Чимкентқызына

Қадірлі Гүлнар Чимкентқызы!№ 26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушылары жәнеөз атымнан Сізді 50 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздің білім ордасы болған алтын ұя мектебімізге сіңірген еңбегіңіз ерекше

Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық және Жамбыл атамыздың жасын тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Ізгі ниетпен,



  1. «Ә» сынып оқушысы Жалгасова Нурилла

  • Хат мазмұнымен танысады

  • Идея жинайды

  • Үлгі бойынша хат жазады

Дескриптор:

  • Берілген үлгі бойынша хат жазады.

  • Хат құрылымын сақтайды.

  • Сауатты жазады.

Жұмыс сапасын арттыру мақсатында жұптар бір-бірінің жазған хаттарын дескриптор бойынша тексереді.

  • Жұбының жұмысын оқиды.

  • Смайлик арқылы кері байланыс береді.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау жүреді.Мұғалім аралап ауызша кері байланыс береді.



V.Кері байланыс:

2 минут
VI.Үйге тапсырма:

2 минут


«Бағдаршам» әдісі

Сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында оқушылардан бағдаршамды көтеру сұралады.Балалар бүгінгі сабақ сіздерге қаншалықты түсінікті бағдаршамның түстері арқылы білдірейік.

Мұндағы қызық түс – барлығы түсінікті

Сары түс- көбі түсінікті

Жасыл түс –кейбірі түсінікті
Оқулықтағы 5-жаттығу.Өздерің дүниеге келген жыл туралы қысқаша сипаттама жазып,ықпал түрлерін кестеге түсіріңдер.






Қосымша ақпарат





Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?


Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-менбайланыс.

Құндылықтарменбайланыс

(тəрбиеэлементі).


Диалогке А және С деңгейлі оқушыны түсіру.

А және С деңгейлі оқушыны келесі топқа өкіл ретінде жіберу.



Бағалау критерилері және дескрипторлар негізінде өзара бағалау,өзін-өзі бағалау жүреді.Мұғалім тарапынан ауызша және кері байланыс беріледі.



«Бағдаршам»әдісі

«Смайликтер» арқылы өзара бағалау

«Басбармақ» әдісі


Технология

Әдебиет

Ән


Рефлексия

Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері



орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?


Жоспарланған

саралаужақсы

іскеастыма?

(тапсырмалар

сəйкесболдыма?)

Уақыттықалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандайөзгеріс

енгіздімжəне

неге?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту



мен оқуға қатысты)?

1:

2:



Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:



Жамбыл облысы

Қордай ауданы

Жамбыл ауылы

26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп



қазақ тілі мен әдебиеті пәні

Жанабергенова Сауле Салыкбаевна
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет